Сервистік қызмет көрсетуді жүргізу кестесіне сәйкес жүргізу нәтижесі бойынша Өнім беруші медициналық техниканы тексеру актісін жасайды.
Тексеру актісіне Сатып алушы мен Өнім берушінің уәкілетті өкілдері қол қояды және Өнім беруші тексеруді жүргізген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Сатып алушыға тексеру актісінің көшірмесін жібереді.
Медициналық техника бұзылған жағдайда, Сатып алушы Өнім берушіге жазбаша түрде хабарлайды.
Осындай хабарлама алғаннан кейін Өнім беруші хабарлама алған кезден бастап жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзім ішінде оның бұзылуының себептерін және болжамды жөндеу мерзімін анықтау үшін білікті маманның медициналық техника орналасқан жерге баруын қамтамасыз етеді. Жөндеуді жүргізу кезінде Өнім беруші тауар Тапсырыс берушінің кінәсінен бұзылғаны, сондай-ақ Тапсырыс беруші өз бетінше жөндегені анықталғаннан басқа жағдайларда, өндіруші зауытта жасалған қосалқы бөлшектер мен тораптарды пайдаланады немесе ақауы бар тауарды немесе оның бөлшектерін Сатып алушы тарапынан ешқандай шығын шығармай ауыстырады.
Шарт құжаттарына екі тарап та қол қойған жазбаша өзгерістерден басқа ешқандай ауытқулар немесе өзгерістер (сызбалар, жобалар немесе техникалық сипаттамалар, жүк түсіру, орау тәсілі, жеткізу орны немесе Сатып алушы көрсететін қызметтер және т.б.) енгізуге жол берілмейді.
Жеткізілген тауардың саны мен сапасы бойынша ілеспе құжаттарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, бұл сәйкессіздіктер қабылдау-беру актісінде көрсетіледі. Сатып алушы Өнім берушіге алынған тауардың сапасына байланысты барлық наразылықтарын жазбаша түрде, бірақ тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірмей жедел хабарлайды. Бұл ретте Өнім беруші 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Сатып алушының жеткізілген тауарға қатысты барлық ескертулерін жоюға міндеттенді, олай болмаған жағдайда Сатып алушы Өнім берушінің әрекетін Тауарды уақтылы жеткізбеу ретінде бағалайтын болады.
Өнім беруші Сатып алушының хабарламасын алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей (егер хабарламада өзге мерзім көрсетілмесе) тауардың саны мен сапасын тексеруге қатысу үшін өз өкілін жібереді.
Жеткізілетін тауарды немесе оның бір бөлігін саны мен сапасын жақсарту, сондай-ақ осындай тауардың бағасын, көлемін және жеткізу мерзімін сақтау шартымен басқа тауар атауымен ауыстыруға жол беріледі.
4. Баға белгілеу
4. Тиісті қаржы жылына арналған Тауар жеткізу жөніндегі қосымша келісімде тауардың бағасы жыл сайын тауарға уәкілетті орган айқындайтын және бекітетін шекті бағадан аспайтындай етіп белгіленеді.
Өнім беруші конкурсқа ұсынатын _____ мөлшеріндегі баға жеңілдігі сатып алу жылына медициналық техника бағаларына қатысты мына формула бойынша қолданылады:
Р - S = D
Р - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен шекті баға;
S - баға жеңілдігі;
D - медициналық техниканың бағасы.
Өнім беруші Қосымша келісімге қол қойылғанға дейін Сатып алушыға негіздемені ұсына отырып, тауар жеткізуден бас тартуға құқылы, бірақ екі жыл қатарынан бас тартуға болмайды.
Тауар бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ Сатып алушыға тауарды жеткізумен және қосалқы қызметтер көрсетумен байланысты Өнім беруші шығыстарын қамтиды.
Осы Шарттың 4-бөліміне сәйкес тауарға бағасын анықтау бойынша барлық мәселелер Тараптар тиісті қаржы жылына арналған Тауар жеткізу жөніндегі қосымша келісім жасасқан кезде шешілді деп саналады.
5. Шарт мерзімі
5. Осы Шарт _______ жылғы ____________ күшіне енеді және Шарт жасалған сәттен бастап ___________ жыл қолданылады.
6. Тараптардың жауапкершілігі және шартты бұзу
6. Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Өнім беруші Тапсырыс берушінің Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
Өнім беруші жеткізілген тауардың жеткізу, алмастыру, сапасыз (ақауы бар) тауарды жою мерзімдері бұзылған, сондай-ақ кепілдікті қызмет уақтылы көрсетілмеген жағдайда Өнім беруші Сатып алушыға мерзімі өткен әр күн үшін мерзімінде жеткізілмеген тауар сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде, бірақ мерзімінде жеткізілмеген тауар құнының не ол бойынша кепілдікті қызмет уақтылы көрсетілмеген тауар құнының 10 %-дан артық емес өсімпұл төлейді. Өсімпұлды төлеу Өнім беруші Сатып алушыдан тиісті шотты алған кезден бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде жүргізіледі.
Тауарды тұтастай немесе оның бір бөлігін жеткізуден бас тартқан жағдайда, Өнім беруші Сатып алушыға жеткізілмеген тауар құнының 10%-ы мөлшерінде біржолғы айыппұл төлеуге міндетті. Біржолғы айыппұл төлеуге шотты тауарды жеткізудің соңғы күнінен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде тауарды жеткізу орындалмаған кезде Сатып алушы береді.
Сатып алушы Өнім берушіге өсімпұл және/немесе айыппұл төлеу үшін берген шот жеткізілген тауарға төлем жасау бойынша және өсімпұлды және/немесе айыппұлды төлеу бойынша біртектес екіжақты талаптарды есептеуді жүргізу мақсатында өзара есеп айырысуды салыстыру актісіне енгізілуі мүмкін.
Сатып алушы өсімпұл және/немесе айыппұл сомалары бойынша Өнім берушінің міндеттемелерін өтеу есебінен қосымша келісімді орындауды қамтамасыз ету сомасын ұстап қалуға құқылы.
Өсімпұл немесе айыппұл төлеу тараптарды осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
Өнім беруші ақаулы тауар партиясын ауыстыру және/немесе толықтай алу (қайтару) жөніндегі міндеттемелерін бұзған жағдайда, Өнім беруші Сатып алушыға барлық сапасыз (бұзылған және/немесе ақауы бар) тауарды ауыстыру және немесе толықтай алу (қайтару) жөніндегі міндеттемелерін бұзған әр күн үшін осы Шарт бойынша ауыстыруға, алынуға (қайтаруға) жататын тауар бағасының 1 %-ы мөлшерінде өсімпұл төлейді.
Шарт Тараптардың келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда немесе бойынша Тараптардың бірінің бастамасы бойынша біржақты тәртіппен тұтастай немесе ішінара (медициналық техниканың жекелеген атаулары бойынша шарттық міндеттемелерді бұзу) бұзылуы мүмкін.
Мыналар:
1) осы Шартта көзделген міндеттемелерді бірнеше рет бұзылуы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметті орындауға лицензияның қайтарып алынуы;
3) қатарынан екі жыл тауар жеткізуден (себебі мен мән-жайларына қарамастан) бас тарту;
4) Өнім берушінің жосықсыз өнім берушілердің тізбесіне және/немесе мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміне енгізілу жағдайлары;
5) сапасыз тауар жеткізу жағдайлары Сатып алушының бастамасы бойынша осы Шартты бұзу үшін негіз болып табылады.
Жеткізілген тауар үшін төлемді негізсіз кешіктіру осы Шартты Өнім берушінің бастамасымен бұзуға негіз болып табылады.
Шарт бұзылған жағдайда, оны бұзуға бастама жасаған Тарап екінші Тарапқа Шартты бұзу туралы хабарлама жібереді. Хабарламада Шартты бұзу себебі көрсетіліп, күші жойылатын шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шартты бұзудың күшіне енетін күні көрсетіледі.
Егер Өнім беруші банкрот немесе төлемге қабілетсіз болып қалса, Сатып алушы Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберіп, кез келген уақытта Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу бірден жүзеге асырылады және Шарттың бұзылуы Тапсырыс берушіге зиян келтірмесе немесе Тапсырыс берушінің әрекет етуге немесе осының салдарынан болған немесе болуы мүмкін санкцияларды қолдануға қандай да бір құқықтары бұзылмаса, Сатып алушының Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемесі болмайды.
7. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары (форс-мажор)
7. Егер Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толықтай орындамауы еңсерілмейтін күш мән-жайларының, атап айтқанда: топан су, жер сілкінісі, әскери іс-қимылдар, блокадалар, сондай-ақ Өнім берушіге, Сатып алушыға қатысты міндеттемелерін орындауына тыйым салатын не қандай да бір себептерден жұмыстың орындалуына кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің немесе нормативтік актілерінің шығарылуы салдарынан болса, олар жауапкершіліктен босатылады.
Еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш айдан асатын жағдайларды қоспағанда, мұндай мән-жайлар осы Шарттың қолданысын тоқтатуға негіз бола алмайды. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары ықпал еткен, сондай-ақ осы мән-жайлардан туындаған жағдайлар пайда болған уақытқа дейін шегеріледі. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылуы тоқтағаннан кейін екі тарап та Шартты орындауды қайта бастайды.
Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде Тараптардың кез келгені олар орын алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде екінші Тарапты жазбаша түрде осындай мән-жайлардың орын алуы жөнінде хабардар етеді. Осы мән-жайларды тиісті уәкілетті мемлекеттік орган растайды.
Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайларға сүйену құқығынан айырады.
8. Дауларды шешу тәртібі
8. Тараптар арасында осы Шарттан немесе оған байланысты туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі.
Тараптар арасындағы дауларды (және) немесе келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, мұндай дау және (немесе) келіспеушілік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Сатып алушының орналасқан жері бойынша түпкілікті реттелуге тиіс.
Осы Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
9. Хат-хабарлар
9. Кез келген хабарламалар немесе хабарландырулар жазбаша түрде ұсынылады және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберіледі. Хабарлама жедел болған жағдайда көрсетілген хат-хабар факспен, электрондық поштаның көмегімен немесе оның жеткізілуін тіркеуді, оны тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен міндетті түрде жіберілуін көздейтін өзге телекоммуникациялық байланыс құралдарымен берілуі мүмкін.
Осы Шарт бойынша хат-хабар Тараптарға немесе олардың заңды өкілдеріне осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша жіберілуге тиіс.
Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта пошта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртаңбасы бар хабарламасы болса, хат-хабар жіберілген Тарап оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып саналады. Факспен жіберілген, электрондық пошта көмегімен немесе оның жеткізілуін тіркеуді, оны тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен міндетті түрде жіберілуін көздейтін өзге телекоммуникациялық байланыс құралдарымен жіберілген хат-хабар оны қабылдайтын факсимильді аппараттың, электрондық поштаның немесе басқа да телекоммуникациялық байланыс құралдарының жүйесінде алуы туралы жауап хабарламасымен растау болған кезде осы Шартта белгіленген талаптар сақталған жағдайда, хат-хабар жіберілген Тарапқа ол берілген күні (сағатта) жеткізілген болып саналады.
10. Өзге де жағдайлар
10. Шартқа қол қойылғаннан кейін осы Шарттың нысанасы туралы ауызша және жазбаша нысандағы барлық құжаттар, хат-хабарлар, келіссөздер күшін жояды.
Егер олар осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім түрінде жазбаша нысанда жасалған, Тараптардың осыған уәкілетті өкілдерінің қолы қойылған және Тараптардың мөрлерімен куәландырылған болса, осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулардың күші болады.
Тараптардың екінші Тарапқа осындай Тараптардың заңды құқық иеленушісін қоспағанда, үшінші тұлғаға Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін беруге құқығы жоқ.
Кез келген Тараптың атауы, заңды мекенжайлары және басқа да деректемелері өзгерген жағдайда, ол осындай өзгерістер орын алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде екінші Тарапты бұл туралы жазбаша хабардар етеді.
Тараптардың Шартпен реттелмеген өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде Өнім берушіге және Сатып алушыға бір-бір данадан екі данада жасалды. Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда Шарттың орыс тіліндегі мәтініне басымдық беріледі.
11. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары
Сатып алушы ___________________________________________ Өнім беруші ____________________________________________
_______________________________________________________ _________________________________________________________
_______________________________________________________ _________________________________________________________
_______________________________________________________ _________________________________________________________
201 __ жылғы «__»___________
№ ________ Шартқа
1-қосымша
Сатып алынатын тауарлардың тізбесі
Р/с № | Медициналық техниканың атауы | Моделі | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Тауарларды жеткізу кезеңі (жыл) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | | | | | |
Сатып алушы Өнім беруші
201 __ жылғы «___»___________
№ ________ Шартқа
2-қосымша
Сатып алынатын тауардың жиынтығы
Р/с № | Медициналық техниканың атауы | Жиынтығы | Құны |
| | | |
| | | |
САТЫП АЛУШЫ ӨНІМ БЕРУШІ
______________________ _________________________
м.о. м.о.
201 __ жылғы «___»___________
№ ________ Шартқа
3-қосымша
Техникалық ерекшелік
Тауардың атауы
Тіркелген атауы: __________________________________________________________________________________
Сатып алынатын моделі: ___________________________________________________________________________
Өндіруші:________________________________________________________________________________________
Тіркеу нөмірі:_____________________________________________________________________________________
Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі: _________________________________________________________________
Егжей-тегжейлі техникалық сипаттамасы_____________________________________________________________
Тауарлар жаңа әрі бұрын қолданылмаған түрде жеткізіледі. Тауардың әр жиынтығы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы бар техникалық және пайдалану құжаттамасымен жабдықталады. Тауарды әкелу және сату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Жеткізу жиынтығы тауарлардың және барлық жиынтығының нақты техникалық сипаттамалары көрсетіліп және осы кестенің әрбір тармағына жекелеп (жиынтығы немесе жабдық бірлігі) сипатталады. Егер техникалық ерекшелікте өзгеше көрсетілмесе, электр қуаты ешқандай қосымша жалғастыру тетігінсіз немесе транформаторсыз 220В болуы тиіс. Аспаптармен бірге жеткізілген бағдарламалық жасақтама түпкі алушының орнатылған жабдығының бағдарламалық жасақтамасына сәйкес болуы тиіс. Өнім беруші тауарды жеткізу рәсімін аталған тауармен жұмыс істеу үшін персоналды оқытуға құжатпен расталған білікті мамандардың қолдауын, тауарды орнатуды, жөндеуді және іске қосуды қамтамасыз етеді. Тауарды жеткізуді жүзеге асыру кезінде Өнім беруші тапсырыс берушіге тауардың бағдарламалық жасақтамасына қол жеткізу үшін барлық сервис-кодтарды береді. Кепілдікті сервистік және техникалық қызмет көрсету және жөндеу мерзімі түпкі алушыға ресми хабарланған сәтінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде істен шыққан жабдыққа жөндеу жүргізу немесе оны ауыстыра отырып, жабдықты пайдалануға беру сәтінен бастап кемінде 37 (отыз жеті) айды құрайды. Қызмет көрсетудің кепілдікті мерзімі ішінде сервистік қызмет көрсетуді Өнім берушінің білікті маманы тоқсанына кемінде 1 рет жүзеге асырады. Техникалық ерекшелікке техникалық және пайдалану сипаттамаларын, сондай-ақ модельдер мен өндірушілерді көрсетуден басқа, жеткізілетін тауарлардың фотосуреттері де қоса беріледі. Өлшеу құралдарына жататын тауарлар Қазақстан Республикасының өлшем құралдарының тізіліміне енгізілуі тиіс. Жабдықты орнатуға дейін күнтізбелік 40 (қырық) күннен кешіктірмей Өнім беруші түпкі алушыны жабдықты сәтті іске қосу үшін қажетті орнату алдындағы талаптар туралы хабардар етеді. Үй-жайды сыртқы пішіні бойынша есіктердің стандартты ойығынан өтетін (ені 80 см, биіктігі 200 см), инсталляциялық дайындаумен күрделі монтаждау жұмыстарын жүргізуді болжамайтын көлемді жабдық. Жұмыс орнына жеткізуді, жабдықты түсіруді, қаптамасын ашуды, орнатуды, аспаптарды жөндеуді және іске қосуды, олардың сипаттамасының осы құжатқа және фирманың ерекшелігіне сәйкестігін (дәлдігі, сезгіштігі, өнімділігі және т.б.) тексеруді, персоналды оқытуды Өнім беруші жүзеге асырады.
САТЫП АЛУШЫ ӨНІМ БЕРУШІ
______________________ _________________________
м.о. м.о.
201 __ жылғы «___»___________
№ ________ Шартқа
4-қосымша
Монтаждау, іске қосу-баптау жұмыстары (қызметкерлерді оқыту) бойынша қызметтер көрсету
актісі
______________________________________________ 201 __ жылғы «___»__________
(Қызметтер көрсету орны)
Р/с № | Медициналық техниканың атауы | Монтаждауды, іске қосу-баптау жұмыстарын жүзеге асыратын тұлғаның (тұлғалардың) Т.А.Ә. | Саны | Көрсетілген қызметтердің және жүргізілген жұмыстардың сипаттамасы |
| | | | |
| | | | |
САТЫП АЛУШЫ ӨНІМ БЕРУШІ
______________________ ________________________
м.о. м.о.
ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ ӨКІЛІ
________________________
м.о.