ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 100-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
100. Қажет болған жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы клиникалық фармакологтардан және/немесе медициналық техниканың сұратылған үлгісінің бейіні бойынша мамандардан және/немесе денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарынан не дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға сараптаманы жүзеге асыруға аккредиттелген ұйымдардың сарапшыларынан тұратын сараптама комиссиясын құра алады.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.08.07. № 515 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 101-тармақ жаңа редакцияда
101. Сарапшы (құрылған жағдайда сараптама комиссиясы) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай дистрибьютордың тізіміне және осы Ереженің 12-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкестігі жөнінде сараптамалық қорытынды береді.
Медициналық техниканы сатып алу кезінде сарапшы (сараптама комиссиясы) медициналық техниканың осы Ереженің 13-тармағының талаптарына, сондай-ақ жарияланған техникалық сипаттамаға сәйкестігі жөнінде сараптамалық қорытынды береді.
Сарапшының (сараптама комиссиясының) комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшы (сараптама комиссиясы) қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі. Сарапшының (сараптама комиссиясының) сараптамалық қорытындысын әлеуетті өнім берушінің өтінімін ең төменгі бағаны айқындау рәсіміне жіберу туралы мәселені шешу кезінде комиссия қарайды.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 102-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 102-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
102. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен тендер өткізу туралы әлеуетті өнім берушілер өтінімдерді қабылдауды аяқтау күніне дейін жиырма күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі хабарландыруды республикалық мерзімдік баспа басылымдарында және (немесе) медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында жариялау жолымен хабарланады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 767 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.08.07. № 515 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 103-тармақ өзгертілді
103. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен тендерді өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:
1) бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының атауы, мекенжайы және банк деректемелері;
2) дәрілік заттардың (халықаралық патенттелмеген атауларымен), медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың атауы;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың техникалық сипаттамасы (техникалық сипаттамалар туралы мәліметтер көлемі ауқымды болған кезде бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында ғана орналастырылуы мүмкін). Егер медициналық техника қаржылық лизингке сатып алынған жағдайда техникалық сипаттамасы лизинг шартының егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтуы тиіс;
4) Тапсырыс берушілердің соңғы өтінімдерін ескере отырып, қажеттілікке қарай дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлеміне түзетулер енгізілуі мүмкін;
5) жеткізу шарттары;
6) жеткізу сәтінде сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалған жарамдылық мерзімдері;
7) ашық тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдауды тоқтату күні, уақыты және орны;
8) ашық тендерді өткізуді бастау күні, уақыты және орны;
9) әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сома;
10) осы Ереженің 11-4-тарауына сәйкес (болған кезде) 10 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасасу мүмкін болатын дәрілік заттардың (халықаралық патенттелмеген атаулардың немесе ол болмаған жағдайда, оның құрамы), медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары;
Әр лот бойынша сатып алу үшін бөлінген қаражатты есептеу кезінде бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілердің алдын ала өтінімдеріне сәйкес уәкілетті орган айқындаған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың шекті бағаларын тоғыз пайызға азайтады.
2. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, ұсынылуы, өзгерту және кері қайтару
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 104-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
104. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін бірыңғай дистрибьюторға немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушыға екі Кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысуға тендерлік өтінімді ұсынады.
105. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, ұсыну тәртібі, өзгерту және тендерлік өтінімдерді кері қайтару ұсынылмаған бағалар кестесін қоспағанда, осы Ереженің 5-тарауының 2-бөлігінде белгіленген тәртіпке ұқсас.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 105-1-тармақпен толықтырылды
105-1. Бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік құжаттама әзірлемейді. Әлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімді осы Ережеге сәйкес қалыптастырады.
3. Кепілдікті қамтамасыз ету
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен 106-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 106-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
106. Әлеуетті өнім беруші осы Ереженің 5-тарауында айқындалған тәртіппен тендерлік өтінімнің кепілдікті қамтамасыз етуін енгізеді.
Әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып тендер өткізу туралы хабарландыруда көзделген шарттарда оның тендерлік өтінімінде ұсынылған лоттар бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммуно биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу үшін бөлінген соманың үш пайызы мөлшерінде кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 107-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 107-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.08.07. № 515 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 107-тармақ өзгертілді
107. Егер әлеуетті өнім беруші:
1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алған немесе өзгерткен (тендерлік өтінімге өзгерістер осы Ережеге сәйкес бірыңғай дистрибьютордың/сатып алуды ұйымдастырушының ескертулері негізінде енгізілетін жағдайларды қоспағанда);
2) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендердің жеңімпазы деп танылса, бірақ жеткізу шартын немесе ұзақ мерзімді жеткізу шартын уақтылы жасамаса;
3) жеткізу шартын жасап, жеткізу шартын немесе ұзақ мерзімді жеткізу шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды орындамаса немесе уақтылы орындамаса;
4) лот бойынша сатып алуға бөлінген сомадан асатын баға ұсынысын берсе, тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы қайтармайды.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 108-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
108. Бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушінің жазбаша өтініші бойынша оған тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуге берілген 5 (бес) жұмыс күні ішінде мынадай жағдайлардың бірі болғанда қайтарады:
1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің тендерлік өтінімін өтінімдерді қабылдау мерзімінің соңғы мерзіміне дейін кері қайтарып алса;
2) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендердің қорытындысы туралы хаттамаға қол қойса (көрсетілген жағдай жеңімпаз белгілеген екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысушыға қолданылмайды);
3) жеткізу шартының күшіне енуі және екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазының жеткізу шартының орындалуын қамтамасыз ету рәсімдерін енгізуі;
4) әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімінің қолданылу мерзімінің аяқталуы.
4. Тендерлік өтінімдерді ашу және қарау
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 109-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
109. Комиссия әлеуеті өнім берушілердің тендерлік өтінімдері салынған конверттерді екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерді өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген уақытта, мерзімде және орында ашады.
Комиссия конверттерді ашу кезінде осы Ереженің 113 - 115 және 120-тармақтарына сәйкес рәсімдерді өткізу орны, уақыты мен күні көрсетіле отырып, әлеуетті өнім берушілердің назарына Регламент жеткізіледі. Регламент бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында да орналастырылады.
110. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға құқылы.
111. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде комиссияның хатшысы барлық қатысушы адамдарға ашық тендерге қатысушы әлеуетті өнім берушілердің атауын және мекенжайын, өтінімдерді құрайтын ұсынылған құжаттар туралы ақпаратты хабарлайды. Бұл ақпарат тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасында көрсетіледі.
112. Комиссия тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілердің ұсынған тендерлік өтінімдерінің біліктілік талаптарына және осы Ереженің талаптарына сәйкестігін қарайды.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.08.07. № 515 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 113-тармақ өзгертілді
113. Комиссия Регламентке сай күні мен уақытына сәйкес тендерлік өтінімдерді қараудың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей ашу хаттамасын (отырыс өткізу және бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастыру жолымен) әлеуетті өнім берушілердің назарына ұсынады, онда мынадай ақпарат көрсетілуі тиіс:
1) әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлерін көрсете отырып, тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атауы;
2) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінің мазмұны;
3) тендерлік өтінімдері толықтырулар мен өзгерістерді қажет етпейтін әлеуетті өнім берушілердің атауы;
4) тендерлік өтінімдеріне ескертулер бар әлеуетті өнім берушілердің атауы;
5) комиссия көрсеткен ескертулерді жою үшін толықтырулар енгізу мерзімі ашу хаттамасын хабарлау күнін қоспағанда 3 (үш) жұмыс күнін құрауға тиіс;
6) екіден аз тендерлік өтінім ұсынылған лоттардың нөмірі;
7) отандық тауар өндірушілер ұсынған тендерлік өтінімдер лоттарының нөмірі;
8) дәрілік заттардың тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкес және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдардың халықаралық стандарт талаптарына сәйкес өндірілгенін растайтын құжатты ұсынған жағдайда, ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасауға болатын отандық тауар өндірушілер ұсынған тендерлік өтінімдер лоттарының нөмірлері.
114. Ескертулер жойылғаннан кейін тендерлік өтінім беру кезінде қойылған талаптарға сәйкес ресімделген толықтыру түріндегі өзгертілген тендерлік өтінім ашу хаттамасында көрсетілген өзгерістерді енгізу мерзімінің соңғы жұмыс күнінің 15 сағатына дейін комиссияның хатшысына ұсынылады.
115. Толықтырулары бар конверттерді ашу өзгерістер енгізу мерзімінің аяқталу күнінде 15 сағат 30 минутта комиссия жүзеге асырады. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері тендерлік өтінімдерге толықтырулар салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға құқылы.
116. Өзгерістер енгізуге ұсынылған тендерлік өтінімдердің толықтыруларын зерделегеннен кейін комиссия Регламентке сәйкес күні мен уақытында, бірақ толықтырулар салынған конверттерді ашу күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 117-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
117. Әлеуетті өнім берушілерді ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне рұқсат беру хаттамасына комиссия ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін хабарлау күні қол қоюы тиіс. Рұқсат беру хаттамасын бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған күнінен 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады. Рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпараттан тұруы тиіс:
1) тендерлік өтінімдерді ұсынған әрбір әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлері көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің атауы;
2) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінің мазмұны;
3) тендерлік өтінімдеріне ескертулер болмаған әлеуетті өнім берушілердің атауы;
4) тендерлік өтінімдеріне комиссияның ескертулері болған әлеуетті өнім берушілердің атауы, сондай-ақ өтінімдерге толықтырулар ұсыну туралы ақпарат;
5) отандық тауар өндірушілердің тендерлік өтінімдері ұсынылған лоттардың нөмірлері;
6) ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне әлеуетті өнім берушілерді қатыстыру туралы комиссияның шешімі.
ҚР Үкіметінің 2010.27.08. № 844 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 118-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен 118-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.08.07. № 515 Қаулысымен 118-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
118. Егер екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерде, оның ішінде екі және одан да көп отандық тауар өндірушілер бір лот бойынша қатысатын болса және осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін болса, комиссия осы лот бойынша ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысуға тек қана отандық тауар өндірушілерді қатыстырады (өтінім берілген көлемдер бойынша).
Егер екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерде қандай да бір лоты бойынша осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің бір өтінімі ғана ұсынылса не әлеуетті өнім беруші екі және одан да көп өтініш ұсынып, оның біреуі - осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін отандық тауар өндіруші болатын әлеуетті өнім берушінің өтінімі болса, онда комиссия осы лот бойынша тендерді өтпеген деп жариялайды, ал бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушіден бір көзден сатып алу тәсіліне көшеді. Егер отандық тауар өндірушінің өтінімінде хабарландырудың шартына сәйкес ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасауға дайын екенін білдіретін лоттар болған жағдайда, бірыңғай дистрибьютор осы Ереженің 11-4-тарауына сәйкес бір көзден сатып алу тәсілін қолданбай ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасасады.
Егер екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерде қандай да бір лоты бойынша әлеуетті өнім берушілердің екі және одан да көп өтінімі берілсе, әлеуетті өнім берушілердің бірінің өтініші - осы Ереженің талаптарына сәйкес келсе және объектінің тиісті өндірістік практика (GMP) және/немесе тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды сатып алу кезінде тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаты бар болса, лотта отандық тауар өндірушілер болмаған кезде комиссия тендерді өтпеген деп жариялайды, ал бірыңғай дистрибьютор осы әлеуетті өнім берушіден бір көзден сатып алу тәсіліне көшеді.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 119-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 119-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 119-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
119. Комиссия ұсынылған өзгерістерді зерделегеннен кейін тендерлік өтінімді тұтастай не лоттар бойынша, егер:
1) әлеуетті өнім беруші осы Ережеде көзделген нысанда, көлемде және жағдайларда өтінімдерді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе;
2) әлеуетті өнім беруші осы Ереженің 8 және 8-1-тармақтарында көзделген талаптарға сай келмесе;
3) әлеуетті өнім беруші ұсынатын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника осы Ереженің 12 және 13- тармақтарының талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгіленген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканың мемлекеттік тіркеу тәртібіне сай келмесе;
4) әлеуетті өнім беруші жосықсыз өнім берушілердің тізбесіне енгізілсе;
5) осы Ереженің 118, 123-тармақтарында көзделген жағдайларда;
6) тендерлік өтінім осы Ереженің 38, 39, 40, 40-1, 43, 49-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейді деп танылған жағдайда;
7) сараптама комиссиясы әлеуетті өнім беруші ұсынған дәрілік заттарды, профилактикалық (иммуннобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың техникалық сипаттамаларына (техникалық өзіндік ерекшеліктеріне) қойылатын талаптарға сәйкес келмейді деп танылған жағдайда;
8) әлеуетті өнім беруші ұсынып отырған дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жеткізу шарттары бірыңғай дистрибьютордың не осы Ереженің 88-4-тармағына сәйкес сатып алуды ұйымдастырушының хабарламасында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген;
9) ұсынылған техникалық ерекшелікте ұсынылып отырған медициналық техниканың техникалық сипаттамасы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымының сайтында орналасқан тіркеу құжаттамасында немесе/және тіркеу куәлігінде көрсетілген техникалық сипаттамаға және/немесе жиынтыққа сәйкес келмеген жағдайда қарамайды.
5. Ең төменгі бағаны анықтау
120. Рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күнінен кейінгі жұмыс күні сағат 10-да (Астана қаласының уақытымен) комиссия ең төменгі бағаны анықтауға қатысатын әлеуетті өнім берушілерден баға ұсыныстарын қабылдауды бастайды.
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен 121-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
121. Бастапқы баға ұсыныстарын қабылдау уақыты 5 минутты құрайды. Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын беруге уәкілетті тұлғаның қатысуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 122-тармақ өзгертілді
122. Осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің бастапқы баға ұсыныстары лот бойынша әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілген және бірінші басшының немесе мұндай баға ұсынысына қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған бағалар көрсетіле отырып, жазбаша ұсынылады.
Әлеуетті өнім беруші тендердің қандай да бір лоты бойынша бастапқы баға ұсынысын ұсынбаған жағдайда әлеуетті өнім беруші осы лот бойынша түпкілікті баға ұсынысын ұсыну мүмкіндігінен айырылады және тендердің жеке лоты бойынша ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысудан шеттетіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 123-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
123. Егер баға ұсынысы лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса комиссия оны, қарамайды және осы лот бойынша мұндай баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімін қарамайды. Бұл ретте, егер осы лот бойынша ең төмен бағаны анықтау рәсіміне қатысуға екіден аз тендерлік өтінім қалса, комиссия лот бойынша екі кезеңдік рәсімді пайдаланылатын тендерді өткізілмеді деп таниды.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 124-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
124. Комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілердің барлық ұсынылған баға ұсыныстарын, оның ішінде лот бойынша ең төмен баға ұсыныстарын жариялайды және оларға бастапқы ұсынылған баға ұсыныстарын азайтуды ұсынады.
Түпкілікті баға ұсыныстарын қабылдау уақыты осындай ұсыныстарды қабылдаудың басталуы туралы комиссия хатшысы хабарлаған сәттен бастап бес минутқа дейін болады. Егер бастапқы баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші түпкілікті баға ұсынысын ұсынбаған жағдайда комиссия оның бастапқы ұсынған баға ұсынысын түпкілікті ұсыныс ретінде қабылдайды.
Ең төменгі баға ұсынысы біреу ғана болған жағдайда ең төменгі бағаны анықтау рәсімі түпкілікті болып табылады.
Ең төменгі түпкілікті баға ұсыныстарының екі немесе одан да көбі бірдей болған кезде ең төменгі баға ұсынысын анықтау үшін үшінші баға ұсынысын ұсынуға болады.
125. Баға ұсынысы басқа баға ұсыныстарына қарағанда ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазы болып танылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 126-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
126. Егер бірдей ең төменгі баға ұсыныстарын берген әлеуетті өнім берушілер өздерінің лот бойынша бұрын берген баға ұсыныстарын азайтудан бас тартқан жағдайда, осы лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер өтпей қалды деп танылады.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 127-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
127. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген тендер нәтижесі бойынша комиссия үш жұмыс күнінің ішінде екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген тендер қорытындысы жөнінде хаттамаға қол қояды, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) ең төменгі бағаны анықтау рәсімінің күні, басталу және аяқтау уақыты;
2) комиссияның құрамы;
3) ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысқан әлеуетті өнім берушілердің атауы және орналасқан жері;
4) лоттардың атауы және қысқаша сипаттамасы;
5) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер қорытындысы бойынша анықталған ең төменгі баға;
6) әр лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпаздарының атауы және орналасқан жері;
7) егер екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер нәтижесінде жеңімпаз анықталмаса - Комиссияның мұндай шешім қабылдау негіздемесі;
8) жеткізу шартына қол қойылуы тиіс мерзім.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 128-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
128. Ең төменгі бағаны анықтау рәсімінің аяқталу сәтінен бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазының атауын интернет-ресурста жариялайды.
129. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушінің жазбаша талабы бойынша оған екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендер қорытындысы туралы хаттаманың көшірмесі беріледі.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 129-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 129-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.14.04. № 229 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 129-1-тармақ жаңа редакцияда
129-1. Тендер жеңімпазының қағаз және doc* форматында электрондық түрдегі техникалық ерекшеліктерінің көшірмелерін қоса бере отырып, медициналық техниканы сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер қорытындылары туралы хаттаманың нотариалды куәландырылған көшірмелерін тендердің қорытындысы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушілердің тендер жеңімпаздарымен осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес жасалған медициналық техниканы сатып алу шарттарын (бұдан әрі - сатып алу шарты) немесе қаржылық лизинг шартын жасасуы үшін қабылдау-беру актісі бойынша тапсырыс берушілерге беруге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 129-2-тармақпен толықтырылды
129-2. Тапсырыс берушілер медициналық техниканы сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланылған тендер қорытындылары туралы хаттаманың нотариалды куәландырылған көшірмелерін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тендер жеңімпаздарымен медициналық техниканы сатып алу шарттарын жасасуға тиіс.
130. Комиссия екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендерді, егер:
1) осы Ережеде белгіленген жағдайларды қоспағанда, ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысуға жіберілген кемінде екі әлеуетті өнім берушінің екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерін берген;
2) барлық берілген өтінімдер қабылданбаған;
3) осы Ережеде 123 және 126-тармақтарында көзделген жағдайда тұтастай немесе қандай да бір лот бойынша өтпей қалды деп таниды.
Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендер нәтижесі бойынша жеткізу шарты осы Ереженің 12-тарауының талаптарын ескере отырып, бірыңғай дистрибьютормен жасалады.
ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 130-1-тармақпен толықтырылды