Осы тармақтың бірінші бөлігін қолданудың шекті мерзімі:
1) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген айдың 1-күнінен басталады;
2) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін сегіз жылдан кешіктірілмей аяқталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру жағдайларында қолданылмайды.
5. Осы баптың ережелері, егер жаңа өндірістерді құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық жобада:
осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды;
жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентті;
мүлік салығын есептеу кезінде салықтық базаға 0 пайыз мөлшерлемені қолдану көзделсе, қолданылады.
22-БӨЛІМ. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ
81-тарау. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ
713-бап. Төлеушілер
Мыналар:
1) осы Кодекстiң 722-бабының 1-тармағында көрсетiлген келісімшарттар шеңберiнде жер қойнауын пайдаланушылар;
мыналарды:
жер қойнауын пайдалануға баламалы салық төлеушілер болып табылатын, Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында немесе тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде өндіруге немесе барлауға және көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кен жатындары жоғарғы нүктесінің тереңдігі 4500 метрден жоғары емес және тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде өндіруге немесе барлауға және көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кен жатындары төменгі нүктесінің тереңдігі 5000 метр және одан төмен кен орындарында өндіруге немесе барлауға және көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнай мен газ конденсатының экспорты көлемдерін қоспағанда, шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушілер болып табылады.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері деп Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2709 00 қосымша позициясында сыныпталатын тауарлар танылады;
2) көмiрді экспортқа өткізетін жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушілер болып танылады.
714-бап. Салық салу объектiсi
Жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбалардың экспортқа өткізілетін және мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуге мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға өткізетін көлемдерді қоспағанда, экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің, көмірдің көлемі экспортқа рента салығын салу объектісі болып табылады. Осы Кодекстің осы бөлімінің және 23-бөлімінің мақсаттары үшін экспорт деп:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімінде жүзеге асырылатын тауарларды әкету;
2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізу түсініледі.
Экспортқа рента салығын есептеу үшін шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемi мынадай тәртіппен:
шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақтың аумағы шегінен тыс жерге экспортқа өткізу кезінде - кеден баждарының, алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдердің сомаларын есептеу үшін не Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де кедендік мақсаттарда пайдаланылатын, тауарлардың толық декларациясының 35-бағанында көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде;
шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына экспортқа өткізу кезінде - Қазақстан Республикасының аумағында осындай шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін экспортқа беру маршрутының басында көлік ұйымының тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісінде көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде айқындалады.
715-бап. Есептеу тәртібі
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Экспортқа іс жүзінде өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі және осы Кодекстің 741-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген әлемдік баға негізінде есептелген, экспортталатын шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің құны шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салықтық база болып табылады. Бұл ретте шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері үшін әлемдік баға шикі мұнайдың әлемдік бағасын негізге ала отырып айқындалады.
Экспортқа рента салығын есептеу мақсатында шикі мұнайдың әлемдік бағасын айқындау үшін өлшем бірліктерін баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру орташа өлшемді баррельдеу коэффициентінің негізінде мына формула бойынша жүзеге асырылады:
К барр. орт. = (V1 х К барр.1 + V2 х К барр.2 … + Vn х К барр.n) / V жалпы өткізу, мұнда:
К барр. орт. - үтірден кейін төрт белгіге дейінгі дәлдікпен есептелген баррельдеудің орташа өлшемді коэффициенті;
V1, V2, …Vn - салықтық кезең үшін экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің әрбір партиясының көлемі;
К барр.1, К барр.2 … + К барр.n - Қазақстан Республикасының аумағында экспорттық маршруттың басында көлік ұйымының шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін тапсыру және қабылдау пунктіндегі есепке алу аспабының деректері негізінде ресімделген әрбір тиісті партия бойынша сапа паспортында көрсетілген баррельдеу коэффициенттері. Бұл ретте баррельдеу коэффициенттері стандарттау саласындағы уәкілетті орган бекіткен ұлттық стандартқа сәйкес өлшеудің стандартты шарттарына келтірілген экспортталатын шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің нақты тығыздығы мен температурасы ескеріле отырып белгіленеді;
n - салықтық кезеңде экспортқа өткізілген шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері партияларының саны;
V жалпы өткізу - салықтық кезең үшін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерін экспортқа өткізудің жалпы көлемі.
Экспортқа іс жүзінде өткізілетін көмірдің көлемі негізінде есептелген экспортталатын көмірдің құны көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салықтық база болып табылады. Бұл ретте көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу мақсаттары үшін шетел валютасында жасалған операциялар шартқа (келісімшартқа) сәйкес экспортталатын көмірге меншік құқығының өту күніне айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.
2. Шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеушінің арасында жасалатын қосымша келісімде айқындалған тәртіппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.
Шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртібі осы Кодекстің 773-бабында белгіленген.
716-бап. Экспортқа рента салығының мөлшерлемелері
Шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің экспорты кезінде экспортқа рента салығы мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледі:
| Р/с № | Әлемдік баға | Мөлшерлеме, %-бен |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Бір баррель үшiн 20 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 0 |
| 2. | Бір баррель үшiн 30 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 0 |
| 3. | Бір баррель үшiн 40 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 0 |
| 4. | Бір баррель үшiн 50 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 7 |
| 5. | Бір баррель үшiн 60 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 11 |
| 6. | Бір баррель үшiн 70 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 14 |
| 7. | Бір баррель үшiн 80 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 16 |
| 8. | Бір баррель үшiн 90 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 17 |
| 9. | Бір баррель үшiн 100 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 19 |
| 10. | Бір баррель үшiн 110 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 21 |
| 11. | Бір баррель үшiн 120 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 22 |
| 12. | Бір баррель үшiн 130 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 23 |
| 13. | Бір баррель үшiн 140 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 25 |
| 14. | Бір баррель үшiн 150 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 26 |
| 15. | Бір баррель үшiн 160 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 27 |
| 16. | Бір баррель үшiн 170 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 29 |
| 17. | Бір баррель үшiн 180 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 30 |
| 18. | Бір баррель үшiн 190 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 32 |
| 19. | Бір баррель үшiн 200 АҚШ долларына дейiн және одан жоғары | 32 |
Көмірдің экспорты кезінде экспортқа рента салығы 4,7 пайыз мөлшерлеме бойынша есептеледі.
717-бап. Салықтық кезең
Экспортқа рента салығы бойынша салықтық кезең күнтiзбелiк тоқсан болып табылады.
Егер тауарларға уақытша және толық кедендік декларацияларды ресімдеу күндері әртүрлі салықтық кезеңдерге тура келсе, онда экспортқа рента салығын төлеу бойынша міндеттемелер тауарларға уақытша және толық декларацияларда көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі шеңберінде шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін беру жүзеге асырылатын уақыт кезеңіне тура келетін салықтық кезеңде туындайды.
718-бап. Төлеу мерзімдері
Салық төлеуші бюджетке салықтың есептелген сомасын салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей төлеуге міндетті.
719-бап. Салық декларациясы
Экспортқа рента салығы бойынша декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
2018 ж. 1 қаңтардан бастап 2018 ж. 1 шілдеге дейінгі кезеңде 23-бөлімінің мақсаттары үшін терминдер мыналарды білдіреді деп белгіленді:
көмірсутектер - мұнай;
мұнай - шикі мұнай, газ конденсаты, табиғи газ және ілеспе газ, сондай-ақ шикі мұнайды, табиғи газды тазартқаннан кейін және жанатын тақтатастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектер;
шикі газ - қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезінде жер қойнауынан газ тәріздес күйде айырып алынатын, үлес салмағына қарамастан кез келген көмірсутектер, оның ішінде тазартылмаған табиғи, ілеспе, тақтатасты газ, көмір қабаттарындағы метан, сондай-ақ олардың құрамындағы көмірсутекті емес газдар.
23-БӨЛІМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ
82-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
720-бап. Осы бөлімде реттелетін қатынастар
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлейді.
2. Осы бөлім жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары бойынша салықтық міндеттемелерді орындау тәртібін, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді орындау ерекшеліктерін белгiлейдi.
3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары:
1) қол қою бонусын;
2) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді;
3) жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты;
4) роялтиді;
5) Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін;
6) пайдалы қазбаларды өндiру салығын;
7) үстеме пайда салығын қамтиды.
4. Кен орындарын (кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санаттарына жатқызу тәртібін, олардың тізбесін және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
5. Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында және тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде өндіруге немесе барлауға және көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кен жатындары жоғарғы нүктесінің тереңдігі 4500 метрден жоғары емес және тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде өндіруге немесе барлауға және көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кен жатындары төменгі нүктесінің тереңдігі 5000 метр және одан төмен кен орындарында өндіруге немесе барлауға және көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салықтық міндеттемелерді орындау тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің, пайдалы қазбаларды өндiру салығының және үстеме пайда салығының орнына баламалы салықты есептеу және төлеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
721-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық мiндеттемелерді есептеу осы Кодекстің 722-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған кезде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы бейрезидент осы Кодекстің 651 - 653-баптарына сәйкес қосымша салық салуға жатады.
3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді орындау жер қойнауын пайдаланушыны салықтық міндеттеме туындаған күнге қолданыста болатын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салықтық міндеттемені орындаудан босатпайды.
4. Жер қойнауын пайдалануға құқығы бар жеке тұлғалар жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғалар үшін айқындалған тәртіппен осындай құқықтың шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары және бөлек есепке алуды жүргізу бойынша салықтық міндеттемелерді орындайды.
722-бап. Жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салықтық сараптамадан өткен, өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта айқындалған салық режимі мұндай келісімнiң (келісімшарттың) ережелеріне сәйкес оларға қатысты салық режимінiң тұрақтылығы тiкелей көзделген салық және бюджетке төленетiн төлемдер үшiн сақталады, мұндай келісімнiң (келісімшарттың) белгiленген бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде тек қана оның тараптарына қатысты, сондай-ақ операторларға қатысты қолданылады, мұндай келісімнiң (келісімшарттың) тараптары болып табылмайтын тұлғаларға немесе операторларға қолданылмайды және тараптардың өзара келісімi бойынша өзгертiлуi мүмкiн.
Жер қойнауын пайдаланушы оларға қатысты салық агентi ретiнде әрекет ететiн, төлем көзiнен ұстап қалуға жататын салықтар бойынша салықтық мiндеттемені орындау Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салықтық сараптамадан өткен, өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта төлем көзiнен ұстап қалатын салық салу тәртібін реттейтiн ережелердің болуына қарамастан, оларды төлеу жөніндегі мiндеттемелер туындаған кезде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салықтық сараптамадан өткен өнiмдi бөлу туралы келісімнiң (келісімшарттың) салық режимiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың салық режимiнде көзделген салықтың және бюджетке төленетiн төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде, олардың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен тиiстi өзгерістер мен толықтырулар енгiзілгенге дейiн оларды бюджетке төлеудi жалғастырады.
2. Егер Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салықтық сараптамадан өткен, өнiмдi бөлу туралы келісім (келісімшарт) ережелерінде операторды айқындау көзделсе және аталған келісім (келісімшарт) бойынша салықтық мiндеттемені орындауды оператор жүзеге асырса, онда мұндай оператор осы баптың 1-тармағына сәйкес осы келісімнiң (келісімшарттың) тараптарына қатысты қолданылатын салық режиміне сәйкес аталған келісім (келісімшарт) бойынша салықтық мiндеттемені орындайды.
3. Өнiмдi бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың салықтық міндеттемені орындауы төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жүзеге асырылуы мүмкін:
1) жай серіктестікке (консорциумға) қатысушының салықтық міндеттемені орындауды дербес немесе аталған қатысушының үлесіне қатысты міндеттеме бөлігінде ғана осындай қатысушының атынан және тапсырмасы бойынша оператор жүзеге асырады. Бұл ретте салықтық нысандарда салық төлеуші ретінде - жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушының деректемелері, уәкілетті өкіл ретінде оператордың деректемелері көрсетіледі;
2) егер бұл өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) ережелерінде көзделсе, жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылардың салықтық міндеттемені орындауын өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша оператор жиынтық түрде жүзеге асырады. Бұл ретте салықтық нысандарды жасау мен тапсыруды (қайтарып алуды) осы Кодекстің 8-тарауында айқындалған тәртіппен салық төлеушінің деректемелері ретінде оператордың деректемелерін көрсете отырып, оператор жүзеге асырады.
4. Егер жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды орындау барысында операторда Қазақстан Республикасы салық заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушідегідей (салық агентіндегідей) салықтық міндеттемелер туындаса, онда мұндай салықтық міндеттемелерді оператор дербес орындайды.
723-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды салықтық есепке алу ерекшеліктері
1. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір келісімшарттың шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтер бойынша салықтық міндеттемені есептеу үшін, сондай-ақ рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз немесе игерілген кен орындарын (бір келісімшарт шеңберіндегі кен орындарының осындай тобы бойынша қызметті жүзеге асырған жағдайда кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) әзірлеген кезде осындай кен орны (бір келісімшарт шеңберіндегі кен орындарының осындай тобы бойынша қызметті жүзеге асырған жағдайда кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша осы Кодексте белгіленгендерден ерекшеленетін тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша салықты және бюджетке төленетін төлемдерді есептеген жағдайда бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.
2. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу туралы осы баптың ережелері кең таралған пайдалы қазбаларды, осы Кодекстің 746-бабы кестесінің 13-жолында көрсетілген кендік емес пайдалы қатты қазбаларды, жерасты суларын, емдік балшықты барлау және (немесе) өндіру жөніндегі келісімшарттарға, сондай-ақ осы келісімшарттар бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бойынша салықтық міндеттемені есептеу және орындау бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізу жөніндегі талаптарды қоспағанда, барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қолданылмайды.
Көмірсутектерді немесе пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі келісімшарттар бойынша қызметтің бір бөлігі болып табылатын осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша операциялар жер қойнауын пайдаланушыны бөлек салықтық есепке алу ескеріле отырып, көмірсутектерді немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған тиісті келісімшарт жөніндегі салықтық есепке алуда көрсетілуге тиіс. Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы салықтық есепке алу саясатында осындай операциялар бойынша тиісті келісімшарттарға және (немесе) келісімшарттан тыс қызметке шығыстарды бөлу тәртібін көрсетуге міндетті.
3. Жер қойнауын пайдаланушы салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды бекітілген салықтық есепке алу саясатына сәйкес есепке алу құжаттамасы деректерінің негізінде және осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып жүргізеді.
Жер қойнауын пайдаланушы бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін дербес әзірлейді және ол салықтық есепке алу саясатында (есепке алу саясаты бөлімінде) бекітіледі.
Салықтық есепке алу саясатында бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібі болмаған және (немесе) осындай тәртіп салық салу қағидаттарына сәйкес келмеген жағдайда салық органдары салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында салық төлеушінің салықтық міндеттемелерін осы баптың 11-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындайды.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 200-бабының 2-тармағына сәйкес жиынтық салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкіліне қатысты да қолданылады.
4. Келісімшарттық қызмет бойынша бөлек салықтық есепке алу мынадай салық және бюджетке төленетін төлемдер:
1) корпоративтік табыс салығы;
2) қол қою бонусы;
3) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем;
4) пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
5) үстеме пайда салығы;
6) жер қойнауын пайдалануға баламалы салық;
7) осы Кодекстің 722-бабының 1-тармағында айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың салық режимі негізінде осы Кодексте белгіленгеннен өзгеше тәртіппен есептелетін өзге де салықтар және бюджетке төленетін төлемдер бойынша жүргізіледі.
5. Салықтық міндеттемені есептеу үшін бөлек салықтық есепке алуды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:
1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін төлемдерді есептеу үшін келісімшарттан тыс қызметтен бөлек жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша - салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді салықтық есепке алуда көрсетуді;
2) осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген салықты және бюджетке төленетін төлемдерді, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының тұтастай бүкіл қызметі бойынша - корпоративтік табыс салығын есептеуді;
3) корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық есептілікті қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша - осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша - салықтық есептілікті ұсынуды;
4) жер қойнауын пайдаланушының тұтастай қызметі бойынша - корпоративтік табыс салығы жөніндегі бірыңғай декларацияны және жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бо-
йынша оған тиісті қосымшаларды тапсыруды;
5) жер қойнауын пайдаланушының тұтастай бүкіл қызметі бойынша осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық есептілікті ұсынуды қамтамасыз етуге міндетті.
6. Жер қойнауын пайдаланушының тұтастай қызметі бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшарт бойынша шеккен залалдар ескерілмейді, жер қойнауын пайдаланушының оларды осы Кодекстің 300-бабының ережелерін ескере отырып, кейінгі салықтық кезеңдерде жер қойнауын пайдалануға арналған осындай нақты келісімшарт бойынша қызметтен алған кірістері есебінен ғана өтеуге құқығы бар.