ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2018.04.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-І, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат):
1) мазмұнында:
1-тарау мынадай мазмұндағы 5-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«5-1-бап. Бюджет процесі саласындағы интегратордың функциялары»;
1-тармақтың 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 61-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«61-1-бап. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік»;
мынадай мазмұндағы 67-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«67-1-бап. Азаматтық бюджет»;
154-2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«154-2-бап. Тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар әзірлеу»;
155-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;
161-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«161-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және олардың мониторингі»;
2) 3-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік - бюджеттік және қаржылық есептілік негізінде қалыптастырылатын, макроэкономикалық көрсеткіштермен байланыстырылған, есепке жазу әдісі бойынша таза активтердің, міндеттемелердің, кірістер мен шығыстардың қаржылық жағдайы, қозғалысы және нәтижелері туралы ақпарат;»;
12-4) және 12-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12-4) бюджет қаражатының игерілмеуі - бюджет қаражатының үнемделуін, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар резервтерінің бөлінбеген қалдығын, шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттерін қайтару сомасын қоспағанда, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелерден есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қалыптасқан асып кету сомасы;
12-5) бюджет процесі - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, мемлекеттік органдардың бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі;»;
мынадай мазмұндағы 12-6), 30-2) және 36-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-6) бюджет процесі саласындағы интегратор - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, бюджет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де функциялар жүктелетін, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын заңды тұлға;»;
«30-2) институционалдық жоба - саланы (аяны) институционалдық дамытуға бағытталған, бюджеттік бағдарлама әкімшісі белгілі бір уақыт кезеңі ішінде тікелей іске асыратын, аяқталған сипатқа ие және қарыз шартын жасасу жолымен мемлекеттік қарыз алу арқылы қаржыландырылатын іс-шаралар жиынтығы;»;
«36-1) қазынашылық қолдап отыру - құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуына ағымдағы бақылауды жүзеге асыру, қолма-қол ақшаны бақылау шоттары арқылы төлемдер жүргізудің барлық кезеңдерінде бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруға қатысушылардың - бас мердігер мен қосалқы мердігердің салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлеуінің толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет;»;
3) 4-баптың 1) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірыңғайлық қағидаты - Қазақстан Республикасында бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс істеуінің бірыңғайлық қағидаттарын қолдану, бірыңғай бюджет сыныптамасын, бюджет процесінің бірыңғай рәсімдері мен техникалық шешімдерін пайдалану;»;
«4) транспаренттілік қағидаты - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, азаматтық бюджетті, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді міндетті түрде жариялау, сондай-ақ бюджет процесінің қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін міндетті түрде ашық болуы;»;
4) 5-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген ережелер кедендік мөлшерлемелерді, салықтық мөлшерлемелерді, салықтық база мен салық салу объектілерін өзгертуді көздейтін нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және (немесе) бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар түріндегі түсімдер мен республикалық және жергілікті бюджеттерге және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін болжанбайтын салықтық емес басқа да түсімдерді қысқартуды көздейтін, осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген актілер үшін тиісті бюджет комиссиясы қорытындысының болуы талап етілмейді.»;
5) 1-тарау мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Бюджет процесі саласындағы интегратордың функциялары
Бюджет процесі саласындағы интегратор:
1) бюджет процесі саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға және дамытуға арналған пайдалану құжаттамасын қоспағанда, техникалық құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асырады;
2) бюджет процесі саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және оларды қолдап отыруды жүзеге асырады;
3) бюджет процесі саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру, дамыту, оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсету және оларды қолдап отыру жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады;
4) бюджет процесі саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің субъектілеріне консультациялық көмек көрсетеді;
5) бюджет процесі саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері ақпараттық қауіпсіздігінің Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.»;
6) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті)
1. Қарыздарды өтеуді қоспағанда, республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) қарыздар түсімдерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан трансферттер түсімдерін және шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажын алып тастағандағы республикалық немесе мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер мен республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің шығыстары арасындағы айырмаға тең.
Теріс белгімен алынған шама - республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы, оң белгімен алынғаны республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес профициті болып табылады.
2. Республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) мөлшері бекітілмейді және талдамалық мақсаттарда пайдаланылады.
Бюджет шығыстарының мұнайға қатысты түсімдерге тәуелділігін төмендету үшін ұзақ мерзімді кезеңдегі мұнайға қатысты емес тапшылықтың мөлшері экономиканың мұнайға қатысты емес секторын нысаналы түрде дамыту есебінен азайтылуға тиіс.»;
7) 20-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың қаулыларында көзделген әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған іс-шараларға төтенше резервтен бөлінетін шығыстарды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің негіздейтін құжаттарды ұсынуына қарай, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар жүзеге асыруы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін уақтылы қайтармағаны үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысына сәйкес ақша алған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
8) 21-баптың 1-тармағындағы «шотында» деген сөз «шоттарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 32-бапта:
2-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарымен келісу бойынша бекітілетін бюджеттік бағдарламаларын қоспағанда, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер немесе кредиттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері нысаналы трансферттерді немесе кредиттерді аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісімен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді (қайта бекітеді).
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін немесе кредиттерді беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларында (кіші бағдармаларында) жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері немесе кредиттер есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесі жергілікті бюджеттік инвестициялардың атаулары мен жоспарлы кезеңге арналған шығыстар көрсетіле отырып, төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде көрсетіледі.
Осы Кодекстің 46-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес төмен тұрған бюджеттердің кірістері бойынша шығындарды өтеуге бағытталған ағымдағы нысаналы трансферттерді қоспағанда, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің ағымдағы нысаналы трансферттерді беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларында (кіші бағдарламаларында) тікелей нәтиже көрсеткіштері төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде көрсетіледі.
Республикалық немесе облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін немесе кредиттерді беруге бағытталған бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаларын олар бекітілген (қайта бекітілген) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының назарына жеткізеді.
Аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін немесе кредиттерді беруге бағытталған бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаларын олар бекітілген (қайта бекітілген) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының назарына жеткізеді.
4. Республикалық бюджеттік бағдарламалар:
бюджетті нақтылау кезінде олардың қаржыландыру көлемдері мен нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда, осы баптың 2-тармағына сәйкес мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен немесе бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша;
бюджетті түзету кезінде олардың қаржыландыру көлемдері мен нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша қайта бекітіледі.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар жергілікті бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде олардың қаржыландыру көлемдері мен нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда, осы баптың 2-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша қайта бекітіледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Бюджеттік бағдарламаларға мынадай:
қаражат бір бюджеттік бағдарламаның ішінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламалар арасында қайта бөлінген;
бір бюджеттік бағдарламаның ішінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша қалыптасқан үнемдеу бюджеттік даму кіші бағдарламасына қайта бөлінген жағдайларда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесінің жоспарланған көрсеткіштері сақталған жағдайда бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық қаржыландыру көлемін өзгертпей, мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіспей немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша өзгерістер енгізіледі.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларға өз бастамасы бойынша өзгерістер енгізген кезде бюджеттік бағдарламаларға бекітілген өзгерістерді тиісінше бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға хабарлама тәртібімен үш жұмыс күні ішінде жібереді.»;
10) 34-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Өтеусіз негізде берілетін активтерге бюджет қаражатын жоспарлауға жол беріледі.»;
11) 41-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі «іске асыруға» деген сөзден кейін «және іске асыруды ұйымдастыруға» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік тапсырманы жоспарлау бюджетті әзірлеу кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталып:
1) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы тұрғысынан Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан монополияға қарсы органның оң қорытындылары ескеріле отырып, жүзеге асырылады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі «бекітілген республикалық» деген сөздерден кейін «үш жылдық» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 45-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы шешімімен - аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің арасында жылдар бойынша бөліне отырып, үш жылдық кезеңге абсолюттік мәнде белгіленеді.»;
4-1, 4-2, 9 және 9-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңға (облыстық мәслихат шешіміне) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы шешіміне тиісті саланың (аяның) орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарының ұсынысы бойынша шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері қоса беріледі.
Шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін тиісті саланың (аяның) орталық немесе жергілікті уәкілетті органдары айқындайды.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері белгіленетін шығыстар бағыттары олардың басымдылығы мен әлеуметтік маңыздылығы ескеріле отырып айқындалады.
4-2. Бюджетті атқару барысында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері белгіленген бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша қаражатты шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін айқындаған тиісті саланың (аяның) уәкілетті органымен келісу бойынша қайта бөлуге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде жергілікті бюджеттен қаржыландырған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оған енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, белгіленген соманың өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша тиісті қаржы жылының соңындағы төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарының жылдық сомасынан асып кеткен сомасы ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірілмей жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.
Жергілікті атқарушы органдар шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде жергілікті бюджеттен қаржыландырған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
«9. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптарының әдістемесі негізінде есептеледі.
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы облыстың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен есептейді.
9-1. Үш жылдық кезеңге жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері кірістерінің болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Үш жылдық кезеңге жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу үшін аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері кірістерінің болжамын облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы айқындайды.»;
13) 46-бапта:
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыру үшін нысаналы даму трансферттері бюджеттік бағдарламаларда объектілер бойынша бөліне отырып, төмен тұрған бюджеттерге бір сомамен бөлінеді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері алдыңғы қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттері бойынша бюджеттік бағдарламаларда айқындалған жергілікті бюджеттік инвестициялардың тікелей нәтижелеріне қол жеткізілген кезде бөлінеді. Алдыңғы қаржы жылында тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қамтамасыз етілмеген жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыруға нысаналы даму трансферттері қайта берілмейді.»;
11, 12-1, 13 және 14-тармақтар алып тасталсын;
15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі жылдың қорытындылары бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органына бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынады.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жылдың қорытындылары бойынша облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жылдың қорытындылары бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісіне бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жылдың қорытындылары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынады.
16. Нысаналы трансферттерді аударудың, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жасау мен ұсынудың тәртібін, сондай-ақ бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есептің нысанын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
17. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына ағымдағы бағалау жүргізу және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау жөнінде бірыңғай дерекқор қалыптастыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары есеп жасалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есептерді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне жібереді.»;
14) 48-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттерді бөлу және оларды пайдалану кезінде:»;
1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: