1) 25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабында құжаттарды қабылдау туралы жазба жасалмайды. Өтініш берушінің талап етуі бойынша тіркеуге құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын орган бас тарту себептерін көрсете отырып, хабарлама береді. Мұндай хабарламаның, тіркеу туралы өтініштің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сақтауға жатады.
Тіркеуге құжаттар қабылдаудан бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.»;
2) 31-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.»;
3) 59-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«59-бап. Дауларды шешу тәртібі
Мемлекеттік тіркеуге байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.».
47. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат, № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 106-құжат; № 24-I, 119-құжат; № 24-II, 122-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 11 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
60-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мүдделі тұлға білім беру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне және әрекеттердің жасалуына (шешімдердің қабылдануына) негіз болған ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.».
48. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
12-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне қате енгізілген, өздерінің террористік және экстремистік әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер бар не көрсетілген тізбеден алып тастауға жататын, бірақ көрсетілген тізбеден алып тасталмаған ұйымдар мен жеке тұлғалар өздерін көрсетілген тізбеден алып тастау туралы жазбаша уәжді өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді.
Уәкілетті орган ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тастау туралы өтінішті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде қарайды және мынадай уәжді шешімдердің бірін қабылдайды:
1) ұйымды немесе жеке тұлғаны көрсетілген тізбеден алып тастау туралы;
2) бас тартудың уәжді негізін бере отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы.
Өтініш беруші уәкілетті органның шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.».
49. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 116-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2016 ж., № 24, 131-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Уәкілетті органның шешіміне шағым жасау тәртібі
Уәкілетті органның босқын мәртебесін беруден, ұзартудан бас тарту туралы немесе босқын мәртебесінен айыру туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.».
50. «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 24, 123-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):
4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін шектеуге немесе оларға нұқсан келтіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілерге сотта Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дау айтылуы мүмкін.».
51. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106-құжаттар; № 24-I, 118-құжат):
1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi
Осы Заңға сәйкес азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдардың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша нұсқамалар мен қаулылардың, мүлiктiк өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдер мен қаулылардың, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi және уақтылы қолдану атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi болып табылады.»;
2) 10-баптың 5-тармағындағы «азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес сотқа он жұмыс күні ішінде шағым жасалуы, наразылық білдірілуі» деген сөздер «әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа он жұмыс күні ішінде шағым жасалуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 68-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бағалаумен келіспейтін атқарушылық іс жүргізу тарапы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілген бағалау бойынша қорытынды алу үшін сараптама кеңесіне өтініш жасай алады не оған Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасай алады. Сараптама кеңесінің теріс қорытындысы не соттың бағалау туралы есепті жарамсыз деп тануы сот орындаушысының жаңа бағалауды тағайындауына негіз болып табылады. Сараптама кеңесі теріс қорытынды берген жағдайда, тапсырыс беруші бағалау туралы есептің сараптамасы үшін жүргізген төлемді бағалау туралы есепті жасаған бағалаушы немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға өтейді.»;
4) 104-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережесі әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен шығарылған атқарушылық құжаттарды орындауға қолданылмайды.»;
5) 127-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«127-бап. Сот орындаушысының шешiмiне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау
Өндiрiп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөнiндегi шешiмiне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына сотқа шағым жасауы мүмкiн. Шағым сотқа Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен берiледi.»;
6) 141-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер үміткер осы Заңда белгіленген талаптарға сай келмесе, аттестаттауға жіберуден бас тартылады.
Аттестаттауға жіберуден бас тартылған жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей үміткерге уәжді шешім жібереді.
Аттестаттауға жіберуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн. Уәкілетті орган қабылдаған шешіммен келіспеген немесе одан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде жауап алмаған жағдайда, шағым сотқа Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.»;
7) 144-баптың 6-тармағындағы «сотқа шағым берілуі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы» деген сөздермен ауыстырылсын.
52. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;):
1) 11-баптың 6-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексерілетін тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелеріне шағым жасауға құқылы.»;
2) 12-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік авиация инспекторлары беретін инспекторлық нұсқамаларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.»;
3) 60-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Пайдаланушы сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.»;
4) 61-баптың 7-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.»;
5) 73-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешімге әуежайдың меншік иесі, оны пайдаланушы немесе пайдаланушы акционерлерінің жалпы жиналысы уәкілеттік берген тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.»;
6) 102-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Апатқа ұшыраған әуе кемесін іздестіруді тоқтату туралы шешімге осы әуе кемесін иеленуші Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.».
53. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-I, 111-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 21-22, 91-құжат; № 24-II, 120-құжат):
1) 14-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қызметкерлердің өздеріне қатысты қабылданған шешімдер мен әрекеттерге (әрекетсіздікке) жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.»;
2) 34-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қызметкер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған жағдайларда, ол кадр резервінен алып тасталады. Қызметкер өзін кадр резервінен алып тастау туралы шешіммен келіспеген кезде ол бұл шешімге жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.»;
3) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«53-бап. Аттестаттау комиссиясының шешіміне шағым жасау
Қызметкер аттестаттау комиссиясының шешіміне бір ай мерзімде құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.»;
4) 57-баптың 21-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Қызметкер өзіне қолданылған тәртіптік жазаға жоғары тұрған органға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.».
54. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 27-құжат; 2012 ж., № 6, 44-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; 2019 ж., № 24-II, 120-құжат):
1) 1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын дауларға (жанжалдарға) медиация рәсімі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қолданылады.»;
2) 9-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы «кодексіне» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 12-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «Азаматтық» деген сөзден кейін «, әкімшілік» деген сөзбен толықтырылсын;
4) 20-баптың 9-тармағының екінші бөлігі «азаматтық» деген сөзден кейін «, әкімшілік» деген сөзбен толықтырылсын;
5) 23-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Азаматтық немесе әкімшілік процесс шеңберінде жүргізілетін медиация тоқтатылған кезде тараптар іс жүргізуінде іс жатқан сотқа дереу:»;
6) 27-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Іс сотта қаралғанға дейін жасалған дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған мәмілені білдіреді. Мұндай келісім орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, келісімді бұзған медиация тарапы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Азаматтық немесе әкімшілік процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім дереу іс жүргізуінде іс жатқан судьяға жіберіледі. Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді сот Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен бекітеді.».
55. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 17, 135-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;):
17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тіркеуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.».
56. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 148-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 24-I, 119-құжат):
1) 15-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қызметкерлердің өздерiне қатысты қабылданған шешiмдер мен әрекеттерге (әрекетсіздікке) жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.»;
2) 21-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметкерлердiң əрекеттеріне (əрекетсiздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен шағым жасалуы мүмкiн.»;
3) 51-баптың 5-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінен шығарылған адамдардың қызметтен шығару туралы шешімге жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.»;
4) 54-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметтен шығарылған адамдардың қызметтен шығару туралы бұйрыққа жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.»;
5) 71-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы бұйрықпен келіспеген жағдайда, ол осы бұйрыққа арнаулы мемлекеттік органның жоғары тұрған бөлімшесіне, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жазбаша нысанда шағым жасауға құқылы.»;
3-тармақ алып тасталсын.
57. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 24-II, 120, 122-құжаттар; 2020 жылғы 5 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 11 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) өздерiне қатысты қабылданған шешiмдер мен әрекеттерге (әрекетсіздікке) жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сондай-ақ сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;»;
2) 26-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Əскери қызметтен шығарылған адамдар қызметтен шығару туралы шешімге жоғары тұрған қолбасшылыққа, сондай-ақ сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.»;
3) 28-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Медициналық куәландыру нәтижелерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссиясы әскерге шақырылушыға қатысты мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) әскери қызметке шақыруға жатады;
2) әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылсын;
3) әскери қызметке шақырудан босатылсын;
4) әскери міндеттi атқарудан босатылсын.
Әскерге шақыру комиссиясының шешiмi бір күн ішінде әскери қызметке шақырылуға жататын азаматқа хабарланады, шешімнің көшiрмесi оның қалауы бойынша қолына берiледi.
Азамат әскерге шақыру комиссиясының шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.»;
4) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«54-бап. Әскери қызметшiлердiң қылмыстар, теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылығы