25-тарау. Қоғамдық тәртiпке және имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
434-бап. Ұсақ бұзақылық
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді; 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 112-VІІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиісу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды білдіретін, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бестен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
он бестен отыз тәулікке дейінгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екіншi бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2024.05.07. № 112-VІІІ ҚР Заңымен 4-бөлікпен толықтырылды (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4. Ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бестен жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2024.05.07. № 112-VІІІ ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жиырмадан отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2024.05.07. № 112-VІІІ ҚР Заңымен 6-бөлікпен толықтырылды (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекет -
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 434-1-баппен толықтырылды
434-1-бап. Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзуы
1. Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын:
1) спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып кіру;
2) спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарын кемсітетін плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрінетін заттарды пайдалану түрінде бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 434-2-баппен толықтырылды
434-2-бап. Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау
2024.05.07. № 112-VІІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2024.05.07. № 112-VІІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
435-бап. Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 293-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық -
ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 436-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен 436-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
436-бап. Пиротехникалық бұйымдарды елді мекендерде қолдану
1. 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану -
пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған әрекет-
пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстің 437-бабында көзделген құқық бұзушылық үшiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам жасаған әрекет-
пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
437-бап. Тыныштықты бұзу
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу, сол сияқты тұрғын ғимараттарда және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарының жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзуы -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
438-бап. Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру
1. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру -
жеке тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған не аварияларды, өрттердi, дүлей зілзала салдарын жою кезеңiнде жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер -
ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 439-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
439-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлау -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға не жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 440-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
440-бап. Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу
1. Жергілікті атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі -
ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 441-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
441-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді; 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы баптың 1-2-бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну -
жеке тұлғаларға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-2-бөлікпен толықтырылды; 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 1-2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-2. Әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну -
жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жұмыс берушiнiң темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды бұл үшiн арнайы айқындалмаған орындарда тұтынатын адамдарға шаралар қолданбауы -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 441-1-баппен толықтырылды
441-1-бап. Автомобиль көлік құралында кәмелетке толмаған адамдар болған кезде оларда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу
1. Автомобиль көлік құралында кәмелетке толмаған адамдар болған кезде оларда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну -
жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 442-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы
1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы -
заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы -
заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 3-бөлікпен толықтырылды; 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
заңды өкілдеріне жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 443-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
443-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2016.30.12. № 41-VI ҚР Заңымен 443-1-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
443-1-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың міндетті дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуден өтуден бас тартуы
1. 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
443-1-баптың екінші бөлігінің қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
2. Шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартуы -
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге алып келеді.
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың міндетті геномдық тіркеуден өтуден бас тартуы -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
444-бап. Құмар ойындарға қатысу, тарту немесе рұқсат беру
1. Құмар ойындарға (ақшаға, затқа және өзге де құндылықтарға) бұл үшiн бөлiнбеген орындарда қатысу, сол сияқты бұған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де жарыстарға ставка қабылдауы -
ойын құралдары, ақша, заттар және өзге де құндылықтар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді; 2024.08.07. № 117-VІІІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарды, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдарды, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген, мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар адамдарды құмар ойындармен және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігумен айналысуға тарту -
жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2024.08.07. № 117-VІІІ ҚР Заңымен 3-бөлікпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдардың, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген, мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар адамдардың құмар ойындарға және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігуге қатысуына рұқсат ету -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2024.08.07. № 117-VІІІ ҚР Заңымен 4-бөлікпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміндегі адамдардың құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруына және өткізуіне рұқсат ету -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіп керлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2024.08.07. № 117-VІІІ ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға алып келеді.
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 445-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
445-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзу
1-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
1. Ойын мекемелерін, тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассаларын тұрғын емес үй-жайларда орналастыру туралы талапты және оларды тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) тұрғын емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат үйлерінде (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңы қатынастарындағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салуды сақтамау -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын мекемелерінен (тотализаторлардың немесе букмекер кеңселерінің кассаларынан) тыс жерлерде бәс тігуі, мөлшерлемелерді қабылдауы (есепке алуы), ұтысты төлеуі не заңда белгіленген жағдайды қоспағанда, ақшадан басқа өзге де мүлік түрінде мөлшерлемелер қабылдауды және (немесе) ұтыс беруді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруы және өткізуі -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ойын автоматына технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы жөніндегі талаптарды сақтамау -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып және лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Ойын бизнесін ұйымдастырушының Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен және шарттарда міндетті резервтерді қалыптастыру, пайдалану, тұрақты негізде орналастыруды қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды орындамауы -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Ойын автоматтарын немесе олардың бөліктерін казинолардағы және ойын автоматтарының залдарындағы қабырғаларға, терезе мен есіктің ойықтарына монтаждау -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын бейнежазу жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптарды сақтамауы не жазылған ақпаратты сақтау мерзімдерін немесе тіркеу шарттарын бұзуы не бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық орнату міндетін орындамауы -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2024.08.07. № 117-VІІІ ҚР Заңымен 6-1-бөлікпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6-1. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын мекемелерінде, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор үй-жайларында, казино мен ойын автоматтары залының кассаларында, тотализатордың немесе букмекерлік кеңсенің кассаларында және электрондық кассаларында, өзінің интернет-ресурстарында құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертуді орналастыру жөніндегі талаптарды сақтамауы -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.