11-тармақта:
бірінші сөйлемдегі «сараптама жасау», «инновациялық патент» деген сөздер тиісінше «сараптама», «пайдалы модельге патент» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемдегі «22-1» деген цифрлар «23» деген цифрлармен ауыстырылсын;
13-тармақта:
бірінші бөліктегі «дәлелдi себептерiнiң болғаны және» деген сөздер алып тасталып, «ақысының», «сараптама жасау» деген сөздер тиісінше «төлемінің», «сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші сөйлеміндегі «өтiнiш сараптама жасау ұйымына сараптаманың сұратылған құжаттарымен немесе шағым кеңесiне жасалған қарсылықпен бiрге тапсырылады» деген сөздер «өтiнiшхат сараптама ұйымына сараптамаға сұратылған материалдармен, төлем туралы құжаттармен немесе апелляциялық кеңеске қарсылықпен бiр мезгілде ұсынылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сұрау салуға жауап қайтару немесе осы баптың 3 және 8-тармақтарында көзделген қосымша материалдарды ұсыну мерзімдері - төлем төленген жағдайда, өтінім берушінің белгіленген мерзім өткенге дейін берген өтінішхаты бойынша белгіленген мерзім өткен күннен бастап алты айға дейінгі мерзімге, ал осы баптың 10-тармағында көзделген қарсылықтар беру мерзімдері белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Өтінім берушінің өтінішхаты бойынша өнертабысқа патент беруге арналған өтінімге сараптама, егер мәлімделетін өнертабыс патенттеудің қолайлы шарттары көзделген объектілерге жататын болса, жеделдетілген түрде жүргізіледі.
Сараптаманы жеделдетіп жүргізу өтінім беруші осы баптың 1, 1-1, 2, 3, 4, 5, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтаған кезде алты ай ішінде:
1) әдеттегі сараптаманың;
2) ақпараттық іздестірудің;
3) мәні бойынша сараптаманың жүргізілуін қамтиды.
Патенттеудің қолайлы шарттары көзделген объектілер тізбесін уәкілетті орган айқындайды.»;
16) 22-1-бап алып тасталсын;
17) 23-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші сөйлемдегі «жасау ұйымына», «1) - 4) тармақшаларында», «құжаттардың» деген сөздер тиісінше «ұйымына», «1), 2 және 4) тармақшаларында», «өтінім құжаттарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемдегі «1) - 4) тармақшаларының», «сараптама жасау» деген сөздер тиісінше «1), 2), 3) және 4) тармақшаларының», «сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «өтiнiмнiң» деген сөз «пайдалы модельдің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «2-4 және» деген сөздер «2, 3, 4 және» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «жасау ұйымының», «он күн мерзімде» деген сөздер тиісінше «ұйымының», «он жұмыс күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сараптама ұйымының қорытындысы негізінде уәкілетті орган он жұмыс күн ішінде пайдалы модельге патент беру туралы шешім шығарады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті органның пайдалы модельге патент беру туралы шешімінің негізінде сараптама ұйымы он жұмыс күні ішінде өтінім берушіге сараптама ұйымының қорытындысын және қорғау құжатын беру үшін баж төлеу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.»;
бесінші бөлікте:
екінші сөйлемдегі «ұсынылмаған жағдайда төлем мерзімі» деген сөздер «ұсынылмаған кезде өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған жағдайда, төлем мерзімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші сөйлемдегі «Олай болмаған жағдайда өтiнiм қайтарып алынған болып есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл туралы өтiнiш беруші» деген сөздер «Керісінше жағдайда өтiнiм кері қайтарып алынды деп есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл жөнінде өтiнiм беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 24-бапта:
2-тармақтың үшінші бөлігінде:
«берiлмеген» деген сөз «кері қайтарып алынған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын;
«Бұл мерзім тиісті төлем төленген жағдайда, бірақ үш айдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Өнеркәсіптік үлгінің бірлігі талаптары бұзыла отырып берілген өтінім бойынша өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберілген күннен бастап оған үш ай мерзімде өнеркәсіптік үлгінің қайсысы қаралуға жататынын хабарлау және қажет болған кезде өтінім құжаттарына нақтылауды енгізу ұсынылады. Бастапқы өтінім материалдарына енгізілген басқа да өнеркәсіптік үлгілер бөлектелген өтінімдермен ресімделуі мүмкін. Бөлектелген өтінімдердің басымдығы осы Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленеді.
Егер өтінім беруші өзіне бірлік талаптарының бұзылғаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде өнеркәсіптік үлгілердің қайсысы қаралуға жататынын хабарламаған және нақтыланған құжаттарды ұсынбаған жағдайда, сипаттамада бірінші көрсетілген объектіні, сондай-ақ біріншісімен байланыстылығы өнеркәсіптік үлгінің бірлік талабын қанағаттандыратындай басқа да өнеркәсіптік үлгілерді қарау жүргізіледі.»;
4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл мерзім тиісті төлем төленген жағдайда, бірақ үш айдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін.»;
5-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сараптама ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган он жұмыс күні ішінде өнеркәсiптiк үлгiге патент беру туралы шешiм шығарады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Уәкілетті органның өнеркәсіптік үлгіге патент беру туралы шешімінің негізінде сараптама ұйымы он жұмыс күні ішінде өтінім берушіге сараптама ұйымының қорытындысын және қорғау құжатын беру үшін баж төлеу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Уәкiлеттi органның патент беру туралы шешiм қабылдағаны туралы хабарлама өтiнiм берушіге жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiм беруші сараптама ұйымына патент беруге дайындағаны және жариялағаны үшін тиiстi төлемді, сондай-ақ мемлекеттік баж төлемін растайтын құжатты ұсынады. Көрсетiлген құжаттар ұсынылмаған кезде өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған жағдайда, төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда, өтiнiм кері қайтарып алынды деп есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл жөнінде өтiнiм беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі.»;
8-тармақтың бірінші бөлігінде:
«Сараптама жасау ұйымы осы баптың 3 және 4-тармақтарында» деген сөздер «Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«дәлелдi себептер болған және өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiруге ақы төленгенi туралы құжат табыс етiлген жағдайда» деген сөздер «өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру төлемi туралы құжат ұсынылған кезде сараптама ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сараптама ұйымы өнертабысқа патент беру туралы мәлiметтердi өтiнiм берiлген күннен бастап - он сегiз ай өткеннен кейін, ал пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге патент беру туралы мәлiметтердi он екi ай өткеннен кейін бюллетеньде жариялайды. Өтiнiм берушiнiң өтiнiшхаты бойынша сараптама ұйымы мәлiметтердi көрсетiлген мерзiмнен ерте жариялайды.»;
20) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Апелляциялық кеңес шешiмiнiң немесе сот шешiмiнiң негiзiнде қорғау құжаты толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
Қорғау құжаты ішінара жарамсыз деп танылған жағдайда өнертабыстың қалған қорғауға қабілетті объектісіне, өнертабыстың, пайдалы модельдің немесе өнеркәсіптік үлгінің нұсқасына жаңа патент беріледі.
Толық немесе ішінара жарамсыз деп танылған, өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркәсіптік үлгіге патент патентке өтінім берілген күннен бастап күшін жояды.
Кейіннен жарамсыз деп танылған патент негізінде жасалған лицензиялық шарттар патенттің жарамсыздығы туралы шешім шығарылған кезге орындалған деңгейде күшін сақтайды.
Патентті жарамсыз деп тану уәкілетті органның өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркәсіптік үлгіге патент беру туралы шешімінің күшін жоюды және тиісті мемлекеттік тізілімдегі жазбаның күшін жоюды білдіреді.»;
21) 31-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлікте:
«өтiнiшi бойынша патенттi күшiнде сақтау үшiн төленетiн төлемнiң мерзiмi бiткен күннен бастап үш жыл iшiнде, патенттiң қолданылуын қалпына келтiруге төлем туралы құжат берiлген жағдайда» деген сөздер «өтiнiшхаты бойынша патенттi күшiнде ұстап тұру үшiн төленетiн төлемнiң мерзiмi өткен күннен бастап үш жыл iшiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Қалпына келтіру туралы өтінішхатқа патенттің қолданылуын қалпына келтiруге құжаттарды дайындағаны үшін және төлем мерзімі өтіп кеткен қолданылу кезеңінде оны күшінде ұстап тұру үшін төлемді растайтын құжат қоса беріледі.»;
екінші бөліктің бірінші сөйлеміндегі «Сараптама жасау ұйымы бюллетеньде патенттiң қолданылуын қалпына келтiру туралы мәлiметтер» деген сөздер «Сараптама ұйымы қалпына келтіру туралы өтінішхат берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей патенттiң қолданылуын қалпына келтiру туралы мәлiметтерді бюллетеньде» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 32-бапта:
1-тармақтың бірінші сөйлемінде:
«22-1-бабының 6-тармағына,» деген сөздер алып тасталсын;
«23-бабының 3-тармағына» деген сөздерден кейін «, 24-бабының 6-тармағына» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Апелляциялық кеңеске мынадай:
1) уәкілетті органның өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге патент беруден бас тарту туралы шешімдеріне (сараптама ұйымының қорытындысына);
2) өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге патент беруге қарсы, еуразиялық патенттің қолданылуына қарсы қарсылықтар берілуі мүмкін.»;
жетінші бөлікте:
бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген қарсылықтарды берудiң өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiмі өтiнiм берушiнің өтiнiшхаты бойынша осы Заңда белгіленген мерзімдер ішінде қалпына келтіріледi.»;
екінші сөйлем алып тасталсын;
23) 36-1-бапта:
1-тармақта:
3) тармақшадағы «сараптама жасау», «шешімдеріне» деген сөздер тиісінше «сараптама», «қорытындыларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) басқаға беру шарттарын, лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарды және оларға қосымша келісімдерді жасауға, қарауға және кейіннен сараптамаға беруге жәрдемдесу қызметін жүзеге асыруға құқылы.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдер берумен және (немесе) қорғау құжаттарын алумен, сондай-ақ апелляциялық кеңеске қарсылықтар берумен байланысты істерді жүргізуге патенттік сенiм білдірілген өкіл сенімхаттың көшірмесін сараптама ұйымына және уәкілетті органға ұсынады.».
7. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 776-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілер - жекелеген элементтерінің айырмашылығы бар және тұтынушы ұқсастық тұрғысында бірдей деп қабылдайтын ұқсас белгілер немесе белгілемелер;
1-2) бірдей тауар белгілері - барлық элементтері сәйкес келетін белгілер немесе белгілемелер;
1-3) бiртектес тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер - бір функцияны орындайтын, бір тектеске (түрге) жататын, тауарларда бiрдей немесе ұқсас белгілерді қолданған кезде тұтынушыда олардың бір өндірушіге тиесілі екені туралы пікір тудыруы мүмкін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер;»;
3) тармақшадағы «географиялық объектінің атауы - бұл» деген сөздер «географиялық көрсеткіш -» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Сингапур шарты - 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шарты;»;
9) тармақшадағы «таңбасын», «таңбасының», «белгiсі», «тауар таңбасына құқықты беру, сондай-ақ» деген сөздер тиісінше «белгісін», «белгісінің», «белгiлемесi», «сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақшадағы «таңбасының», «кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, осы Заңға сәйкес тауар таңбасына», «заңды тұлға немесе жеке тұлға» деген сөздер тиісінше «белгісінің», «осы Заңға сәйкес тауар белгісіне», «жеке немесе заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшада:
«объектінің», «белгі» деген сөздер тиісінше «көрсеткіштің», «белгілеме» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шығу тегімен» деген сөздер «шыққан жерімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы «таңбалары», «заңдары осы» деген сөздер тиісінше «белгілері», «заңнамасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 3-баптың 2-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тіркеу;»;
2-4) тармақшадағы «таңбасын», «немесе қосалқы лицензиялық шартты» деген сөздер тиісінше «белгісін», «, қосалқы лицензиялық шартты, кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын және кепіл шартын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 3-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұжымдық тауар белгісін тіркеуге өтінім қабылдауды; әдеттегі сараптама жүргізуді; өтінім материалдарына өзгерістер мен түзетулер енгізуді; өтінім берушінің бастамасы бойынша тауар белгісіне өтінімдерді сыныптар бойынша бөлуді; тауар белгісіне өтінімді ұжымдық тауар белгісіне қайта өзгертуді және керісінше өзгертуді; Мадрид келісіміне сәйкес халықаралық өтінімді қабылдауды; тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық жіктемесіне сәйкес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін дайындауды; халықаралық өтінімге өзгерістер енгізу туралы өтінішті салып жіберуді, ресімдеуді; үшеуден асатын әрбір сынып үшін қосымша өтінімге сараптама жүргізуді; өтінім берілген күннен бастап алты айдан кейін толық сараптаманы жедел әрі жылдамдатып жүргізуді; тіркеуден алдын ала бас тарту туралы шешімге қарсылықтарды қарауды; сараптама шешіміне қарсылық беру мерзімін әрбір айға ұзартып отыруды; сұрау салуға жауап қайтару мерзімін әрбір айға ұзартып отыруды; сұрау салуға жауап қайтарудың, төлемнің, қарсылық берудің өтінім беруші өткізіп алған мерзімін қалпына келтіруді; тіркеу туралы мәліметтерді жариялауды; қорғалатын тауар белгілерінің, қызмет көрсету белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімдеріне өзгерістер енгізуді; тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығына арналған тіркеудің, тауар белгісіне арналған және үшеуден асатын әрбір сынып үшін қосымша тіркеудің қолданылу мерзімін ұзартуды; ұзарту туралы мәліметтерді жариялауды; кепіл шартына, бір немесе бір топ өнеркәсіптік меншік объектілеріне қатысты кешенді кәсіпкерлік лицензия беру туралы шартқа сараптама жүргізуді; қосымша келісімдерге сараптаманы және шарттарды тіркеу туралы мәліметтерді жариялауды; мемлекеттік тізілімнен үзінді көшірмелер, анықтамалар беруді; тауар белгілерінің дерекқорындағы белгілемелерді және іздестіру туралы есепті ұсына отырып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көрсетілген сыныптарына қатысты тіркеуге мәлімделген белгілемелерді алдын ала іздестіруді жүргізуді; баспа және электрондық басылымдарды өткізуді және жариялауды қоса алғанда, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілері мен тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге өтінімдер қабылдау және өтінімдерге сараптама, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне құқықтарды беру туралы шарттарға, лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарға сараптама жүргізу, қорғалатын тауар белгілерінің, қызмет көрсету белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімдерін жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сараптама ұйымы жүзеге асырады.»;
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 4-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «таңбаларын», «таңбасына», «таңбасының», «таңбасын» деген сөздер тиісінше «белгілерін», «белгісіне», «белгісінің», «белгісін» деген сөздермен ауыстырылып, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тауар белгілерін құқықтық қорғау жеке немесе заңды тұлғаларға берiледі.
3. Тауар белгісіне құқық Қазақстан Республикасының Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеу туралы жазбамен куәландырылады және Қазақстан Республикасының Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмемен расталады.»;
6) 6-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
1) тармақша «тауарлардың» деген сөзден кейін «(көрсетілетін қызметтердің)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) дәрілік заттардың патенттелмейтін халықаралық атауларын білдіретін;»;
6) тармақшадағы «және (немесе) ұқсастық» деген сөздер алып тасталсын;
7) 7-баптың 1-тармағында:
1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен Қазақстан Республикасында тiркелген және халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар белгілерімен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның бірдей тауар белгілерімен;»;
«3) бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге (қайтарып алынғандарынан басқа) қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен тiркеуге мәлімделген белгiлемелермен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның ұқсас белгілерімен;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тауар белгілерінің қандай да біреуімен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты тауар белгісі ретінде тіркеуге тауар белгісі иесінің келісімі берілген кезде жол беріледі.»;
8) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауар белгісіне өтiнiмдi сараптама ұйымына бiр өтiнiм берушi бередi.»;
9) 9-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Тауар белгісін тіркеуге арналған өтінімге қойылатын талаптар»;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «(өтiнiм берушiлердi)», «(олардың)» деген сөздер алып тасталып, «белгiге» деген сөз «белгілемеге» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«мемлекеттiк тiлде», «мемлекеттiк тiлдегі» деген сөздер тиісінше «қазақ» деген сөзбен ауыстырылсын;
«екi ай» деген сөздер «бір ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 10-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тауар белгісінің алуан түрлi тауарларға қатысты көптеген басымдығы алуан түрлi тауарларға қатысты өтiнiм берушiнiң бiр белгiлемеге берiлген бiрнеше өтiнiмi болған кезде оның өтiнiшхаты бойынша белгiленеді.»;
11) 11-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) алдын ала сараптама - өтiнiм келіп түскен күннен бастап бір ай iшiнде жүргiзiледi, оның барысында өтiнiмнiң мазмұны, осы Заңның 5 және 9-баптарында белгiленген талаптарға сәйкес қажеттi құжаттардың бар-жоғы тексерiледi. Сараптама нәтижелері бойынша өтінім берушіге он жұмыс күні ішінде өтінімнің қарауға қабылданғаны немесе іс жүргізудің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберіледі;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) тауар белгісіне арналған өтінімге сараптама қосымша төлем төленген кезде өтінім берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мерзімдерден бұрын, бірақ өтінім берілген күннен бастап алты айдан кейін жүргізіледі.»;
12) 12-бапта:
1-тармақта:
«өтiнiш берушiге» деген сөздер «өтiнiм берушiге он жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сараптама ұйымы он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға толық сараптама нәтижелері бойынша шығарылған, тіркеу туралы, ішінара тіркеу не тіркеуден бас тарту туралы сараптама қорытындысын жібереді. Тіркеуден алдын ала бас тарту туралы сараптама қорытындысы өтінім берушіге он жұмыс күні ішінде жіберіледі.»;
5-тармақта:
бірінші бөлікте:
«таңбасын», «өтiнiш», «сараптама жасау», «таңбасына куәлiк бергенi үшiн мемлекеттiк баж төлеудi» деген сөздер тиісінше «белгісін», «өтiнiм», «сараптама», «белгісін тіркеу үшiн мемлекеттiк баж төлемін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тауар таңбасына куәлiк беруге құжаттарды дайындағаны үшiн сараптама ұйымының iс-әрекеттерiне ақы төлеудi» деген сөздер «тіркеу туралы мәліметтерді жариялағаны үшiн сараптама ұйымының әрекеттерiне төлем» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«тауар таңбасына куәлiктi беруге мемлекеттiк баж және тауар таңбасына куәлiктi беруге құжаттарды дайындағаны үшiн сараптама ұйымының iс-әрекеттерiне ақы төлегенi» деген сөздер «тауар белгісін тіркеу үшін мемлекеттiк баж төлемі және мәліметтерді жариялағаны үшін сараптама ұйымының әрекеттерiне төлем» деген сөздермен ауыстырылсын;
«таңбасын тiркеу жүргiзiлмейдi, ал тауар таңбасына тиiстi өтiнiм қайтарып алынған болып саналады» деген сөздер «белгісін тiркеу жүзеге асырылмайды, ал тауар белгісіне тиiстi өтiнiм кері қайтарып алынды деп танылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 13-баптың 6) тармақшасындағы «танысуға құқығы бар.» деген сөздер «танысуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) апелляциялық кеңеске қарсылық беруге байланысты іс жүргізуді тоқтата тұру туралы өтініш білдіруге;
8) тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін алу құқығын шарт жасамастан басқа тұлғаға беру туралы өтініш білдіруге құқығы бар.»;
14) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімі
1. Тауар белгісін тіркеу туралы мәліметтер сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем және тауар белгісін тіркеу үшін мемлекеттік баж төленген кезде Мемлекеттік тізілімге енгізіледі.
Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне:
1) тауар белгісінің бейнесi;
2) оның иелерi туралы мәлiметтер;
3) тауар белгісін тiркеу нөмiрi мен күнi;
4) ұжымдық тауар белгісіне нұсқау;
5) соларға қатысты тауар белгісі тiркелген тауарлардың (көрсетілетін қызметтердiң) тiзбесi;
6) сараптама ұйымына өтiнiмнiң нөмiрi мен берiлген күнi;
7) егер конвенциялық басымдық белгiленген болса, ел, алғашқы өтiнiмнің нөмiрi және берiлген күнi;
8) қорғалатын тауар белгісіне құқық беру туралы мәлiметтердi қоса алғанда, тауар белгісін тiркеуге қатысты басқа да мәлiметтер енгiзiледi.
2. Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлімi жалпы жұртқа қолжетімді болып табылады. Мүдделi тұлғалардың өтiнішхаты бойынша сараптама ұйымы Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшiрме бередi.
3. Тауар белгісінің иесi өзiнiң тегiнiң, атының және әкесiнiң атының (ол болған кезде), тұрғылықты жерiнiң не атауы мен орналасқан жерiнiң өзгеруі туралы мәлiметтердi қоса алғанда, тiркеуге қатысты өзгерiстер туралы, сондай-ақ тіркеуді мәні бойынша өзгертпейтін, оларға қатысты тауар белгісі тіркелген тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) тізбесін қысқарту туралы сараптама ұйымын хабардар етуге мiндеттi.
4. Сараптама ұйымы өзгерістер енгізу туралы өтінішхат берілген және тиісті төлем төленген күннен бастап бір ай ішінде Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiміне осы баптың 3-тармағында көрсетiлген өзгерiстердi, сондай-ақ техникалық сипаттағы қателердi түзету үшiн өзгерiстердi енгiзедi.
Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізілген күннен бастап екі ай ішінде өтінім берушіге тиісті өзгерістердің енгізілгені туралы хабарлама жіберіледі.»;
15) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тауар белгісін тiркеудiң қолданылу мерзiмi оның қолданылуының соңғы жылы iшiнде иесi берген өтiнiшхат бойынша әр жолы он жылға ұзартылады. Тiркеудiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мәлiметтер өтінішхат берілген күннен бастап бір ай ішінде Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi.»;
16) 16-бапта:
бірінші бөлікте:
«Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзілген тауар таңбасын тiркеуге қатысты» деген сөздер «Тауар белгісін тiркеуге қатысты, Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бұдан былайғы өзгерiстердi Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiне тiкелей жазылған соң сараптама жасау ұйымы бюллетеньде» деген сөздер «кейінгі өзгерiстердi сараптама ұйымы Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне тiкелей жазылғаннан кейін екі ай ішінде бюллетеньде және өзінің интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Мемлекеттiк тiзiлiмге және ұжымдық тауар таңбасына берiлген куәлiкке ұжымдық тауар таңбасының» деген сөздер «Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiміне ұжымдық тауар белгісінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 17-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: