24) 319-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер әуе кемесі халықаралық рейс жасау уақытында келген жерінде тауарларды ішінара тиемей (түсірмей) аралық немесе мәжбүрлі түрде (техникалық жағдаймен) қонса, кедендік транзит әуе көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты қолданылмайды.
Егер осындай қолданудың қажеттілігі тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде айқындалған жағдайларды қоспағанда, бір елді мекеннің әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде орналасқан келу орнынан уақытша сақтау орнына дейін тасымалданатын шетел тауарларына қатысты кедендік транзит қолданылмайды.
Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен, құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік транзит осы Кодексте белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
Кеден одағының кедендік аумағы арқылы теміржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік транзит ерекшеліктері Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында айқындалады.
Теңiз көлiгiмен өткiзiлетiн тауарларға қатысты, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Кеден одағына мүше бiр ғана мемлекеттiң аумағы арқылы өткiзiлетiн тауарларды тасымалдау кезiнде кедендiк транзиттiң ерекшеліктерін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
25) 321-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) орналасқан тауарлар келу орнынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеткізу орнына әуе көлігімен өткізілсе;»;
26) 439-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Үшінші тұлғаларға және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға сұрау салу жіберілген жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтінішті қарау мерзімін ұзартуға, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы. Бұл ретте мерзімді осындай ұзарту туралы ақпарат өтініш берушіге үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.».
4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 285-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«285-1-бап. Бағалы қағаздардың номиналдық ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы»;
2) 194-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді және (немесе) аударымдарды қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып, оларды қабылдаудан бас тартуы -
ескерту жасауға алып келеді.»;
3) 285-баптың үшінші бөлігі 8) тармақшасындағы «орындамауы -» деген сөздер «орындамауы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) банк шоттарының бар-жоғы (ашылуы), нөмірлері және осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сондай-ақ өзге де мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе бейрезидент жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ бенефициарлық меншік иесі бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғалардың басқаруындағы мүліктің бар-жоғы, түрі және құны туралы мәліметтерді, сол сияқты мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша да мәліметтерді телекоммуникациялар желісі арқылы ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -»;
4) 16-тарау мынадай мазмұндағы 285-1-баппен толықтырылсын:
«285-1-бап. Бағалы қағаздардың номиналдық ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы
1. Бағалы қағаздардың номиналды ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің бейрезидент жеке тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезидент болып табылатын заңды тұлғаларға ашылған бағалы қағаздарды есепке алу үшін шоттарының бар-жоғы туралы, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздар қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Бейрезидент жеке тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезидент болып табылатын заңды тұлғаларға тиесілі, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, кастодиандардың, инвестициялық портфельді басқарушылардың активтерінің бар-жоғы туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. «Өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттар бойынша пайда алушылары бейрезидент жеке тұлғалар болып табылатын шарттар туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
5) 720-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік кірістер органдары осы Кодекстiң 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 151 (бірінші бөлігінде), 152, 155, 157, 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 177, 178, 179, 180, 181, 194, 195, 196, 203, 205, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 246-1 (осы бұзушылықтар салық бойынша аудит жүргізілген кезде жасалған болса), 266, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 280-1, 281 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 284, 285, 285-1, 286, 287, 288, 460-1 (бірінші бөлігінде), 460-2, 464 (бірінші бөлігінде), 471, 472, 473, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (екінші бөлігінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558 және 571-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.».
5. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат):
50-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:
«4-3) банктің мемлекеттік кірістер органдарына шет мемлекеттің резиденттері (салық төлеушілері) болып табылатын және (немесе) ірі қатысушылары шет мемлекеттің резиденттері (салық төлеушілері) болып табылатын банк депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнің банктік шоттарының бар-жоғы (ашылғаны), иелерi мен нөмiрлерi туралы, сондай-ақ осы шоттар мен банктің өз шоттарындағы ақша қалдықтары мен қозғалысы, банк операциялары туралы мәліметтерді және мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген міндеттерді жүзеге асыруы үшін қажетті өзге де ақпаратты ұсынуы;»;
мынадай мазмұндағы 6-5-тармақпен толықтырылсын:
«6-5. Банктік шоттарының бар-жоғы (ашылғаны), нөмірлері туралы және осы шоттардағы ақша қалдықтары, сондай-ақ өзге де мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе басқарудағы мүліктің бар-жоғы, түрі және құны туралы мәліметтерді банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға:
1) бейрезидент жеке тұлғаларға және бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғаларға;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жолданған шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға қатысты ұсынады.
Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсыну тәртібін, мерзімдерін және нысанын уәкілетті органмен келісім бойынша салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.».
6-тармақ 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат):
18-баптың 1-тармағы 9) тармақшасындағы «ұсынуға міндетті.» деген сөздер «ұсынуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға міндетті. Бұл ретте көрсетілген мәліметтерді ұсыну нотариаттық әрекеттер құпиясын жария ету болып табылмайды.».
7. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 19-I, 101-құжат; № 23-I, 169-құжат):
1) 7-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Лицензия алынған (жаңартылған) күнтізбелік тоқсанды қоспағанда, этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақтар мен айрықша арақтарды өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде қырық пайызы, бірақ күнтізбелік тоқсанда кемінде жиырма бес мың декалитр пайдаланылған кезде жол беріледі.»;
2) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөнiндегi қызметке қойылатын біліктілік талаптарын уәкілетті орган бекiтедi.».
8. «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 23-I, 169-құжат):
1) 1-бапта:
1-1) - 1-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) дербес сәйкестендіру нөмір-коды (бұдан әрі - ДСН-коды) - өндірілетін және импортталатын темекі өнімдеріне берілетін сәйкестендіру нөмірі;
1-2) есепке алу-бақылау маркасы - темекi өнiмдерiн есепке алу және олардың айналымын бақылауды жүзеге асыру мақсатында темекi өнiмдерiн сәйкестендiруге арналған қажеттi қорғау дәрежелерi бар арнаулы бiржолғы жапсырма қағаз;
1-3) қорап - картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекi өнiмiнiң белгiлi саны бар тұтыну ыдысының бiрлiгi;
1-4) орам - белгiлi қорап саны бар топтап тұтыну ыдысының бiрлiгi;
1-5) сәйкестендiру - белгiлi бiр өнiмдi өндiру, айналымға шығару (айналысы), пайдалану саласында оны өзiне ұқсас өнiмнiң арасында айырым белгілерi бойынша ауыстырмай тануды қамтамасыз ететiн рәсiм;»;
мынадай мазмұндағы 1-6) тармақшамен толықтырылсын:
«1-6) таңбалау - тұтынушыға арналған ақпаратты құрайтын және қорабы мен орамындағы мәтiн, шартты белгi және суреттер;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) темекi өнiмдерi - шегу, сору, шайнау немесе иіскеу үшін пайдаланылатындай етіп жасалған шикізат материалы ретінде толығымен немесе ішінара темекі жапырағынан дайындалған өнімдер;»;
2) 3-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеуді қамтиды.»;
3) 4-баптың 4-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді;»;
4) 5-бап мынадай мазмұндағы 5-5) тармақшамен толықтырылсын:
«5-5) темекі өнімдеріне арналған ДСН-кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
5) 11-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Темекі өнімдерінің өндірісін және (немесе) импортын жүзеге асыратын тұлғалар темекі өнімдерін өндіруді және (немесе) импорттауды жүзеге асыруды бастағанға дейін темекі өнімдеріне ДСН-кодтарын беру қағидаларында айқындалған тәртіппен өтінімді жіберуге міндетті.».
9. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат):
43-бапта:
1-тармақтағы «Осы баптың 2 және 3-тармақтарында» деген сөздер «Осы бапта» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Бейрезидент жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға:
1) бейрезидент жеке тұлғаларға және бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғаларға;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес жолданған шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға қатысты ұсынылады.
Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсынудың тәртібін, мерзімін және нысанын, уәкілетті органмен келісу бойынша салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.».
Егер тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға шағымдар 2017 ж. 1 шілдеге дейін берілген жағдайда 10-тармақ қолданылмайды
10-тармақ 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
10. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 14, 117-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 172-құжат):
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 2-4-тармақпен толықтырылсын:
«2-4. Салық салу және кедендік реттеу мәселелері бойынша шағымдарды қарау тәртібі Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 14-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өтінішті қарауды тоқтату туралы өтініш білдіруге құқығы бар.».
11. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар):
9-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.
12. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 23-I, 169-құжат):
1) 49-баптың 1) тармақшасында:
жетпіс бірінші абзацтағы «бөлшектерден басқа, одан әрі өткізуге арналған тауарларға қатысты қолданылмайды.» деген сөздер «бөлшектерге қатысты қолданылады.» деген сөздермен ауыстырылып, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы және жетпісінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың ережелері қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігінде мынадай:
1) одан әрі өткізуге арналмаған;
2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатында қосылған құн салығын төлеуші әкелетін тауарларға;»;
жетпіс алтыншы абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен бірінші және сексен екінші абзацтармен толықтырылсын:
«Бұл ретте:
1) осы баптың 1-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген малды мәжбүрлі жағдайда сою нәтижесінде алынған ет және ет өнімдерін өткізу, немесе
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекіткен табиғи кему нормаларының шегінде
осындай малдардың кемуі (өлуі);
2) бұрын импортталған тауарларды кері экспорт режимінде әкету осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.»;
2) 49-1-бапта:
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың ережелері қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігінде мынадай:
1) одан әрі өткізуге арналмаған;
2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатында қосылған құн салығын төлеуші әкелетін тауарларға;
3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасының өндірісінде пайдаланылатын, осы баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген қосалқы бөлшектерге қатысты қолданылады.»;
жиырма бірінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«Бұл ретте:
осы баптың бірінші бөлігінің 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген малды мәжбүрлі жағдайда сою нәтижесінде алынған ет және ет өнімдерін өткізу, немесе
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекіткен табиғи кему нормаларының шегінде
осындай малдардың кемуі (өлуі) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.»;
12-тармақтың 3) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 57-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«57-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 2-тармағы және 151-4-бабының 2-тармағы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.»;
4) 62, 64, 65, 66, 67, 68, 69 және 70-баптардағы «2018» деген цифрлар «2027» деген цифрлармен ауыстырылсын.