2) 50-баптың 6-тармағының д-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«д-1) әділет органдарына: өздері жүргiзiп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша сот орындаушысының әділет органының мөрімен расталған және сот санкция берген қаулысы негiзiнде;».
21. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
15-1-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы бекіткен нормалар бойынша мүліктің заттай және басқа да түрлерімен қамтамасыз етіледі.».
22. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
26-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын.
«Осындай жабдық пен материалдық жеткiзгiштердiң тiзбесiн уәкілетті орган бекiтедi.».
23. «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 83-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат):
1) 7-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Радиоактивтi қалдықтарды орналастыру радиоактивтi қалдықтардың пайда болуына алып келетiн кез келген қызмет түрiнiң мiндеттi кезеңi ретiнде жобалық және техникалық құжаттамада көзделуге тиiс. Радиоактивтi қалдықтарды жинау мен көмудi ұйымдастыру тәртiбiн, сондай-ақ бұл қызметтi жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындайды.»;
3) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерiн есепке алу мен бақылаудың мемлекеттiк жүйелерiн ұйымдастыру тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.»;
4) 18-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Пайдаланушы ұйымның персоналы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен аттестаттаудан өтедi.».
24. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 10-1-баптың 2), 4), 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
2) 10-2-бапта:
2) және 10-3) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-10), 10-11), 10-12) және 10-13) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бекітеді;
10-11) кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға коммуналдық көрсетілетін қызметтер жеткізетін нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарттарын бекітеді;
10-12) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін айқындайды;
10-13) тұрғын үйлерге қойылатын техникалық талаптарды бекітеді;»;
3) 10-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-5) және 4-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-5) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерде (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда және қонақүй кешендері) құрастырылған қауіпті техникалық құрылғыларды (лифттер, эскалаторлар, фуникулерлер) пайдаланатын ұйымдармен кондоминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
4-6) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекітеді;».
25. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат):
1) 3-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш жәрдемақыға құқығы бар адамның тұрғылықты жерi бойынша жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға берiледi, оған тiзбесiн орталық атқарушы орган бекiтетiн құжаттар қоса беріледi.
3. Азаматтарға жәрдемақы тағайындауды орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi.»;
2) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жәрдемақы төлеу орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
3) 9-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүгедектікті куәландыру, оның себептерін, топтарын және еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін анықтау қағидаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы уәкілетті орган әзірлейді.».
26. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 144-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот приставтарын нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.».
27. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат):
1) 3-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі «атқарушылық іс жүргізу органдарының» деген сөздер «әділет органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды тестілеуден өткізу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін қағидаларда айқындалады.».
28. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 5-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің тәртібі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен заң көмегіне ақы төлеу қағидаларында белгіленеді.»;
2) 8-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін қағидаларда айқындалады.».
29. «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ осы органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын заңнамада белгiленген өз құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға құқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, олардың ведомстволары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, өзге де мемлекеттiк органдар);»;
2) 3-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
«7-2) құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғай алмайды.»;
3) 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
«7-2) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;»;
4) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобасы жұмыстарын жоспарлау
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобасы жұмыстарының жыл сайынғы жоспарын жасайды.
2. Жоспардың жобасын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейді.
3. Үкіметтің заң жобасы жұмыстарының жоспары Қазақстан Республикасының Президентімен келісіледі.»;
5) 17-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) актiнiң нысанын көрсету: Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Республикасының кодексі; Қазақстан Республикасының заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсінің қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы; министрдің бұйрығы; орталық мемлекеттік орган басшысының бұйрығы; орталық мемлекеттiк органның қаулысы; ведомство басшысының бұйрығы; мәслихаттың шешiмi; әкiмдiктiң қаулысы; әкiмнiң шешiмi; осы Заңда көзделген нормативтік құқықтық актінің өзге де нысаны;»;
6) 22-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Нормативтік құқықтық актілермен реттелетін құқық қатынастарға карай осы актілердің жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.
Заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, ғылыми сараптама жүргізілмеуі мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олармен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми сараптама жүргізілуге міндетті.»;
2 және 5-тармақтар алып тасталсын;
7) 25-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін, сол сияқты кірмейтін орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері үшін - Үкімет және осы органдар туралы заңнамалық актілермен, осы органдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен;»;
8) 36-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы министрлерiнің және орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
30. «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 48-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 5-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;
2) 6-баптың бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) иондаушы сәулелену әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және себептiк байланысын анықтау тәртiбiн айқындау;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) радиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу;»;
3) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Сәуле алудың жеке мөлшерiн есепке алу және бақылау
Иондаушы сәулелену көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық рәсімдер жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендiк радиациялық аяға байланысты азаматтар алған сәуле алудың жеке мөлшерiн бақылау мен есепке алу халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртiппен сәуле алудың жеке мөлшерiн бақылау мен есепке алудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi шеңберiнде жүзеге асырылады.».
31. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат):
1) 14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Инкассолық өкiмде төлемнiң мақсаты көрсетiледi және ақша жөнелтушiнiң келiсуінсіз ақшаны алып қою құқығы көзделетiн заңнамалық актiге сiлтеме жасалады.
Ақша жөнелтушiнiң банк шотында ақша жеткiлiксiз болған кезде салық қызметі органдарының салықтық берешекті өндіріп алу туралы, жеке сот орындаушыларының және әділет органдарының атқарушылық құжаттар бойынша инкассолық өкімдерін орындау мұндай шотқа ақшаның түсуiне қарай жүргiзiледi.».
32. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша:
«жылжымайтын мүлік орталықтарының», «жылжымайтын мүлік орталығының», «жылжымайтын мүлік орталықтары», «жылжымайтын мүлік орталығына», «жылжымайтын мүлік орталығын», «Жылжымайтын мүлік орталықтары» деген сөздер тиісінше «жылжымайтын мүлік орталықтарының және олардың филиалдарының», «жылжымайтын мүлік орталығының және оның филиалының», «жылжымайтын мүлік орталықтары және олардың филиалдары», «жылжымайтын мүлік орталығына және олардың филиалына», «жылжымайтын мүлік орталығын және оның филиалын», «Жылжымайтын мүлік орталықтары және олардың филиалдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.»;
3) 5-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.».
33. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламенінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 4-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тiзбесiн уәкiлеттi орган бекiтедi.»;
2) 7-баптың бірінші бөлігінің 3), 7-3), 7-5) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тәртібі «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін өнімді магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескеріле отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларынан басқа кезде, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайларды, оның iшiнде уәкілетті орган бекiткен тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;»;
«7-3) уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен тұтынушыларға және өзге де мүдделi тұлғаларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөнiндегi қызметі туралы жыл сайын есеп беруге;»;
«7-5) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпарат ұсынуға және осы ақпаратты табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға;»;
«8) уәкілетті орган бекiткен үлгi шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ реттелiп көрсетiлетiн өзге де қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасуға;»;
3) 7-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органның ұсынысы бойынша осы баптың 1-тармағында көзделмеген тауар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын белгілейді.»;