7) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға: өзі жөнінде соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаға қатысты, банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейін бес жыл ішіндегі кезең үшін прокурордың санкциясымен;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
8) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға: «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдерді қолдану туралы арыз берген азаматқа қатысты сұрау салу негізінде осындай сұрау салу берілгенге дейінгі үш жыл ішіндегі кезең үшін;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
9) қаржы басқарушысына: төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған азаматқа қатысты сұрау салу негізінде прокурордың санкциясымен беріледі. Өкілеттіктерді растау мақсатында сұрау салуға соттың рәсімді қолдану туралы іс қозғау жөніндегі ұйғарымы қоса беріледі.
5. Қарыз алушы, микрокредит мөлшерi туралы, микрокредит беру туралы шарттың қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары жөнiндегi мәлiметтер қарыз алушы қайтыс болған жағдайда, осы баптың 4-тармағында көзделген тұлғалардан басқа, жазбаша сұрау салу негiзiнде, сондай-ақ:
1) қарыз алушы өсиетте көрсеткен тұлғаларға;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) нотариустарға: өздерінің іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша нотариустың сұрау салуы негізінде беріледі.
3) шетелдiк консулдық мекемелерге: олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша берiледi.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды; 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-1. Микрокредит беру құпиясы банк омбудсманына өзінің қарауында жатқан, қарыз алушы - жеке тұлғалардың микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) осы Заңның 9-1-бабының 4-тармағында және 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаға берілген осы шарттан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі өтініштері бойынша ашылуы мүмкін.
6. Мыналар:
1) кредиттік бюроларға микроқаржы ұйымдарының теріс ақпарат беруі және күнтізбелік жүз сексен күннен асатын мерзімі өткен берешегі жөнінде кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік бюролардың теріс ақпарат беруі;
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) басқаға берілген (қайта берілген) кезде осы Заңның 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың микрокредит беру туралы шарт (берілген микрокредит) бойынша ақпаратты осы Заңның 9-1-бабының 4-тармағында және 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға беруі;
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) осы Заңның 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың коллекторлық агенттікпен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарт шеңберінде осы коллекторлық агенттікке немесе осы Заңның 9-1-бабына сәйкес сенімгерлік басқару шарты шеңберінде сервистік компанияға микрокредит жөнінде ақпарат беруі;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті орган арасында ақпарат, оның ішінде микрокредит беру құпиясын құрайтын мәліметтер алмасу;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе микроқаржы ұйымында басқарушылық функцияларды орындайтын адамның қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар жіберілген кезде растау құжаттары мен материалдары ретінде микрокредит беру құпиясын қамтитын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы;
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығы, микроқаржы ұйымдары, өзге де қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары, ұялы байланыс операторлары, қылмыстық қудалау органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, уәкілетті орган арасында микрокредит беру құпиясын құрайтын, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша мәліметтер алмасу микрокредит беру құпиясын ашу болып табылмайды.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22-бап. Бухгалтерлiк есепті жүргiзу және қаржылық есептiлiкті жасау
Микроқаржы ұйымының бухгалтерлік есепті жүргізуі және қаржылық есептілікті жасауы, бухгалтерлік есептің жүргізілуін автоматтандыру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
23-бап. Құжаттарды сақтау
Микроқаржы ұйымының қызметiне байланысты құжаттарды сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
24-бап. Микрокредиттер беру жөнiндегi қызметке және шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар ретiнде тiркелмеген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Микроқаржы ұйымдарына:
1) өздерiнiң қызметі туралы жарнаманы жариялау күніне шындыққа сәйкес келмейтін жарнама жасауға;
2) Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасына сәйкес келмейтін шарттарда микрокредит ұсынумен байланысты жарнама жасауға тыйым салынады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымынан шындыққа сәйкес келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оны тоқтатуды немесе оны теріске шығару туралы жариялауды талап етуге құқылы.
Осы талап уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган жарнамадағы мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіні туралы ақпаратты жариялауға не осындай жарнаманы жариялаған микроқаржы ұйымы есебінен оларды нақтылауға құқылы.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ заңды тұлғалардың микроқаржылық қызмет санатына жататын, жүзеге асырылатын қызмет көрсетулерді жарнамалауына тыйым салынады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-бап. Микроқаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру және тарату
1. Микроқаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында қайта ұйымдастыру осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру (бұдан әрі - микроқаржы ұйымын банкке айналдыру) деп осы Заңда және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес банк мәртебесін алу және қызметті жүзеге асыру мақсатында микроқаржы ұйымының қызметін өзгертуге бағытталған іс-шаралар кешені түсініледі.
Акционерлік қоғам нысанында қызметін жүзеге асыратын микроқаржы ұйымдары ғана микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға жатады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нәтижесінде құрылған банк оның барлық құқықтары (талаптары) мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.
3. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру шеңберінде микроқаржы ұйымын банк етіп мемлекеттік қайта тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсаты және микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы ол мақұлдаған есеп негізінде жүзеге асырады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 25-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
25-1-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсаты
1. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру уәкілетті органның рұқсатымен микроқаржы ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген құжаттар берілген күннен бастап алпыс бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібі, сондай-ақ микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат берумен бір мезгілде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1 және 17-1-баптарында көзделген тәртіппен рұқсат және келісім береді.
2. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсаттың уәкілетті орган банкке банк операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін заңды күші болады.
3. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға берілген рұқсаттың мынадай:
1) микроқаржы ұйымы өзге нысанда қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған;
2) сот микроқаржы ұйымының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабында көзделген тәртіппен банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алынбаған жағдайларда күші жойылды деп есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1 және 17-1-баптарында көзделген тәртіппен бұрын берілген рұқсат беру құжаттарының күші жойылды деп есептеледі.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 25-2-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
25-2-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат беруден бас тарту негіздері
1. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) банк атауының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) микроқаржы ұйымы акционерлерінің қаржылық жағдайының орнықсыздығы.
Қаржылық жағдайдың орнықсыздығы деп «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 10-тармағында белгіленген белгілердің болуы түсініледі;
3) акционер-жеке тұлға не акционердің-заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысы:
оның жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болған;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері лауазымын атқарған жағдайларда.
Көрсетілген талап Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады. Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі;
4) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы;
5) уәкілетті органның «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабына сәйкес банктің ірі қатысушысы, банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартуы;
6) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабына сәйкес банк холдингінің еншілес ұйымын құруға (сатып алуға) рұқсат беруден бас тартылуы;
7) банктің бизнес-жоспарының және өтініш беруші ұсынған өзге де құжаттардың:
алғашқы үш қаржы жылы (операциялық жыл) өткеннен кейін банк қызметінің рентабельді болатынын;
банк тәуекелді шектеуге қойылатын талаптарды сақтауға және тиісті басқару құрылымын құруға ниетті екенін;
банктің өз қызметінің жоспарларына сәйкес келетін ұйымдық, есептік және бақылау құрылымының бар екенін көрсетпеуі;
8) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті орган ескертулерінің ол белгілеген мерзімде жойылмауы;
9) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының осы Заңның 25-3-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
10) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру салдарының қаржылық болжамынла микроқаржы ұйымын банкке айналдыру салдарынан микроқаржы ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауының және (немесе) құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерді сақтамауының күтілуі;
11) микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат беру туралы өтініш берілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде микроқаржы ұйымының белгіленген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
12) өтініш берілген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде микроқаржы ұйымында осы Заңның 28-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген қолданыстағы шектеулі әсер ету шарасының және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-бабының бірінші, 3-1, төртінші бөліктерінде және 227-бабының үшінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалардың болуы;
13) осы Заңның 25-1-бабының және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 21-баптары талаптарының сақталмауы.
2. Уәкілетті орган өтініш берушіні бас тарту негіздері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
3. Рұқсат беруге негіз болған анық емес мәліметтер анықталған жағдайда, уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға берілген рұқсатты кері қайтарып алады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсатты кері қайтарып алған немесе микроқаржы ұйымы осы рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған немесе микроқаржы ұйымы рұқсатты ерікті түрде қайтару туралы өтініш берген күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.
Микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға өзіне берілген рұқсатты уәкілетті органның микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі өткенге дейін ерікті түрде қайтаруға құқылы.
Микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға бұрын берілген рұқсаттың және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1 және 17-1-баптарына сәйкес берілген рұқсат беру құжаттарының күші жойылды деп есептеледі.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 25-3-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
25-3-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын микроқаржы ұйымының директорлар кеңесі бекітеді.
2. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында іске асыру мерзімдерін қоса алғанда, мынадай іс-шаралардың егжей-тегжейлі сипаттамасы қамтылуға тиіс:
1) банктің банк операцияларын жүргізу туралы шарттардың үлгілік шарттарын әзірлеу;
2) айналдыру туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау және микроқаржы ұйымының интернет-ресурсында орналастыру;
3) қызметтің жаңа түрлерін ескере отырып, микроқаржы ұйымын корпоративтік басқаруды және оның ішкі саясаттары мен рәсімдерін, өзге де ішкі құжаттарын қайта қарау және өзгерту;
4) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлерін айқындау;
5) осы Заңның 25-4-бабына сәйкес микрокредит беру туралы шарттар бойынша клиенттермен жұмыс жүргізу;
6) барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізу, оның ішінде уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін, бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітаптың жүргізілуін автоматтандыру бойынша үй-жайларды, жабдықты және бағдарламалық қамтылымды дайындау, банктің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуі үшін бағдарламалық қамтылымды пысықтау, тиісті персоналды жалдау үшін қызметкерлердің тегін, атын, әкесінің атын (егер олар жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсете отырып, штат кестесінің, банк қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыру қағидаларының, ішкі аудит қызметі, кредит комитеті туралы ереженің жобаларын дайындау;
7) қойылатын талаптары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделетін автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділік бар, банктің атқарушы органы орналасатын елді мекенде меншікті үй-жайды дайындау;
8) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттарды келісу;
9) осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті уәкілетті органға ұсыну;
10) микроқаржы ұйымын банк етіп мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну;
11) микроқаржы ұйымы банк болып мемлекеттік қайта тіркелгеннен кейін банк қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыру қағидаларын, қызметкерлердің тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсете отырып, штат кестесін бекіту, банктің директорлар кеңесінің ішкі аудит қызметі, кредит комитеті туралы ережені бекітуі;
12) банктің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгіну;
13) микроқаржы ұйымын банкке айналдырудың осы Заңның 25-4-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзімнен аспауға тиісті жоспарланатын мерзімі;
14) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру үшін қажетті өзге де іс-шаралар.
3. Уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірмей, микроқаржы ұйымы уәкілетті органға іс-шаралардың орындалуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті ұсынады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген есепке ескертулер болған кезде уәкілетті орган микроқаржы ұйымынан қосымша іс-шаралардың орындалуын және (немесе) қосымша ақпарат пен құжаттардың берілуін талап етуге құқылы. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның ескертулерін ескеруге (талап етілетін қосымша іс-шараларды орындауға және (немесе) қосымша ақпарат пен құжаттарды беруге) және уәкілетті орган белгілеген мерзімде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті уәкілетті органға қайта ұсынуға міндетті.
5. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есеп уәкілетті органға ұсынылған күннен бастап екі ай ішінде оны мақұлдайды немесе мақұлдаудан бас тартады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 25-4-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
25-4-бап. Микроқаржы ұйымының банкке айналуы кезеңіндегі қызметі
1. Айналдыру кезеңінде микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті.
2. Микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде:
1) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды және микроқаржы ұйымының интернет-ресурсында (бар болса) орналастырады;
2) микроқаржы ұйымының клиенттеріне микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен жүргізілуі жоспарланатын банк операциялары мен өзге де операциялардың тізбесін көрсете отырып, микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жүргізілетіні туралы хабарламаны жібереді.
3. Микроқаржы ұйымына микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуға және осы Заңда көзделген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға және, банк болып мемлекеттік қайта тіркелгеннен кейін қарыз алушылар үшін шарттарды жақсарту жағына қарай өзгертуді қоспағанда, клиенттермен жасалған микрокредит беру туралы шарттардың талаптарын өзгертуге тыйым салынады.
4. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру мерзімін бір жылдан асыруға болмайды. Осы мерзімді уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті қарау және микроқаржы ұйымының осы Заңның 25-3-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті органның ескертулерін жою мерзіміне тоқтата тұрады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 25-5-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
25-5-бап. Микроқаржы ұйымын мемлекеттік қайта тіркеу және банктің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру