32) 241-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ұстауларды ескере отырып есептелген тауарларды өткізуден түсетін сомалар декларанттарға, ал егер тауарларды декларациялау жүргізілмесе, кеден органында олар туралы мәліметтер болған кезде, кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен оларды өткізуден түсетін ақша түскен күннен кейінгі күннен бастап үш ай ішінде кеден органдарына тауарлардың меншік иелері өтініш жасаған кезде оларға қайтарылады.»;
33) 248-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарлардың жекелеген санаттарын Кеден одағының кедендік аумағына кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған орындарға ғана әкелуге болады.»;
34) 254-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарлардың жекелеген санаттарын Кеден одағының кедендік аумағынан кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған әкету орындарынан ғана әкетуге болады.»;
35) 260-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыру кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен расталады.»;
36) 262-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) есепке алуды (оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып) жүргізуге және келіп түсетін, сақталатын, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы есептілікті кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кеден органына ұсынуға;»;
37) 266-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды қабылдау және тіркеу кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
38) 271-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазартуды жасау тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
39) 281-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде ұсыну, пайдалану және сақтау тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
40) 295-баптың 5 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Рұқсатты беру, ұзарту, тоқтата тұру және оны кері қайтарып алу тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
«7. Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау және кедендік тазарту тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
41) 322-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кедендік алып жүру тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
42) 329-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Межелі кеден органы тасымалдаушы осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезден бастап бір сағат ішінде олардың берілуін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тіркейді.»;
43) 353-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
44) 364-баптың 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Есептің нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
45) 377-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
46) 409-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, оларға теңестірілген халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес, осындай тұлғалардың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде аккредиттелгенін растайтын құжатты көрсеткен кезде кедендік бақылаумен жүзеге асырылады. Бажсыз сауда дүкендеріндегі тауарларды өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
47) 483-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нысанды киімнің және нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мен айырым белгілерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.».
13. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі - тіркеуші орган) - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;»;
2) 84-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комиссияның қызмет тәртібі мен құрамын Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.»;
3) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«89-бап. Асырап алуға жататын балаларды және балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу
1. Асырап алуға жататын балаларды есепке алу осы Кодекстің 117-бабының 5 және 6-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алуды Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар жүргізеді.
3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тiлек бiлдiрген шетелдiктердi есепке алуды Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жүргiзедi.»;
4) 91-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда. Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар болған кезде, олардың тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi;»;
5) 111-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.»;
6) 117-баптың 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу тәртібін Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.»;
7) 133-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Патронаттық тәрбие туралы ережені Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.»;
8) 140-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«140-бап. Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кірістің түрлері
Ата-ананың алатын және алимент ұсталатын жалақысы және (немесе) өзге де кірісі түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.»;
9) 179-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мұндай бөлімдер жоқ жерлерде ауыл, кент, ауылдық округ әкімі өздерінің аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін тіркеуге арналған құжаттарды қабылдауды және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және оларды осы Кодексте көзделген мерзімдерде Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға мәліметтер енгізу үшін ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың тіркеуші органына беруді, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер беру мен тапсыруды жүргізеді.»;
10) 181-баптың 1-тармағы және 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілетін куәліктердің нысандарын Қазақстан Республикасының әділет органдары бекітеді.
2. Акт кітаптары қатаң жүйелі түрде тігілген және нөмірленген, оны құрастырған тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекемделген бірдей жүз акт жазбасын қамтып, екі данада жасалады. Акт жазбаларының бірдейлігін тіркеуші органның лауазымды адамдары қамтамасыз етеді.»;
11) 198-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бір жасқа толған және одан асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеуді облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің тіркеуші органның қорытындысы негізінде ауданның, қаланың тіркеуші органы жүргізеді.»;
12) 279-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi жүргізеді және олар жасаған акт жазбалары Қазақстан Республикасының астанасы әкімдігінің тіркеуші органына беріледі.».
14-тармақ 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14. 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
671-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қаулы шығарған сот қаулы заңды күшіне енгеннен кейін тиісті әділет органына атқару парағын, мүлік тізімдемесінің көшірмесін және қаулының көшірмесін мүлікті тәркілеу туралы үкімдерді орындау үшін белгіленген тәртіппен орындауға жібереді.».
15-тармақ 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15. 2014 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:
1) 15-баптың 7) тармақшасындағы «қағидаларын;» деген сөз «қағидаларын бекітеді.» деген сөздермен ауыстырылып, 6), 8) және 9) тармақшалары алып тасталсын;
2) 16-баптың 14) тармақшасындағы «қағидаларын бекітеді.» деген сөздер «қағидалар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15), 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
«15) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ережені;
16) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын;
17) қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ережені бекітеді.»;
3) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Айыппұл, сондай-ақ мүлікті тәркілеу түріндегі жазаларды мүліктің тұрған жері бойынша және сотталған адамның жұмыс орны бойынша әділет органдары орындайды.».
16. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат):
1) 5-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарих және мәдениет ескерткiшiн мәртебесiнен айыруға және Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастауға объект толық түгел жойылған және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқан жағдайда ғана жол беріледі.»;
2) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) уәкілетті орган туралы ережені бекітеді;
3) Ұлттық пантеон туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
3) 18-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«17) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi деп таниды және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосады;
18) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айырады және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының және осы Заңның 5-бабының бесінші бөлігі талаптарының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастайды.»;
4) 19-бапта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың тәртібін және пайдалану режимін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2), 14-3), 14-4), 14-5), 14-6), 14-7) және 14-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілейді;
14-2) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау қағидаларын бекітеді;
14-3) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларын бекітеді;
14-4) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын бекітеді;
14-5) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
14-6) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру тәртібін бекітеді;
14-7) республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекiтедi;
14-8) республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiн мәртебесiнен айырады және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының және осы Заңның 5-бабының бесінші бөлігі талаптарының негізінде, уәкілетті органның арнайы комиссиясымен келісу бойынша республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарады;»;
5) 27-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін уәкiлеттi орган бекiтедi.».
17. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат):
1) 8-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Метрополитенде қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін және техникалық құралдардың күтіп-ұсталуын бақылауды метрополитен орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.»;
2) 9-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Метрополитенмен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын жергілікті атқарушы орган айқындайды.»;
3) 11-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын жергілікті атқарушы орган бекітеді.»;
4) 15-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.»;
5) 21-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзетудi, сондай-ақ теміржол, әуе көлiгiнде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзудi және өрт салдарын жоюды өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртiппен әскерилендiрiлген күзет қызметтерi мен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзудi және өрт салдарын жоюды жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртiппен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.»;
6) 23-бапта:
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлiк құралдарының қозғалысы және тиеу-түсiру жұмыстары жүзеге асырылатын метрополитеннің, станциялардың, порттардың, кемежайлардың, әуежайлардың, көлiк кәсiпорындары мен теміржол желілерінің аумақтары, сондай-ақ су жолдары қауiптiлігі жоғары аймақтар болып табылады. Қауіптілігі жоғары аймақта болу және онда жұмыстар жүргізу қағидаларын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
Уәкілетті мемлекеттік орган бекiткен тiзбе бойынша қауiптi жүктердi күзету мен алып жүрудi бүкiл жүру жолында жүктi жөнелтушiлер немесе алушылар қамтамасыз етедi.»;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Метрополитеннің қауiптiлігі жоғары аймағында болу және онда жұмыстар жүргiзу қағидаларын жергілікті атқарушы орган бекітеді.»;
7) 24-1-баптың 9-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлік қызметі субъектілерін аттестаттауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жергілікті атқарушы орган жүргізеді.»;
8) 24-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерді беру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.»;
9) 25-баптың екінші бөлігінде:
4-1) тармақша және 17) тармақшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1 жеке және заңды тұлғалардың су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауын бақылауды және қадағалауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қолдануды;»;
«Нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.»;
28) тармақшадағы «нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауын, оларды бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жөнiнде шаралар қолданылуын қамтиды» деген сөздер «Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерін, халықаралық шарттарын сақтауын бақылауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнiнде шаралар қолдануды қамтиды» деген сөздермен ауыстырылып, 26), 27) және 29) тармақшалар алып тасталсын.
18. «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» 1995 жылғы 7 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 32-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат, 2013 ж., № 13, 62-құжат):
6-1-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді. Ас қорыту ағзаларының ауруларына шалдыққан адамдар диеталық тамақпен қамтамасыз етіледі.».
19. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат):
1) 7-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлеріне жататын заңды тұлғалар мазмұнын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын үлгiлік жарғы негiзiнде өз қызметiн жүзеге асыра алады.»;
2) 12-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгiлеген нысан бойынша тіркеуші орган беретін анықтама заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін), филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркелгенін (қайта тiркелгенін) растайтын құжат болып табылады.».
20. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 2-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ұлттық басқарушы холдинг не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің және жоғарыда көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары ірі акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын банктің үлестес тұлғалары болып табылмайды.»;