4) тәрбие, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласында балалар мүдделерiне орай орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды
7-1-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл институты
1. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл институтын Қазақстан Республикасының Президенті құрады және ол өз қызметін балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, балалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында қоғамдық негізде жүзеге асырады.
2. Баланың құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі:
1) заңдылық;
2) тәуелсіздік;
3) балалар үшін қолжетімділік;
4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
5) объективтілік;
6) жариялылық қағидаттарына негізделеді.
3. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 7-2-баппен толықтырылды
7-2-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл
Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында:
1) баланың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қатысты өтініштерді және баланың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, кәсіпорындардың, олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды;
2) баланың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін кедергісіз іске асыруға және қалпына келтіруге жәрдем көрсетеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
4) білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, қорғаныс, мәдениет және спорт жүйелерінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ұсталатын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне баруға кедергісіз қол жеткізеді;
5) баланың құқықтарымен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық институттардың құжаттарына кедергісіз қол жеткізеді;
6) өзіне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 7-3-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-3-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры:
1) осы Заңға сәйкес нысаналы жинақтарды есепке алу және есепке жатқызу үшін нысаналы жинақтау шоттарын ашуды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шоттарына есепке алу мен есепке жатқызуды, нысаналы жинақтарды алушыға нысаналы жинақтау шотынан уәкілетті операторлардың шоттарына нысаналы жинақтарды төлеуді, нысаналы жинақтардың қайтарылуын есепке алуды жүзеге асыруға;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсы және (немесе) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мынадай:
нысаналы талаптарға қатысушыға немесе оның заңды өкіліне нысаналы талаптардың сомасы;
нысаналы жинақтарды алушының сұрау салуы бойынша осы Заңның 7-7-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, нысаналы жинақтау шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге нысаналы жинақтардың сомасы туралы мәліметтерді төлемақы алмай ұсынуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтарды алушылардың уәкілетті операторда ашылған шоттарына, сондай-ақ қайтыс болған не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушылар немесе нысаналы жинақтарды алушылар мұрагерлерінің уәкілетті операторда ашылған банктік шоттарына АҚШ долларында төлеуді жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен нысаналы жинақтарды есепке алу, төлеу және қайтару мәселелері бойынша уәкілетті оператормен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
6) нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толғаннан кейін он жыл ішінде пайдаланылмаған нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтарын нысаналы жинақтау шоттарынан ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударуды жүзеге асыруға міндетті.
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 7-4-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-4-бап. Нысаналы талаптарға қатысушылар, нысаналы талаптар және нысаналы жинақтар
1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толмаған азаматтары ғана нысаналы талаптарға қатысушылар бола алады.
2. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, нысаналы талаптарға қатысушыларға нысаналы талаптарды есепке жазу олар он сегіз жасқа толғанға дейін жыл сайын жүзеге асырылады.
3. Нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу АҚШ долларында жүргізіледі.
4. Нысаналы талаптар нысаналы талаптарға қатысушы он сегіз жасқа толатын жылға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі инвестициялық қызмет шеңберінде қаржы құралдарына инвестицияланады.
5. Нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шотына есепке алу және есепке жатқызу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында нысаналы жинақтау шоттарын ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Нысаналы талаптарды есепке жазу нысаналы талаптарға қатысушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда тоқтатылады.
7. Нысаналы жинақ төлемдері нысаналы жинақтарды алушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті операторларда АҚШ долларында өздері ашатын банктік шоттарына есепке жатқызылады.
8. Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
9. Нысаналы жинақ төлемдерін нысаналы жинақтарды алушының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған нысаналы жинақтау шотына қайтару АҚШ долларында жүзеге асырылады.
Бұл ретте айырбастауға байланысты шығыстарға төлем жасау, нысаналы жинақ төлемдерін нысаналы жинақтарды алушының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған нысаналы жинақтау шотына аударуға (қайтаруға) байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге төлем жасау нысаналы жинақтарды алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 7-5-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-5-бап. Нысаналы талаптарға қатысушылардың, нысаналы жинақтарды алушылардың және олардың заңды өкілдерінің дербес деректерін жинау, өңдеу ерекшеліктері
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының осы Заңның 7-3-бабында көрсетілген міндеттерін орындау үшін нысаналы талаптарға қатысушылардың, нысаналы жинақтарды алушылардың және олардың заңды өкілдерінің дербес деректерін жинау, өңдеу олардың келісімінсіз жүзеге асырылады.
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 7-6-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-6-бап. Нысаналы жинақ төлемдері
1. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақ төлемдеріне құқық нысаналы жинақтары бар нысаналы жинақтарды алушыларға беріледі.
2. Нысаналы жинақтары бар нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда, мұндай нысаналы жинақтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін қайтыс болған не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушылардың немесе нысаналы жинақтарды алушылардың мұрагерлері уәкілетті операторда АҚШ долларында банктік шот ашады.
3. Нысаналы талаптарға қатысушының не нысаналы жинақтарды алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы нысаналы жинақтарды төлеуден бас тартуға негіз болып табылады.
4. Білім беру ақысын төлеу нысаналы жинақтарды алушының өтінім беруі және өзі мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арасында шарт жасасу арқылы не «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру жинақтау сақтандыруы шартын немесе білім беру жинақтау салымы туралы шарт жасасу арқылы нысаналы жинақ төлемдері есебінен жүзеге асырылады.
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 7-7-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-7-бап. Нысаналы жинақтар құпиясы
1. Нысаналы жинақтар құпиясы нысаналы жинақтарды алушылардың нысаналы жинақтау шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді қамтиды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры нысаналы жинақтар құпиясына кепілдік береді.
Нысаналы талаптарға қатысушылардың нысаналы талаптарының сомасы туралы мәліметтер құпия болып табылмайды.
2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерінің қызметтік және функционалдық міндеттерін жүзеге асыруға байланысты нысаналы жинақтар құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдары, жұмыскерлері нысаналы жинақтар құпиясын құрайтын мәліметтерді жария етуге құқылы емес және оларды жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган арасында ақпарат, оның ішінде нысаналы жинақтар құпиясын құрайтын мәліметтер алмасуды жүзеге асыру нысаналы жинақтар құпиясын жария ету болып табылмайды.
3. Нысаналы жинақтар құпиясы нысаналы жинақтарды алушыға бірыңғай жинақтаушы зейнет ақы қорының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен ашылуы мүмкін.
4. Нысаналы жинақтау шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтамалар:
1) соттарға - олардың іс жүргізуіндегі істер бойынша сот ұйғарымының негізінде;
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру шеңберінде;
3) прокурорға - оның қарауындағы материал бойынша өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулының негізінде;
4) нысаналы жинақтарды алушының өкілдеріне - нотариат куәландырған сенімхаттың немесе сот шешімінің негізінде;
5) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органға - нысаналы жинақтарды алушының өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша;
6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы міндетті аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымдарға;
7) мұрагерлерге - нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда мұраға құқық туралы куәлік ұсыныла отырып, сұрау салу бойынша;
8) нотариустар мен шетелдік консулдық мекемелерге - нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда өздерінің іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша сұрау салу арқылы;
9) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық типтегі ұйымдардың басшыларына мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер және (немесе) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың осындай ұйымдарда болуын растайтын құжаттардың негізінде берілуі мүмкін.
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 7-8-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-8-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтері
1. Нысаналы жинақтарды алушының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, уәкілетті операторлардың борыштары бойынша, оның ішінде санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда нысаналы активтерге, нысаналы жинақтарға және нысаналы жинақ төлемдеріне тыйым салуды немесе өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
2. Нысаналы активтер:
1) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де жағдайларда нысаналы жинақ төлемдерін жүзеге асыруға;
2) қате есепке жатқызылған нысаналы жинақтарды және өзге де қате есепке жатқызылған ақшаны қайтаруға ғана пайдаланылады.
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 7-9-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-9-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтерін сақтау және есепке алу
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарда жалпы сомада сақталады және есепке алынады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтерін есепке алу және сақтау мақсатында шетелдік кастодиан-банктерде шоттар ашуға құқылы.
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 7-10-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-10-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы талаптар, нысаналы жинақтар және нысаналы активтер бойынша есебі мен есептілігі және оларды бақылау
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы талаптар, нысаналы жинақтар және нысаналы активтер бойынша есепке алуды жүргізеді және есептілік жасайды.
Нысаналы активтерді есепке алуды жүзеге асыру және ақпараттың сенімділігін, сақталуын және санкцияланбаған қол жеткізуден қорғалуын қамтамасыз ету үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бағдарламалық қамтылымы түріндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйелер пайдаланылады.
2. Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтар мен нысаналы активтерді есепке алуды жүргізу тәртібін бақылауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 7-11-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-11-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына оның нысаналы активтері бойынша аудит жүргізу
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті жыл сайынғы аудиті шеңберінде аудиторлық ұйым бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтері бойынша аудитті жүзеге асырады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтері бойынша міндетті жыл сайынғы аудит бойынша шығыстар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен жүзеге асырылады.
3-тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы
1. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.
2. Мемлекет денi сау бала тууды қамтамасыз ету үшiн ананың денсаулығын сақтау жөнiнде жағдайлар жасайды.
3. Баланың денсаулық сақтауға құқығы:
1) баланың денсаулығын сақтау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын қабылдау;
2) балалардың салауатты өмiр салтын насихаттау және ынталандыру;
3) балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердi мемлекеттік қолдау;
4) баланың, оның ата-анасының денсаулық жағдайына бақылау жасау және балалар ауруларының алдын алу;
5) біліктi медициналық көмек көрсету;
6) баланың денi сау болып өсiп жетiлуiне қажеттi қолайлы қоршаған орта жасау;
7) балалар үшiн сапасы тиiстi деңгейдегі тағам өнiмдерiнің өндiрiлуiне және сатылуына бақылау жасау арқылы қамтамасыз етiледi.
4. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаларға тегiн медициналық көмектiң көлемiне кепілдiк бередi.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Баланың өмiрiне, денсаулығына және дене бітімі мен психикасының қалыпты өсiп-жетілуінe зиян келтiретiн кез келген ғылыми тәжiрибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйым салынады.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Баланың даралық ерекшелікке және оны сақтауға құқығы
Әрбір бала туылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркелуге тиіс. Туылған кезінен бастап оның аты, әкесінің аты және тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқығы, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда оларды сақтауға құқығы бар.
10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы
1. Әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар.
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны физикалық және (немесе) психикалық күш көрсетуден, адамның қадір-қасиетіне қатыгездікпен, дөрекілікпен қараудан немесе оны қорлаудан, баланы жәбірлеуден (буллингтен), жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады.
11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы
1. Әрбiр баланың сөз бостандығына және өз пiкiрiн айтуға, ар-ождан бостандығына, өзiнiң қоғамдық белсендiлiгiн дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдардың нысандарына және Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген бейбiт жиналыстарға өз еркiмен қатысуға құқығы бар.
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік органдар балалардың жеке адами тұлғасын, олардың шығармашылық бейiмдiлiгiн, әлеуметтiк белсендiлiгiн, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамытуды, олардың интеллектуалдық меншiгiн қорғауды, балалардың өмiрi мен денсаулығын сақтауды, қоршаған табиғи ортаны, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауды өзiне мақсат тұтатын, қайырымдылықты жүзеге асыратын, мәдени және спорттық өмiрге қатысуға тартатын, демалысты ұйымдастыратын қоғамдық ұйымдарға жәрдемдеседi.
12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы
1. Әрбiр баланың дене бiтiмінің, психикасы мен жан дүниесiнің толымды дамуы үшiн қажеттi тұрмыс деңгейi мен жағдайы болуға құқығы бар.
2. Мемлекет бұл жағдайлардың жасалуын әлеуметтік және экономикалық шаралар жүйесi арқылы қамтамасыз етедi.
13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары
1. Әрбiр баланың заңмен белгiленген тәртiппен және мөлшерде өз ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерiнен қаражат алуға құқығы бар. Балаға алименттер, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтiк төлемдер ретіндегі тиесiлi сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билiк етуiне келiп түседi және олар баланы күтiп-бағуға, оған білім беруге және оны тәрбиелеуге жұмсалады.
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Әрбір баланың заңнамада белгіленген тәртіппен өз бетінше немесе өзінің заңды өкілдері арқылы мәмілелер жасауға, банктерде, Ұлттық пошта операторында салымдары болуға және жалақысына, стипендиясына немесе өзге де кірістеріне және зияткерлік меншік құқығы объектілеріне билік етуге, өзге де мүліктік құқықтарды иемденуге және оларды жүзеге асыруға құқығы бар.
Ата-аналар немесе заңды өкілдер баланың жәрдемақысы немесе материалдық көмек ретінде мемлекет бөлетін ақшаны баланың атына банктерге және (немесе) Ұлттық пошта операторына салуға құқылы.
3. Әрбiр баланың өзi тапқан табысқа, өзi сыйға немесе мұра ретiнде алған мүлiкке, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк құқығы бар.
Өз еңбегiмен табыс табатын бала, егер ол ата-анасымен бiрге тұратын болса, отбасын асырауға жұмсалатын шығындарды бөлiсуге қатысуға құқылы.
Баланың өзiне меншiк құқығымен тиесілі мүлiкке билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен айқындалады.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 126-V ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы
1. Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.
2. Білім беру ұйымдарындағы, медициналық және басқа да ұйымдардағы, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдардағы, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттық тәрбиедегі жетiм бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұрғын үйге меншiк құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын caқтайды, ал құқығы болмаған жағдайда олардың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй алуға құқығы бар.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй жетiм балаларда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларда олар білім беру ұйымдарында, медициналық және басқа да ұйымдарда, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдарда, қорғаншылықта немесе қамқоршылықта, патронаттық тәрбиеде болған кезеңде олар кәмелетке толғанға дейін сақталады.
3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, оның iшiнде жетiм балаларды оларға басқа тұрғын үй берiлмейiнше, тұрып жатқан тұрғын үйінен шығаруға болмайды.
4. Осы баптың 2-тармағында аталған балалардың тұрғын үйге меншiк құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауды жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз етедi.
5. Он төрт жасқа толмаған жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың тұрғын үйін иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту бойынша мәмілелер жасауға немесе олардың атынан кепілгерлік шартын, тұрғын үйді өтеусіз пайдалануға тапсыру немесе кепілге қою бойынша мәмілелер, заң жүзінде, өсиет бойынша оларға тиесілі мұрагерлік құқықтардан бас тартуына, олардың тұрғын үйін бөлуге немесе одан үлес бөліп алуға әкеп соқтыратын мәмілелер жасасуға жол берілмейді.