Үстеме баға саясатын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Бірыңғай дистрибьютор анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.09. № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 87-тармақ өзгертілді
87. Тапсырыс берушілер жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған бюджет бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға бірыңғай дистрибьютордың тізімінде көзделген келесі күнтізбелік жылға арналған дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға түпкілікті өтінімді береді, онда мыналар қамтылуы тиіс:
1) дәрілік заттардың атауы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі;
2) бекітілген бюджетке және ай сайынғы қажеттілікке сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саны.
Бұл ретте, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саны ай сайын ең аз қаптамаға дейін дөңгелектенеді;
3) мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе куәлік, жарғы/ереже көшірмелері, олардың деректемелері, мекенжайы (пошта және заңды), байланыс телефондары, факстары, электрондық поштасының мекен жайы, бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның лауазымы (атқаратын лауазымын растайтын құжаттың көшірмесі), және Т.А.Ә., сатып алуды жүзеге асыруға жауапты адамның Т.А.Ә., сатып алу жоспарланатын бағдарламаның, кіші бағдарламаның, ерекшеліктің атауы көрсетілген тапсырыс берушілердің толық атауы;
Соңғы өтінімдерді қалыптастыру кезінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саны алдын ала өтінімде көрсетілген санынан кемінде 25 %-ға (жиырма бес пайызға) арттырылуы немесе азаю жағына қарай өзгертілуі мүмкін.
Соңғы өтінімді қалыптастыру кезінде тапсырыс беруші сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың санын олардың сапасын сақтау мақсатында осы Ереженің 86-тармағына сәйкес ең аз қаптамаға дейін жинақтайды.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 87-1-тармақпен толықтырылды
87-1. Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды қорытындылаған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде сатып алынатын дәрілік заттардың атауларының нақты бағасын көрсете отырып, белгіленген нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға нәтижелері туралы есеп береді.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 87-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 87-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
87-2. Бірыңғай дистрибьютор ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгі мерзімде дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу және жеткiзу мониторингiн жүргiзедi және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органға денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша есеп бередi.
ҚР Үкіметінің 2015.08.07. № 515 Қаулысымен 87-2-тармақпен толықтырылды
87-3. Тапсырыс берушілер алдын ала, түпкілікті, қосымша өтінімдерді қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық форматта ұсынады. Өтінімдерді электрондық форматта жіберген жағдайда, өтінім тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат түрінде қалыптастырылады.
ҚР Үкіметінің 2015.08.07. № 515 Қаулысымен 88-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
88. Тапсырыс берушілер түпкілікті өтінімдердің және бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс берушінің арасында осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алудың үлгі шартына сәйкес әзірленген және жасалған дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу шартының (бұдан әрі - сатып алу шарты) негізінде дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады.
Бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушілерден түпкілікті өтінімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сатып алу шартын қабылдау-беру актісі бойынша тапсырыс берушілерге қол қоюға береді.
Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордан сатып алу шартын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей оларға толық көлемде қол қояды.»
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 8-1-тараумен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 8-1-тарау жаңа редацияда (бұр.ред.қара)
8-1-тарау. Медициналық техниканы сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2015.08.07. № 515 Қаулысымен 88-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
88-1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енбейтін, құны 5000000 (бес миллион) теңгеге дейінгі медициналық техниканы сатып алу келісілген клиникалық-техникалық негіздеме және техникалық ерекшелік негізінде осы Ереженің 7-тармағының 1) тармақшасында көзделген тәсілмен жүзеге асырылады:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарымен, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен;
2) жергілікті атқарушы органдарға бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарымен, денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарымен;
3) «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамымен «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарымен келісілген клиникалық-техникалық негіздеменің және техникалық ерекшеліктің негізінде осы Ереженің 7-тармағының 1) тармақшасында көзделген әдіспен жүзеге асырылады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілген құны 5000000 (бес миллион) теңгеге дейінгі медициналық техниканы сатып алуды осы Ереженің 133-139-тармақтарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарымен келісу рәсімдерін және лизинг берушінің сараптамасын жүргізбей міндетті түрде өтінім беру арқылы тапсырыс беруші жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2015.14.04. № 229 Қаулысымен 88-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
88-2. Құны 5 000 000 (бес миллион) теңгеден бастап 50 000 000 (елу миллион) теңгеге дейінгі медициналық техника қаржылық лизинг шарттарында және осы Ережеге сәйкес сатып алынады.
Егер:
1) лизингтік төлемдерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі есебінен өтеу тетігі болмаса;
2) қаржылық лизинг шарты қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкес келмесе, медициналық техника қаржылық лизинг шарттарында сатып алынбайды.
ҚР Үкіметінің 2015.14.04. № 229 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.08.07. № 515 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 88-3-тармақ өзгертілді
88-3. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы қаржылық лизинг шарттарында сатып алынбайтын құны 5000000 (бес миллион) теңгеден 50000000 (елу миллион) теңгеге дейінгі медициналық техниканы, құны 50000000 (елу милион) теңгеден жоғары, сондай-ақ біріздендіруді талап ететін медициналық техниканы осы Ереженің 8-2-тарауына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алады. Сұрау салынған медициналық техниканың клиникалық-техникалық негіздемесіне, техникалық сипаттамасына және құнына сараптаманы лизинг беруші жүргізеді.
Жергілікті бюджет есебінен бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша медициналық техниканы сатып алу осы Ереженің 133-139-тармақтарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарымен келісу рәсімдерін және лизинг берушінің сараптамасын жүргізбей міндетті түрде өтінім беру арқылы тапсырыс беруші жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 8-2-тараумен толықтырылды
8-2-тарау. Үкімет айқындаған тұлғаның медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруы
88-4. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алатын медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болады (бұдан әрі - 8-2-тарауда СҚ-Фармация).
Денсаулық сақтау ұйымдарына қаржылық лизинг шартында кейіннен беру үшін лизинг беруші қаражаты есебінен сатып алынатын медициналық техника үшін сатып алуды ұйымдастырушы лизинг беруші болады, ал СҚ-Фармация осы Ереженің 3-бөлімінің 10 және 11-тарауларына сәйкес өнім берушілерді іріктеу бойынша тендер өткізеді.
Ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күніне дейiн СҚ-Фармация мен лизинг беруші облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алатын және лизинг берушінің қаражаты есебінен сатып алатын медициналық техниканы сатып алу және жеткiзу мониторингiн жүргiзедi және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органға денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша есеп бередi.
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен 88-5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
88-5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алынатын медициналық техниканы сатып алуды дайындау және ұйымдастыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тапсырыс берушілерден алған медициналық техниканың тізбесін, клиникалық-техникалық негіздемесін, техникалық өзіндік ерекшелігін, санын, мерзімін, жеткізу шарты мен орнын, медициналық техниканың әрбір атауы бойынша сатып алу үшін бөлінген сомасын, тапсырыс берушінің толық атауын, банк деректемелерін, мекенжайын (пошталық және заңды), байланыс телефоны/факс нөмірін, электрондық пошта мекенжайын, тапсырыс берушінің басшысының лауазымы мен Т.А.Ә. қамтуы тиіс ақпаратты, сатып алынатын медициналық техникаға көрсетуі жоспарланған медициналық қызметтердің тізбесі мен саны, пайдаланудың техникалық шарттары, сатып алынатын медициналық техниканы пайдалану үшін мамандар туралы мәлімет бар ақпаратты лизинг берушіге ұсынады.
Лизинг беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы ереженің 88-5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты ұсынған сәттен бастап күнтізбелік қырық күн ішінде денсаулық сақтау ұйымының медициналық техниканы қабылдауға және тиісті түрде пайдалануға дайындық деңгейін, медициналық техниканың денсаулық сақтау ұйымы көрсететін қызметтерге сәйкестігін анықтау, сондай-ақ өтінім берілген медициналық қызметтерге медициналық техниканың анағұрлым жарамды техникалық сипаттамаларын анықтау мақсатында, әрбір атауы бойынша медициналық техниканың клиникалық-техникалық негіздемесі, техникалық өзіндік ерекшелігі (техникалық сипаттамасы) және құны бөлігінде сараптама жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытындының ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті бекіте отырып сараптамалық қорытынды шығарады.
Біріздендіруді талап ететін медициналық техниканы сараптау нәтижелері бойынша бірыңғай біріздендірілген бір техникалық ерекшелікке сараптамалық қорытынды әрбір тапсырыс беруші бойынша шығарылады.
Ұсынылған ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы бұзылған жағдайда лизинг беруші ақпаратты қарамай, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға қайтарады.
Лизинг беруші сараптамалық қорытынды шығарылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бекітілген техникалық ерекшелікті тапсырыс берушілерге келісу үшін жолдайды.
Тапсырыс берушілер үш жұмыс күні ішінде сатып алынатын медициналық техниканың техникалық өзіндік ерекшелігін келіседі, ол тігілген және нөмірленген түрінде ұсынылады, оның әрбір бетіне тапсырыс беруші қол қояды, ол тапсырыс берушінің мөрімен расталады және лизинг берушіге ұсынылады.
Тапсырыс беруші келіскен техникалық ерекшелікті лизинг беруші үш жұмыс күні ішінде сараптамалық қорытындымен бірге тігеді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға тізбесі, саны, жеткізу орны және медициналық техниканың әрбір атауы бойынша сатып алуға бөлінген сомасы бөлігінде келісуге жібереді.
Тапсырыс беруші мерзімінде келіспеген техникалық ерекшеліктің сараптамалық қорытындысын лизинг беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібермейді.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган лизинг берушіден техникалық ерекшелікпен бірге тігілген сараптамалық қорытындыны алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде санын, мерзімін, жеткізу шарты мен орнын, медициналық техниканың әрбір атауы бойынша сатып алу үшін бөлінген сомасын қоса беріп, тендер өткізу үшін оны СК-Фармацияға жолдайды.
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.14.04. № 229 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.08.07. № 515 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 88-6-тармақ өзгертілді
88-6. Денсаулық сақтау ұйымдары қаржылық лизинг шартында сатып алынатын, бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілмеген медициналық техниканың техникалық сипаттамасының (техникалық ерекшеліктердің) оңтайлы параметрлерін айқындау үшін клиникалық-техникалық негіздемені, техникалық ерекшелікті және өзге де құжаттарды техникалық, ұйымдастырушылық сараптаманы және құн сараптамасын, сондай-ақ қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу үшін лизинг беруші айқындаған тәртіппен және құжаттар тізбесіне сәйкес ұсынады.
Лизинг беруші техникалық, ұйымдық сараптаманы және құн, сондай-ақ қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкестік сараптамасы жүргізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде сатып алу жоспарланған медициналық техниканың тізбесін әзірлейді, оны алған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде медициналық техниканың тізбесін келісуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға саны және жеткізу орны бөлігінде келісуге жібереді.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілген медициналық техниканың тізбесін лизинг беруші он бес жұмыс күні ішінде екі кезеңдік рәсімді және бір көзден сатып алуды пайдалана отырып, медициналық техниканың өнім берушілерін іріктеу бойынша тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін СҚ-Фармацияға жібереді. Тендер өткізгеннен кейін СҚ-Фармация лизинг берушіге он жұмыс күні ішінде жеңімпаз деп анықталған өнім берушілердің тізбесін жібереді.
Өнім берушілерді айқындау қорытындысы бойынша лизинг беруші он бес жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау ұйымдарымен және медициналық техниканы берушімен лизинг беруші айқындаған нысан бойынша қаржылық лизинг шартын жасасады.
Қаржылық лизинг шарты жасалғаннан кейін өнім беруші денсаулық сақтау ұйымына лизинг нысанасын ұсынады, осы шартта көзделген тәртіппен және жағдайларда іске қосу-баптау жұмыстарын, персоналды оқытуды және медициналық техникаға кепілдік берілген сервистік қызмет көрсетуді жүргізеді. Бұл ретте медициналық техникаға кепілдік берілген сервистік қызмет көрсету медициналық техника пайдалануға берілген күннен бастап кемінде отыз жеті айды құрауы тиіс.
88-7. ҚР Үкіметінің 2015.14.04. № 229 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
88-8. ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 767 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 88-9-тармақ жаңа редакцияда
88-9. СҚ-Фармация денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұсынған сатып алынатын медициналық техниканың тізімдері негізінде бес жұмыс күні ішінде тізбесі, саны, мерзімі, жеткізу шарттары мен орны, бағасы және сатып алу үшін бөлінген сомасы, медициналық техниканың әрбір атауы бойынша техникалық сипаттамалары (техникалық ерекшеліктері) қамтылған сатып алынатын медициналық техниканың жиынтық тізімін қалыптастырады, тендер жариялайды және осы Ереженің 3-бөлімінің 10 және 11-тарауларында көзделген тәртіппен жеткізушілерді іріктеуді жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2015.08.07. № 515 Қаулысымен 88-10-тармақпен толықтырылды
88-10. Денсаулық сақтау ұйымдары қаржылық лизинг шартында бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілген медициналық техниканы сатып алу үшін клиникалық-техникалық негіздемені, техникалық ерекшелікті, әлеуетті өнім берушінің атауын және басқа да құжаттарды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен Медициналық техниканың оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесін сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылатын техникалық, ұйымдастырушылық сараптамасын және құн сараптамасын, сондай-ақ қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкестігі сараптамасын жүргізу үшін лизинг берушіге ұсынады.
Лизинг беруші техникалық, ұйымдастырушылық сараптаманы және құн сараптамасын, сондай-ақ қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкестігі сараптамасын жүргізгеннен кейін он жұмыс күні ішінде сатып алу жоспарланған, отандық өндіруші өндірген медициналық техниканың тізбесін қалыптастырады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға саны, мерзімі және жеткізу орны бөлігінде келісуге жібереді, ол оны алған кезден бастап күнтізбелік он бес күн ішінде медициналық техниканың тізбесін келісуді жүзеге асырады.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілген медициналық техниканың тізбесі бойынша лизинг беруші жиырма жұмыс күні ішінде лизинг беруші айқындайтын нысан бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен және медициналық техниканы жеткізушімен үшжақты қаржылық лизинг шартын жасасады.
Қаржылық лизинг шарты жасалғаннан кейін отандық өндіруші - өнім беруші осы шартта көзделген тәртіппен және шарттарда денсаулық сақтау ұйымына медициналық техниканы жеткізеді, іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізеді, персоналдарды оқытады және медициналық техникаға кепілдік берілген сервистік қызмет көрсетуді ұсынады. Бұл ретте медициналық техникаға кепілдік берілген сервистік қызмет көрсету медициналық техника пайдалануға берілген күннен бастап отыз жеті айдан кем болмауға тиіс.
9-тарау. Отандық тауар өндірушіні қолдау
ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 89-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
89. Егер осы Ереженің 7-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көзделген тәсілдермен дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілер ретінде тек сол бір лот бойынша екі және одан көп отандық тауар өндірушілер қатысқан жағдайда, онда тапсырыс беруші осы лот бойынша отандық тауар өндірушілердің ғана баға ұсыныстарын қарайды.
ҚР Үкіметінің 2010.27.08. № 844 қаулысымен 90-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
90. Егер тендерде қандай да бір лот бойынша отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін бір өтінімі берілсе немесе әлеуетті өнім берушінің екі және одан көп өтінімі берілсе, оның біреуі - отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін өтінімі болса, онда комиссия тендерді бұл лот бойынша өтпеген деп жариялайды (өтініш берілген көлем шеңберінде), ал тендерді ұйымдастырушы бір көзден сатып алу тәсілімен отандық тауар өндіруші болып табылатын осы әлеуетті өнім берушіден сатып алуға көшеді.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-бөлім. Бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлғаның медициналық техниканы
сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
10-тарау. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендер
өткізу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 91-тармақ өзгертілді
91. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендер тәсілімен сатып алу мынадай реттік кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы комиссия құруы;
бiрыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының сараптама комиссиясын құруы;
екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендер өткізу туралы хабарландыру;
әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдау, ашу және қарау;
әлеуетті өнім берушілердің қосымша өтінімдерін қабылдау, ашу және қарау;
әлеуетті өнім берушілерге ең төмен бағаны айқындау рәсіміне рұқсатнама;
2) екінші кезеңде ең төмен бағаны айқындау бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады.
1. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендер
өткізуді ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 92-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
92. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік комиссиясын (бұдан әрі - комиссия) құрады және оның құрамын әр тендерге жеке бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2015.14.04. № 229 Қаулысымен 93-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
93. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан болуы тиіс және үш адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияның хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды және тендерлік комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы болмайды.
Комиссия құру туралы шешім қабылданған кезден бастап ол сатып алу туралы шарт немесе қаржылық лизинг шарты күшіне енгенге дейін жұмыс істейді.
Егер тендер өтпей қалды деп танылса немесе оның нәтижелері жойылса, онда комиссия өзінің қызметін тоқтатады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 94-тармақ жаңа редакцияда
94. Комиссияның құрамына бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе ол өкілеттік берген тұлға, қызметкерлері, тапсырыс берушілердің өкілдері және/немесе тапсырыс берушілердің мемлекеттік басқару органының, Лизинг берушінің өкілдері енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 95-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
95. Комиссияның төрағасы бірыңғай дистрибьютордың құрылымдық бөлімшесінің немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының басшысынан төмен емес, оның қызметін басқаратын, комиссия отырыстарында төрағалық ететін, жұмысты жоспарлайтын және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын адам болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 96-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
96. Комиссияның хатшысы бірыңғай дистрибьютордың немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушының қызметкері болып табылады. Комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушілерден тендерлік өтінімдермен конверттерді қабылдайды, комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды және материалдарды дайындайды, комиссияның отырысы өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді, түскен тендерлік өтінімдерді және ашық тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуеттік өнім берушілерді, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (тендерлік өтініммен конвертті ұсынған және конверттерді ашу рәсімдері кезінде қатысқан адамдар), әлеуетті өнім берушілер ұсынған конверттердің уақыты мен күні көрсетілген тіркеу журналдарын жүргізеді. Келіп түскен тендерлік өтінімдерді және ашық тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналдары тігілген, парақтары нөмірленген болуы тиіс, соңғы парағы бірыңғай дистрьюбитердің мөрімен куәландырылған болуы тиіс.
97. Комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда ғана өткізіледі. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және қатысқан комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі дауыс бергенде ғана қабылданды деп есептеледі.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 98-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
98. Комиссия мүшелерінің біреуі өндірістік немесе басқа себепке байланысты болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі және осы фактіні дәлелдейтін құжатқа сілтеме көрсетіледі.
Егер комиссияның жұмыс регламентінде оның төрағасы немесе төрағасының орынбасары бекіткен (бұдан әрі - Регламент) көрсетілген уақытта комиссия мүшелерінің қажетті саны болмаса, онда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы комиссияның құрамына мұндай ауыстыру себебін көрсете отырып комиссияның жоқ мүшелерін ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізеді.
99. Комиссия отырысының хаттамасына қатысқан барлық комиссияның мүшелері, оның төрағасы, орынбасары және хатшысы қол қояды.