2) 30-2-баптың екінші абзацы «9),» деген цифрдан кейін «9-1),» деген цифрлармен толықтырылсын;
3) 33-баптың 2) тармақшасында:
2-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
бүкіл мәтін бойынша «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына», «Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына», «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына», «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында», «Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына», «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
жиырма сегізінші абзацтағы «және 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы қырқыншы абзацпен толықтырылсын:
«9-1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем;»;
2-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
қырық алтыншы абзацтағы «гараждарды,» деген сөз «гараждарды, орынтұрақ орындарын,» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетпісінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жетпіс бірінші, жетпіс екінші, бір жүз елу алтыншы және бір жүз елу жетінші абзацтармен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның ережелері «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кредит (қарыз, микрокредит) бойынша талап ету құқығы берілген тұлға міндеттемені кешірген жағдайда да қолданылады;
24-1) қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ коллекторлық агенттіктің сотқа берілетін талап қою арызынан алынатын мемлекеттік бажды төлеуі нәтижесінде ол алған кіріс;»;
«52) «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін төлем түріндегі, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотына бағытталған нысаналы жинақтар;
2-тармақтың 3) тармақшасының он екінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
53) бұрын жүзеге асырылған сатып алу немесе алынған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есепке жазылған сома есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде олардың құнын үнемдеуден түсетін материалдық пайда.»;
2-тармақтың 3) тармақшасының он үшінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
екі жүз алпысыншы абзац «гараждар,» деген сөзден кейін «орынтұрақ орындары,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 3) тармақшасының он төртінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
екі жүз сексен бесінші абзац «баға (құн) мен» деген сөздерден кейін «кедендік және кәдеге жарату төлемдері, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 3) тармақшасының он бесінші абзацы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
алты жүз жетпіс жетінші абзац «зейнетақы қоры» деген сөздерден кейін «зейнетақы төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 3) тармақшасының он алтыншы, он жетінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
алты жүз жетпіс сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке табыс салығы осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді осы Кодекстің 353-бабының 3-1-тармағына сәйкес айқындалатын төлем көзінен салық салынатын кіріс сомасына қолдану арқылы есептеледі.»;
2-тармақтың 3) тармақшасының он сегізінші - отыз үшінші абзацтары 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
алты жүз жетпіс тоғызыншы абзацтағы «Жеке табыс салығының сомасын ұстап қалуды және аударуды» деген сөздер «Егер осы баптың 4, 5, 6 және 6-1-тармақтарында өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығының сомасын ұстап қалуды» деген сөздермен ауыстырылсын;
алты жүз сексен бесінші абзац «басталған» деген сөзден кейін «және жүзеге асырылатын» деген сөздермен толықтырылсын;
алты жүз сексен бесінші абзацтағы «келесі айдың күнтізбелік жиырма бес күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.» деген сөздер «келесі айдың;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алты жүз сексен алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«3) осы баптың 4, 5, 6 және 6-1-тармақтарында белгіленген жағдайларда жеке табыс салығының сомасы біржолғы ұсталған келесі айдың күнтізбелік жиырма бес күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.»;
алты жүз сексен алтыншы абзацтағы «және аударуға» деген сөздер алып тасталсын;
алты жүз сексен жетінші абзацта:
«адамнан» деген сөз «адамға төленген кезде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және аударуға» деген сөздер алып тасталсын;
алты жүз сексен сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жеке тұлғаның сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған кезде біржолғы зейнетақы төлемі сомасынан жеке табыс салығын салық агентінің осы Кодекстің 351-бабында көзделген тәртіппен мынадай жағдайларда:»;
мынадай мазмұндағы алты жүз сексен тоғызыншы - алты жүз тоқсан үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«1) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударған кезде - зейнетақы жинақтарының сомасынан;
2) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі кіріске бұрын қолданылған кезде - зейнетақы жинақтарының сомасынан;
3) біржолғы зейнетақы төлемін жүзеге асырған кезде жеке тұлғаның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотында қалған сомадан біржолғы ұстап қалуына жатады.
6-1. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын жеке тұлғаға біржолғы зейнетақы төлемі кезінде салық агенті осы Кодекстің 351-бабында көзделген тәртіппен жеке табыс салығын ұстап қалуды жүргізеді.
Осы тармақтың ережелері зейнетақы жинақтарының сомасынан жеке табыс салығын ұстап қалу арқылы осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жеке табыс салығын ұстап қалу тәсілі жеке тұлғаның кірістеріне бұрын қолданылған жағдайда да қолданылады.»;
2-тармақтың 3) тармақшасының отыз төртінші - отыз сегізінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы жеті жүз он тоғызыншы - жеті жүз жиырма екінші абзацтармен толықтырылсын:
«3-1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын кірістің мөлшері мынадай тәртіппен айқындалады:
біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс сомасы
алу
осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген салықтық шегерімдердің сомасы.»;
2-тармақтың 4) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 57-17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«57-17-бап. Салық кодексінің 696-3-бабы 5-тармағы үшінші абзацының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 31 наурызға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей қабылдайды, ол қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.»;
2) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 31 наурызға дейін:
«Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ағымдағы жылдың 31 наурызынан кешіктірмей қабылдайды, ол қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.».»;
1-тармақтың 5) тармақшасы 2024 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
5) мынадай мазмұндағы 57-18-баппен толықтырылсын:
«57-18-бап. Салық кодексінің 3-бабы 2-тармағының күші 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде бұл тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Жаңа салықты және (немесе) бюджетке төленетін төлемді белгілеу, мөлшерлемені арттыру, салық салу объектісін және (немесе) салық базасын өзгерту, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) санаттарын ұлғайту, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша шегерімнің немесе жеңілдіктің күшін жою немесе оларды азайту бөлігінде осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңдары ағымдағы жылғы 1 шілдеден кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізілуі мүмкін.
Бұл ретте осы тармақтың күші осы Кодекстің бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларға салық салуға байланысты баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жағдайларына қолданылмайды.».».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының он екінші абзацын;
2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 19) және 41) тармақшаларын, 2-тармағы 3) тармақшасының он алтыншы, он жетінші, отыз төртінші - отыз сегізінші абзацтарын;
3) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 40) тармақшасын, 2-тармағы 3) тармақшасының үшінші, алтыншы, он үшінші абзацтарын;
4) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 22) тармақшасын, 26) тармақшасының үшінші абзацын, 27) тармақшасының екінші абзацын және 29) тармақшасын, 2-тармағы 3) тармақшасының он төртінші абзацын, 4) тармақшасын;
5) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларын, 30) тармақшасының оныншы абзацын, 34), 42) және 60) тармақшаларын, 2-тармағы 3) тармақшасының екінші, он бесінші, он сегізінші - отыз үшінші абзацтарын;
6) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 5), 6), 11), 14), 15), 16), 20) және 57) тармақшаларын;
7) 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 5) тармақшасын;
8) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 37) тармақшасын;
9) 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 27) тармақшасының үшінші - сегізінші абзацтарын, 54) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 55) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Мыналар:
1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін жіберілген, салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операциялары олардың орындалмауына байланысты тоқтатыла тұрған хабарламалар бойынша аталған хабарламалар 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 96-бабының талаптарына сәйкес орындалған жағдайда банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдердің күші жойылады.
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 142-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген мәселе бойынша тақырыптық тексеру жүргізу «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 96-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімі бойынша орындалмады деп танылған, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 96-бабының 2-тармағына сәйкес орындалды деп танылған, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар бойынша, 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған салықтық кезеңдер үшін салықтық міндеттемелер бойынша қолданылмайды;
3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 288-бабы 2-тармағы 2), 3), 4) және 9) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша екінші деңгейдегі банктер алған кірістерге қатысты 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданылмайды деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 12 желтоқсан
№ 45-VІІІ ҚРЗ