«Тіркеудің қолданылу мерзімі өтіп кеткен, тауар белгісімен айырғысыз дәрежеге дейін бірдей немесе ұқсас тауар белгісі тауар белгісін тiркеудiң қолданылуы тоқтатылған күннен бастап бір жыл бойы басқа тұлғаның атына тiркелмейді.»;
18) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме
1. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме тауар белгісінің тіркелу фактiсiн, оның басымдығын, Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде көрсетілген тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) қатысты тауар белгісіне иесiнiң айрықша құқығын растайды.
2. Үзінді көшірменің нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
19) 18-1-баптың тақырыбындағы «таңбасын» деген сөз «белгісін» деген сөзбен ауыстырылып, 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген немесе халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар белгісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасында құқықтық қорғалмайтын тауар белгісі ретінде пайдаланылатын, бірақ белсендi пайдалану нәтижесiнде Қазақстан Республикасында кеңiнен мәлiм болған белгiлеме Қазақстан Республикасында жалпы жұртқа белгiлi тауар белгісі деп танылуы мүмкiн.
Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпы жұртқа белгiлi деп тану жөнiндегi жеке немесе заңды тұлғалардың өтiнiшiн уәкiлеттi органның тауар белгісін жалпы жұртқа белгiлi деп тану жөнiндегi комиссиясы қарайды.
Өтінім берілген күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қажетті құжаттардың бар-жоғын тексереді, өтінім берушіні өтінімнің қарауға қабылдағаны туралы хабардар етеді және бұл туралы мәліметтерді танысу және үшінші тұлғалар тарапынан келіспеушіліктерді уәкілетті органға жіберу мүмкіндігі үшін интернет-ресурста жариялайды.
Жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң өтінім мен оған қоса берілетін, белгінің жалпы жұртқа белгілі екенін растайтын материалдарды уәкілетті орган қарайды. Көрсетілген мерзім өткен соң уәкілетті орган үш ай ішінде өтінімді қарауды жүргізеді.
Өтінім беруші өтінім материалдарына оны қарау аяқталғанға дейін түзетулер, толықтырулар және нақтылаулар енгізуге құқылы.
Үшінші тұлғалар тарапынан келіспеушіліктер болған кезде өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберіледі, өтінім беруші оған пікірін өтінімді қарау нәтижелері бойынша қорытынды шығарылғанға дейін ұсынады.
Тауар белгісін (қызмет көрсету белгісін) Қазақстан Республикасында жалпы жұртқа белгiлi деп тану жөнiндегi комиссия туралы ереженi уәкiлеттi орган бекiтедi.
Өтiнiмдi қарау нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органның комиссиясы тауар белгісін жалпы жұртқа белгiлi деп тану туралы шешім не ондай деп танудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды, бұл мұндай шешiм қабылданған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде тауар белгісінің иесiне жiберiледi.
Егер өтiнiм берушi ұсынған нақты мәлiметтер белгінің жалпы жұртқа белгiлi болуы өтiнiште көрсетiлгеннен өзге күн екенін растаса, тауар белгісі нақты күннен бастап жалпы жұртқа белгілі деп танылуы мүмкiн.
Тауар белгісін жалпы жұртқа белгілі деп іс жүзінде тану туралы мәліметтер тұтынушыларға жүргізілген сауалнама нәтижелерімен расталады, оны Қазақстан Республикасының аумағында мамандандырылған тәуелсіз ұйым жүргізеді. Сауалнама республикалық маңызы бар қаланы, астананы және облыстық маңызы бар кемінде бес қаланы қамтуға тиіс. Бір елді мекендегі респонденттердің жалпы саны кемінде бір жүз адам болуға тиіс.
Егер:
1) тауар белгісін жалпы жұртқа белгiлi деп тану үшiн мәліметтер жеткiлiксiз болса;
2) өтінім беруші өзiнiң тауар белгісін жалпы жұртқа белгiлi деп тануға өтiнiш білдірген күннен неғұрлым ертерек басымдығы бар, қорғалатын немесе бiртектес тауарларға қатысты өзге тұлғаның атына мәлiмделген, өтiнiм берушiнiң тауар белгісімен айырғысыз дәрежеге дейін бiрдей немесе ұқсас тауар белгісі бар екенi анықталса, тауар белгісін жалпы жұртқа белгiлi деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарылады.
Уәкiлеттi орган комиссиясының осы тармақтың төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген шешiмiне сотқа шағым жасалуы мүмкiн.»;
«4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген, белгiлеменi немесе тауар белгісін жалпы жұртқа белгiлi деп тану негiзiнде Қазақстан Республикасының Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне тиісті мәліметтер енгізіледі.
Тауар белгісін жалпы жұртқа белгiлi деп танудың қолданылу мерзімі оның иесiнiң өтінішхаты бойынша және тауар белгісінің жалпы жұртқа белгiлi екенiн растайтын мәлiметтер ұсынылған кезде келесi он жыл мерзiмге ұзартылады.
Жалпы жұртқа белгiлi тауар белгісін тiркеу, оның иесi туралы мәлiметтер және осындай тiркеуге қатысты кейiнгi өзгерiстер Жалпы жұртқа белгiлi тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi және бюллетеньде жарияланады.»;
20) 19-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «таңбасын», «таңбасының», «таңбасымен», «таңбаларын», «таңбасы», «таңбасына», «таңбасынан», «таңбаларының» деген сөздер тиісінше «белгісін», «белгісінің», «белгісімен», «белгілерін», «белгісі», «белгісіне», «белгісінен», «белгілерінің» деген сөздермен ауыстырылып, 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына азаматтық айналымға тiкелей тауар белгісінің құқық иеленушісі заңды енгiзген немесе оның келiсiмiмен енгiзiлген тауарларға қатысты тауар белгісін басқа тұлғалардың пайдалануы осы тауар белгісіне айрықша құқықты бұзу болып табылмайды.»;
21) 21-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші сөйлеміндегі «таңбасына», «немесе лицензиялық шарт» деген сөздер тиісінше «белгісіне», «, лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты, тауар белгісінің кепіл шарты» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «таңбасына», «немесе лицензиялық шартты тіркеу сараптама жасау» деген сөздер тиісінше «белгісіне», «, лицензиялық шартты, кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын, кепіл шартын тіркеу сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік «қосалқы лицензиялық шарттарды» деген сөздерден кейін «, тіркелген шарттарға қосымша келісімдерді» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктегі «таңбасына», «және лицензиялық шартты тіркеу үшін сараптама жасау» деген сөздер тиісінше «белгісіне», «, лицензиялық шартты, кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын, кепіл шартын тіркеу үшін сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөлікте:
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) нысанасы біртектес өнеркәсіптік меншік объектілері болып табылатын шарттың титулдық парақпен жабдықталған төрт данада төлнұсқасы қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолтаңбалары қойылады.»;
3) тармақшадағы «құжат қоса беріледі.» деген сөздер «құжат;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Төлем өтініш берілген кезде немесе өтініш келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде жүргізіледі. Бір ай мерзімде төлем туралы құжат ұсынылмаған кезде өтініш берілмеді деп танылады.»;
тоғызыншы бөліктегі «және лицензиялық шартқа» деген сөздер «лицензиялық шартқа, кешенді кәсіпкерлік лицензия шартына, кепіл шартына, қосымша келісімге» деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы бөліктегі «тіркелген» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тараптарының бірі Сингапур шартына қатысушы шет мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасы болып табылатын құқықтар беру туралы шарттарға сараптама және оларды тіркеу Сингапур шартының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.»;
5-тармақтың 1) тармақшасында:
«бірақ» деген сөзден кейін «оны» деген сөзбен толықтырылсын;
«куәлік» деген сөз «тауар белгісін тіркеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) соған қатысты шарт жасалатын және оны қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ тауар белгісінің тіркеу қолданысы тоқтатылған;»;
9-тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Шартты тіркеу туралы шешім шығарылғаннан кейін уәкілетті орган:
1) шарттың титулдық парағында тіркеу күні мен тіркеу нөмірін көрсете отырып, оның тіркелгені туралы мөртабан басады;
2) тіркелген шарттардың тізіліміне шарт туралы мәліметтерді енгізеді;
3) шартты тіркеу туралы мәліметтерді жариялау үшін тіркелген шарттың үш данасын қорытындымен бірге сараптама ұйымына жібереді.
Сараптама ұйымы тіркелген лицензиялық шарттар, тауар белгілеріне айрықша құқықтар беру туралы шарттар, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарттары, кепіл шарттары бойынша тіркелген шарттың екі данасын өтініште хат-хабар алысу үшін көрсетілген мекенжай бойынша жібереді және тіркелген шарттар туралы мәліметтерді, атап айтқанда, шарттың тіркеу нөмірі мен күнін, шарт тараптарының атауын немесе толық деректерін, шарт нысанасын, шарттың қолданылу мерзімін, шарттың қолданылу аумағын бюллетеньде жариялайды.
Шарттың екі данасы тиісінше уәкілетті орган мен сараптама ұйымында сақталады және бақылау даналары болып табылады.»;
10-тармақтағы «таңбасына», «және лицензиялық шарт» деген сөздер тиісінше «белгісіне», «лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты кепіл шарты» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 24-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «таңбасының», «таңбасы», «таңбаларының», «таңбасын» деген сөздер тиісінше «белгісінің», «белгісі», «белгілерінің», «белгісін» деген сөздермен ауыстырылып, 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тауар белгісі иесінің — жеке тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiнiң тоқтатылуына немесе оның қайтыс болуына, заңды тұлғаның таратылуына байланысты;»;
23) 25-бапта:
2-тармақтағы «ерекше құқығы айрықша қасиеттерi тек қана немесе негiзiнен табиғи жағдайларды және (немесе) адам факторларын қоса алғанда, географиялық ортаға байланысты осы географиялық объектiде кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын, тауарлар өндiретiн бiр немесе бiрнеше заңды немесе жеке тұлғаларға» деген сөздер «айрықша құқығы ерекше қасиеттерi табиғи жағдайларды және (немесе) адами факторларды қоса алғанда, тек қана немесе негiзiнен географиялық ортаға байланысты тауарларды осы географиялық объектiде өндiретiн бiр немесе бiрнеше кәсіпкерлік субъектісіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші сөйлемінде:
«объектiнiң атауын» деген сөздер «көрсеткішті» деген сөздермен ауыстырылсын;
«осы объектінің» деген сөздер «осы көрсеткіштің» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 29-баптың 4-тармағында:
«мемлекеттік тiлде», «мемлекеттік тiлдегi» деген сөздер тиісінше «қазақ» деген сөзбен ауыстырылсын;
«екi ай iшiнде» деген сөздер «өтінім берілген күннен бастап бір ай мерзімде» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 31-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «5-тармағында» деген сөздер «6-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 33-бапта:
1-тармақтағы «Сараптама жасау ұйымы тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығына куәлiк берумен бiрге», «айрықша» деген сөздер тиісінше «Сараптама ұйымы», «ерекше» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші сөйлеміндегі «сараптама жасау», «тiзiлiмiне және куәлiкке түсiредi» деген сөздер «сараптама», «тiзiлiмiне енгізедi» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«36-бап. Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы
1. Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме тауар шығарылған жердің атауын тiркеу фактiсiн және Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде көрсетiлген тауарға қатысты оны пайдалануға иесiнiң айрықша құқығын растайды.
2. Үзінді көшірменің нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
28) 41-бапта:
1-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «осы Заңның 12-бабының 5-тармағына», «жөнiндегi уәкiлеттi органның» деген сөздер тиісінше «уәкiлеттi органның осы Заңның 12-бабының 6-тармағына», «жөнiндегi» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейінгі қарау міндетті болып табылады.»;
2-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қарсылықтарды берудің өтінім беруші өткізіп алған мерзімі өтінім берушінің өтінішхаты бойынша осы Заңда белгіленген мерзімдер ішінде қалпына келтіріледі. Мұндай өтінішхат апелляциялық кеңеске қарсылықпен бір мезгілде ұсынылады.»;
29) 42-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын тіркеудің заңдылығы туралы;»;
4) тармақшадағы «куәлiктен» деген сөз «тіркеуден» деген сөзбен ауыстырылсын;
30) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«45-бап. Мемлекеттік баж
Уәкiлеттi орган тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеу, жалпы жұртқа белгілі тауар белгісін тіркеу, шарттарды тiркеу, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк беру жөнiндегі әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.».
2-бап.
Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін сараптама ұйымына келіп түскен инновациялық патент беруге өтінімдер осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған қағидалар бойынша қаралуға жатады.
Өнертабыстарға осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген инновациялық патенттер олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басымдықты, авторлықты және айрықша құқықты куәландырады.
3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы сәуірдің 7-і.
№ 300-V