4. Жазадан ауруына байланысты босату туралы мәселені қарау кезінде сот отырысына қорғаушының, заңды өкілдің, прокурордың, жазаны орындайтын мекеме немесе орган өкілінің, қорытынды берген дәрігерлік комиссия өкілінің қатысуы міндетті. Қажет болған жағдайларда сот отырысына сот қаулысы бойынша сараптама жүргізген және қорытынды берген сарапшы қатысады.
Сот медициналық қорытындының жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын, уәкілетті орган белгілеген аурулар тізбесіне сәйкестігін зерттейді.
Сотталған адамның ауруының сипаты кедергі келтірмесе, сот отырысына қатысады.
5. Сот отырысының дайындық бөлігі жүргізілгеннен кейін тиісінше сотталған адам (егер ол қатысып отырса) не жазаны орындайтын мекеме немесе орган өтінішхатты баяндайды. Содан кейін сот келіп түскен материалдарды зерттейді және сот отырысына келген адамдардың түсініктемелерін тыңдайды. Сот аурудың диагнозын және ауырлығын нақтылау, сондай-ақ арнайы білімді қажет ететін өзге де мәселелерді шешу қажет болған кезде сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама, оның ішінде қайталама сараптама тағайындауға құқылы.
6. Сот өтінішхаттарды қарау нәтижелері бойынша:
1) өтінішхатты қанағаттандыру және сотталған адамды ауруына байланысты жазаны одан әрі өтеуден медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданып немесе қолданбай босату туралы;
2) егер психикасының бұзылуы немесе өзге де ауыр науқасы жазаны өтеуге кедергі келтірмесе, өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
7. Сотталған адамның психикасының бұзылуына байланысты оны жазаны өтеуден босатқаннан кейін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені шешу кезінде сот мынадай:
1) сотталған адам психикасының дертті бұзылуы оның өзі үшін немесе басқа адамдар үшін қауіп төндіретін-төндірмейтіні не өзгедей зиян келтіру мүмкіндігін туғызатын-туғызбайтыны;
2) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы және оның нақты қайсысы қолданылуға жататын-жатпайтыны жөніндегі мәселелерді шешеді.
Сотталған адам психикасының бұзылуы оның өзі үшін немесе басқа адамдар үшін қауіп төндірмейтінін не өзгедей зиян келтіру мүмкіндігі жоқтығын тани отырып, сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тағайындамайды.
Соттың қаулысында сотталған адам сауыққаннан кейін, егер бұл кезде айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтіп кетпесе, оның жазаны өтеуі қайта басталатыны көрсетілуге тиіс. Сотталған адамның мәжбүрлі емдеуде болған уақыты жазаның өтелген мерзіміне есептеледі.
482-бап. Сотталғандардың шағымдарын қарау
1. Сотталған адам жазаны орындайтын мекеменің немесе органның өз құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ прокурордың үкімді орындауға байланысты мәселелер жөніндегі шешімдеріне не прокурордың осыған ұқсас шағымдарды қанағаттандырудан бас тартуына сотқа шағым жасауға құқылы. Сотталғандардың шағымдарын қарауды сотталған адамның жазасын өтеу орны бойынша аудандық сот жүзеге асырады.
2. Сот отырысына сотталған адамның және әрекетіне шағым жасалған адамның қатысуы міндетті.
3. Сотталғандардың шағымдарын қарау осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Қарау нәтижелері бойынша судья кеңесу бөлмесінде:
1) шағымды қанағаттандыру, шағым жасалған әрекеттерді (әрекетсіздікті) және шешімдерді заңсыз деп тану және олардың күшін жою туралы;
2) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
3) азаптаулар, өзге де заңсыз әрекеттер қолдану, қатыгез қарым-қатынас жасау туралы арыз бойынша тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін шағымды тиісті прокурорға жіберу туралы қаулы шығарады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 483-бап жаңа редакцияда
483-бап. Судьяның қаулысына шағым жасау және оны прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау
1. Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу кезiнде шығарылған сот қаулыларына осы Кодекстiң 48, 49-тарауларында белгiленген қағидалар бойынша апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы және олар прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкiн.
2. Осы Кодекстің 482-бабы тәртібімен шығарылған сот қаулыларына прокурордың өтінішхаты қаулы жария етілген күннен бастап он тәулік ішінде берілуі мүмкін.
Шағымдар мен өтінішхаттар үш тәулік ішінде апелляциялық тәртіппен қаралуға жатады.
10-БӨЛІМ. СОТТЫҢ ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӨНІНДЕ ІС ЖҮРГІЗУ
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 52-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
52-тарау. Сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кассациялық тәртіппен қайта қарауы
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 484-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
484-бап. Кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін сот актілері
1. Жоғарғы Сот бірінші сатыдағы соттар шығарған, заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға өтінішхаттар бойынша олар апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін, прокурордың наразылықтары бойынша, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы үкімдер мен қаулыларға өтінішхаттар мен наразылықтар бойынша істерді кассациялық тәртіппен қарайды.
2. Кассациялық тәртіпте қайта қарауға:
1) қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша;
2) сот талқылауы барысында шығарылған осы Кодекстің 10-бабының екінші бөлігінде көрсетілген, сондай-ақ процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтінішхаттарын зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысының залында тәртіп сақтауға қатысты, мемлекеттік және жекеше айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты мәселелер бойынша, үкімді орындауға байланысты мәселелер бойынша;
3) тергеу судьясы шығарған сот актілері жатпайды.
3. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшіне енген сот актілері оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, сондай-ақ осы баптың екінші бөлігі 1) тармағында көрсетілгендер:
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Кодекстің 485-бабында көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
2) 2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Кассациялық сатының қаулысы осы Кодекстің 485-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 485-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
485-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау негіздері
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодекстің 484-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға мыналарға:
1) кінәсізді соттауға;
2) негізсіз ақтау үкімін шығаруға немесе істі тоқтатуға;
3) сотталған адамның іс-әрекетін дұрыс сараламауға, қылмыстың қайталану түрін және қылмыстық атқару жүйесінің түзеу мекемелері режимін дұрыс айқындамауға;
4) жәбіленушіні сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға;
5) жазаның дұрыс тағайындалмауына не сот тағайындаған жазаның қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы мен сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуіне;
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) азаматтық талап қоюды дұрыс шешпеуге, мүлікті тәркілеу туралы мәселені дұрыс шешпеуге;
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде қаулыны заңсыз немесе негізсіз түрде шығаруға;
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) Осы Кодекстің 446-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда қайшылықтарын жою туралы ұсыну енгізілген сот актілерінің қайшылықтарына алып келген, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдардың дұрыс қолданылмауы негіз болып табылады.
2. Осы Кодекстің 484-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіздер:
1) сот актісі мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекеттің қауіпсіздігін қозғаған не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін болған;
2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) адам өмір бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан;
3) 2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. 2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 486-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 486-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
486-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне өтінішхат беруге, наразылық келтіруге құқығы бар адамдар
1. Осы Кодекстің 484-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты осы Кодекстің 414-бабының бірінші бөлігінде аталған адамдар және сот актілері мүдделерін қозғайтын басқа адамдар және олардың өкілдері беруі мүмкін.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы наразылықты өз бастамасы бойынша да, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхаты бойынша да, осы Кодекстің 485-бабында көрсетілген негіздер бойынша да енгізуге құқылы.
Өтінішхат наразылыққа қоса тіркеледі.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары, облыстың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар қылмыстық істі тиісті соттан кассациялық тәртіппен тексеру үшін талап етіп алдыруы мүмкін.
4. Сот істі талап етіп алдыру туралы сұрауды келіп түскен күнінен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей орындайды. Сұрау жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.
Іс талап етіп алдырылған жағдайда наразылық келтіру туралы өтінішхат іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап отыз тәулік ішінде прокурордың кассациялық тәртіпте қарауына жатады. Бұл мерзім істің күрделі немесе көлемі үлкен болуына байланысты, бірақ әрбір ретте бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 487-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 487-бап өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
487-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне кассациялық тәртіппен шағым жасау мерзімдері
1. Заңды күшіне енген айыптау үкімін сотталған адамның кінәсіздігі уәждері бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына орай неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға әкеп соғатын өзге де негіздер бойынша кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық беру мерзімдері шектелмеген.
2. Заңды күшіне енген ақтау үкімін, айыптау үкімін жазаның жеңілдігіне қарай неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын өзге де негіздер бойынша не соттың істі тоқтату туралы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық беруге олар заңды күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде жол беріледі.
Аталған мерзімді қалпына келтіруге жол берілмейді.
Егер өтінішхат, наразылық Жоғарғы Сотқа бір жыл өткенге дейін келіп түссе, олар сотталған, ақталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдана отырып, дау туғызып отырған сот актісі заңды күшіне енген кезден бастап бір жыл өтіп кеткен соң да, олар кассациялық сатыда қарауға жатады.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 488-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 488-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
488-бап. Заңды күшіне енген сот үкімін, қаулысын қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық беру тәртібі
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына беріледі. Өтінішхатта, наразылықта осы Кодекстің 423-бабында санамаланған мән-жайлардан басқа, іс бойынша іс жүргізу кезінде қандай заң бұзушылыққа жол берілгені және осы бұзушылықтар шығарылған сот шешімдерінде қалай көрініс тапқаны және шағым жасалып отырған сот актісін қайта қарау үшін осы Кодекстің 485-бабында санамаланған негіздердің қайсысы бар екені көрсетілуге тиіс. Өтінішхатта оны берген адамдардың қатысуымен немесе қатысуынсыз қаралатыны туралы көрсетілуге тиіс.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды
1-1. Осы Кодекстің 484-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына беріледі.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өтінішхатқа, наразылыққа өтінішхат, наразылық дәлелдерінің негізділігін растайтын материалдар қоса берілуге тиіс.
3. Заңды күшіне енген сот үкімдеріне, қаулыларына берілген, өзге мемлекеттік органдарға немесе қоғамдық ұйымдарға жолданған өтінішхаттар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының іс жүргізуіне қабылданбайды.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы Кодекстің 493-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхаттың, наразылықтың берілуі олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Өтінішхат не наразылық берген адам сот отырысы басталғанға дейін өз өтінішхатын, наразылығын өзгертуге не жаңа дәлелдермен толықтыруға құқылы. Бұл ретте прокурордың қосымша наразылығында немесе оның наразылықты өзгерту туралы арызында, сол сияқты жәбірленушінің, жекеше айыптаушының немесе өкілдердің үкімге шағым жасаудың осы Кодекстің 487-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімі өткен соң берген қосымша өтінішхатында, егер бастапқы наразылықта, өтінішхатта сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы талап жазылмаған болса, осындай мәселе қойыла алмайды.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Өтінішхатты, наразылықты берген адам іс кассациялық сатыда қаралғанға дейін оларды кері қайтарып алуы мүмкін. Сотталған адам өзінің мүддесінде өз қорғаушысы немесе заңды өкілі берген өтінішхатты кері қайтарып алуға құқылы.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 489-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
489-бап. Өтінішхаттарды, наразылықты қарамай қайтару
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхаттар, наразылық мынадай негіздер бойынша:
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өтінішхат, наразылық осы Кодекстiң 488-бабының талаптарына сай келмесе;
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өтінішхатты, наразылықты осы Кодекстiң 486-бабына сәйкес, заңды күшiне енген осы сот актісіне шағым жасауға, наразылық білдіруге құқығы жоқ адамдар берсе;
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) өтінішхат, наразылық осы Кодекстiң 487-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн берiлсе;
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) өтінішхат, наразылық мәнi бойынша қаралғанға дейiн олар керi қайтарып алынса;
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) өтінішхаттар осы Кодекстің 484-бабының екінші бөлігіне сәйкес кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатпайтын сот актiлерiне берiлсе;
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) осы Кодекстің 484-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, судьяның (судьялардың) өтінішхатты іспен бірге бұған дейін қаралған нақ сол негіздер бойынша кассациялық сатыда қарауға беруден бас тарту туралы қаулысы болса, олар берген адамдарға қайтарылуға жатады.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өтінішхатты, наразылықты қайтару үшін негіз болған, осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көрсетілген кемшіліктер жойылған кезде, олар жалпы негіздерде қайтадан берілуі мүмкін.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 3-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
3. Өтінішхат немесе наразылық осы баптың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, үш тәулік ішінде хатпен кері қайтарылады.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 490-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
490-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты алдын ала қарау
1. Сот актісін қайта қарау туралы өтінішхатты кассациялық сатының судьясы зерделеп, он тәуліктен аспайтын мерзімде мынадай:
1) өтінішхатты осы Кодекстің 489-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша кері қайтаруға негіздердің бар-жоғы туралы;
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) сот ісін талап етіп алдыруға негіздердің бар-жоғы туралы;
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 3) тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3) тараптарды шақыра отырып, өтінішхатты алдын ала қарау күні туралы мәселелерді шешеді.
2. Өтінішхат кассациялық сатыдағы сотқа келіп түскен күнінен бастап отыз тәулік ішінде, ал іс талап етіп алдырылған жағдайда іс келіп түскен күннен бастап отыз тәулік ішінде қаралуға тиіс. Осы Кодекстің 486-бабында көрсетілген бірнеше адамның белгілі бір іс бойынша берілген өтінішхаттары біріктірілуі және бірге қаралуы мүмкін. Бұл мерзім істің күрделі немесе көлемі үлкен болуына байланысты, сондай-ақ басқа да дәлелді себептер болған кезде кассациялық сатыдағы соттың қаулысымен, бірақ әрбір ретте бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
«2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 489-бабы бірінші бөлігі 6) тармағының, 490-бабы бірінші бөлігі 2) тармағының, екінші бөлігінің және 491-бабы бесінші бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 13-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз
3. Өтінішхатты алдын ала қарағанға дейін судья тиісті мамандарға қаралып отырған қылмыстық іс бойынша қолданылған заңдардың нормаларына қатысты ғылыми қорытынды дайындауды тапсыруға құқылы. Қажет болған жағдайларда мамандар кассациялық сот алқасының отырысында түсініктемелер бере алады.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 3-1-бөлікпен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты алдын ала қарауды үш судья тараптарды шақыра отырып, ашық сот отырысында жүргізеді, олардың келмеуі өтінішхатты қарауға кедергі келтірмейді.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 3-2-бөлікпен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Өтінішхатты алдын ала қарау кезінде судьялар өтінішхаттың дәлелдерін де, осы Кодекстің 485-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздердің бар-жоғын да тексереді.
2021.29.12. № 89-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бөлік өзгертілді
4. Осы Кодекстің 490 және 491-баптарында көзделген қағидалар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығына, облыстық сот төрағасының осы Кодекстің 446-бабының үшінші бөлігіне сәйкес енгізілетін ұсынуына, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамдардың немесе олардың қорғаушыларының өтінішхаттарына қолданылмайды және оларды кассациялық сатыдағы сот тікелей қарайды.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 491-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
491-бап. Өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелерi бойынша қабылданатын шешімдер
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Судьялар өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелері бойынша:
1) сот актiлерiн қайта қарауға негіздер болған кезде, өтінішхатты іспен бірге кассациялық сатыдағы сот отырысының қарауына беру туралы;
2) сот актiлерiн қайта қарауға негіздердің болмауына байланысты өтінішхатты кассациялық сатыдағы сот отырысының қарауына беруден бас тарту туралы;
3) осы Кодекстің 489-бабы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша өтінішхатты кері қайтару туралы қаулы шығарады.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Судьялардың өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелерi бойынша шығаратын қаулысында:
1) шығарылған датасы мен орны;
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өтінішхатты қараған судьялардың тегi мен аты-жөні;
3) дау туғызған сот актiсi көрсетіле отырып, қаулы шығарылған iс;
4) өтінішхатты берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
5) өтінішхатта келтiрiлген дәлелдер;
6) қабылданған процестік шешімнің уәждері;
7) өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша түйіндер көрсетiлуге тиiс.
3. Сот актілерін қайта қарауға негіздер болған кезде қаулы, өтінішхат және оған қоса берілген құжаттар іспен бірге кассациялық сатыдағы сотқа алдын ала қаралған күнінен бастап бес тәуліктен кешіктірілмей беріледі.
4. Өтінішхатты алдын ала қараудың нәтижелері бойынша шығарылған қаулының көшірмесі өтінішхатты берген адамға жіберіледі. Өтінішхат кері қайтарылған жағдайда оған қоса берілген құжаттар кері қайтарылуға жатады.
5. Өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулы шағым жасалуға жатпайды, бірақ ол нақ сол адамның немесе осы Кодекстің 486-бабында көрсетілген басқа адамдардың, бірақ басқа негіздер бойынша қайтадан өтінішхат беруіне кедергі болмайды.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 492-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
492-бап. Кассациялық сатыдағы сот отырысын тағайындау
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кассациялық сатыдағы сот судьяның қаулысы, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бар істі алғаннан кейін үш тәулік ішінде тараптарға көрсетілген құжаттардың көшірмелерін, сот отырысы өткiзілетін датаны, уақытты, орынды көрсете отырып не олардың электрондық көшірмелерімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсы арқылы танысу мүмкіндігі туралы хабардар ете отырып, iстiң кассациялық сатыда қаралуы туралы хабарлама жiбередi.