2) 59-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
3) 100-бапта:
1-тармақ «әскери қызметшілер,» деген сөздерден кейін «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлер,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткеріп жүрген, арнаулы атақтар берілген адамдар құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәртебеге ие болады және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
Лауазымға орналасуы азаматтық қорғау органдарының тікелей негізгі міндеттері мен функцияларын орындайтын лауазымды адамдарға арнаулы атақтар мен сыныптық шендер беру құқығын беретін азаматтық қорғау органдары лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
5-тармақтағы «Мемлекеттік» деген сөз «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ «әскери қызметшілер,» деген сөздерден кейін «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлер,» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Азаматтық қорғау органдарының және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізген кезде, оқу-жаттығуларда, жауынгерлік және жедел кезекшіліктерде, оқу орталықтарындағы сабақтарда, жауынгерлік техника сабақтарында, арнайы міндеттерді орындаған кезде арнаулы киім киіп жүреді.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлерге, мемлекеттік өрте қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылатын кезеңде атыс қаруы мен арнайы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы беріледі. Атыс қаруы мен арнайы құралдарды қолдану тәртібі «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.»;
4) 101-баптың 3-тармағы «әскери қызметшілер,» деген сөздерден кейін «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлер,» деген сөздермен толықтырылсын.
4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №8, 49-құжат):
2-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған ұңғысыз атыс қаруы, сондай-ақ жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен құқық қорғау органдарына берілуі мүмкін.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 29-ы.
№ 374-V