Жеке табыс салығы осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді осы Кодекстің 356-бабының 1-2-тармағына сәйкес айқындалатын төлем көзінен салық салынатын кіріс сомасына қолдану арқылы есептеледі.
2. Егер осы баптың 4, 5, 6 және 7-тармақтарында өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығы сомасын ұстап қалуды салық агенті жеке тұлғаның таңдауына қарай мына тәсілдердің бірі бойынша:
1) осы Кодекстің 353-бабында көзделген тәртіппен;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдері үшін белгілеген график бойынша ай сайын тең үлестермен он алты жыл дан аспайтын мерзім ішінде жүргізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұстап қалу халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысанда салық агентіне ұсынылған жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініш негізінде жүргізіледі.
3. Салық агенті ұстап қалынған жеке табыс салығының сомасын аударуды:
1) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда - біржолғы зейнетақы төлемі жүзеге асырылған келесі айдың;
2) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдері үшін белгілеген графикке сәйкес зейнетақы төлемін аудару басталған және жүзеге асырылатын келесі айдың;
3) осы баптың 4, 5, 6 және 7-тармақтарында белгіленген жағдайларда жеке табыс салығының сомасы біржолғы ұстап қалынған келесі айдың күнтізбелік жиырма бес күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
4. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен кезде салық агенті біржолғы зейнетақы төлемінен ұстап қалмаған және аудармаған жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 353-бабында көзделген тәртіппен зейнетақы төлемінің сомасынан біржолғы ұстап қалуға жатады.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтары мұраға қалдырылған адамға төлеу кезінде салық агенті біржолғы зейнетақы төлемінен ұстап қалмаған және аудармаған жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 353-бабында көзделген тәртіппен зейнетақы төлемінің сомасынан біржолғы ұстап қалуға жатады.
6. Жеке тұлғаның сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған кезде біржолғы зейнетақы төлемі сомасынан жеке табыс салығын салық агентінің осы Кодекстің 353-бабында көзделген тәртіппен мынадай жағдайларда:
1) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударған кезде - зейнетақы жинақтарының сомасынан;
2) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі кіріске бұрын қолданылған кезде - зейнетақы жинақтарының сомасынан;
3) біржолғы зейнетақы төлемін жеке тұлғаның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотында қалған сомадан біржолғы ұстап қалуына жатады.
7. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын жеке тұлғаға біржолғы зейнетақы төлемі кезінде жеке табыс салығын ұстап қалуды салық агенті осы Кодекстің 353-бабында көзделген тәртіппен біржолғы ретпен жүргізеді.
Осы тармақтың ережелері зейнетақы жинақтарының сомасынан жеке табыс салығын ұстап қалу арқылы осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жеке табыс салығын ұстап қалу тәсілін жеке тұлғаның кірістеріне бұрын қолданылған жағдайда да қолданылады.
8. Осы баптың мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салық агенті деп танылады.»;
32) 356-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын кірістің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс сомасы
алу
осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген салықтық шегерімдердің сомасы.»;
33) 372-бапта:
2-тармақ 10) тармақшадағы «алуын білдіреді.» деген сөздер «алуын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының уақытша теңгерімдеу төлемақысын алуын білдіреді.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 40) тармақшамен толықтырылсын:
«40) Ұлттық инфрақұрылым операторының жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып көрсетуі.»;
1-тармақтың 34) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
34) 394-баптың бірінші бөлігінің 22) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 397-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Цифрлық активтерді өткізу жөніндегі айналым қосылған құн салығынан босатылады.»;
36) 400-бапта:
6-тармақтағы «Осы» деген сөз «Осы баптың 9-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің қызметтерін өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып көрсету үшін Ұлттық инфрақұрылым операторы пайдаланған немесе пайдаланатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталған кезде есепке жатқызылуға жатады.»;
1-тармақтың 37) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
37) 463-баптың 4-тармағы 1) тармақшасы кестесінің 12-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
12. | 2203 00 | Сыра қайнату өнімі | 90 теңге/литр |
»;
38) 492-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацындағы «жеңіл автомобиль шассиіндегі» деген сөздер алып тасталсын;
39) 493-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ішкі істер органдары салық органдарына ұсынатын көлік құралын айдап әкету (ұрлау) туралы арыздың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелу фактісін (күнін) растайтын мәліметтер иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп саналған көлік құралын іздестіру кезеңінде салық төлеуден босату үшін негіз болып табылады.
Бұл ретте мұндай салықты есептеу (есепке жазу) көлік құралын айдап әкету (ұрлау) туралы арыз Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген күннен бастап тоқтатылады.
Салықты есептеу (есепке жазу) ішкі істер органдары салық органдарына ұсынған мәліметтер негізінде көлік құралын айдап әкету (ұрлау) және оны қайтару туралы қылмыстық іс тоқтатылған күннен бастап қайта басталады.»;
1-тармақтың 40) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
40) 509-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жазбаша ескертуді» деген сөздер «жазбаша нұсқаманы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша осы Кодекстің 503-бабында белгіленген базалық салық мөлшерлемелері меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талап тарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқаманы табыс еткен күннен бастап жиырма есеге ұлғайтылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мәліметтерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесі ұсынатын осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жер учаскелері бойынша жер салығын салық органдары салық төлеушіге есепке жазылған жер салығының сомасы туралы хабарлама жібере отырып, жер салығының белгіленген мөлшерлемелерін және жер учаскесінің алаңын негізге ала отырып есептейді.»;
1-тармақтың 41) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
41) 511-баптың 9-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «осы Кодекстің 505-бабында келтірілген кестенің 4-бағанында белгіленген» деген сөздер «осы Кодекстің 531-бабының 2-тармағында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 42) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
42) 551-баптың 2-тармағындағы және 552-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
43) 564-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«564-бап. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша төлемақыны есептеу және төлеу тәртібі»;
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «5, 6, 9, 10 және 12» деген сөздер «5 және 6» деген сөздермен ауыстырылсын;
7, 9, 10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Төлемақы сомасы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша - уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесі бойынша есептелген төлемақы бойынша бюджетке төленеді.»;
«9. Объектілерді салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен, ал арнайы экономикалық аймақтың аумағында - жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану шарттары негізінде есептелген төлемақы сомасы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша нұсқаманы табыс еткен күннен бастап он есеге ұлғайтылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің және осы баптың 3-тармағының мақсаттары үшін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібін жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Осы тармақтың ережелері екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға және оның еншілес компанияларына қолданылмайды.
10. Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен, ал арнайы экономикалық аймақтың аумағында - жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану шарттары негізінде есептелген төлемақы сомасы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесі жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқаманы табыс еткен күннен бастап жиырма есеге ұлғайтылады.
Осы тармақтың ережелері екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға және оның еншілес компанияларына қолданылмайды.
11. Осы баптың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген жер учаскелері бойынша мәліметтерді жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органның салық органдарына ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
12. Осы баптың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген, мәліметтерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесі ұсынатын жер учаскелері бойынша төлемақыны салық органдары салық төлеушіге есепке жазылған төлемақы сомасы туралы хабарлама жібере отырып, есептелген төлемақы сомасын және жер учаскесінің алаңын негізге ала отырып есептейді.»;
44) мынадай мазмұндағы 564-1-баппен толықтырылсын:
«564-1-бап. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауы учаскелері үшін төлемақыны есептеу және төлеу тәртібі
1. Жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі бойынша төлемақының жылдық сомасын есепті жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша лицензия қолданылған жағдайда және оның қолданылуы аяқталғанға дейін - есепті салықтық кезеңнің 25 ақпанынан кешіктірмей немесе лицензияны есепті жылдың 1 ақпанын қоса алғанға дейін алған кезде - осы Кодекстің 563-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемелер бойынша айқындалатын төлемақының жылдық сомасы мөлшерінде төлейді.
2. Егер есепті салықтық кезеңнің 1 ақпанындағы жағдай бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның қолданылу мерзімі ағымдағы салықтық кезеңде өтетіні белгілі болса, онда есепті салықтық кезеңнің 25 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде мұндай лицензияның нақты қолданылу кезеңі үшін осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген төлемақы төленуге тиіс.
3. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия есепті салықтық кезеңнің 1 ақпанынан кейін алынған немесе есепті салықтық кезең ішінде лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы төлемақы сомасын осы Кодекстің 563-бабының 1-тармағында белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін және осындай лицензияның есепті салықтық кезеңде нақты қолданылу кезеңін негізге ала отырып айқындайды.
Бұл ретте лицензияның нақты қолданылу кезеңі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер мұндай лицензия салықтық кезең басталатын күнге қолданыста болса) немесе мұндай лицензия қолданыла бастаған айдың 1-күнінен бастап мұндай лицензияның қолданылуы тоқтатылған айдың 1-күніне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер мұндай лицензия салықтық кезең аяқталатын күнге қолданыста болса) айқындалады.
4. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия есепті салықтық кезеңнің 1 ақпанынан кейін алынған немесе оның қолданылуы тоқтатылған жағдайларда осындай лицензияның нақты қолданылу кезеңі үшін төлемақы сомасы лицензияның қолданылу мерзімі өткен тоқсаннан кейінгі тоқсанның екінші айының 25-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке енгізілуге жатады.
5. Төлемақы сомасы жер қойнауы учаскесінің орналасқан жері бойынша - пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесінің төлемақысы бойынша бюджетке төленеді.»;
45) 606-1-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
46) 606-3-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, цифрлық майнинг мақсатында төлемақыны есептеу есепті кезеңде тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 2 теңге мөлшеріндегі мөлшерлеме бойынша жүргізіледі.
2. Цифрлық майнинг мақсатында төлемақы Қазақстан Республикасының аумағындағы меншікті электр станцияларында жаңартылатын электр энергиясы көздерінен немесе Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған генерациялайтын қондырғылардан өндірілген электр энергиясын пайдаланған кезде тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерлемесі бойынша есептеледі.»;
4-тармақ алып тасталсын;
47) 610-баптың 1-1-тармағындағы «1 АЕК» деген сөздер «нөлдік мөлшерлеме» деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 616-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«616-бап. Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату»;
бірінші бөліктің 15) тармақшасының тоғызыншы абзацы алып тасталсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
49) 623-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы:
«істер бойынша -» деген сөздерден кейін «осы Кодекстің 51-2-бабында көзделген жағдайларды,» деген сөздермен толықтырылсын;
«тиісті» деген сөзден кейін «талап қою,» деген сөздермен толықтырылсын;
50) 624-бап «консулдық мекемелері» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі» деген сөздермен толықтырылсын;
51) 627 және 632-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«627-бап. Консулдық алым мөлшерлемелері
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша:
1) Қазақстан Республикасының аумағында алынатын;
2) шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін әзірлейді және бекітеді.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес бекітілген мөлшерлемелерге қосымша өзара түсіністік қағидаты негізінде жеделдеткені үшін консулдық алым мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы.»;
«632-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру мерзімдері
Активтер мен міндеттемелер туралы декларация декларацияны тапсыру бойынша міндеттеме туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырылады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру мерзімдері бөлігінде осы баптың бірінші бөлігінің ережелері:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайланбалы лауазымдарға, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар мен олардың жұбайлары;
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары болуға ниет білдірген тұлғалар ретінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратын тұлғаларға қолданылмайды.»;
52) 634-бапта:
2-тармақта:
1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметтен түсетін, декларациялауға жататын кірістерін қоспағанда, жеке тұлға өз бетінше салық салуға жататын кірістер;»;
«3) мүлікті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде алу және (немесе) иеліктен шығару, оның ішінде өтеусіз негізде алу және (немесе) иеліктен шығару;»;
5) тармақшаның екінші бөлігі алып тасталсын;
6) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«инвестициялық алтын;»;
4-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларын тапсыру міндеті жүктелген жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияда мүлікті алу және (немесе) иеліктен шығару туралы, сондай-ақ есепті салықтық кезең ішінде мынадай мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді де көрсетеді:»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бағалы қағаздар, цифрлық активтер;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияда банктік салым сомасына қарамастан, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы ақпаратты көрсетеді.»;
53) 635-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кірістер мен мүлік туралы декларация тұрғылықты (болу) жері бойынша есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тапсырылады.»;
2-тармақ алып тасталсын;
54) 645-баптың 9-тармағында:
3) тармақшаның екінші бөлігі «дивидендтерге» деген сөзден кейін «және сыйақыларға» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 54) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2030 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер;»;
55) 654-бапта:
3) тармақшаның екінші бөлігі «дивидендтерге» деген сөзден кейін «және сыйақыларға» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 55) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2030 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер;»;
56) 683-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының жетінші абзацы алып тасталсын;
1-тармақтың 57) тармақшасы 2024 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді
57) 696-3-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға құқылы емес.»;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бөлшек салықтың с салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) және салықтық кезеңде жиынтығында осы Кодекстің 681-бабында белгіленген кірістерді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалатын кіріс салық салу объектісі болып табылады.»;
58) 708-баптың 1, 2 және 3-тармақтарының екінші бөліктері алып тасталсын;
59) 709-бап мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Осы баптың 1, 4, 5 және 9-тармақтарында көзделген салықтар және (немесе) төлемақы сомаларын 100 пайызға азайтуды қолдану мерзімі Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасында белгіленген санаттарға қарай, бірақ қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімінен және арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мерзімінен аспай:
А санаты - 7 жыл ішінде;
В санаты - 15 жыл ішінде;
С санаты 25 жыл ішінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелерін арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым және дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру туралы шартты 2024 жылғы 1 қаңтардан кейін жасасқан кезде қолданады.»;
1-тармақтың 60) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
60) 776-1-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 6) тармақшасы «232-бабының 2-тармағы,» деген сөздерден кейін «5-тармағының 9-1) тармақшасы,» деген сөздермен толықтырылсын;