13. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 11, 52, 57-құжаттар; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 71, 72-құжаттар):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 35-1) тармақшамен толықтырылсын:
«35-1) инвестициялық қаржыландыру - ұлттық компания немесе акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде жер қойнауын пайдалану жөніндегі осындай ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлға және стратегиялық әріптес осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда барлауға арналған келісімшарт, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде жасасқан бірлескен қызмет туралы шарт (келісім) және (немесе) қаржыландыру туралы келісім бойынша барлауды қаржыландыру;»;
54) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«54) коммерциялық табу - жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы растаған бір немесе бірнеше кен орындарын келісімшарттық аумағында барлаудың (соның ішінде қосымша барлаудың) нәтижесіндегі табу, сондай-ақ коммерциялық мүддені білдіретін пайдалы қазбалар қорларының өсімі;»;
2) 31-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұлттық компания немесе акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлға жер қойнауын пайдаланушы болатын келісімшарттар бойынша барлауды қаржыландыруды, егер бірлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, оның стратегиялық әріптесі жүргізеді.
Инвестициялық қаржыландыру жолымен барлауды қаржыландыру бір мезгілде мынадай шарттардың орындалуын көздейді:
1) ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның үлесіне келетін барлауға арналған шығындар мен шығыстарды қаржыландыруды барлауға арналған келісімшарт, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде жасалған бірлескен қызмет туралы шартта (келісімде) және (немесе) қаржыландыру туралы келісімде белгіленген тәртіппен стратегиялық әріптес жүргізеді;
2) барлауды қаржыландыру сомасы ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның барлауға арналған келісімшарт, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауына байланысты шығындар мен шығыстарды жүзеге асыру үшін пайдаланылады;
3) қаржыландыру, сондай-ақ ол бойынша сыйақы сомасын қайтару жөніндегі міндеттеме ұлттық компанияда немесе барлауға арналған келісімшарт, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде жасалған бірлескен қызмет туралы шартта (келісімде) және (немесе) қаржыландыру туралы келісімде айқындалған талаптарды орындаған кезде акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғада туындайды.».
14. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 8-II, 66-құжат):
1) 1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) есепке алатын бақылау аспаптары - мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерінде және автожанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) орнатылған, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген, мұнай өнімдерін өндірудің және (немесе) оның айналымының көлемдері туралы ақпараттың автоматтандырылған жүйесінің көмегімен мұнай өнімдерін өндіру және айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін оператор арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға нақты уақыт режимінде кейіннен беру мақсатында есепке алуды жүргізу үшін мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын өлшейтін техникалық құрылғылар;»;
2) 21-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден, импорттаушылардан, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінен (мемлекеттік материалдық резервтен мұнай өнімдерін шығару кезінде) мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге немесе түпкі тұтынушыларға ғана мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы.»;
3) 22-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерден және (немесе) импорттаушылардан, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінен (мемлекеттік материалдық резервтен мұнай өнімдерін шығару кезінде) мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер түпкі тұтынушыларға ғана мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға міндетті.».
15. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 21-22, 115-құжат):
1) 1-баптың 4-тармағы 38) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы «2017» деген цифрлар «2026» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) 9-бапта:
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 4-тармағы 38) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын;»;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 4-тармағы 49) тармақшасының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы абзацтарын;».
16. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 23-I, 169-құжат):
9-баптың 2-тармағындағы «2018» деген цифрлар «2027» деген цифрлармен ауыстырылсын.
17. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 22, 131-құжат):
4-баптағы «2017» деген цифрлар «2018» деген цифрлармен ауыстырылсын.
18. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
2-баптың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 5-тармағының 1) тармақшасын, 6) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын;
5) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 5-тармағының 7) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
19. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 23-I, 169-құжат):
1-баптың 3-тармағы 31) тармақшасының он жетінші - жиырма төртінші абзацтары алып тасталсын.
20. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VII, 119-құжат):
2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
21. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 140-құжат):
2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.».
22. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-II, 147-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; № 7-I, 50-құжат):
27-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 11-бапты қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
2) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін 11-бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:».
23. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-III, 149-құжат):
1) 1-бапта:
1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-3) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға:
тексерілетін жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттарына;
пайда алушылары бейрезидент-жеке тұлғалар болып табылатын жинақтаушы сақтандыру шарттарына;
Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген, шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген, пайда алушылары бейрезидент-жеке тұлғалар болып табылатын жинақтаушы сақтандыру шарттарына қатысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес;»;
2-тармақта:
2) тармақшада:
алтыншы және жетінші абзацтардағы «67-1» деген цифрлар «67-2» деген цифрлармен ауыстырылсын;
18) тармақшада:
бірінші және екінші абзацтардағы «67-1» деген цифрлар «67-2» деген цифрлармен ауыстырылсын;
64) тармақшада:
бүкіл мәтін бойынша «40 еселенген», «160 еселенген» деген сөздер тиісінше «160 еселенген», «500 еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;
қырық бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген өзге де мүлік Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген баға туралы есепте айқындалған құнды қоса алғанда, осындай мүліктің құнын растайтын және (немесе) осындай мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар болған кезде көрсетіледі.»;
5-тармақтың 2) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
2) 2, 3 және 4-баптар алып тасталсын;
3) 5-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 185-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:»;
4) 6-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 186-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:»;
5) 7-бап алып тасталсын;
6) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Салық органдары активтер мен міндеттемелер туралы және кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсынған жеке тұлғаларға қатысты 2020 - 2022 жылдар бойына іріктеп салықтық тексерулер жүргізуді жүзеге асыруға құқылы емес деп белгіленсін.»;
7) 10-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. 2019 жылғы 31 желтоқсанда тіркелген салықты, ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылатын салық төлеушілер 2020 жылғы 1 қаңтарда тіркелген активтердің бастапқы құнын амортизацияның есеп айырысу сомасына азайтылған активтерді сатып алу құны ретінде айқындайды деп белгіленсін.»;
8) 11-баптың 1-тармағында:
бірінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағын, 2-тармағының 79) тармақшасын;»;
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшадағы «2017» деген цифрлар «2020» деген цифрлармен ауыстырылсын.
24. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат):
24-тармақтың 1) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 16-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік қызметке кірген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке тұлғалардың декларацияларын мемлекеттік кірістер органдарына ұсынуға міндетті.»;
24-тармақтың 2) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 29-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұндай жағдайларда осы адамға міндетті арнайы тексеруден өту және сынақ мерзімін белгілеу туралы талаптар қолданылмайды.»;
3) 68-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
25. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-I, 169-құжат):
25-тармақтың 1) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-баптың 1-тармағында:
2) тармақшада:
он төртінші абзацтағы «, 451 және 568» деген сөздер «және 451» деген сөздермен ауыстырылсын;
он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтар алып тасталсын;
5) тармақшаның оныншы абзацындағы «, сондай-ақ оларды көшіру» деген сөздер алып тасталсын;
47) тармақша алып тасталсын;
56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«56) 256-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортталған жағдайда төленген салық қосылған құн салығын төлеу бойынша салық міндеттемесі орындалған сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.»;»;
59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«59) 263-бапта:
1-1 және 1-2-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Егер уәкілетті орган растаған, бағдарламалық қамтылымда техникалық қателердің туындау себебінен шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру мүмкін болмаған жағдайда, шот-фактураны жазып беру қағаз жеткізгіште жүргізіледі.
2-2. Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілейді, онда:
шот-фактураның нысаны;
шот-фактураларды жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;
шот-фактураларды куәландыру тәртібі;
түзетілген және (немесе) қосымша шот-фактуралардың алынғанын растау ерекшеліктері;
шот-фактураларды сақтау тәртібі көрсетіледі.
Уәкілетті орган:
электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі және берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы;
электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген, берілетін мәліметтердің анықтығы;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураларда көрсетілген мәліметтердің үшінші тұлғаларға жария етілмеуі үшін жауаптылықта болады.
2-3. Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактурадан басқа шот-фактураның нысанын салық төлеуші осы баптың ережелерін ескере отырып, өзі дербес айқындайды.»;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық төлеушілер шот-фактурада немесе осы Кодекстің 256-бабының 2-тармағында көзделген өзге құжатта:»;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қағаз жеткізгіште жазып берілетін шот-фактурада:»;
3) және 3-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты - тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты - салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте көрсетілген атауы;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген атауы көрсетілуге тиіс. Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бөлігінде қалыптасуына, оның ішінде іскерлік айналымдағы қалыптасуына сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін;
3-1) осы Кодекстің 264-1-бабында көзделген жағдайларда өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесі;»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада акциздің сомасы қосымша көрсетіледі.
Осы Кодекстің 78-бабында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда лизинг беруші «Салық кодексінің 78-бабы сақталмаған» деген белгісі бар шот-фактура немесе қосымша шот-фактура жазып береді.
7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура:
қағаз жеткiзгiште - айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтiзбелiк жеті күннен кешiктiрiлмей;
электрондық нысанда - айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.»;
мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:
«7-1. Қосылған құн салығын төлеушi шот-фактураларды жазып беру кезінде:
электр энергиясын, суды, газды, жүйелік оператор көрсететін жүйелік көрсетілетін қызметтерді, көрсетілетін байланыс қызметтерiн, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, темір жол тасымалдарын, көлiк-экспедициялық көрсетілетін қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша тасымалдаудың көрсетілетін қызметтерін, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;
есепке жазылған сыйақы сомасы бөлiгiнде мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк тоқсанның қорытындылары бойынша;
осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында аталған тұлғаларға бір жыл немесе бір жылдан көп мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактура жазып беруге құқылы.
7-2. Тауарлар экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген жағдайда шот-фактура:
қағаз жеткiзгiште - өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк жеті күннен кешіктірілмей;
электрондық нысанда - өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.»;
14-3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық нысанда жазып берілген, түзетілген шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуімен келіспейтіндігін көрсетуге құқылы.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар шеңберінде шот-фактуралар жазып берудің ерекшеліктері осы Кодекстің 264-1-бабында белгіленген.»;
136) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:»;
үшінші абзац алып тасталсын;
жетінші абзацтағы «қоюға» деген сөз «міндетті түрде қоюға» деген сөздермен ауыстырылсын;
он жетінші абзацтағы «5 және 6-тармақтар» деген сөздер «6-тармақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
он сегізінші абзац алып тасталсын;
137) тармақша алып тасталсын;
2) 2-бапта:
25-тармақтың 2) тармақшасының екінші - жетінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тармақшаның қырық бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«29-1) 2004 жылғы 1 қаңтар мен 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша қалыптасқан:
бұрын капиталдандырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) сомасы бөлігінде негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
шетел валютасымен алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыздың) негізгі борыш сомасы бойынша осындай соманы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы қолданыла отырып қайта есептеу нәтижесінде қарыз алушыға қойылатын талаптың мөлшерін азайту;
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның сотқа берілетін талап арыздан алынатын мемлекеттік бажды төлеу түрінде мұндай адам алған кіріс түріндегі кіріс;»;
25-тармақтың 2) тармақшасының сегізінші - он үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақшаның қырық сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«29-1) 2004 жылғы 1 қаңтар мен 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша қалыптасқан: