4) қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық стандарттардың талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-тармақтың қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
7. Қаржы ұйымдарының (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 20-1-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-1-бап. Бухгалтерлік есепке алу жəне қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Бухгалтерлік есепке алу жəне қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік бақылау «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сəйкестігіне жүргізілетін тексеру жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сəйкестігіне жүргізілетін тексерулер жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.
21-бап. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік емес реттеу
1. Консультациялық орган консультациялық-кеңесші орган нысанында құрылады, оның құрамын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша уәкілетті орган бекітеді және ол өзі туралы ереже негізінде жұмыс істейді.
2. Консультациялық органның құрамына мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың өкілдері кіреді.
3. Консультациялық орган:
1) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі заңнамасын жетілдіру туралы ұсыныстар енгізуге;
2) уәкілетті органға қаржылық есептілік стандарттарын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды қайта қарау мен әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3) ұлттық стандарттарды және олардың әдістемелік ұсынымдарын әзірлеуге қатысуға;
4) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыруға құқылы.
4. Консультациялық орган:
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында халықаралық стандарттар, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандарт талаптарына қайшылықтардың бар-жоғына талдау жүргізуге және уәкілетті органға тиісті ұсыныстар енгізуге;
2) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысуға міндетті.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Кәсiби ұйым мынадай рұқсат беру талаптарына сай келуге тиiс:
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) кәсіби ұйымның құрамында кемінде үш жүз кәсіби бухгалтердің болуы;
2) 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуы;
4) аккредиттеу ережелеріне сәйкестік.
6. Кәсіби ұйымның құрылымы мен жұмыс органдары оның жарғысымен анықталады және аккредиттеу ережелеріне сәйкес болуға тиіс.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Кəсіби ұйымның басшысы алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар адам болмауға тиіс.
Кəсiби ұйымның басшысы төрт жылдан аспайтын мерзiмге сайланады жəне қатарынан екi мерзiмге қайта сайлана алмайды.
8. Кәсіби ұйым:
1) өз мүшелеріне қатысты өзінің жарғысында көзделген және осы Заңға қайшы келмейтін функцияларды жүзеге асыруға;
2) ұлттық стандарттарды және олардың әдістемелік ұсынымдарын әзірлеуге қатысуға;
3) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысуға;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.редқара)
4) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы оң жұмыс тәжірибесін талдауға, жинақтауға және таратуға;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
5) сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі материалдарды қарауға қатысуға құқылы.
9. Кәсіби ұйым:
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтауға;
2) консультациялық органның құрамына аккредиттеу ережелерінде белгіленген мөлшерде кәсіби ұйымның мүшелерін жіберуге және олардың толымды жұмысын қамтамасыз етуге;
3) уәкілетті органға белгілеген тәртіппен оған өзінің қызметі туралы есептілікті ұсынуға;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) халықаралық және ұлттық стандарттарды қолдану жөніндегі сауалдарды қарауға;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) сертификаттау бойынша бір немесе бірнеше ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісім жасасуға;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6) және 7) тармақшалармен толықтырылды
6) өздерінің мүшелері болып табылатын, бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлердің «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтауын талап етуге;
7) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға өздерінің мүшелері болып табылатын, бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлердің «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны туралы мәліметтерді хабарлауға міндетті.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды
10. Сертификаттау жөнiндегi ұйым:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын сақтауға;
2) уәкiлеттi органға белгiленген тәртiппен өз қызметi туралы есептiлiктi ұсынуға;
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) бұзушылықтар мен кемшіліктерді толық жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсынуға;
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес келетін емтихан модульдері бойынша емтихандар өткізуге міндетті.
22-бап. Кәсіби бухгалтерге кандидаттарды сертификаттау шарттары
1. Кәсіби бухгалтерге кандидаттарды сертификаттауды сертификаттау жөніндегі ұйым жүзеге асырады.
2. Сертификаттау жөніндегі ұйым кәсіби бухгалтерге кандидаттарды сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдар әзірлеуді, шығаруды және таратуды жүзеге асырады, емтихан процесін ұйымдастырады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Сертификаттау жөнiндегi ұйым мынадай рұқсат беру талаптарына сай келуге тиiс:
1) оқытуға тәуелсіз емтихан жүйесінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі заңнамасына шолуды қамтитын емтихан модульдерінің, оларды жаңарту жүйесінің болуы;
3) бір немесе бірнеше кәсіби ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы келісімнің болуы;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.редқара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) уәкілетті орган бекiткен аккредиттеу қағидаларына сәйкестiк.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Кәсіби бухгалтерге кандидаттарды сертификат алу үшін емтихандарға қатысуға жіберу кəсіби бухгалтерлерге кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Емтихан тапсырған адамдар уәкілетті органмен келісілген нысан бойынша бірыңғай үлгідегі сертификат алады. Сертификаттың қолданылу мерзімі шектелмеген.
23-бап. Аккредиттеу туралы куәліктен айыру
1. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда, егер:
1) аккредиттеу ережелерінде белгіленген мерзім ішінде кәсіби ұйым өз өкілдерін консультациялық органның құрамына жібермесе;
2) соңғы үш жыл ішінде жүйелі түрде (үш реттен көп) аккредиттеу ережесін бұзса;
3) уәкілетті органға өзі және өзінің қызметі туралы көрінеу жалған ақпарат берсе;
4) уәкілетті орган ескерту жасаған себептерді екі ай мерзім ішінде жоймаса немесе әкімшілік жаза қолданылған болса, кәсіби ұйымды, сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлігінен айыру туралы шешім қабылдайды.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Кәсіби ұйым, сертификаттау жөніндегі ұйым уәкілетті органның шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
24-бап. Ішкі бақылау
1. Ұйымдар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының, есеп саясатының сақталуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде активтердің сақталу шараларын, ұрлану жағдайлары мен қателесуді болдырмау және анықтау жөніндегі шараларды қоса алғанда, операцияларды тиімді жүргізу үшін ішкі бақылау ұйымдастыруға құқылы.
2. Ішкі бақылауды ұйымдастыруды басшылық қамтамасыз етеді.
3. Мемлекеттік мекемелерді бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар жүргізеді.
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
25-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
26-бап. Өтпелі ережелер
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертiлдi (бұр.ред. қара)
1. Осы Заң, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 9-бабының екінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Кәсіби бухгалтердің біліктілігін растайтын және уәкілетті орган таныған, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген құжаттар жарамды.
3. Осы Заңның 2-бабының 3-тармағында көрсетілген дара кәсіпкерлер және ұйымдар бухгалтерлік есеп стандарттарын ұлттық стандарттар қолданысқа енгізілгенге дейін қолданады.
4. «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 12, 116-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президентi | |
Н. Назарбаев | |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы ақпанның 28-і.
№ 234-III ҚРЗ