3. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат):
Егер тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға шағымдар 2017 ж. 1 шілдеге дейін берілген жағдайда 3-тармақтың 1) тармақшасы қолданылмайды
3-тармақтың 1) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1) мазмұнында:
19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«19-тарау. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі»;
174-баптың тақырыбы алып тасталсын;
181 және 182-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«181-бап. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны
182-бап. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) берудің салдарлары»;
2) 8-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тауарлар мен көлік құралдары өткізілетін өзге де орындарда радиациялық бақылау жүргізуді;»;
Егер тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға шағымдар 2017 ж. 1 шілдеге дейін берілген жағдайда 3-тармақтың 3) тармақшасы қолданылмайды
3-тармақтың 3) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3) 16-баптың 3-тармағы 5) тармақшасындағы «импорттаушылар бойынша ақпарат береді.» деген сөздер «импорттаушылар бойынша;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымды қарау кезінде Апелляциялық комиссия мүшелеріне ақпарат береді.»;
4) 40-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«тексеріп қарау орны периметрі бойынша сары түсті бояумен белгіленген (сызылған) болуы және бейнебақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;»;
5) 44-баптың бірінші бөлігі 8) тармақшасындағы «хабардар етуге міндетті.» деген сөздер «хабардар етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) уақытша сақтау қоймасына орналастыру үшін тауарларды көлік құралдарынан түсіру қажет болған кезде қоймаға орналастыру мақсаты үшін тасымалдаушы түсіру жұмыстарының басталуын тауарға ілеспе құжаттарды табыс еткен кезден бастап төрт сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде қамтамасыз етуге міндетті.»;
6) 47-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«тексеріп қарау орындары периметрі бойынша сары түсті бояумен белгіленген (сызылған) болуға және бейнебақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;»;
7) 62-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кеден органына өтініш жасалған күнге өтініш берушіде бір жыл ішінде 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 527, 534, 548, 549, 550, 551, 552, 558-баптары бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы заңды күшіне енген қаулының болмауы;»;
8) 63-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау кезінде ондағы мәліметтерді тексереді, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне заңды тұлғаның сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырған, бірақ уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы өтініш тіркелген күнге дейінгі бес жылдан аспайтын кезең үшін осы Кодекстің 211-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтау тұрғысынан, сондай-ақ өтініш берушінің осы Кодекстің 62-бабы 1-тармағының 2), 7) және 9) тармақшаларында көзделген уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттарына сәйкестігіне осы Кодекстің 24-тарауында көзделген көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тапсырады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер бұрын көшпелі кедендік тексеру жүргізілген және осы Кодекстің 211-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптардың сақталуы тексерілген жағдайда уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізуге өтінішке сәйкес мұндай талаптардың сақталуын тексеру алдыңғы көшпелі кедендік тексеру аяқталған күннен бастап уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізуге өтініш тіркелген күнге дейін қамтитын уақыт кезеңіне ғана жүргізілетін көшпелі кедендік тексеру шеңберінде жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкiлеттi экономикалық операторында 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 527, 534, 543, 548, 549, 550, 551, 552, 558-баптары бойынша бір жыл ішінде екіден көп әкімшілік жаза қолдану туралы заңды күшіне енген қаулы болған;»;
9) 65-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдайтын көлік құралын белгілеу мақсатында, мұндай көлік құралында кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітетін танымдық белгі пайдаланылады.»;
Егер тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға шағымдар 2017 ж. 1 шілдеге дейін берілген жағдайда 3-тармақтың 10) тармақшасы қолданылмайды
3-тармақтың 10) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
10) 132-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар бойынша талап қоюдың өту мерзімі кедендік бақылау жүргізу, оның ішінде тауарлар шығарылғаннан кейінгі кезеңде төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік тексеру нәтижелеріне, сондай-ақ кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезеңінде өтіп кеткен жағдайда, талап қоюдың өту мерзімі кеден органының кедендік бақылау нәтижелері бойынша шығарған шешімі орындалғанға дейін, оның ішінде тауарлар шығарылғаннан, шағым (арыз) қаралғаннан кейін ұзартылады.»;
Егер тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға шағымдар 2017 ж. 1 шілдеге дейін берілген жағдайда 3-тармақтың 11) тармақшасы қолданылмайды
3-тармақтың 11) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
11) 141-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомасын ұлғайтуды немесе кемітуді қоса алғанда:
кедендік бақылау нәтижелері бойынша;
кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) және кеден ісі саласындағы уәкілетті органның тексеру нәтижелері туралы хабарламасына және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламасына төлеушінің шағымын (арызын) жоғары тұрған кеден органының не соттың қарау қорытындылары бойынша;
бақылаушы органдардың тексеру нәтижелері бойынша;
алдын ала шешім қабылдау кезінде;
тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру туралы шешім қабылдау кезінде кеден органы алған сома кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген сомасы болып табылады.»;
12) 164-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда кеден органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаны төлеушіге табыс еткен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей шектеу қояды.»;
Егер тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға шағымдар 2017 ж. 1 шілдеге дейін берілген жағдайда 3-тармақтың 12) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары қолданылмайды
3-тармақтың 12) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) төлеушінің шағымын қараған кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шешім шығарған немесе шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоятын сот актісі заңды күшіне енген жағдайда - осындай шешім шығарылған немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм мен осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісінің күшін жояды.»;
13) 167-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер төлеушінің мүлік тізімдемесі актісінде көрсетілген бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде айқындалатын билік етілуі шектелген мүлкінің жалпы теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аз болған жағдайларды қоспағанда, төлеушінің банктік шоттарында ақшасы, қолма-қол ақшасы және оның дебиторларының банктік шоттарында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда кеден органдары төлеушінің келісімінсіз оның билік етілуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады.»;
Егер тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға шағымдар 2017 ж. 1 шілдеге дейін берілген жағдайда 3-тармақтың 14) тармақшасы қолданылмайды
3-тармақтың 14) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
14) 173-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға (осы тараудың мақсатында бұдан әрі - хабарлама) шағым жасау осы бөлімде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес хабарламаға сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.»;
Егер тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға шағымдар 2017 ж. 1 шілдеге дейін берілген жағдайда 3-тармақтың 15) тармақшасы қолданылмайды
3-тармақтың 15) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
15) 174-бап алып тасталсын;
Егер тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға шағымдар 2017 ж. 1 шілдеге дейін берілген жағдайда 3-тармақтың 16) тармақшасы қолданылмайды
3-тармақтың 16) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
16) 175-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«175-бап. Шағым беру тәртібі мен мерзімдері
1. Шағым кеден ісі саласындағы уәкілетті органға хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.
Бұл ретте шағымның көшiрмесi хабарламаны шығарған кеден органына жiберілуге тиiс.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:
1) өзi келіп ұсыну тәртібімен - кеден ісі саласындағы уәкілетті органның шағымды алған күні;
2) поштамен - поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым беруші тұлғаның өтінішхаты бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.
3. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында өзіне қатысты кедендік тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ шағым берген тұлға басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) еңбекке уақытша жарамсыздығын дәлелді себеп ретінде таниды.
Осы тармақтың ережелері өздеріне қатысты кедендік тексеру жүргізілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымында жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде оларды ауыстыратын тұлғалардың болуы көзделмейтін, осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға қолданылады.
Бұл ретте шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатқа осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңін растайтын құжат және шағым берген тұлғаның ұйымдық құрылымын белгілейтін құжат қоса берілуге тиіс.
4. Шағым берудің өткізіп алған мерзімін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның қалпына келтіруі туралы өтінішхаты осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлға шағым мен өтінішхатты осы баптың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады.
5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға шағым берген тұлға осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде кері қайтарып ала алады.
Шағымды қайтарып алу осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімдер сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
Осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар көшпелі кедендік тексеру жүргізу тағайындалған күннен бастап шағым бойынша шешім шығарылған күнге дейінгі кезеңде шағымды кері қайтарып алуды жүргізуге құқылы емес.»;
Егер тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға шағымдар 2017 ж. 1 шілдеге дейін берілген жағдайда 3-тармақтың 17) тармақшасы қолданылмайды
3-тармақтың 17) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
17) 176-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шағым берілетін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның атауы;»;
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) актінің және шағым жасалған хабарламаның көшірмесі;»;
Егер тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға шағымдар 2017 ж. 1 шілдеге дейін берілген жағдайда 3-тармақтың 18) тармақшасы қолданылмайды
3-тармақтың 18) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
18) 177, 178, 179, 180, 181 және 182-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«177-бап. Шағымды қараудан бас тарту
1. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган:
1) шағым осы Кодекстің 175-бабында белгіленген шағым жасау мерзімі бұзыла отырып берілген;
2) шағымның нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 176-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) шағымды осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында аталмаған тұлға берген;
4) осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлға шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап арыз берген жағдайларда шағымды қараудан бас тартады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағымды берген тұлғаға шағым тiркелген күннен бастап он жұмыс күнi ішінде шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті орган тұлғаның сотқа жүгіну фактісі анықталған күннен бастап он жұмыс күнi ішінде шағымды берген тұлғаға шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебiн көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлайды.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда кеден ісі саласындағы уәкілетті органның шағымды қараудан бас тартуы тұлғаны осы Кодекстiң 175-бабында белгiленген мерзiм шегiнде шағымды қайта беру құқығынан айырмайды.
178-бап. Шағымды қарау тәртібі
1. Осы Кодекстің 180-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, шағым бойынша шағым тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдары бойынша - шағым тіркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәжді шешім шығарылады.
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағымды қарау кезінде осы Кодекстің 221-бабында белгіленген тәртіппен жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру тағайындауға құқылы.
Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 180-бабында айқындалған тәртіппен ұзартылуы және (немесе) тоқтатыла тұруы мүмкін.
Шағым жасалған мәселелер шегінде қаралады.
Осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар шағымды қарауға өздері тексеру барысында ұсынбаған құжаттарды ұсынған жағдайда кеден органы мұндай құжаттарды қарау кезінде тағайындалған көшпелі кедендік тексеру барысында олардың анықтығын айқындауға құқылы.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағымды қарау кезiнде:
1) шағым берген тұлғаға және (немесе) кеден органына шағымда жазылған мәселелер бойынша қосымша ақпаратты не түсіндірмелерді жазбаша нысанда беру туралы сұрау салулар жіберуге;
2) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына мұндай органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сұрау салулар жіберуге;
3) шағымда жазылған мәселелер бойынша шағым берген тұлғамен кездесулер өткізуге;
4) кеден органдарының тексеруді жүргізуге қатысқан лауазымды адамдарынан туындаған мәселелер бойынша түсіндірмелер сұратуға құқылы.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның шағымды қарау бойынша өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезiнде оның қызметiне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар адамдарға қандай да бiр ықпал етуге тыйым салынады.
179-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару
1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау үшін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Апелляциялық комиссияны құрады.
Апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені уәкілетті орган айқындайды.
Шағымды қарау аяқталғаннан кейін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жазбаша нысанда шешiм шығарады.
2. Шағымды қарау қорытындылары бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган мына шешiмдердiң бiрiн шығарады:
шағым жасалған хабарлама - өзгерiссiз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;
шағым жасалған хабарламаның толықтай немесе оның бір бөлігінің күші жойылсын.
3. Шағым бойынша шешім шағым берген тұлғаға жазбаша нысанда жіберіледі немесе табыс етіледі, ал көшірмесі хабарлама шығарған кеден органына жіберіледі.
4. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда, хабарлама шығарған кеден органы хабарламаға шағымды қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды берген тұлғаға жібереді. Хабарламаға шағымды қарау қорытындылары туралы хабарламаның нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған кеден ісі саласындағы уәкілетті органның шешімі кеден органдарының орындауы үшін міндетті.
180-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту
1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:
1) шағымды қарау барысында тағайындалған жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру жүргізілген жағдайда - кеден ісі саласындағы уәкілетті орган аяқталған тексеру актісін алған күннен бастап он бес жұмыс күніне;
2) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ осындай органдардың және ұйымдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға сұрау салулар жіберілген жағдайда - жіберілген әрбір сұрау салу бойынша жауаптар алынған күннен бастап он бес жұмыс күніне тоқтатыла тұрады.
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағымды қарау мерзiмiн тоқтата тұру туралы көрсетілген мерзімді тоқтата тұру себептерiн көрсете отырып, сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымды берген тұлғаға жазбаша нысанда хабарлайды.
3. Осы Кодекстің 178-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзiмi мынадай жағдайларда:
1) осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлға шағымға толықтыруларды ұсынғанда - он бес жұмыс күніне ұзартылады.
Бұл ретте осы Кодекстің 178-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шағымға кейіннен толықтыруларды берудің әрбір жағдайында осы тармақшада көрсетілген мерзімге ұзартылады;
2) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағым жасалған мәселені қосымша зерделеу қажет болған жағдайда - тоқсан жұмыс күніне дейін ұзартады.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағымды қарау мерзімін ұзартқан жағдайда, шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген тұлғаға хабарлама жіберіледі.
181-бап. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны
Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмiнде:
1) шешім қабылданған күн;
2) шағым жіберілген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның атауы;
3) шағымды берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не оның толық атауы;
4) сәйкестендіру нөмірі;
5) шағым жасалған хабарламаның қысқаша мазмұны;
6) шағымның мәні;
7) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағым бойынша шешiм шығару кезiнде басшылыққа алған Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме көрсетiлуге тиiс.
182-бап. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) берудің салдары
1. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) беру хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады.
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға шағым берген кезде хабарламаның шағым жасалған бөлiгiнде орындалуы шағым бойынша жазбаша шешiм шыққанға дейiн тоқтатыла тұрады.
Сотқа арыз берілген жағдайда хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы сот арызды іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.»;
19) 192-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Радиациялық бақылауды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тауарлар мен көлік құралдары өткізілетін өзге де орындарда орналасқан кеден органдары радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, автоматты түрде не қолмен тексеру режимінде жүргізеді.»;
20) 204-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Кедендік тексеріп қарау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
21) 205-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Кедендік тексеріп қарау жөніндегі нұсқаулықты кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
22) 252-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарларды келу орнынан кеден органы белгілеген орынға жеткізу, егер мұндай тауарлар келген орнында өзге кедендік рәсіммен орналастырылмаса немесе оларға қатысты Кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де кедендік операциялар жасалмаса, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес жүзеге асырылады.»;
23) 284-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«284-бап. Декларант
1. Мыналар:
1) Кеден одағына мүше мемлекеттің:
сыртқы экономикалық мәміле жасасқан тұлғасы не оның атынан (тапсырмасы бойынша) осы мәміле жасалған;
сыртқы экономикалық мәміле болмаған кезде тауарларды иемдену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығы бар тұлғасы;
2) шетелдік тұлғалар:
жеке пайдалануға арналған тауарларды алып өтетін жеке тұлға;
осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кедендік жеңілдіктерді пайдаланатын тұлға;
Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында белгіленген тәртіппен құрылған өкілдігі бар ұйым, - уақытша әкелу, кері экспорт кедендік рәсімдерін, сондай-ақ осындай өкілдіктердің жеке мұқтаждықтары үшін әкелінетін тауарларға ғана қатысты ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін мәлімдеген кезде;
Кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы мәміле тараптарының бірі болып әрекет ететін, мәміле шеңберінен тыс тауарларға билік ету құқығы бар тұлға;
3) кедендік транзит кедендік рәсімін мәлімдеу үшін - осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар, сондай-ақ:
тасымалдаушы, оның ішінде кедендік тасымалдаушы;
экспедитор, егер ол Кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы болып табылса, декларанттар бола алады.
2. Осы баптың мақсаттары үшін сыртқы экономикалық мәміле деп Кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы мен шетелдік тұлға арасында жасалған мәміле, сондай-ақ Кеден одағына мүше түрлі мемлекеттердің тұлғалары арасында жасалған, оның негізінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін мәміле түсініледі.»;