29) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
30) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
31) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды
31-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
32) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, респубикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізеді және басып шығарады;
3) ірi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнiмге (материалға) арналған субсидияларды бөледі;
4) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;
5) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) құндылығы жоғары асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;
7) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асырады;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асырады;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден және асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекітілген нысандар бойынша есептер қабылдайды;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша бағалау туралы деректерді қабылдап, қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар етеді;
5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады;
6) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін асыл тұқымдық куәліктердің есебін жүргізеді;
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
16-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау - уәкілетті органның лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарының жиынтығы.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспекторлар:
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердегі, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйін, оның есепке алынуы мен есептілігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің малды күтіп-ұстау, азықтандыру, сондай-ақ асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сақтау жағдайларының талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер көрсететiн малды бағалау және өз төлiнен өсiру жөнiндегі қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жеке және заңды тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалануы тәртібін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
5) өткізілетін өнімге (материалға) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымдық мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар беретін асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің дәйектілігін тексеруге;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) барлық бақылау және қадағалау объектілеріне кедергісіз баруды, Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) нұсқамалар береді және орындалуын бақылайды.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда
7) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаларды қабылдауға құқылы.
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың өз құзыретi шегiндегі актілерiн асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардың орындауы мiндеттi.
5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгіне) жоғары тұрған органдарға және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 16-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-1-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу:
1) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылау жүргізу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер және малдың тектік қорын сақтау, дамыту және пайдалану бойынша селекция жүргізу;
4) асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялау;
5) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды субсидиялау;
6) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шараларын субсидиялау;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізу;
8) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу;
9) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 16-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-2-бап өзгертілді
16-2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлама жасау
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағанға дейін бұл жөнінде уәкілетті органды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
2. Асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар немесе асыл тұқымдық репродукторлар ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалар:
1) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуге;
2) асыл тұқымдық зауытты немесе асыл тұқымдық шаруашылықты немесе асыл тұқымдық репродукторды бағалаудың ең төменгі көрсеткішіне сай болуға;
3) малға өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау (асыл тұқымдық зауыттар үшiн) жүргiзуге;
4) асыл тұқымды малға бағалау жүргізуге;
5) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.
3. Асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар немесе асыл тұқымдық репродукторлар ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалар хабарламаға мыналардың:
1) жеке куәліктің көшірмесін (жеке тұлғалар үшін);
2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы (заңды тұлға үшін);
3) жеке және заңды тұлғалар мамандарының қатысуымен ғылыми ұйымдардың ғалымдары әзірлеген, тұқымдары, типтері, кросстары сапалық анықтаудан өткізілген немесе жасалған малмен жүргізілетін селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жоспарының көшірмесін (асыл тұқымды мал зауыттары мен асыл тұқымды мал шаруашылықтары үшін);
4) мыналарды:
тұқымы сапалық сынақтан өткізілген асыл тұқымды малды, бір тұқым ішіндегі және зауыттық типтерді, зауыттық желiлер мен белгiлi бiр тұқым кросстарын күтіп-ұстауды және пайдалануды (асыл тұқымдық зауыттар үшiн);
тұқымы сапалық сынақтан өткізілген асыл тұқымды мал төлін, бір тұқым ішіндегі және зауыттық типтерді, зауыттық желiлер мен белгiлi бiр тұқым кросстарын бағыттап өсiрудi (асыл тұқымдық зауыттар үшiн);
малды өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау жөнiндегi бақылау-сынақтан өткiзу аулалары мен пункттерiнiң жұмыс iстеуiн (асыл тұқымдық зауыттар үшiн);
асыл тұқымды малдың белгiлi бiр түрін, тұқымын, желiлері мен типтерін өсiруді және өткізуді (асыл тұқымдық шаруашылықтар үшін);
құстардың тұқымдары мен кросстарының желілерін және (немесе) арғы ата-енелiк үйiрiн өсiруді, жетiлдiруді және өткізуді (бірінші реттегі асыл тұқымдық репродукторлар үшін);
құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелiк үйiрiн өсiруді, жетiлдiруді және өткізуді (екінші реттегі асыл тұқымдық репродукторлар үшін) қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерін;
5) объектіге жасалған ветеринариялық-санитариялық қорытындының және есепке алу нөмірінің берілгені туралы растаудың көшірмелерін;
6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері берген жұқпалы аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қойдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюро тізіміндегі аурулар бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы ветеринариялық анықтаманың көшірмесін қоса береді.
4. Асыл тұқымдық орталық ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға:
1) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуге;
2) малға өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргiзуге;
3) асыл тұқымды малға бағалау жүргізуге;
4) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.
Хабарламаға осы баптың 3-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ:
1) жоғары өнiмдi асыл тұқымды тұқымдық малдың болуын растайтын асыл тұқымдық куәліктердің;
2) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында өндірістік үй-жайларының (ауыл шаруашылығы малының тұқымдық малын күтіп-ұстауға арналған үй-жайдың, тұқымдық малдың ұрығын төменгi температурада мұздатуға және сақтауға арналған зертхананың, ветеринариялық-санитариялық тексеру өткізетін орынның, карантиндік үй-жайдың, изолятордың, зертханалық және криогендiк жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың;
3) сәйкестендіру жүргізуді растайтын ветеринариялық паспорттардың;
4) жергілікті атқарушы органның селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың ақпараттық базасының болуын растайтын анықтамасының көшірмелері қоса беріледі.
5. Дистрибьютерлік орталық ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға:
1) меншік немесе ұзақ мерзімді (бес жылдан кем емес) жалға алу немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуге;
2) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.
Хабарламаға осы баптың 3-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ стационарлық биоқоймалары бар өндiрiстiк үй-жайларды, зертханалық және криогендiк жабдықтарды қоса алғанда, меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
6. Малдың белгілі бір түрі және өнімділігінің бағыты бойынша бағалаушы (сыныптаушы) ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
1) жеке куәлігінің;
2) «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ауыл шаруашылығы малының тиісті түрі бойынша бонитерлер курсынан өткені туралы құжаттың көшірмелерін қоса береді.
7. Техник-ұрықтандырушы ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
1) жеке куәлігінің;
2) «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» немесе «ветеринария» тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның немесе осы бейін бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыру курстарынан өткені туралы құжаттың;
4) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін қоса береді.
8. Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі маман ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
1) жеке куәлігінің;
2) «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» немесе «ветеринария» тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ауыл шаруашылығы малының эмбриондарын транспланттау (ауыстырып салу) курстарынан өткені туралы құжаттың;
4) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк немесе технологиялық жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін қоса береді.
9. Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палаталар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметін уәкілетті органға хабарлама жасамай-ақ жүзеге асырады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Осы бапта көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.
Құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы берілген кезде құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-3-бап өзгертілді
16-3-бап. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) мемлекеттiк есепке алу
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғаларға тиесілі асыл тұқымдық өнiм (материал) мемлекеттік есепке алынуға жатады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң асыл тұқымды малының саны, сапасы мен өнiмдiлiгi туралы деректер асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне малдың түрлерi мен тұқымдары бойынша енгiзiледi.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердің малдың шығу тегі, өнімділігі және асыл тұқымдық қасиеттері неғұрлым құнды асыл тұқымды мал туралы деректері асыл тұқымдық кітапқа енгізіледі.
Асыл тұқымды малы бар және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды өнiмдi (материалды) есепке алуды жүргiзуге және қолда бар асыл тұқымды малдарын асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу мақсатында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына есеп беруге құқылы.
Жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды малды бюджет қаражаты есебінен сатып алған жағдайда, қолда бар асыл тұқымды малын асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу үшін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына есеп ұсынады.
Асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық кiтабына және асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлген деректер мүдделi тұлғалар үшiн қолжетiмдi болып табылады.
Малдың шығу тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растау мақсатында жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша селекциялық карточканы және асыл тұқымды мал карточкасын ресімдейді.
16-4-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қолдаудың негiзгi нысаны:
1) асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi тұқымдардың тектiк қорын сақтауға, дамытуға және қалпына келтiруге;
2) тармақша 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер үшін асыл тұқымды өнiмге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
3) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуіне бағытталған іс-шараларды субсидиялау болып табылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың бағыттарын, асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне, асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулі тұқымдардың тектiк қорын сақтау және қалпына келтiру жөніндегі iс-шараларға арналған субсидиялардың нормативтерiн уәкілетті орган айқындайды.
3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
16-5-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердi ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми-зерттеу ұйымдары жүзеге асырады. Аталған ұйымдар уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламаларды;
2) малды бағалау, оның асыл тұқымдық құндылығына баға беру және малды өз төлінен өсіру жөніндегі нұсқаулықтарды;
3) асыл тұқымды өнiмдi (материалды) бағалау мен генетикалық бақылау үшін әдiстемелер мен техникалық құралдарды;
4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн әзірлеуді жүзеге асырады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3-тарау. 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-тарау. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) тану және пайдалану және оны бағалау
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 17-бап жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) тану
1. Өнiм (материал) егер:
1) малдың селекциялық карточкасы, асыл тұқымдық карточкасы немесе асыл тұқымдық куәлігі болған;
2) ұрық асыл тұқымдық орталықтарда асыл тұқымды тұқымдық малдан алынған және өңделген және асыл тұқымдық куәлiгi болған;
3) эмбрион асыл тұқымды малдан алынған және асыл тұқымдық куәлігі болған;
4) аурудан амандығы және бактериялар қонбағандығы туралы ветеринариялық сертификаты болған;
5) инкубациялық жұмыртқа және тәуліктік балапандар асыл тұқымды репродукторларда алынған және асыл тұқымдық куәліктері болған;
6) уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар асыл тұқымдық шаруашылықтарда алынған және асыл тұқымдық куәліктері болған;
7) асыл тұқымды бал ара ұялары, асыл тұқымды аналық бал аралары және бал ара пакеттері асыл тұқымдық шаруашылықтарда алынған және асыл тұқымдық куәліктері болған жағдайларда, асыл тұқымды деп танылады.
2. Уәкілетті орган бекіткен тәртіппен халықаралық нормаларға сәйкес болған кезде, импортталған асыл тұқымдық өнiм (материал) асыл тұқымды деп танылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 18-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Асыл тұқымдық өнімді (материалды) пайдалану
Асыл тұқымды малдың ұрықтары мен эмбриондары, егер:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерде алынған;