2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Аумақтық бөлімшелер басшыларының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттік бас орман инспекторларының орынбасарлары болып табылады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Аумақтық бөлімшелердің құрылымдық бөлiмшелерiнiң орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бір мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттік аға орман инспекторлары болып табылады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Аумақтық бөлімшелердің орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен әне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын мамандары лауазымы бойынша бір мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттік орман инспекторлары болып табылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
21-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының:
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану жөніндегі жұмыстар мен iс-шаралардың барлық түрлерiн тексерудi, сондай-ақ мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiптiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру мен жеке және заңды тұлғаларға анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде жазбаша нұсқаулар беру;
2) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3-1) осы Кодексті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы қаулыларын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-2) тармақша өзгертілді
3-2) мынадай:
Қазақстан Республикасының орман заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы;
сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алынған орман ресурстарын, көлік құралдарын, оларды алу құралдарын алып қою туралы қаулыларды шығару;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды
3-3) тексеру нәтижелері туралы акт жасау;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орман пайдалану құқығын тоқтата тұру, шектеу, тоқтату;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарын бұза отырып мемлекеттік орман қорына келтiрiлген залалды өтеу туралы талаптар қою;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) тиiстi мемлекеттік органдардың басшыларына Қазақстан Республикасының орман заңнамасын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамасын бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзу, құқық қорғау органдарына іс-жүргізу шешімдерін қабылдау үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін бұзушылықтар туралы хабарлау;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) заңсыз қолға түсірілген орман ресурстарын, көлік құралдарын және құқық бұзушылықтарды жасау құралдары болып табылатын өзге де заттарды алып қою, сот шешімі шығарылғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз ету құқығы бар.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары:
1) орман шаруашылығы iс-шараларының орындалу сапасын және олардың мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман орналастыру жобаларына сәйкестiгiн;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) орман қорының сандық және сапалық өзгерістерін, орманның санитарлық жай-күйін, ормандағы ағаштардың патологиялық жағдайын;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібін және ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуын;
3) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарының, ормандағы өрттердiң алдын алу жөніндегі, оларды дер кезiнде байқау мен жоюды қамтамасыз ету жөніндегі iс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ өртеңдер алаңының есебiн жүргiзудiң дәлдiгiн және мемлекеттік орман қорына өрттен келген нұқсанды анықтау, орман өрттерiнiң зардаптарын жою жөніндегі шаралардың уақтылы қабылдануын;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) ормандарды орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөніндегі iс-шаралардың орындалуын, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының, екпелердiң табиғи, антропогендік және техногендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден қурап-солып қалуының алдын алу жөніндегі шаралардың дер кезiнде қабылдануын, олардың есебiн жүргiзу мен болжаудың дәлдiгiн;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірiмен босату және ағаш кесу ережелерiнiң, орман пайдаланудың өзге де ережелерiнiң сақталуын;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5-1) кеспеағаш аймағын бөлiп беруді;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарындағы күзет режимдерінің сақталуын;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарының аудандастырылуының, орман тұқымдарының дайындалуының, өңделуінің, сақталуының және пайдаланылуының орындалуын, питомник шаруашылығының жүргiзілуін;
8) орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы қызметiне сәйкес пайдаланылуын және осы жерлердiң сақталуын;
9) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндiру, коммуникацияларды тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттік орман қорын пайдалану тәртібінiң сақталуын;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының орман заңнамасының, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасының өзге де талаптарының орындалуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтік қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi.
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айырым белгілері бар (погонсыз) нысанды киіммен және қызметтік қарумен қамтамасыз етіледі.
Айырым белгілері бар (погонсыз) нысанды киім киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, айырым белгілері бар (погонсыз) нысанды киім үлгілерін киіп жүру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
21-1-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-бөлім. Орман иелену және орман пайдалану құқығы
5-тарау. Орман иелену құқығы
22-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн орман иелену құқығымен беру
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiне орман иелену тұрақты жер пайдалану құқығымен туындайды.
2. Мемлекеттік орман қорының учаскелерi орман иелену құқығымен:
1) мемлекеттік орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, мемлекеттік орман қорының кешендi пайдаланылуын ұйымдастыру үшiн орман мекемелерiне және уәкiлеттi органның өзге де мемлекеттік ұйымдарына;
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiне байланысты мақсаттар үшiн мемлекеттік табиғи қорықтарға, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, мемлекеттік табиғи резерваттарға, мемлекеттік өңірлік табиғи парктерге, мемлекеттік ботаникалық бақтарға, мемлекеттік дендрологиялық парктерге (бұдан әрi - заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар) берiледi.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған, мемлекеттік орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттік заңды тұлғалар мемлекеттік орман иеленушiлер болып табылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Орман иелену құқығы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган беретін тұрақты жер пайдалану құқығы актісімен куәландырылады.
23-бап. Жекеше орман иелену құқығының туындауы
Жекеше орман иелену құқығы жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың оларға Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке меншiгiне немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерiнде туындайды.
24-бап. Мемлекеттік орман иеленушiлердiң құқықтары
Мемлекеттік орман иеленушiлердiң:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік орман қоры учаскелерiн пайдалану;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) осы Кодексте айқындалған тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) нәтижесінде өтімді қоқыс (жел, дауыл құлатқан ағаштар) пайда болған табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, оны жинауға жеке және заңды тұлғаларды шарт негізінде тарту;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) аумақтық бөлімшелермен келiсе отырып жобалау және техникалық құжаттамаға сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi құрылыстар мен ғимараттар салу;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) өздерi өсірген және (немесе) дайындаған өнiмдi өткізу және алынған табыстарды пайдалану;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерiн беру;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын жасасу құқығы бар.
25-бап. Жекеше орман иеленушiлердiң құқықтары
Жекеше орман иеленушiлердiң:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өздерiнiң меншiгіндегі немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiн иелену, пайдалану және оларға билiк ету;
2) өздерiнiң меншiгіндегі немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру;
3) жобалық және техникалық құжаттамаға сәйкес тиiстi мемлекеттік органдармен келісім бойынша жеке орман қоры учаскелерiнде құрылыстар мен ғимараттар, оның iшiнде орман шаруашылығын жүргiзу және орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi құрылыстар мен ғимараттар салу;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) өздерi өсірген және (немесе) дайындаған өнiмдi және оны өткізуден түскен табысты меншiктену құқығы бар.
26-бап. Мемлекеттік орман иеленушiлердiң мiндеттерi
Мемлекеттік орман иеленушiлер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман шаруашылығын жүргiзуге;
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) ормандардың молықтырылуын, күзетiлуiн, қорғалуын, санитарлық жай-күйiн жақсартуды және күтiп-бапталуын, олардың өнiмдiлiгiнiң, қорғаныштық және өзге де пайдалы қасиеттерiнiң артуын, орманның көп мақсатқа ұтымды пайдаланылуын ұйымдастыруды, орман орналастыруды, ормандар мен жануарлар дүниесiнiң есебiн жүргiзудi, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорлары объектілерінiң, мәдени және табиғи мұраның сақталуын қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік орман қорының ресурстық әлеуетiн пайдалануға;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) орманның орта құрайтын және ортаны қорғайтын функцияларының сақталуын, сондай-ақ екпелердi, дәрi-дәрмектiк, тағамдық және техникалық шикiзатты дер кезiнде қалпына келтiру жағдайларын қамтамасыз ететiн тәсiлдермен және әдiстермен жұмыс жүргiзуге, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген мемлекеттік орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөніндегі өзге де талаптарды орындауға;
5) мемлекеттік орман қоры аумағының өртке қарсы және санитарлық орналастырылуын қамтамасыз етуге, өрт қауiпсiздiгi мен орман пайдалану ережелерi бұзылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқа да бұзушылықтың алдын алуға, оны дер кезiнде байқап, жолын кесуге, ормандағы өрттердi сөндiру, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарын бұзушылыққа қарсы күрес жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға;
6) орман пайдаланушылар өртке қарсы күрес iс-шаралары жоспарларын әзiрлеген кезде оларға жәрдем көрсетуге;
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1) уәкілетті орган бекiткен қағидаларға сәйкес орманды шолып, тексеру жүргiзуге;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-2) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерге куәландыру жүргізуге;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-3) уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік орман қорында таңбаларды қолдану қағидаларына сәйкес ағаштарды, сыпталған ағаштарды, сортименттерді және түбірлерді таңбалауды жүзеге асыруға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ормандағы өрттердi және олардың зардаптарын тіркеуді;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) уәкілетті орган бекіткен орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларын сақтауға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) уәкілетті орган бекіткен орман тұқымдарын аудандастыруды сақтауға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) орман орналастыру жобасына және (немесе) ормандарды өртке қарсы орналастыру жобасына сәйкес орман өрт сөндіру станцияларын құруға және олардың қызметін уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережесіне сәйкес қамтамасыз етуге;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес мектеп орманшылығының жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесуге міндетті.
27-бап. Жекеше орман иеленушiлердiң мiндеттерi
Жекеше орман иеленушiлер:
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өздерінің меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануындағы жеке орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы мен орман пайдалануды Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын сақтай отырып, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген тәсілдермен және әдістермен жүргізуге;
2) өздерiнiң меншiгіндегі ормандарды күзетудi, қорғауды, ормандардың санитарлық жай-күйiн жақсартуды және оларды күтiп-баптауды қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға орман қорының мемлекеттік есебiн, мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу үшiн қажеттi материалдарды табыс етуге;
4) өздерiнiң меншiгіндегі немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнiң өртке қарсы және санитарлық орналастырылуын қамтамасыз етуге, ормандағы өрттердi сөндiру, орман зиянкестерi мен орман ауруларына қарсы күрес жөніндегі қажетті шараларды қолдануға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өздерiнiң меншiгіндегі жекеше орман қоры учаскелерiнде ормандағы өрттердi және олардың зардаптарын тiркеудi жүргiзуге мiндеттi.
28-бап. Орман иелену құқығының тоқтатылуы
1. Мемлекеттік орман иелену құқығы:
1) мемлекеттік орман қоры учаскелерi орман иеленуiнде болған заңды тұлға таратылған және олар басқа мемлекеттік орман иеленушiге берiлген жағдайда;
2) мемлекеттік орман қорының жерi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгiленген тәртiппен мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған жағдайда;
3) Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
2. Жекеше орман иелену құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтатылады.
6-тарау. Орман пайдалану құқығы
29-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану құқығы тендер нәтижелерi туралы хаттама және сол негiзге алынып жасалған шарт негiзiнде туындайды.
Тендерге қатысуға Қазақстан Республикасы азаматтарының және шетелдік қатыспайтын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының құқығы бар.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану құқығы қысқа мерзімді орман пайдалану шарты және (немесе) орман билетi негiзiнде туындайды.
3. Орман пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен басқа адамға ауысады.
4. Орман пайдаланушы заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры - заңды тұлғаға ауысады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Орман пайдалану құқығы тек қана орман пайдалану түрi сақталғанда, құқық мирасқорының орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражаты мен өндiрiстiк қуаты және облыстық атқарушы органдар айқындайтын, тиiстi бiлiктiлiгі бар мамандары болғанда ауысуы мүмкiн.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Орман пайдалану құқығының ауысуы ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарына, ағаш кесу билетiне, орман билетiне өзгерістер енгізу арқылы ресiмделедi.
30-бап. Жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы
Жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекеше орман иеленушi айқындайтын тәртiппен туындайды.
31-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы баптың 1-1-тармағында көзделген орман пайдалану түрін қоспағанда, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстары ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға тендер хаттамасы негiзiнде, кейiн мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында шарт ресiмделе отырып, берiледi.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегі орман ресурстары аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт негізінде, кейiн мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында шарт ресiмделе отырып, берiледi.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезінде орман пайдаланудың мынадай түрлері жүзеге асырылуы мүмкін:
1) сүрек дайындау;
2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;
3) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалану;
4) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану;
5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану;
6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану;
7) жанама орман пайдалану.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қаражаты мен өндiрiстiк қуаттары және тиiстi біліктiлiкке ие мамандары бар орман пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiледi.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1. Сүрек дайындау үшiн орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға бекіту жөніндегі тендерге қатысуға мынадай талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдік қатысусыз Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жіберіледі:
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) меншік құқығында не сенімгерлік басқаруда материалдық-техникалық базаның: мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларында белгіленген кеспеағаш жұмыстарын жүргізу кезінде ағаш кесудің белгіленген жыл сайынғы көлемінің және орман шаруашылығы-экология талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін сүрек құлатуға, сүйретуге, тиеуге және тасып әкетуге арналған техника мен жабдықтардың болуы;
2) ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларында көзделген өрт жабдықтары мен өрт сөндіру құралдарының болуы;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) мамандығы бойынша (ағаш дайындау, орман ісі инженері, ағаш өңдеу, орман шаруашылығы) жоғары кәсіптік білімі немесе тиісті орта кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар жауапты орындаушы - инженер-техник қызметкердің болуы;
4) ағаш құлату, бұтақ шабу, сүрек сүйреу, тиеу және тасып әкету жұмыстарын жүргізуге машықтанған персоналдың болуы;