жеке тұлғаларға - жеті, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 413-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
413-бап. Атом энергиясын пайдалану кезiнде радиациялық қауiпсiздiк талаптарын бұзу
1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлеген деңгейден асатын мөлшерде радиоактивтi заттарды атмосфераға, суға және жер қойнауына негiзсiз немесе әдейi шығару; радиоактивтi заттар мен иондандырушы сәуле көздерiн есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензияны тоқта тұруға әкеп соғады.
2. Сәулеленуге ұшыраған немесе құрамында радиоактивтi заттар бар өнiмді және материалдарды халықтың пайдалануы мен тұтынуы мақсатында уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың рұқсатынсыз шаруашылық айналымға тарту, тиiстi даярлықтан өтпеген не бiлiктiлiгiн куәландыратын құжаты жоқ адамдарды, сондай-ақ он сегiз жасқа толмаған немесе медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды атом энергиясын пайдалану объектiсiндегi жұмысқа жiберу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиядан айыруға әкеп соғады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 413-1-баппен толықтырылды
413-1-бап. Заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзуы
1. Заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзуы -
қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып не онсыз, алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салына отырып не онсыз, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе.
Осы бапта заңды тұлғалар деп атом энергиясын пайдалану саласында қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі I және II санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілер түсініледі.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 414-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
414-бап. Ядролық қаруды таратпау режимiнiң талаптарын бұзу
Ядролық экспорт пен импорттың белгiленген тәртiбiн бұзу; ядролық материалдарды, ядролық қондырғыларды, иондандырушы сәуле көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу; ядролық материалдарды немесе иондандырушы сәуле көздерін есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке лицензиялардан, арнайы рұқсаттардан айыруға әкеп соғады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 415-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
415-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын:
1) техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығару;
2) техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес сәйкестікті растау және (немесе) бағалау құжаттарынсыз өнімді айналымға шығару түрінде жасалған бұзушылық -
жеке тұлғаларға - тоқсан, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз тоқсан бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
қызметін тоқтата тұрып немесе онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - бір жүз отыз бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 415-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
415-1-бап. Техникалық регламенттерде, нормативтік құқықтық актілерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген аккредиттеу, сәйкестікті растау және (немесе) бағалау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру рәсімдері жүргізілу кезінде Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын бұзу
1. Техникалық регламенттерде, нормативтік құқықтық актілерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген аккредиттеу, сәйкестікті растау және (немесе) бағалау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру рәсімдері жүргізілу кезінде Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын:
1) сәйкестікті растау және (немесе) бағалау рәсімдерін, өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу қағидаларын бұзу;
2) сәйкестікті растау және (немесе) бағалау, өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу кезіндегі сынақтар нәтижелерінің анық еместігі;
3) міндетті рәсімдерді жүргізбей, сәйкестікті растайтын құжаттарды беру және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификат беру;
4) аккредиттелмеген заңды тұлғалардың өлшем құралдарын салыстырып тексеруі, өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауы;
5) аккредиттеу субъектілерінің калибрлеуден немесе салыстырып тексеруден өтпеген шама бірліктерінің эталондарын қолдануы;
6) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін бұзу түрінде жасалған бұзушылық -
аккредиттеу аттестатын және сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатын, өлшем құралдарын салыстырып тексерушінің сертификатын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - тоқсан, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз тоқсан бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
аккредиттеу аттестатынан және сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатынан, өлшем құралдарын салыстырып тексерушінің сертификатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз отыз бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
416-бап. Өнімнің жекелеген түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзу
Субъектінің тамақ өнімдерінің, химиялық өнімнің, машиналар мен жабдықтардың, ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заңнамалық актілерде және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған кезден бастап өнімнің өмірлік циклі процестерін жүзеге асыруды тоқтатпауы -
қызметті тоқтата тұрып немесе онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - бір жүз алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе.
Осы бапқа қатысты тамақ өнімдерінің, химиялық өнімнің, машиналар мен жабдықтардың, ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заңнамалық актілерге сәйкес өнім қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар субъектілер деп танылады.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 417-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
417-бап. Тауардың шығарылған жері туралы сертификатты және Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беру тәртібін бұзу
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тауар туралы деректері бұрмаланған және (немесе) анық емес, сарапшы-аудиторлардың ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiнде қорытынды жасауы және сараптама ұйымының ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау туралы сараптама актілерін беруі -
ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, қызметті үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, сараптама ұйымдарына отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы тиiсінше ресiмделген сараптама актiсi, техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін тiзбе бойынша ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жерін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда, тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беруден бас тарту немесе Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау туралы тиісінше ресімделген сараптама актісі, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін растайтын мәліметтер, құжаттар ұсынылған жағдайда, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруден бас тарту -
тауардың шығарылған жері туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тауар туралы деректері бұрмаланған және (немесе) анық емес, уәкілетті ұйымның тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдардың (ұйымдардың) ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруі -
тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Уәкілетті ұйымның, тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдардың (ұйымдардың) тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын, сондай-ақ оларды беруден бас тарту туралы жазбаша уәжді шешiмді беру мерзімін бұзуы -
тауардың шығарылған жері туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
5. Бұрмаланған және (немесе) анық емес, тауардың шығарылған жері туралы сертификат алу үшiн техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін тiзбе бойынша тауардың шығарылған жерін растайтын құжаттарды, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификат алу үшін ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жерін растайтын құжаттарды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын алу үшін Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін растайтын мәліметтерді, құжаттарды ұсыну -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он екі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
6. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың аттестаттарынан айыра отырып, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға - қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, қызметті үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары немесе шетелдік тауар нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) - бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, сараптама ұйымдарына - алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 418-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
418-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттарды бұзу
1. Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандар туралы заңнамасын бұза отырып пайдалану (орнату, орналастыру) -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 419-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
419-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын:
1) мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өлшемдерге, өлшем құралдарына, стандартты үлгілерге, өлшемдерді орындау әдістемелеріне қойылатын міндетті метрологиялық талаптарды бұзу;
2) мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын, типін бекіту мақсатына арналған сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан, сондай-ақ салыстырып тексеруден өтпеген және (немесе) өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілмеген өлшем құралдарын айналымға шығару, қолдану;
3) мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын және метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуден өтпеген өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану түрінде жасалған бұзушылық -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - тоқсан, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - төрт жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
420-бап. Жабайы сораны жоюға шара қолданбау
Ауыл шаруашылығы дақылдары егiстiктерiнде, бақшаларда, жүзiмдiктерде, питомниктер мен парктерде, егiн алқабының, суландыру және ирригациялық-мелиоративтiк желiлердiң жиегiнде, тас және темiржолдардың оқшау белдеулерiнде, ұйымдардың аумақтарында, қалалар, кенттер мен басқа да елдi мекендер тұрғындарының жер учаскелерiнде, сондай-ақ мемлекеттiк орман және су қорлары, мемлекеттiк запас жерінде және нұсқамадан кейiн ұйымдарға бекiтiлiп берiлген жерде жабайы сораны жоюға шаралар қолданбау -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
421-бап. Құрамында есiрткi бар егiстiктердi күзетудi қамтамасыз етуге шаралар қолданбау
Сора, көкнәр немесе құрамында есiрткi заттары бар басқа да өсiмдiктер егiстiктерiн, осы дақылдардың өнiмiн сақтау мен өңдеу орындарын күзетудiң белгiленген режимiн қамтамасыз етуге шаралар қолданбау, сол сияқты құрамында есiрткi заттары бар аңыз қалдықтарын және өндiрiс қалдықтарын жоюға шаралар қолданбау -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
422-бап. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау
1. Ойын-сауық мекемесі, сондай-ақ білім беру ұйымы иесінің есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы Кодексте көрсетілген ойын-сауық мекемелеріне ойын мекемелері, түнгі клубтар, дәмхана-барлар, мейрамханалар, интернет-дәмханалар, компьютер, бильярд, боулинг-клубтары мен кинотеатрлар, театр-ойын-сауық мақсатындағы объектілер және көңіл көтеру-демалыс, театр-ойын-сауық, спорт, мәдени-демалыс мақсатында қызметтер көрсетілетін өзге де ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар жатады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 423-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
423-бап. Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау
Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау -
лицензиядан айыра отырып немесе онсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді және прекурсорларды насихаттау деп айқындалмаған адамдар тобында есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің заңсыз айналымына және заңсыз тұтынылуына оң немесе төзімді көзқарас қалыптастыруға бағытталған, ұсынылу нысаны мен тәсіліне қарамастан, есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар туралы, оларды әзiрлеу, дайындау және пайдалану тәсiлдерi, әдiстерi туралы, есiрткi, психотроптық заттар мен сол тектестердің жекелеген түрлерін пайдаланудың артықшылықтары туралы және пайдасы туралы кез келген мәліметтерді таратуды немесе осы мақсаттарда өзге де әрекеттер жасауды түсiнген жөн.
2. Осы бапта есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жарнамалау деп заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, айқындалмаған адамдар тобына арналған және есірткі және психотроптық заттарға, сол тектестерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға және олардың заңсыз тұтынылуына және өткізілуіне ықпал етуге арналған, оларды сатып алу орындары немесе тәсілдері, сапасы, бағасы және олардың өзге де қасиеттері туралы ақпаратты кез келген жерде, кез келген нысанда, кез келген тәсілмен таратуды және (немесе) орналастыруды түсінген жөн.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 423-1-баппен толықтырылды
423-1-бап. Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату
1. Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
424-бап. Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет
1. Қызметтiң осы түрiне арналған сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысуы -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында оны ақылы негізде ұсыну -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.