2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Егер осы Заңның 71-бабы 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген міндеттеменің толық немесе ішінара орындалмауы жер қойнауын пайдаланушыға байланысты емес мән-жайлардан туындаса және ол өндірілетін пайдалы қазбаны қайта өңдеуге беру бойынша өзіне байланысты барлық шараларды қолданса, онда мұндай орындалмау осы міндеттемені бұзу және келісімшарттың қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болып табылмайды.
8. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшартты сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге немесе келісімшартта белгіленген негіздер бойынша келісімшартты орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы.
9. Келісімшарттың қолданысын тоқтату жер қойнауын пайдаланушыны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келісімшарттық аумақты мемлекетке қайтару және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың зардаптарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
10. Құзыретті орган келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде ұлттық компания келісімшарттық аумақты сенімгерлікпен басқаруға қабылдайды. Технологиялық процестің үздіксіз болуын және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылыстар мен жабдықтарды бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлік берілгенге дейінгі мерзімге ұлттық компанияның уақытша иеленуі мен пайдалануына беруге тиіс. Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол мүлікті ұлттық компанияға беруден бас тартқан жағдайда құзыретті орган осындай мүлікке қатысты оның сенім білдірген адамы ретінде іс-қимыл жасайды.
Құзыретті орган келісімшартта көзделген жер қойнауы учаскесін конкурсқа шығаруға немесе тікелей келіссөздер өткізуге міндетті.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды
11. Үлгілік келісімшарт, егер тараптар оны ұзарту туралы келісімге қол жеткізбесе, оның қолданылу мерзімі өткеннен кейін тоқтатылады.
Үлгілік келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға тараптардың келісімімен жол беріледі.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 72-1-баппен толықтырылды
72-1-бап. Келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару
1. Келісімшарттық аумақта үздіксіз технологиялық процесті ұстап тұру және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бұрынғы жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарт тоқтатылған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде құзыретті орган ұлттық компаниямен келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартын жасасады.
2. Құзыретті орган бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыны келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартын жасасқаны туралы мұндай шарт жасалған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
3. Келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес әзірленеді және жасалады.
Келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шарты сенімгерлік басқарушыға:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге келісімшарт жасамай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны жүзеге асыру;
2) келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жер пайдалану құқығында жер учаскесін алу құқығын береді.
4. Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартын жасасқаны туралы хабарламасын алған күннен бастап бір ай ішінде технологиялық процестің үздіксіз болуын және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылыстарды, жабдықтарды және өзге де мүлікті жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлік берілгенге дейінгі мерзімге сенімгерлік басқарушының уақытша иеленуі мен пайдалануына беруге тиіс.
Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол сенімгерлік басқарушыға мүлікті беруден жалтарған жағдайда, құзыретті орган мұндай мүлікке қатысты оның сенім білдірілген өкілі ретінде әрекет етеді және берілетін мүліктің жай-күйі туралы нұсқауды көздейтін тізбе қамтылған акт бойынша оны сенімгерлік басқарушыға береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлікті пайдаланумен байланысты шығыстар осы баптың 5-тармағына сәйкес өтеледі.
5-тармақ 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. Сенімгерлік басқарушының келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқаруы кезінде жүргізген және белгіленген тәртіппен расталған шығыстарды жүргізілген шығыстардың қажеттігін растайтын құжаттарды ұсынған кезде оны пайдаланудан түскен кірістер есебінен өтеттіруге құқығы бар.
Шығыстар осылайша өтелген жағдайда, жаңа жер қойнауын пайдаланушы осы бапқа сәйкес бұрын өтелген, сенімгерлік басқарушы шығындарының орнын толтырмайды.
Кіріс болмаған не ол жеткіліксіз болған жағдайда, шығыстарды өтеу құрылтайшының (пайда табушының) есебінен жүзеге асырылады.
Сенімгерлік басқарушының шығыстарын өтеуге және сенімгерлік басқару шартын орындаумен байланысты салықтарды төлеуге жіберілген сомаларды қоспағанда, сенімгерлік басқарудан түскен кірістер сенімгерлік басқару шартының қолданылуын тоқтату нәтижелері бойынша құрылтайшыға (пайда табушыға) жіберіледі.
6. Келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шарты шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу осы Заңның нормалары қолданылмай жүзеге асырылады.
7. Сенімгерлік басқарушы келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартымен өзіне берілген өкілеттіктерді асыра пайдалана отырып немесе белгіленген шектеулерді бұза отырып жасаған мәмілелерден туындайтын міндеттемелер бойынша өз мүлкімен жауап береді.
8. Жер учаскесі сенімгерлік басқарушыға келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзіміне, бірақ ол жасалған күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге қайта ресімделеді.
73-бап. Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың қолданылуын қайта жаңғырту үшін негіздер
1. Құзыретті орган мынадай жағдайларда:
1) келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдауға елеулі әсер еткен дәйексіз деректер негізінде келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдау фактісі анықталғанда, оның ішінде, егер келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдау күні жер қойнауын пайдаланушыда дәлелді себептер бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалғанын растайтын құжаттар болмаса;
2) келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы не тиісті түрде орындалмауы, жер қойнауын пайдаланушының еркіне тәуелді емес себептер салдарынан, оның ішінде еңсерілмейтін күштің әсерінен болған себептер, яғни осындай жағдайлар кезінде келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауына не тиісті түрде орындалмауына тікелей әсер еткен төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлар (дүлей зілзала құбылысы, әскери қимылдар және тағы сондайлар) анықталғанда және расталғанда келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту туралы шешім қабылдау және құзыретті органның бастамасы бойынша бұрын қабылданған келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы шешімнің күшін жою жолымен өз бастамасы бойынша бұрын тоқтатылған барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың қолданысын сот қарауынан тыс тәртіппен қайта жаңғыртуға құқылы.
2. Өзімен жасалған келісімшарт тоқтатылған тұлғаның өтініші не құзыретті органның бастамасы бойынша келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап алты ай ішінде құзыретті органның келісімшартты қайта жаңғырту негіздерін дербес анықтауы құзыретті органның бастамасы бойынша бұрын тоқтатылған келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту туралы мәселені құзыретті органның қарауы үшін негіз болып табылады.
3. Құзыретті органның келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту және құзыретті органның бастамасы бойынша келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімнің күшін жою туралы шешімі өзімен жасалған келісімшарт тоқтатылған тұлғадан өтініш келіп түскен не құзыретті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайларды анықтаған күннен бастап бір ай ішінде қабылданады.
4. Осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту және құзыретті органның бастамасы бойынша келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімді жою туралы шешім қабылданған жағдайда құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы осындай шешім қабылданған күннен бастап үш ай ішінде келісімшартқа қосымша келісімді белгіленген тәртіппен келіседі және жасасады, онда келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту мәселелері, оның ішінде келісімшарт бойынша қызмет үзілісімен байланысты мәселелер және жауапкершілік мәселелері реттелуге тиіс. Құзыретті органның шешімі бойынша келісімшартқа қосымша келісімді келісу және жасасу үшін осы тармақта көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін.
5. Құзыретті органның барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттың қолданысын жаңғырту және құзыретті органның бастамасы бойынша келісімшарттың қолданысын тоқтату туралы бұрын қабылданған шешімнің күшін жою туралы шешімі қабылданған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде онымен жасалған келісімшарт бұрын тоқтатылған тұлғаның назарына жеткізіледі және осы баптың 4-тармағына сәйкес келісімшартқа қосымша келісімге қол қойылғанға дейін жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт бойынша қызметті қайта жаңғыртуына негіз болып табылады.
6. Осы баптың ережелері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттың қолданысын қайта жаңғырту туралы шешім қабылдаған кезде қолданылады.
74-бап. Келісімшартты жарамсыз деп тану
1. Мыналар:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың жарамсыз деп танылуы;
2) осы Заңда белгіленген міндетті талаптардың келісімшартта болмауы;
3) құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына оның осы тұлғамен келісімшарт жасасу жөніндегі шешіміне әсер еткен көрінеу дәйексіз ақпарат берудің анықталуы;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер келісімшартты жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.
2. Жарамсыз деп танылған келісімшарт, оның жарамсыздығымен байланыстыларды қоспағанда, құқықтық салдарға әкеп соқпайды және оны жасасқан кезден бастап жарамсыз болады.
Келісімшартты жарамсыз деп тану жер қойнауын пайдаланушыны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келісімшарттық аумақты мемлекетке қайтару және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың зардаптарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру және қайта ресімдеу соның негізінде жүзеге асырылған шартты сот тәртібімен жарамсыз деп тану не бұзу нақ сол келісімшарттың емес, жер қойнауын пайдалану құқығын осындай беруге байланысты келісімшартқа қабылданған өзгерістер мен толықтырулардың жарамсыздығына әкеп соғады.
4. Келісімшартты жарамсыз деп тану осындай келісімшарттың негізінде берілген жер қойнауын пайдалану құқығы солардың нысанасы болып табылатын барлық кейінгі мәмілелердің жарамсыздығына әкеп соғады.
7-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
75-бап. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
Жер қойнауын пайдаланушының:
1) келісімшартта көзделген талаптарға сәйкес өзіне берілген келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі іс-әрекетті дербес жасауға;
2) егер келісімшартта не Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өз қызметінің нәтижелерін, оның ішінде минералдық шикізатты өз қалауынша пайдалануға;
3) келісімшарттық аумақта, ал қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен берілген өзге де жер учаскелерінде жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік және әлеуметтік сала объектілерін салуға, сондай-ақ шарттар негізінде келісімшарттық аумақта да, одан тысқары жерлерде де жалпыға ортақ объектілер мен коммуникацияларды пайдалануға;
4) келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы келіссөздерге бастамашылық жасауға;
5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін мердігерлерді тартуға;
6) осы Заңда белгіленген талаптарды сақтай отырып, құқықтарды немесе олардың бір бөлігін басқа тұлғаларға беруге;
7) осы Заңда немесе келісімшартта айқындалған жағдайларда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатуға құқығы бар.
76-бап. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
1. Жер қойнауын пайдаланушы:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды келісімшартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға қойылатын талаптарды сақтауға;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде адам өмірінің, денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
3) келісімшарттық аумақты тек қана келісімшартта көзделген мақсаттарда пайдалануға;
4) жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне негізделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға;
5) егер келісімшартта өзге мерзім көзделмесе, келісімшарт тіркелген күннен бастап барлауды немесе өндіруді жүргізуге кірісуге;
6) жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі келісімшарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамасын іске асыруға қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумның талаптарын сақтауға;
7) персоналдың және халықтың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін, жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жобалау құжаттары мен технологиялық схемалардың ережелерін сақтауға;
8) егер бұл қауіпсіздіктің ерекше жағдайларымен байланысты болмаса және мұндай қызмет жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге кедергі келтірмесе, келісімшарттық аумақ шегінде басқа адамдардың еркін жүруіне, жалпыға ортақ объектілер мен коммуникацияларды пайдалануына кедергі жасамауға;
9) Қазақстан Республикасында өндірілген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнімді, олар конкурстың және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, міндетті түрде пайдалануға;
10) егер осы көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының резидент еместері орындайтын біртектес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, темір жол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерді міндетті түрде тартуға;
11) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға артықшылық беруге;
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыруды келісімшартқа сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
Осы тармақшада көрсетілген міндетті орындау жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыру бойынша, оның ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ұсынған және құзыретті органмен келісілген тізбе бойынша тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жер қойнауын пайдалану саласымен тікелей байланысты мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажет тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алуға нақты жұмсаған шығыстары, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлға жанындағы өзінің оқу (оқыту) орталықтарында кадрларды кәсіптік даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыру жөніндегі шығыстар болып табылады;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды; ҚР 2014.29.12. № 269-V Заңымен (2015 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-1) тармақша жаңа редакцияда
12-1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері қатысушыларының жобаларын қаржыландыруды алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша келісімшарттық қызмет бойынша жылдық жиынтық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жүзеге асыруға міндетті.
Ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері қатысушыларының жобаларын қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің көлемі асыра орындалған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы асыра орындалған міндеттемелердің көлемдерін келесі есепті кезеңдерге түзетуді (есепке жатқызуды) жүзеге асырады.
Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қазақстандық өндірушілер болмаған жағдайда, шетелдік өндірушілер көрсететін осы жұмыстарды қаржыландыру құзыретті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметке, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен байланысты емес, қосылған құны жоғары (қайта жасалуы жоғары) өнім алуға бағытталған қызметке байланысты жұмыстарға, экология, еңбекті қорғау, өндірістік қызмет шеңберінде жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді, энергия үнемдеуді (технологиялық циклді) қамтамасыз ету саласындағы зерттеулерге іс жүзінде жұмсаған шығыстары және «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстары аталған жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындауы болып табылады.
«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес кластерлік қорға ақша жіберу де «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері қатысушыларының жобаларын қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындау деп танылады.
Осы тармақшаның ережелері келісімшарттардың мынадай:
кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған;
жерасты суларын барлауға және (немесе) өндіруге арналған;
емдік балшықты барлауға және (немесе) өндіруге арналған;
барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған түрлеріне қолданылмайды;
13) құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жұмыс бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат беруге;
14) Қазақстан Республикасының бақылаушы органдары лауазымды адамдарының қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде оларға қажетті құжаттарды, ақпаратты беруге және жұмыс орындарына оларды кедергісіз өткізуге және олар анықтаған бұзушылықтарды уақтылы жоюға;
15) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға келісімшарттық аумақтағы қызмет нәтижелері бойынша геологиялық есептілікті ұсынуға;
16) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеуге;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17) тармақша жаңа редакцияда
17) жыл сайын сатып алуды жүргізу жоспарланып отырған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей құзыретті органға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алдағы жылға сатып алудың жылдық бағдарламасын ұсынуға;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18) тармақша жаңа редакцияда
18) жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей құзыретті органға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алдағы кезеңдерге сатып алудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларын ұсынуға;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19) тармақша жаңа редакцияда
19) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей құзыретті органға сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді ұсынуға;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20) тармақша жаңа редакцияда
20) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей құзыретті органға Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған жұмыскерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтарын құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша оқытуға жіберілетін шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21) есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, жыл сайын құзыретті органға кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есепті ұсынуға;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-1) тармақша жаңа редакцияда
21-1) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей құзыретті органға ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді ол бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен ұсынуға;
22) 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23) егер мұндай қажеттілік туындаса, осы Заңның 78-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпаратты қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың мазмұны туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға, егер келісімшартта өзгеше белгіленбесе, тараптардың ортақ келісімімен ғана беруге;
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
24) тарихи-мәдени мұра объектілерін бүлдірмеуге;
25) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарынан бүлінген жер учаскелерін және басқа да табиғи объектілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі пайдалануға жарамды қалыпқа келтіруге;
26) өз қызметінің экологиялық салдарын жобалау сатысында болжауға;
27) міндетті экологиялық сақтандыру туралы шарт жасасуға;
28) келісімшарттық аумақтағы бұрын бұрғыланған барлық ұңғымаларды балансқа қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргізуге;
29) жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және кен орындарын игеруге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
30) аффилиирленген және өзге де тұлғаларға жер қойнауын пайдалану құқығын, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының жарғылық капиталындағы қатысу үлесін немесе акциялар пакетін иеліктен шығару жөніндегі жасалған мәмілелер туралы мәміле жасалған күннен бастап бес күн мерзімде құзыретті органға хабарлауға;
31) осы Заңның 77-бабының 7-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінде тіркелуге;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 32) тармақша жаңа редакцияда
32) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде бес жұмыс күні ішінде құзыретті органға осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат беруге;
33) құзыретті органның сұрау салуы бойынша ол белгілеген мерзімдерде жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерді орындауына қатысты мәліметтерді, ақпаратты және құжаттаманы ұсынуға;