28) 69-баптың 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
«5. Дәрігердің рецептісі бойынша босатуға арналған дәрілік заттарды рецептісіз өткізуге тыйым салынады.
Дәрілік заттарды рецептімен немесе рецептісіз босатуға жатқызу қағидаларын уәкілетті орган белгілейді.»;
29) 75-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дәрілік заттар тұтынушылық (бастапқы және қайталама) қаптамасына мемлекеттік тілде және орыс тілінде жақсы оқылатын қаріппен басылған және уәкілетті орган бекіткен тәртіп талаптарына сай келетін таңбасымен айналысқа түсуге тиіс.
2. Медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техника тікелей медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техникаға және (немесе) тұтынушылық қаптамаға уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сай басылған таңбасымен айналысқа түседі.»;
30) 78-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес олардың қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда сақталады және тасымалданады.»;
31) 79-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«79-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою
Жарамсыз күйге түскен, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз деп есептеледі және олар осы дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника қарауында тұрған, олардың айналысы саласындағы субъектілердің уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жоюына жатады.»;
32) 80-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады.»;
«4. Уәкілетті орган айқындайтын жекелеген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады.
Гуманитарлық көмекке (жәрдемге) немесе төтенше жағдайлар кезіндегі көмекке арналған дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника (оның ішінде тіркелмегендері) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілетін қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде Қазақстан Республикасына әкелінеді.»;
33) 80-1-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган айқындаған тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағына дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелудi:»;
34) 81-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.»;
«3. Төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
35) 84-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тыйым салу, тоқтата тұру немесе айналыстан алып қою тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
36) 88-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен көрсетімдер болған кезде, бюджет қаражаты есебінен шетелде медициналық көмек алуға;»;
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Психикасының бұзылушылығы (ауруы) бар адамдардан басқа, жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдардың жынысын ауыстыруға құқығы бар.
Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидаларын уәкілетті орган белгілейді.
4. Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек уәкілетті органмен келісу бойынша қылмыстық-атқару жүйесі органдары айқындайтын тәртіппен көрсетіледі. Аталған адамдар медициналық көмек алу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғарыда келтірілген барлық құқықтарын пайдаланады.
5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.»;
6-тармақ алып тасталсын;
37) 115-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша адамдар жатады.»;
38) 117-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзімен байланысты жұмыстарды жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы көрсетімдер тізбесін уәкілетті орган бекітеді және жинақталған тәжірибе мен ғылыми жетістіктер ескеріле отырып, кемінде бес жылда бір рет қайта қаралады.»;
39) 121-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ақшаны пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
40) 136-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Иондандырушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған азаматтардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
41) 142-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Анатомиялық сыйды жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына берудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.»;
42) 144-баптың 3 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарын әзірлеу мен бекіту тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітеді.»;
«6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, гигиеналық нормативтерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітеді және Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.»;
43) 146-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.»;
44) 150-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін және пайда болу мен таралу қатері төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.»;
45) 152-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Профилактикалық дезинсекция мен дератизацияны (инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.»;
46) 155-баптың 4 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осы қарап тексеруді өткізудің тәртібі мен кезеңділігін уәкілетті органмен келісу бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.»;
«10. Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу мен жүргізу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.»;
47) 156-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылуға тиіс.»;
48) 159-бапта:
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы, құрамының деңгейі туралы және кемінде үш зиянды қосынды - жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтер енгізілмесе сатуға тыйым салынады. Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы, олардың деңгейі және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді;»;
3, 7, 8, 10 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындардағы көрнекі жерде мынадай мазмұндағы: «Темекі бұйымдарын он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың сатуына тыйым салынады» деген жазба, сондай-ақ темекі шегудің зияны туралы уәкілетті орган бекіткен ескерту орналастырылуға тиіс.»;
«7. Темекі шегу үшін арнайы бөлінген орындар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген талаптарға сәйкес жабдықталуға тиіс.
8. Темекі бұйымдарын өндіруші, импорттаушы темекінің және темекі бұйымдарының барлық маркаларында никотиннің және шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы, өткен он екі айда Қазақстан Республикасының аумағында өздері шығарған немесе шығаруды ниет еткен, сатқан немесе өзге де жолдармен таратқан темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есептерді жыл сайын келесі жылдың 1 ақпанына дейін уәкілетті орган бекіткен тәртіппен ұсынуға міндетті.»;
«10. Құрамындағы никотин және шайырлы заттар уәкілетті орган айқындайтын жол берілетін шекті деңгейлерден асатын темекі бұйымдарын әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.»;
«13. Темекі бұйымының қорабында, темекі бұйымының қаптамасында уәкілетті орган бекіткен темекі шегудің зияны туралы ескерту болуға және ол мынадай талаптарға сәйкес келуге:
1) темекі бұйымы қорабының, темекі бұйымы қаптамасының ауданы бойынша әрбір үлкен жағының кемінде қырық пайызын алуға;
2) жылтыр орауыш пленкаға немесе қандай да бір сыртқы орауыш материалға басылмауға;
3) сурет (пиктограмма, графика) және жазулар түрiнде орындалуға тиіс.»;
49) 160-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тамақ өнімін байыту (фортификациялау) тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.»;
50) 165-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қан мен оның компоненттерін уәкілетті орган белгілеген мөлшерде ақылы тапсыруды (донациялауды) жүзеге асыруға;»;
51) 167-баптың 7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Донорлық функцияны өтеусіз жүзеге асырған донор қан мен оның компоненттерін тапсырғаннан (донациялағаннан) кейін өз қанының көлемі мен организмінің әл-ауқаты шығындарын толтыру үшін таңдауы бойынша тегін тамақ не уәкілетті орган белгілейтін мөлшердегі оның ақшалай баламасын алады.
8. Донорлық функцияны ақылы негізде атқарған донорға қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен және мөлшерде ақы төлейді.».
12. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 4-баптың 1-тармағының 50-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«50-1) уәкілетті заңды тұлға - уәкілетті орган айқындаған, төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы заңды тұлға;»;
2) 30-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кеден өкілі кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға міндетті.»;
3) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілетін біліктілік аттестаты бар кедендік декларациялау жөніндегі маман кеден өкілінің атынан кедендік декларациялау жөніндегі іс-әрекеттерді жасау құқығына ие.»;
4) 34-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық жабдыққа қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
5) 37-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізуге және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына мұндай тауарларды тасымалдау туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға;»;
6) 44-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сақталатын тауарлардың есебін жүргізуге және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына олар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға;»;
7) 51-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) кеден қоймасында сақтауда тұрған тауарлардың есебін жүргізуге және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға;»;
8) 54-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы Кодекстің 409-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бажсыз сауда дүкендері үшін тиісті тізілімге енгізудің қосымша шарттарын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
9) 58-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бажсыз сауда дүкеніне тауарлардың түсу және осы дүкенде оларды өткізу есебін жүргізуге, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға;»;
10) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«60-бап. Еркін қойма иесі
Кеден органдарының еркін қойма иелерімен өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және (немесе) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен белгіленеді.»;
11) 60-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«60-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы
Кеден органдарының арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының халықаралық шартында белгіленеді.
Арнайы экономикалық аймақ аумағын жайластыру тәртібін, адамдардың осындай аумаққа кіруін, арнайы экономикалық аймақ аумағына тауарларды әкелу туралы хабарлама беруді, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ аумағына тауарларды әкелуге және оларды осындай аумақтан әкетуге рұқсат беруді, тауарлар есебін жүргізуді, сондай-ақ осындай тауарлар бойынша кеден органына есептілікті ұсынуды, еркін кеден аумағының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды Кеден одағы тауарлары деп тануды арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
12) 68-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодексте көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдер сәйкес болуға тиіс талаптарды кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді. Көрсетілген талаптар кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, веб-порталында орналастырылады.
2. Бағдарламалық өнімдердің кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін ғана оларды кедендік мақсаттар үшін пайдалануға жол беріледі.»;
13) 78-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тауарларды шығарғанға дейін де, оларды шығарғаннан кейін де тауарлардың дұрыс сыныпталмауы анықталған жағдайда, осы баптың 2-тармағында айқындалған кеден органының лауазымды адамы тауарларды сыныптауды жүзеге асырады және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша тауарларды сыныптау жөнінде шешім қабылдайды.»;
9-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеден органы декларант сұрау салынған құжаттарды ұсынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша тауарларды сыныптау жөнінде шешім шығарады және бір жұмыс күнінен кешіктірмей оны декларантқа поштамен жібереді.»;
14) 85-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
15) 91-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарлар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдерді кеден ісі саласындағы уәкілетті орган преференциялық және преференциялық емес режимдерді қолданған кезде қабылдайды. Тауарлар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешім қабылдау нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
16) 121-баптың 3-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріндегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 135-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы не оны ұсынудан бас тарту туралы шешім төлеушінің жазбаша өтініші және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген құжаттар берілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылданады.»;
18) 138-баптың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Осы Кодексте және Кеден одағының кеден кодексінде реттелмеген бюджетке аудару, артық (қате) төленген немесе бюджеттен артық өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың сомаларын қайтару (есепке жатқызу) қағидаларын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
19) 140-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушінің жеке шоттарын жүргізу тәртібі осы Кодексте белгіленеді, ал онда реттелмеген бөлігін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
20) 141-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Төлеушінің жеке шоты кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың түрлері бойынша жүргізіледі.»;
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салыстыру аяқталғаннан кейін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, екі данада акт жасалады. Салыстыру актісінің бір данасы төлеушіге тапсырылады, екінші данасы кеден органында қалады.»;
21) 143-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
22) 150-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің қолданылу тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
23) 151-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомаларын анықтау кезінде кедендік баждардың, салықтардың төленуге тиіс сомаларын кеден органына тауарлардың сипаты, олардың атауы, саны, шығарылған елі және кедендік құны туралы дәл мәліметтерді ұсынбау себепті дәл айқындау мүмкін болмаса, қамтамасыз ету сомасы кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, қолда бар мәліметтер негізінде айқындалуы мүмкін кедендік баждар, салықтар мөлшерлемелерінің неғұрлым үлкен шамасы, тауарлардың құны және (немесе) олардың заттай түрдегі физикалық сипаттамалары (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары) негізінде айқындалады.»;
24) 154-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған кедендік әкету баждарының, салықтардың және кедендік алымдардың сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің сомаларын қайтару (есепке жатқызу) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
Кедендік әкелу баждарының артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
25) 196-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі және 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендік бақылау жүргізу уақытын қысқарту және оның тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары тізбесі мен қолданылу тәртібін кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейтін кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдалануы мүмкін.»;
«3. Кедендік бақылаудың мақсаттары үшін кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалану тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
26) 209-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу тәртібі мен нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
27) 210-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Есептілікті ұсыну нысанын және тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
28) 216-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
29) 234-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендік сараптаманы жүзеге асыру мақсатында кеден органының лауазымды адамы осы Кодекстің 223 және 299-баптарында көзделген кедендік тексеруді және кедендік декларациялауды жүргізу кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүргізеді. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, декларанттың не кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның немесе олардың өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
30) 237-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ұсталған тауарларды сақтау жөніндегі шығыстарды өтеу тәртібін кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
31) 240-баптың 2-тармағы және 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу, жою немесе өзге де пайдалану кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Сақтау және өткізу бойынша шығыстары құнынан асып түсетін тауарлар, сондай-ақ кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын басқа да жағдайларда, жойылуға жатады.»;