115. Жеңімпаз шартқа қол қойған кезде жалға берушіге салыстыру үшін көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын, оның ішінде тендерге қатысуға арналған өтінімге тіркелген құжаттарды ұсынады:
1) заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама, жарғы;
2) жеке тұлғалар үшін - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі не уақытша жеке куәлігі;
3) заңды тұлғаның өкілі үшін - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі және заңды тұлға өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат.
116. Салыстыру кезінде құжаттардың түпнұсқалары өтінімге тіркелген құжаттарға сәйкес келмеген кезде сәйкессіздік актісі жасалады және қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша тендер өткізілген жоқ деп жарияланады.
117. Тендер объектілеріне қатысты шарт электронды форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және оған «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің үлгі шартына сәйкес жалға беруші мен жалға алушы тендер өткізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қояды.
Жалға беруші үш жұмыс күні ішінде шарт жөніндегі мәліметтерді шарттың сәйкестендіру кодын бере отырып, тізілімге қосуды қамтамасыз етеді.
Жалға алушымен мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарты шарттың талаптары тиісті түрде орындалған кезде шарттың қолданылу мерзімін ұзарту құқығымен бір жылдан аспайтын мерзімге жасалады.
Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту негізгі шартқа қосымша келісім жасасу жолымен жүзеге асырылады.
Негізгі шартқа қосымша келісім еркін нысанда құрылған шартты ұзарту туралы жалға алушының жазбаша өтінішінің және егер шартта белгіленген мерзім аяқталғанға дейін баланста ұстаушы жалға берушіге шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан жазбаша бас тарту ұсынбаса немесе жалға алушының жалгерлік төлемі бойынша борышы болса, жалға берушінің шешімі негізінде жасалады.
Шарт шартта белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін, сондай-ақ жалға алушы шарттың уақытын ұзарту туралы жазбаша өтініш ұсынбаған жағдайда тоқтатылды деп саналады.
118. Қабылдау-тапсыру актісін жалға беруші бекітеді және онда:
1) актіні жасау орны мен күні;
2) өкілдер тараптардың мүдделерін білдіруге уәкілеттік беретін құжаттардың атауы мен деректемелері;
3) объектіні беруге негіз болатын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шартының нөмірі мен қол қою күні;
4) анықталған ақаулардың тізбесі бар берілетін объектінің техникалық жай-күйі;
5) тараптардың мөрлерімен расталған өкілдердің қолдары қамтылуы тиіс.
119. Шартқа қол қойылғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде қорғаныс объектісін баланста ұстаушы қабылдау-тапсыру актісі бойынша жалға алушыға береді, оған жалға алушы, баланста ұстаушы қол қояды және жалға беруші бекітеді.
Жалға беруші объектіні қабылдау-тапсыру актісі бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қабылдау-тапсыру актісі жөніндегі мәліметті тізілімге енгізеді.
120. Қабылдау-тапсыру актісі үш данада мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалады, олардың бірі жалға берушіде, біреуі баланста ұстаушыда сақталады және біреуі жалға алушыға беріледі.
121. Жеңімпаз белгіленген мерзімде шартқа қол қоймаған жағдайда, жалға беруші бір күн мерзімде жаңа тендер өткізу туралы шешім қабылдайды.
122. Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарты міндетті түрде мынадай ережелерді қамтуы тиіс:
1) объектінің техникалық сипаттамасы;
2) жалға алушыға жалға берілген мүлікті беру мерзімі және шарттың қолданылу мерзімі;
3) жалға алынатын мүлікті пайдалану үшін төлем енгізу тәртібі, мөлшері және мерзімі;
4) жалға алушының міндеттері;
5) жалға берушінің міндеттері;
6) шартты мерзімінен бұрын бұзу негіздері мен шарттары.
123. Кемінде бір жыл мерзімге жасалған мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарты мемлекеттік тіркеуге жатады.
Шарттарды мемлекеттік тіркеу жалға алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
124. Мүліктік жалдауға (жалға алу) ақысына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге арналған төлемдер, ағымдағы және күрделі жөндеуге аударымдар, объектіге қызмет көрсетуге арналған төлемдер кірмейді. Бұл төлемдерді жалға алушылар ведомстволық күзетке, пайдалану, коммуналдық, санитариялық және басқа да қызметтерге тікелей төлейді.
125. Егер мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шартында өзгеше көзделмесе, мүлікті пайдалану үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері жылына бір реттен жиілетпей өзгертілуі мүмкін.
126. Егер заңнамалық актілерде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушінің келісімінсіз жалға алушы жасаған ажырамас жақсартулардың құны өтеуге жатпайды.
127. Қазақстан Республикасының аумағындағы қорғаныс объектілерін мүдделі мемлекеттердің үкіметтері арасындағы арнайы келісімдердің негізінде басқа да мемлекеттердің ұйымдарына мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге болады.
128. Қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беруден (жалгерлікке беруден) түсетін қаражат республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
129. Жеңімпазға енгізілген кепілдік жарнаның сомасы жасалған шарт бойынша тендердің қорғаныс объектісін пайдаланғаны үшін төлем есебіне есептеледі.
130. Жалға алушының өз қаражаты есебінен жалгерлікке алынатын қорғаныс объектісі үшін зиянсыз, объектінің ажырамас жақсартуларын жасауы баланста ұстаушының және жалға берушінің жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға беруші жасаған объектілерді ажыратуға келетін жақсартулар, оның жеке меншігі болып табылады.
Егер заңнамалық актілерде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы жасаған ажырамас жақсартулардың құны өтеуге жатпайды.
Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру,
өткізу және құртып жіберу,
кәдеге жарату, көму арқылы жою,
сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік
жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына
1-қосымша
Объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге арналған
ӨТІНІМ
1. Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жарияланған мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы ақпаратты қарап және Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларымен танысып,
__________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) немесе
заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе
сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесiнiң
аты (болған жағдайда)
төменде көрсетілген объектіні жалға алуға ниет білдіреді.
Мүліктік жалға алу (жалгерлікке алу) объектісі(-лері) туралы мәліметтер:
Мүліктік жалға алу (жалгерлікке алу) объектісінің атауы | Мүліктік жалға алу (жалгерлікке алу) объектісінің баланста ұстаушысының атауы және деректемелері |
| |
| |
Мүліктік жалға алу (жалгерлікке алу) объектісі ____________________ ___________________________________________үшін талап етіледі. (объектіге қажеттіліктің негіздемелері көрсетіледі)
2. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-мыз):
Заңды тұлғалар үшін:
Атауы _________________________________________________________
БСН ___________________________________________________________
Басшының тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
_______________________________________________________________
Мекенжайы: ____________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: ___________________________________________
Шарт жасауға арналған банк деректемелері:
ЖСК __________________________________________________________
Банктің атауы __________________________________________________
Кбе___________________________________________________________
Өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) ____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________
3) ____________________________________________________________.
Жеке тұлғалар үшін:
Тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда):
____________________ЖСН ___________________________
Паспорт деректері ______________________________________________
Мекенжайы: ___________________________________________________
Телефон (факс) нөмірі: __________________________________________
Шарт жасасуға арналған банк деректемелері:
ЖСК __________________________________________________________
БСК ___________________________________________________________
Банк атауы _____________________________________________________
Кбе ___________________________________________________________
Өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) _______________________________
2) ________________________________
3) (қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда).
20__ жылғы «___»____________.
Өтінімді мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы
20__ жылғы «___» ____________ ____ сағат «___» минутта қабылдады.
Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру,
өткізу және құртып жіберу,
кәдеге жарату, көму арқылы жою,
сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік
жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына
2-қосымша
Қорғаныс объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша тендерге қатысуға арналған
ӨТІНІМ
1. Жарияланған қорғаныс объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы хабарламаны қарап және Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларымен танысып,
_______________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) немесе заңды
тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе сенімхат негізінде
әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
20____жылғы «___» _______ www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында болатын тендерге қатысуға ниет білдіреді.
2. Мен (біз) тендерге қатысу үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына жалпы сомасы ____ (______________) теңге (сомасы қолмен) ____ (саны) кепілдік жарнаны енгіздім (к).
Кепілдік жарнасы енгізілген мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) объектілері туралы мәліметтер:
Р/с № | Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру объектісінің атауы | Аударуға жататын кепілдік жарнасының сомасы, теңге |
1 | | |
2 | | |
| Жиыны | |
Енгізілген кепілдік жарналары туралы мәлімет:
рР/с№ | Кепілдік жарнасының мақсаты және тендерге қатысу үшін кепілдік жарнасы енгізілген мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру объектісінің атауы | Төлем құжатының № | Төлем құжатының күні | Кепілдік жарнасының сомасы, теңге |
1 | | | | |
2 | | | | |
| Жиыны | | | |
3. Менің (біздің) тендерге қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігім (-міз) анықталған жағдайда, мен (біз) тендерге қатысу құқығынан айырылатыныммен, мен (біз) қол қойған тендер нәтижелері туралы хаттама және мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты жарамсыз деп танылатынымен келісемін (-міз).
4. Егер мен (біз) тендер жеңімпаз(дар)ы деп танылған жағдайда өзіме (-мізге) тендер нәтижелері туралы хаттамаға өткізілген күні қол қою және тендер өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартына қол қою міндеттемелерін аламын (-мыз).
5. Мынадай жағдайларда:
1) тендер өткізілген күні тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған;
2) белгіленген мерзімде мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартына қол қоюдан бас тартқан жағдайда мен (біз) енгізген кепілдік жарна сомасының қайтарылмайтынына және жалға берушіде қалатынына келісемін (-міз).
6. Осы өтінім тендер нәтижелері туралы хаттамамен бірге мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.
7. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-мыз):
Заңды тұлғалар үшін:
Атауы _________________________________
БСН ___________________________________
Басшының тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
_______________________________________________
Мекенжайы: ____________________________________
Телефон (факс) нөмірі:
_____________________________________________________________
Кепілдік жарнаны қайтаруға арналған банк деректемелері:
ЖСК ____________________________________
БСК ____________________________________
Банктің атауы ________________________________________________
Кбе __________________________________
Кепілдік жарна төлеген адамның ЖСН/БСН: _______________________
Өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) ______________________________
2) ______________________________
3) ______________________________.
Жеке тұлғалар үшін:
Тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда): _________________________
______________________________________
ЖСН _________________________________
Паспорт деректері ______________________
Мекенжайы: ___________________________
Телефон (факс) нөмірі: ________________________________________
Кепілдік жарнаны қайтаруға арналған банк деректемелері:
ЖСК________________________________________________________
БСК ____________________________________
Банктің атауы ________________________________________________
Кбе _________________________________________________________
Кепілдік жарна төлеген адамның ЖСН/БСН:
Өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) ____________________________________
2) ____________________________________
3) (қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда).
20__ жылғы «___» ____________.