7-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
7. Бір казинода кемінде отыз ойын үстелін, ойын автоматтары залында кемінде алпыс ойын автоматын орнату жөніндегі талаптарды сақтамау -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын автоматтарын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалануы -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
9. Аппараттық-бағдарламалық кешен серверін фискалдық режиммен қамтамасыз ету, аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы бәс тігу қорытындысының нұсқаларына ұтыстардың коэффициенттерін есептеуді, қабылданған мөлшерлемелерді есепке алуды, бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыстарды есептеуді, ұтыстарды және олар бойынша төлемдерді есепке алуды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындамау -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
10. Аппараттық-бағдарламалық кешен есептеген коэффициенттер негізінде және алда болатын нақты оқиғаларға ғана мөлшерлеме қабылдау туралы, не букмекер кеңселерін аппараттық-бағдарламалық кешенмен жабдықтау жөніндегі, не экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін не ауырлығы орташа қасақана қылмыстар, ауыр қылмыстар, аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар адамның ойын мекемесінде басшылық лауазымға тағайындалуына тыйым салу туралы талаптарды сақтамау -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2024.08.07. № 117-VІІІ ҚР Заңымен 11-бөлік өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Осы баптың бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, 6-1, жетінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Осы баптың үшінші және сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер - әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып және лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.09.04. № 496-V ҚР Заңымен 445-1-баппен толықтырылды
445-1-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзу
2024.08.07. № 117-VІІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Лотерея операторының әрбір тираждың және тираждық лотереяның лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттері бойынша ұтыстардың нәтижелерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімдік баспасөз басылымдарында жариялау немесе лотерея операторының интернет-ресурсында орналастыру жөніндегі талаптарды орындамауы, сол сияқты жариялау немесе орналастыру мерзімдерiн бұзуы -
қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Лотерея операторының лотерея өткізудің бекітілген талаптарының бір данасын лотерея және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті органға жіберу және лотерея өткізудің талаптарын өзінің интернет-ресурсында орналастыру туралы талаптарды орындамауы, сол сияқты жіберу немесе орналастыру мерзімдерiн бұзуы -
қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 117-VІІІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Лотерея операторының таратылған лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттері, өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім, төленген ұтыстар туралы ақпаратты жинау, қалыптастыру, сақтау және есепке алу жөніндегі талаптарды бұзуы, сол сияқты оны лотереялар және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті органға бермеуі, уақтылы бермеуі не анық емес ақпарат беруі -
қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Лотерея операторының жүлде қорын қалыптастыру жөніндегі талаптарды бұзуы -
қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 6-бөлікпен толықтырылды
6. Лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаның лотерея өткізуі -
жеке тұлғаларға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 7-бөлікпен толықтырылды
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жеті жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
446-бап. Эротикалық мазмұндағы өнiмдердi жарнамалау
Эротикалық мазмұндағы өнiмдi осы мақсаттар үшiн бөлiнбеген орындарда сату, тарату немесе жарнамалау -
эротикалық мазмұндағы өнiм тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
447-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу
Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 448-бап өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
448-бап. Кәмелетке толмағандардың вандализмі
Он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған вандализм, яғни мемлекет қорғайтын тарихи-мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштерін, табиғи объектілерді жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық имандылыққа қиянат жасайтын өзге де әрекеттермен қорлауы -
ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
449-бап. Қоғамдық орындарда тиісу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 112-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға не бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, шетелдік не азаматтығы жоқ адам жасаған әрекеттер -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
2024.05.07. № 112-VІІІ ҚР Заңымен 450-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
450-бап. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсету немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 112-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсету немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну -
қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекет -
қызметіне немесе қызметінің жекелеген түрлеріне үш жылға дейінгі мерзімге тыйым сала отырып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға - бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
26-тарау. Баспасөз және ақпарат саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
2024.19.06. № 95-VIII ҚР Заңымен 451-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
451-бап. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын бұзу
1. Есепке қоймай не шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп тану туралы шешім шығарылғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралының өнімін тарату -
бұқаралық ақпарат құралының өнімі тәркілене отырып, лауазымды адамдарға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Меншік иесі ауысқан немесе оның атауы, аты, тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығарылу мерзімділігі өзгерген, сондай-ақ теле-, радиоарнаның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайларда, қайта есепке алынбай бұқаралық ақпарат құралының өнімін жасап шығару, дайындау, таралымын көбейту және (немесе) тарату -
бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға - қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер - бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салуға алып келеді.
4. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, масс-медиада ата-аналары және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстар жасауда сот кінәлі деп таныған кәмелетке толмағандарды қоспағанда, құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмаған адамның дербес және биометриялық деректерін, оның жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты тарату -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Телерадиокомпаниялардың Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын:
1) отандық теле-, радиоарналардың отандық теле-, радио бағдарламаларды белгіленген пайыздық нормадан кем таратуы;
2) телеарнада жаңалық сипатындағы телебағдарламаларды сурдоаудармамен немесе субтитр түріндегі аудармамен қамтамасыз етпей тарату;
3) телеарнада кадр алаңының жиырма бес пайызынан асатын және телебағдарламалардағы мәтіндік немесе ақпараттық материалды бұзатын коммерциялық жарнама сипатындағы қосымша ақпаратты тарату;
4) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу, телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларына және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын беру сапасын қамтамасыз етпеу түрінде жасаған бұзушылығы -
лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Жергілікті уақытпен нөл сағаттан бастап есептелетін әрбір алты сағат сайынғы уақыт аралығында мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың көлемін теле-, радиобағдарламалардың Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасында белгіленгеннен жалпы көлемінен кем тарату -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
телевизия және (немесе) радиохабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке арналған лицензиядан айыра отырып және бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Отандық теле-, радиоарналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің он пайызынан асатын шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялау -
лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. Осы баптың оныншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
лауазымды адамдарға - бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
12. Телерадио хабарларын тарату операторларының Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын:
1) телерадио хабарларын тарату операторларының міндетті теле-, радиоарналарды таратпауы;
2) телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарнаны ретрансляциялау шарттарын бұзуы түрінде жасаған бұзушылығы -
лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
13. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
14. Телерадиокомпаниялардың және телерадио хабарларын тарату операторларының Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын:
1) ғимараттың және (немесе) ғимараттардың меншік иелерінің жазбаша келісімінсіз коммерциялық мақсатты көздемейтін ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру;
2) телерадио хабарларын тарату операторларының және телерадиокомпаниялардың адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты құлақтандыру сигналын, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде сигналды уақтылы таратпауы;
3) телерадио хабарларын таратудың сәйкестікті растау рәсімінен өтпеген техникалық құралдарын пайдалану;
4) радиотаратқыш және (немесе) радиоқабылдағыш байланыс құралдарына жерүсті спутниктік дара қабылдау құрылғылары арқылы бөгеуіл жасау;
5) телерадио хабарларын тарату операторларының уәкілетті органда есепке, қайта есепке қойылмаған теле-, радиоарналарды таратуы түрінде жасаған бұзушылығы -
лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
15. Осы баптың он төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
452-бап. 2024.19.06. № 95-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.19.06. № 95-VIII ҚР Заңымен 453-бап өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
453-бап. Масс-медиа өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату
1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған масс-медиа өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау -
масс-медиа өнiмi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгiттеуге, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға бағытталған, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық амалдары мен тактикасын ашатын мәлiметтер мен материалдар қамтылған масс-медиа өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
масс-медиа өнiмi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
масс-медиа өнiмi тәркiлене отырып, телевизиялық бағдарламаларды және (немесе) радиохабарларының таратылуын ұйымдастыру жөнiндегi қызметке лицензиядан айыра отырып және заңды тұлғаның қызметiне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға - бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған, масс-медиаға жатпайтын өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
өнім тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға - бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
телевизиялық хабарларды және (немесе) радиохабарларының таратылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензиядан айыра отырып және заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
454-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарының, теле- және радиохабарлар материалдарын тiркеудiң, сақтаудың мiндеттi тегiн даналарын беру тәртiбiн бұзу
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мерзiмдi баспасөз басылымдарының, сондай-ақ теле- және радиохабарлар материалдарын тiркеу мен сақтаудың мiндеттi тегiн даналарын бермеу -
ескерту жасауға алып келеді.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.