14) 49-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) соттың қарап шешуі бойынша айқындалатын бір жүз айлық есептік көрсеткіштен он бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомада немесе туынды даналары құнының екі еселенген мөлшерінде немесе салыстырмалы мән-жайлар кезінде әдетте туындыны құқыққа сыйымды түрде пайдаланғаны үшін алынатын бағаға негізделе отырып айқындалатын, туындыны пайдалану құқығы құнының екі еселенген мөлшерінде өтемақы төлеу арқылы жүзеге асырылады. Залалды өтеудің немесе кірісті өндiрiп алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот айқындайды;».
5. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 16-құжаттар; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат):
1) 5-бапта:
4-тармақтағы «мемлекеттік тілде» деген сөздер «қазақ» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігі «уәкілетті орган» деген сөздердің алдынан «агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 8-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтінім берушінің селекциялық жетістіктің мәнін өзгертпей, өтінім құжаттарына түзетулер мен нақтылауларды осы өтінім бойынша тиісті шешім қабылданғанға дейін енгізуге құқығы бар.»;
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Көрсетілген өзгерістер өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде енгізілген кезде төлем алынбайды.
Қорғау құжатын алу құқығын басқаға беру кезінде өтінім берушіні көрсетуге қатысты өзгерістер немесе өтінім берушінің атауын өзгерту, сондай-ақ өтінім құжаттарындағы техникалық сипаттағы қателерді түзету тиісті төлем төленген кезде Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне тіркелген селекциялық жетістік туралы мәліметтер енгізілген күнге дейін жүргізілуі мүмкін.
Сараптама ұйымы жоқ құжаттарды немесе түзетілген материалдарды сұрата алады, өтінім беруші оларды сұрау салу жөнелтілген күннен бастап екі ай мерзімде ұсынуға міндетті.»;
3-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «Уәкiлеттi органның алдын ала жүргiзген сараптамасынан оң нәтиже алынған жағдайда», «шешім қабылданады» деген сөздер тиісінше «Алдын ала сараптаманың оң нәтижесін алған кезде уәкілетті орган», «шешім қабылдайды, бұл жөнінде өтінім беруші он жұмыс күні ішінде хабардар етіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 10-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сұрып, тұқым патентке қабiлеттілік шарттарына сәйкес келген кезде, мемлекеттiк комиссия сұрыпты, тұқымды сипаттай отырып, қорытынды жасайды.
Мемлекеттік комиссия қорытындысының негізінде уәкiлеттi орган он жұмыс күні ішінде селекциялық жетістікке патент беру туралы шешім шығарады, бұл жөнінде өтінім берушіге он жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жіберіледі.
Уәкiлеттi органның патент беру туралы шешiм қабылдағаны туралы хабарлама өтiнiм берушіге жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiм беруші сараптама ұйымына патент беруге дайындағаны және жариялағаны үшiн тиiстi төлемді, сондай-ақ мемлекеттік баж төлемін растайтын құжатты ұсынады. Көрсетiлген құжаттар ұсынылмаған кезде, өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған жағдайда, төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда өтiнiм кері қайтарып алынды деп есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл жөнінде өтiнiм беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер сараптама жүргiзу барысында сұрыптың, тұқымның патентке қабiлеттілік талаптарына сай келмейтiндiгi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган мемлекеттiк комиссия қорытындысының негiзiнде он жұмыс күні ішінде патент беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды, бұл жөнінде өтiнiм берушiге он жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жiберіледi.»;
4) 11-баптың 3-тармағындағы «ұйымдық» деген сөз «ұйымдастырушылық, материалдық (қаржылық)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 12-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автордың жеке мүліктік емес құқықтары иеліктен шығарылмайтын болып табылады және мерзімсіз қорғалады.»;
4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер селекциялық жетістікті бiрнеше автор жасаса, ашса немесе шығарса, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше белгіленбесе, сыйақы авторларға тең үлеспен төленеді.»;
6) 13-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) егер селекциялық жетiстiктi қызметкер қызметтік тапсырманы немесе қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде жасаса, ашса немесе шығарса, жұмыс берушiге берiледi.»;
7) 16-баптағы «сыйақы төлеу мен оларды», «айрықша құқықтар», «мұрагерлiк» деген сөздер тиісінше «сыйақыға және оны», «айрықша құқық», «мирасқорлық» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 18-баптың 10-тармағында:
бірінші бөлікте:
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшадағы «шарттың бақылау данасын», «сараптама жасау» деген сөздер тиісінше «тіркелген шарттың үш данасын», «сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «үшiншi және төртiншi даналары», «сараптама жасау» деген сөздер тиісінше «екі данасы», «сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сараптама ұйымы тіркелген шарттар бойынша соған қатысты шарт жасалатын өнеркәсіптік меншік объектісінің қорғау құжатына қосымшаны ресімдейді, тіркелген шарттың екі данасын және қорғау құжатына қосымшаны өтiнiште хат-хабар алысу үшін көрсетiлген мекенжай бойынша жібереді, тіркелген шарттар туралы мәліметтерді, атап айтқанда, шарттың тіркеу нөмірі мен күнін, шарт тараптарының атауын немесе толық деректерін, шарт нысанасын, шарттың қолданылу мерзімін, шарттың қолданылу аумағын бюллетеньде жариялайды.»;
9) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
«21-1-бап. Селекциялық жетістікке патенттің қолданылуын қалпына келтіру. Соңынан пайдалану құқығы
1. Патентті күшінде ұстап тұрудың белгіленген мерзімінде төленбеуіне байланысты төлемнің белгіленген мерзімі өткен күннен бастап тоқтатылған селекциялық жетістікке патенттің қолданылуы патент иеленушінің өтінішхаты бойынша қалпына келтірілуі мүмкін.
Мұндай өтінішхат патентті күшінде ұстап тұру үшін төлемнің белгіленген мерзімі өткен күннен бастап үш жыл ішінде патенттің қолданылуын қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған кезде, бірақ осы Заңға сәйкес белгіленген патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейін берілуге тиіс.
Сараптама ұйымы патенттің қолданылуы қалпына келтірілгені туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды, сондай-ақ оларды өзінің интернет-ресурсында орналастырады. Жариялау күні патенттің қолданылуын қалпына келтіру күні болып табылады.
2. Патенттелген селекциялық жетістікті патенттің қолданылуы тоқтатылған күн мен патенттің қолданылуы қалпына келтірілгені туралы мәліметтер бюллетеньде жарияланған күн арасындағы кезеңде Қазақстан Республикасы аумағында пайдалана бастаған не көрсетілген кезеңде осыған қажетті дайындықтарды жасаған кез келген тұлға патенттелген селекциялық жетістікті одан әрі өтеусіз пайдалану құқығын осындай пайдаланудың (соңынан пайдалану құқығы) көлемін кеңейтпестен сақтайды.
Соңынан пайдалану құқығы басқа жеке немесе заңды тұлғаға осы селекциялық жетістікті пайдалану орын алған немесе осыған қажетті дайындықтар жасалған өндіріспен бірге берілуі мүмкін.»;
10) 22-1-баптың 2-тармағы жетінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген қарсылықтарды берудiң өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiмi оның өтінішхаты бойынша қалпына келтіріледі.».
6. «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) еуразиялық патент - 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына сәйкес берілген патент;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қорғау құжаттары - өнертабыстарға, өнеркәсiптiк үлгiлерге және пайдалы модельдерге осы Заңға сәйкес берiлген патенттер;»;
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектілері - қызметкер өзінің қызметтiк мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау кезiнде жасаған өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер;»;
2) 4-1-баптың 1-тармағында:
«формуланың әрбір тәуелсіз тармағына мәні бойынша» деген сөздер «мәні бойынша, сондай-ақ формуланың әрбір тәуелсіз тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«патенттік құжаттаманы (нөмірленген немесе атауы жазылған) іздестіруді;», «техника объектілері мен технологияларды патенттік тазалығы тұрғысынан зерттеуді; техника деңгейінің даму үрдістерін зерттеуді және талдауды; ғылыми зерттеулерді патенттік-құқықтық талдауды,» деген сөздер алып тасталсын;
3) 5-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге құқықтар патентпен қорғалады.»;
2-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші сөйлемі алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Патент өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және айрықша құқықты куәландырады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өнертабысқа патент өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы қолданылады.
Қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсаттар алу талап етілетін дәрілік затқа, пестицидке (улы химикатқа) жататын өнертабысқа қатысты айрықша құқықтың және осы құқықты куәландыратын патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бiрақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн.
Көрсетілген мерзім бес жыл шегеріле отырып, өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күннен бастап өнертабысты қолдануға алғаш рұқсат алынған күнге дейінгі өткен уақытқа ұзартылады.
Пайдалы модельге патент өтінiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады. Оның қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ үш жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн.
Өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiм берiлген күннен бастап он бес жыл бойы қолданылады. Оның қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн.
Өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
4) 7-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адамдарды немесе жануарларды емдеудің диагностикалық, терапиялық және хирургиялық тәсілдерін қоспағанда, өнімге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнің штаммына, өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларының көбеюіне), тәсілге (материалдық объектіге қатысты әрекеттерді материалдық құралдардың көмегімен жүзеге асыру процесіне), сондай-ақ белгілі өнімді немесе тәсілді жаңа мақсат бойынша не жаңа өнімді белгілі бір мақсат бойынша қолдануға жататын, кез келген саладағы техникалық шешімдер пайдалы модельге жатады.»;
төртінші бөліктегі «Қазақстан Республикасына басқа адамдардың пайдалы модельдерге және өнертабыстарға (қайтарып алынғаннан басқа) берген өтiнiмдерi» деген сөздер «Қазақстан Республикасында пайдалы модельдерге және өнертабыстарға (қайтарып алынғаннан басқа) берілген өтiнiмдер» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бұйымның сыртқы түрiн айқындайтын өнеркәсіптік немесе қолөнер кәсібі өндірісі бұйымының көркем-конструкторлық шешiмі өнеркәсiптiк үлгiге жатады. Өнеркәсiптiк үлгiге, егер ол жаңа, бiрегей болып табылса, құқықтық қорғау берiледi. Өнеркәсiптiк үлгi, егер бұйымның бейнелерінде көрініс тапқан және өнеркәсіптік үлгінің маңызды белгілерінің тізбесінде келтірілген оның маңызды белгілерінің жиынтығы өнеркәсіптік үлгіге басымдық берілген күнге дейін әлемде жалпы жұртқа қолжетімді болған мәліметтерден белгілі болмаса, жаңа болып табылады. Өнеркәсіптік үлгінің жаңалығын белгілеу кезінде Қазақстан Республикасында басқа тұлғалар бірдей өнеркәсіптік үлгілерге бұрын берген, кері қайтарып алынбаған өтінімдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасында патенттелген өнеркәсіптік үлгілер (оларға басымдық берілген күннен бастап) ескеріледі. Өнеркәсіптік үлгі, егер оның маңызды белгілері бұйым ерекшеліктерінің шығармашылық сипатын айқындаса, бірегей деп танылады.»;
6) 9-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
7) 10-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «олардың құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына)», «беру» деген сөздер тиісінше «құқықтық мирасқорға (құқықтық мирасқорларға)», «басқаға беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «қызметтік өнертабысқа» деген сөздер «өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер автор мен жұмыс беруші арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, автор өзінің қызметтік міндеттерін немесе жұмыс берушінің нақты тапсырмасын орындаумен байланысты емес, бірақ жұмыс берушінің ақпаратын, сондай-ақ техникалық немесе өзге де материалдық құралдарын пайдалана отырып жасаған өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркәсіптік үлгіге қорғау құжатын алу құқығы авторға тиесілі болады.»;
екінші бөлікте:
«Егер қызметтік өнертабыс», деген сөздер «Егер өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«осы адамның көрсетілген қызметтік өнертабысқа» деген сөздер «мұндай адамның осы өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «қызметтік өнертабыстарды», «жұмыс берушілердің көрсетілген өнертабысқа» деген сөздер тиісінше «өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектілерін», «осы жұмыс берушілердің өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «Қызметтік өнертабыс», «қызметтік өнертабысты» деген сөздер тиісінше «Өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісі», «өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «қол қоюға» деген сөздер «қол қояды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) және 4) тармақшалардағы «қызметтік өнертабыстың», «өнертабыстың», «бағалауға жеткілікті толық жасалған сипаттамасы» деген сөздер тиісінше «өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісінің», «өнеркәсіптік меншік объектісінің», «бағалау үшін жеткілікті түрде толық жасалған сипаттама» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыс беруші автор (авторлар) берген өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісінің жасалғаны туралы хабарламаны оны берген күні қабылдауға және тіркеуге міндетті, бұл жөнінде авторға (авторларға) жазбаша нысанда хабарланады.»;
төртінші бөліктің бірінші сөйлеміндегі «қызметтік өнертабыс» деген сөздер «өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
бірінші бөліктегі «қызметтік өнертабыстың» деген сөздер «өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісінің жасалу фактісін жұмыс беруші анықтаса, онда ол бұл жөнінде авторды жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Бұл ретте, егер өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісіне қорғау құжатын алу құқығы жұмыс берушіге тиесілі болса, жұмыс беруші авторды өзінің тиісті өтінімді ресімдеуді бастағаны туралы хабардар етуге тиіс, ал автор жұмыс берушінің талап етуі бойынша өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісіне өтінімді ресімдеу үшін қажетті қосымша ақпаратты және барлық авторлардың тізімін жазбаша нысанда ұсынуға тиіс.»;
6-тармақта:
«Жұмыс беруші қорғау құжатын алуға» деген сөздер «Жұмыс беруші өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісіне қорғау құжатын алудан оларды беруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«оны алуға не қорғау құжатын күшінде ұстап тұруға мүдделі болмаған» деген сөздер «не қорғау құжатын күшінде ұстап тұрудан бас тартқан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қорғау құжатын алуға құқықты не алынған қорғау құжатын авторға уақытылы және» деген сөздер «бұл жөнінде авторды уақтылы жазбаша нысанда хабардар етуге және авторға қорғау құжатын алу құқығын не алынған қорғау құжатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
бірінші сөйлемде:
«жасалған өнеркәсіп меншігі объектісі туралы» деген сөздер алып тасталсын;
«өтінім» деген сөздің алдынан «өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісіне қорғау құжатын беруге» деген сөздермен толықтырылып, «адамға» деген сөз «тұлғаға» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші сөйлемде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
8-тармақтағы «екінші тарапқа бұл туралы», «қызметтік өнертабысқа» деген сөздер тиісінше «бұл жөнінде екінші тарапты», «өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
бірінші сөйлемдегі «Қызметтік өнертабыс», «келісіммен белгіленеді» деген сөздер тиісінше «Өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісі», «келісімде айқындалады» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші сөйлемдегі «қызметтік өнертабысты» деген сөздер «өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 11-бапта:
6-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші сөйлеміндегі «кез келген» деген сөз алып тасталсын;
екінші бөліктегі «өзгеге беру шарты мен оны алуға құқықты өзгеге беру», «жасау ұйымы», «сараптау» деген сөздер тиісінше «басқаға беру», «ұйымы», «сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
12-тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Шартты тіркеу туралы шешім шығарылғаннан кейін уәкілетті орган:
1) шарттың титулдық парағына тiркеу күнiн және оның тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, оның тiркелгенi туралы мөртабан басады;
2) шарт туралы мәлiметтердi тiркелген шарттардың тiзiлiмiне енгізедi;
3) шартты тіркеу туралы мәліметтерді жариялау үшін тіркелген шарттың үш данасын қорытындымен бірге сараптама ұйымына жібереді.
Сараптама ұйымы тіркелген шарттар бойынша соған қатысты шарт жасалатын өнеркәсіптік меншік объектісінің қорғау құжатына қосымшаны ресімдейді, өтініште хат-хабар алмасу үшін көрсетілген мекенжай бойынша тіркелген шарттың екі данасын және қорғау құжатына қосымшаны жібереді, тіркелген шарттар туралы мәліметтерді, атап айтқанда, шарттың тіркеу нөмірі мен күнін, шарт тараптарының атауын немесе толық деректерін, шарт нысанасын, шарттың қолданылу мерзімін, шарттың қолданылу аумағын бюллетеньде жариялайды.
Шарттың екі данасы тиісінше уәкілетті орган мен сараптама ұйымында сақталады және бақылау даналары болып табылады.»;
13 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Қорғау құжатын басқаға беру шарты уәкілетті органда тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.»;
«15. Патент иеленушi қорғау құжатын күшiнде ұстап тұру үшiн жыл сайын өтінім берген күнге сәйкес келетін күні төлем жүргізуге мiндеттi.
Қорғау құжатын күшiнде ұстап тұру үшiн алғашқы төлем қорғау құжатын беру туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап екі ай мерзімде жүргізіледі және өтінім берілген күннен бастап алдындағы жылдар үшін төлемді қамтиды.»;
мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
«16. Еуразиялық патентті Қазақстан Республикасының аумағында күшінде ұстап тұру үшін баж мөлшерін уәкілетті орган белгілейді.»;
9) 13-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн басымдық берiлген күннен кейін, бiрақ өнертабысқа, өнеркәсiптiк үлгiге немесе пайдалы модельге патент беру туралы мәлiметтер жарияланған күнге дейiн пайдалана бастаған тұлға патент иеленушiнiң талабы бойынша одан әрi пайдалануды тоқтатуға міндетті. Алайда, мұндай тұлға патент иеленушiге мұндай пайдалану нәтижесiнде өзі келтірген залалды өтеуге мiндетті емес.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тараптар істі татуласу келісімімен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтауы мүмкін, оларға тараптар қол қояды және оларды сот бекітеді.»;
10) 14-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «ерекше емес лицензияны (қосалқы лицензиялық шарт) басқа адамға (қосалқы лицензиатқа) беру туралы шарт лицензиялық шартта қарастырылған» деген сөздер «құқығына лицензияны басқа тұлғаға (қосалқы лицензиатқа) беруі туралы шарт (қосалқы лицензиялық шарт) лицензиялық шартта көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші сөйлемі «қосалқы лицензиялық шарт» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ оған қосымша келісім» деген сөздермен толықтырылып, «ол» деген сөз алып тасталсын;
үшінші бөлік «қосалқы лицензиялық шартты» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ оған қосымша келісімді» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың үшінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі «өтiнiшi» деген сөзден кейін «кері қайтарып алуға жатпайды және» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 16-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «мемлекеттік тiлде немесе орыс тiлiнде», «мемлекеттiк, орыс немесе басқа тiлде», «мемлекеттiк тiлдегi» деген сөздер тиісінше «қазақ немесе орыс тiлiнде», «қазақ, орыс тілдерінде немесе басқа тiлде», «қазақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 18-баптың 3-тармағында:
«сараптама жасау ұйымына пайдалы модельге патент беру туралы өтiнiм түскен күнi бойынша белгiленедi, онда тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер ол болса) көрсетiлуi немесе арыз берушiнiң толық атауы, сипаттамасы, формуласы және сызбасы болуы керек» деген сөздер «өтінім берушінің тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) немесе толық атауы көрсетіле отырып, пайдалы модельге патент беру туралы өтінішті, сипаттама мен сызбаларды қамтитын өтiнiм сараптама ұйымына келіп түскен күні бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
«түскен күнi көрсетiлiп» деген сөздер «келіп түскен күн бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 19-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «Өнеркәсiп үлгiсiне», «өнеркәсiп үлгiсiне», «өнеркәсiп үлгiсi», «өнеркәсiп үлгiсiнiң», «өзара байланыстылығы өнеркәсiп үлгiсiнiң бiрлiгi талабын қанағаттандыратын өнеркәсiп үлгiлерi» деген сөздер тиісінше «Өнеркәсiптік үлгiге», «өнеркәсiптік үлгiге», «өнеркәсiптік үлгi», «өнеркәсiптік үлгiнiң», «өзара байланыстылығы соншалық, олар біртұтас шығармашылық ойды (өнеркәсiптік үлгiнiң бiрлігі талабын) құрайтын өнеркәсiптік үлгiлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 21-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн өтiнiм берушiнiң сараптама ұйымына тиісті өтінішхат беру арқылы өтiнiм құжаттарына мәлімделген объектiнiң мәнiн өзгертпей түзетулер мен нақтылаулар, сондай-ақ қорғау құжатын алуға құқықты беру кезінде өтінім берушіні көрсетуге қатысты өзгерістер енгiзуге құқығы бар.»;
2-тармақтағы «Өтінім берушінің қорғау құжатын алу құқығын беру кезiндегi нұсқауына қатысты немесе өтінім беруші атауының өзгеруі нәтижесіндегі» деген сөздер «Өтінім берушінің атауының өзгеруі нәтижесінде өтінім берушіні көрсетуге қатысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 22-бапта:
9-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сараптама ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган он жұмыс күні ішінде өнертабысқа патент беру туралы шешiм шығарады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Уәкілетті органның өнертабысқа патент беру туралы шешімінің негізінде сараптама ұйымы он жұмыс күні ішінде өтінім берушіге сараптама ұйымының қорытындысын және қорғау құжатын беру үшін баж төлеу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Өтінім берушіге уәкілетті органның патент беру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде өтінім беруші сараптама ұйымына патентті беруге дайындағаны және жариялағаны үшін тиісті төлемді, сондай-ақ мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжатты ұсынады. Көрсетілген құжаттар ұсынылмаған кезде өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемінің төленгені туралы құжат ұсынылған жағдайда төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда өтінім кері қайтарып алынды деп есептеледі, өтінім бойынша іс жүргізу тоқтатылады, бұл жөнінде өтінім беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі.»;