ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының
Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 5-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі):
1-тармақтың 1) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) бүкіл мәтін бойынша «зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру», «зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында», «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына», «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында», «Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер тиісінше «әлеуметтік қорғау,», «әлеуметтік қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында», «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына», «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне», «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 2) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 13-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның ережелері деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын салық төлеушіге қолданылмайды.»;
1-тармақтың 4) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4) 20-баптың 5-тармағының 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 5) тармақшасы 2024 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді
5) 24-баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасы он үшінші абзацтағы «адамның банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы мәліметтер ұсынуға міндетті.» деген сөздер «адамның;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
«қызметі құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу болып табылатын заңды тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы мәліметтер ұсынуға міндетті.»;
1-тармақтың 6) тармақшасы 2024 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді
6) 26-бап мынадай мазмұндағы 28-тармақпен толықтырылсын:
«28. Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар мәліметтерді беру бойынша автоматтандырылған өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында аппараттық-бағдарламалық кешендердің салық органының ақпараттық жүйелерімен интеграциялануын қамтамасыз етуге міндетті.
Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін салық органының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің тәртібін, тізбесін және нысанын уәкілетті орган айқындайды.»;
7) 30-бапта:
3-тармақтың 4) тармақшасының бірінші бөлігі «халықты әлеуметтік қорғау» деген сөздер ден кейін «, ақпараттандыру» деген сөзбен толықтырылсын;
7-тармақ 5) тармақшадағы «беру салықтық құпияны жария ету болып табылмайды.» деген сөздер «беру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) ақпараттандыру саласындағы орталық мемлекеттік органның «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру үшін алынған мәліметтерді мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу мақсатында беруі салықтық құпияны жария ету болып табылмайды.»;
8) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Салықтарды, мемлекеттік бажды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту. Салықтық міндеттемені тоқтату негізі. Инвестициялық салық кредиті»;
9) мынадай мазмұндағы 51-2-баппен толықтырылсын:
«51-2-бап. Соттарда мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру тәртібі мен шарттары
1. Мемлекеттік баж төлеу бойынша мерзімдерді өзгерту сот мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарған кезде мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру нысанында жүзеге асырылады.
2. Соттарда мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру жеке тұлғаның мүліктік жағдайы немесе ірі кәсіпкерлік субъектісін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық жағдайы негізге алына отырып, мемлекеттік баж төлеу мерзімінің өзгеруін білдіреді.
3. Кейінге қалдыру осы бапта көзделген негіздер болған кезде сот мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарған күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Бұл ретте жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік баж сомасын кейінге қалдыру мерзімі аяқталғанға дейін ішінара және (немесе) мерзімінен бұрын төлеуге құқығы бар.
4. Кейінге қалдыру мүліктік жағдайы негізге алына отырып, жеке тұлғаға немесе ірі кәсіпкерлік субъектісін қоспағанда, қаржылық жағдайы негізге алына отырып, заңды тұлғаға осындай жағдайы талап қоюды беру кезінде мемлекеттік баж төлеуге мүмкіндік бермейтін болса, алайда оны төлеу мүмкіндігі мынадай негіздердің бірі:
1) дүлей зілзаланың, технологиялық апаттың салдарынан нұқсан келтіру;
2) жеке тұлғаға жалақыны уақтылы төлемеу;
3) жұмыссыз адам ретінде есепке қою;
4) жеке тұлғаның ауыр сырқатының болуы және үш айдан артық емдеуде болуы;
5) заңды тұлғаға берілген тауар, орындалған жұмыстар, ол көрсеткен қызметтер үшін ақша төлемеу;
6) заңды тұлғаның тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өндірудің және (немесе) өткізудің маусымдық сипаты;
7) атаулы әлеуметтік көмек беру болған кезде кейінге қалдыру берілетін мерзім ішінде туындайды деп пайымдауға жеткілікті негіздер болғанда берілуі мүмкін.
5. Соттар мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін істерді қарау орны бойынша салық органдарына мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы ұйғарымның көшірмесін жібереді.»;
10) 70-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салық төлеуші салық органына өзі келу тәртібімен салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттардың көшірмелерін және түпнұсқасын (салыстырып тексеру үшін) немесе құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, салықтық зерттеп-қарау кезінде болмау себептері туралы жазбаша түсінік ұсынуға міндетті.»;
1-тармақтың 11) тармақшасы 2024 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді
11) 96-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігінде:
2) тармақшадағы «осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына салықтық есептілікке енгізілген деректердің анықтығын растайтын салықтық және (немесе) бухгалтерлік есепке алулар (есепке алу) тіркелімдерінен үзінді көшірмелерді және (немесе) көрсетілген бұзушылықтарға қатысты құжаттарды қоса бере отырып,» деген сөздер «салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «бұзушылықтарда көрсетілген операцияларды (мәмілелерді) жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып» деген сөздер «хабарламада көрсетілген операцияларды (мәмілелерді) жүзеге асыру жөніндегі құжаттармен расталған мән-жайларды көрсете отырып» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген түсініктерде:
салық төлеушінің (салық агентінің) түсінікке қол қойған күні;
түсінікті ұсынған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (тұрған жері);
салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;
камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауы;
түсінік ұсынылатын хабарламаның нөмірі мен күні;
осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген түсінікті ұсынған кезде адамның келіспеу мән-жайлары бұзушылықтарда көрсетілген операцияларды (мәмілелерді) жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін міндетті түрде қоса бере отырып көрсетілуге тиіс.
Осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген түсінікті ұсынған кезде салық төлеуші (салық агенті) салық және (немесе) бухгалтерлік есепке алулар (есепке алу) тіркелімдерінен үзінді көшірмелерді және (немесе) растайтын құжаттарды ұсынуға және (немесе) келіспеу мән-жайларын көрсетуге құқылы.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау шеңберінде хабарламада сипатталған бұзушылықтарға жатпайтын құжаттарды талап етіп алдыруға жол берілмейді.»;
«4. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама, егер салық төлеуші (салық агенті) оны осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындамаса, орындалмады деп танылады.
Бұл ретте салық органы мұндай жағдайлар бойынша шешім шығармайды.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны салық органы мынадай:
осы баптың 2-1-тармағының талаптары бұзылған;
түсінікте көрсетілген мән-жайлармен келіспеген жағдайларда, осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген түсінік ұсынылғанда орындалмады деп таниды.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмады деп танылған кезде камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім шығарылады.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай тәсілдердің бірімен:
1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы - салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында белгі қойған күннен бастап жіберіледі. Бұл ретте мұндай шешімді пошта немесе өзге байланыс ұйымы пошта немесе өзге байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізуге тиіс;
2) электрондық тәсілмен:
салық органы шешімді веб-қосымшаға жеткізген күннен бастап жіберіледі.
Бұл әдіс Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушіге қолданылады;
шешім пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жеткізілген күннен бастап жіберіледі.
Бұл әдіс «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады;
3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - оны өзі келу тәртібімен алған күннен бастап жіберіледі.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім шығару нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.»;
4-3-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде орындалмауы осы Кодекстің 118-бабына сәйкес салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға алып келеді.»;
12) 114-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын;
1113) 115-бапта:
4-тармақтағы «6),» деген цифр алып тасталсын;
5-тармақтағы «6)» деген цифр «5)» деген цифрмен ауыстырылсын;
1-тармақтың 14) тармақшасы 2024 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді
14) 118-бапта:
1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған жағдайда - осы Кодекстің 96-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен соң келесі жұмыс күні жүргізіледі.
Бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны салық органының орындалмады деп тануы салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру үшін негіз болып табылмайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күші жойылады.»;
1-тармақтың 15) тармақшасы 2024 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді
15) 120-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Электрондық шот-фактураларды жазып беруді шектеу туралы шешім осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде мынадай тәсілдердің бірімен:
1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы;
2) веб-қосымшаға және (немесе) пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне және (немесе) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне электрондық тәсілмен;
3) салық төлеушіге қолын қойдыра отырып жіберіледі.»;
1-тармақтың 16) тармақшасы 2024 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді
16) 142-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) салық органы өзіне қатысты осы Кодекстің 120-1-бабында көзделген шектеулерді қолданған салық төлеушімен (салық төлеушілермен) өзара есеп айырысулар бойынша салықтық міндеттемені айқындау;»;
9) тармақшадағы «хабарламасын салық төлеушінің (салық агентінің) орындамауы» деген сөздер «хабарламасында көрсетілген бұзушылықтардың бар-жоғын растауы» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 178-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі 2) тармақшадағы «қойылған күн болып табылады.» деген сөздер «қойылған күн;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) электрондық тәсілмен - «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жіберілген күн болып табылады.
Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушіге (салық агентіне) қолданылады.»;
18) 182-баптың 3-тармағындағы «салық төлеушіге (салық агентіне) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі немесе қолын қойғызып» деген сөздер «шағым берген тұлғаға жіберіледі немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 19) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19) 225-баптың 2-тармағының 18) тармақшасы «, оның ішінде мемлекет атынан алушының осындай іске асырумен байланысты туындаған міндеттемелерін есептен шығарудан түскен кіріс» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 20) тармақшасы 2024 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді
20) 227-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың мақсаттарында цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
21) 232-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) осы Кодекстің 250-бабының 6-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің, микрокредит бойынша үмітсіз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруіне байланысты борышкерге қойылатын талап ету мөлшерін микрокредиттер бойынша үмітсіз берешектің және олар бойынша сыйақының салықтық кезеңде кешірілген жалпы сомасын салықтық кезеңнің басындағы микрокредиттер бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыларға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде азайту. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,2 коэффициентке тең;»;
1-тармақтың 22) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22) 241-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
23) 243-бап мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
«18. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің қызметтерін өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып көрсетуге байланысты Ұлттық инфрақұрылым операторы шеккен шығыстар шегерімге жатады.»;
24) 255-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«255-бап. Жер қойнауын пайдаланушының және жүк тасымалдаушының шығыстарын Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес шегеру»;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстарды шегеру мынадай:»;
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Жүк тасымалдаушының Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторына төленген уақытша теңгерімдеу төлемақысы бойынша шығыстарды шегеруге құқығы бар.
8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген шығыстарды шегеру табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген мөлшерлер шегінде жүзеге асырылады.»;
25) 257-баптың 2-тармағы «9),» деген цифрдан кейін «9-1),» деген цифрлармен толықтырылсын;
26) 264-бапта:
1-1) тармақша алып тасталсын;
1-тармақтың 26) тармақшасының үшінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
23) тармақшаның бірінші бөлігі «бейрезидент -» деген сөзден кейін «жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген» деген сөздермен толықтырылсын;
27) 288-бапта:
1-тармақтың 27) тармақшасының екінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың бірінші бөлігі 3-2) тармақшасының бірінші бөлігі «бейрезидент -» деген сөзден кейін «жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 27) тармақшасының үшінші - сегізінші абзацтары 2030 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) агенттік облигациялар бойынша сыйақы;»;
4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 9) тармақшаларының ережелері мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістерге қатысты қолданылмайды.»;
28) 291-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін құрылған, жоғары басқару органы Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын коммерциялық емес ұйым;»;
1-тармақтың 29) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
29) 307-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;
30) 319-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем;»;
24) тармақшада:
төртінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның ережелері «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кредит (қарыз, микрокредит) бойынша талап ету құқығы берілген тұлға міндеттемені кешірген жағдайда да қолданылады;»;
мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ коллекторлық агенттіктің сотқа берілетін талап қою арызынан алынатын мемлекеттік бажды төлеуі нәтижесінде ол алған кіріс;»;
1-тармақтың 30) тармақшасының оныншы абзацы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
25) тармақшаның жетінші абзацындағы, 31) және 32) тармақшалардағы «Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 45) және 46) тармақшалармен толықтырылсын:
«45) «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін төлем түріндегі, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотына бағытталған нысаналы жинақтар;
46) бұрын жүзеге асырылған сатып алу немесе алынған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есепке жазылған сома есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде олардың құнын үнемдеуден түсетін материалдық пайда;»;
31) 353-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«353-1-бап. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемі кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерін алушының және (немесе) уәкілетті оператордың банктік шотына аударған кезде салық агенті жеке табыс салығын есептеуді жүргізеді.