4. Ұялы байланыс операторы ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорында ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының басқа иеленушісі тіркеген осындай ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды болған жағдайда немесе егер абоненттік нөмір басқа иеленушіге тіркелген жағдайда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеуден бас тартады.
14-тармақтың 24) тармақшасының он екінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5. Ұялы байланыс операторына мәліметтері ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілмеген не ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілген мәліметтерге сәйкес келмейтін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы бойынша ұялы байланыс қызметтерін көрсетуіне тыйым салынады.
6. Абоненттерге ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу мүмкіндігі туралы хабар беру мақсатында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтерге қол жеткізуді интернет-ресурс арқылы өтеусіз қамтамасыз етуге міндетті.
7. Ұялы байланыс операторлары ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторына абоненттік нөмірлер иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы баптың 3-тармағында көзделген, өздері қызмет көрсететін абоненттік нөмірлер туралы ақпаратты беруге міндетті. Бұл ретте ұялы байланыс операторлары желіні, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтылымды жаңғырту бойынша барлық шығынды өздері көтереді, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтары дерекқорының ресурстарына қолжетімділік бергені үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асырады.
8. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорындағы мәліметтерді заңсыз таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;
«39-1-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу кезінде абоненттік нөмірді пайдалану тәртібі
1. Абонент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алуға құқылы.
2. Абонент ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірді «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосуы қажет.
3. Абонентті сәйкестендіру оның абоненттік нөмірі бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу үшін абонент электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланады.»;
25) 9-тарау мынадай мазмұндағы 39-2-баппен толықтырылсын:
«39-2-бап. Байланыс қызметтерін көрсету
1. Қазақстан Республикасының аумағында байланыс қызметтерін көрсетуді Қазақстан Республикасының резиденттері жүзеге асырады.
2. Ғарыш аппараттарын пайдалануды, жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді (тағайындауды) көздейтін байланыс қызметтерін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының резиденттеріне және (немесе) шетелдік заңды тұлғаларға тиесілі ғарыш аппараттарын пайдаланған және олар Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары және (немесе) өкілдіктері арқылы қызметтер көрсеткен жағдайда ғана жүзеге асырылады.
3. Ғарыш аппараттарының транспондерлік сыйымдылығын беру жөніндегі байланыс қызметтерін көрсету байланыс операторының сұрау салуы бойынша резервке қоюды қамтамасыз етумен жүзеге асырылады.»;
26) 40-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Байланыс операторларына абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және сақтау жүйесіне абонент туралы мәліметтерді енгізбей, байланыс қызметтерін көрсетуге тыйым салынады.»;
27) 41-1-бапта:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Таратылуына заңды күшіне енген сот актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған, сондай-ақ қолжетімділігі Қазақстан Республикасы Бас прокурорының немесе оның орынбасарларының уәкілетті органға енгізілген заң бұзушылықты жою туралы ұсынымымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпарат телекоммуникациялар желісі арқылы таратылған жағдайда, уәкілетті органның нұсқамасы бойынша байланыс операторлары және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу бойынша дереу шаралар қабылдауға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
«1-3. Заңды күшіне енген сот шешімінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізу мақсатында байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысына, байланыс қызметтерін көрсетуге, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуге тыйым салынады.».
15. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №20, 151-құжат; 2008 ж., №23, 124-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 149-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №2, 21-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №16, 128-құжат; №18, 142-құжат; 2012 ж., №2, 11-құжат; №4, 32-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №2, 7-құжат; №7, 34-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 81-құжат; 2014 ж., №1, 4, 6-құжаттар; №3, 21-құжат; №10, 52-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №10, 50-құжат; №14, 72-құжат; №20-IV, 113-құжат; №21-III, 135-құжат; №22-I, 140-құжат; №22-V, 156, 158-құжаттар; №23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., №8-II, 67-құжат; №23, 119-құжат; 2017 ж., №8, 16-құжат; №9, 17, 18-құжаттар; №13, 45-құжат; №14, 50, 53-құжаттар; №16, 56-құжат):
43-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 11-3) тармақшамен толықтырылсын:
«11-3) балалардың денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпаратқа қол жеткізуін шектеуге арналған, байланыс операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің Интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету;».
16. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №3, 24-құжат; №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 72-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №22-V, 156-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) балалар телебағдарламасы - 12 жасқа дейінгі балаларға арналған, осы жастағы топқа тән сюжеті бар телебағдарлама;
1-2) білім беру телебағдарламасы - мазмұны телекөрерменді ғылымның, мәдениеттің, өндірістің, өнердің және әлеуметтік өмірдің қандай да бір саласында нақты білім жүйесінде оқытуға бағытталған, адамдардың көпшілік тобына арналған телебағдарлама;
1-3) дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушы - телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының аумағында өзінің спутниктік хабар тарату жүйелеріне ие, телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды, телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықты тарататын жеке немесе заңды тұлға;»;
«3-1) діни телебағдарлама - дін саласы мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруға және олардың сауаттылығын арттыруға бағытталған телебағдарлама;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ретрансляция - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникация желілерінде теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды қабылдау және сонымен бір мезгілде не жазып алып тарату;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) телегазет - телерадио хабарларын тарату операторлары тұтынушы үшін телекоммуникация желілерінде тарататын, мерзімді баспасөз басылымының электрондық толық нұсқасы;»;
13), 18) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13) теле-, радиоарналар топтамасы - телекоммуникация желілерінде көпарналы хабар тарату арқылы тарату үшін телерадио хабарларын тарату операторы қалыптастырған теле-, радиоарналардың жиынтығы;»;
«18) телерадио хабарларын тарату - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникациялар желілерінде теле-, радиоарналарды ашық немесе кодталған түрде тұтынушының жария қабылдауы үшін қалыптастыру және (немесе) тарату;»;
«24) трансляция - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникация желілерінде теле-, радиоарналардың сигналын бастапқы тарату;»;
мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
«26-1) шартты қолжетімді карта - дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларының сәйкестендіргішін қамтитын, абоненттің телерадио хабарларын тарату операторының көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ететін құрылғы;»;
2) 7-бапта:
1-тармақта:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқамалар береді;»;
2-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқамалар береді;»;
3) 9-бап алып тасталсын;
4) 12-баптың 6-тармағындағы «үш жылда бір рет жүзеге асырылады» деген сөздер «жылына бір реттен көп жүзеге асырылмайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 14-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
6) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, көпарналы хабар таратуда және телекоммуникация желілерінде теле-, радиоарналарды тарату бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердi телерадио хабарларын тарату операторлары негiзделген шығындар негiзiнде өзі дербес белгiлейдi.»;
7) 18-1-бапта:
2-тармақтағы «шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктерін міндетті есептік» деген сөздер «заңды тұлғаны міндетті мемлекеттік тіркетуді немесе шетелдік заңды тұлғалардың филиалын (өкілдігін) есептік» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жарғылық капиталында толық немесе ішінара мемлекеттік акциялар (қатысу үлестері, пайлар) пакеті бар Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік теле-, радиоарналардың меншік иелерінің, сондай-ақ олармен үлестес тұлғалардың қызметі Қазақстан Республикасының аумағында жарғылық капиталына шетелдік заңды тұлғалар акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) пакеті жиырма пайыздан аспай қатысатын заңды тұлғаны құра отырып жүзеге асырылады.»;
8) 19-баптың 5-тармағы «ауысқан» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу рәсімінен өткен жаңа заңды тұлға немесе филиал (өкілдік) құрылған» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 20-баптың 2-тармағы 3) тармақшасындағы «құжат қоса тіркеледі.» деген сөздер «құжат;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) немесе шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалының (өкілдігінің) есептік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтама қоса беріледі.»;
10) 21-бапта:
1-тармақ 5) тармақшасындағы «болса, бас тартады.» деген сөздер «болса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы Заңның 20-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) немесе филиалдың (өкілдіктің) есептік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтама ұсынылмаған болса, бас тартады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Егер шетелдік теле-, радиоарна Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаның қызметін тоқтатқан немесе жаңа заңды тұлға немесе филиал (өкілдік) құрмай, осы Заңның 18-1-бабының 2-тармағында көзделген филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарған жағдайда, уәкілетті орган күнтізбелік он бес күн ішінде шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлікті кері қайтарып алады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шетелдік теле-, радиоарна Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайларда, уәкілетті орган есепке қою туралы куәлікті сот тәртібімен кері қайтарып алады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Егер шетелдік теле-, радиоарнадан есепке қою туралы куәлік кері қайтарып алынған жағдайда, уәкілетті орган телерадио хабарларын тарату операторларына Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарнаның трансляциясын және (немесе) ретрансляциясын шектеу жөнінде шаралар қабылдау туралы нұсқама шығарады.»;
11) 23-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қалыптастырылатын теле-, радиоарналардың техникалық параметрлерінің телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес сақталуын қамтамасыз етеді;
3) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу, телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларына және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларды беру сапасын қамтамасыз етеді;»;
12) 24-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Телерадио хабарларын тарату операторлары телекоммуникация желілерінде:»;
3) тармақшадағы «ретрансляциялау;» деген сөз «ретрансляциялау жолымен теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады.» деген сөздермен ауыстырылып, осы тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның ережесі осы Заңның 34-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Заңның 19-бабына сәйкес есепке қою рәсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын тарату операторы мен шетелдік теле-, радиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арасында жасалған шарттардың негізінде трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау жолымен теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Телерадио хабарларын тарату операторлары телекоммуникация желілерінде телегазет тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы.»;
2-тармақ үшінші абзацындағы «жүзеге асыруға міндетті.» деген сөздер «жүзеге асыруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«цифрлық форматта сигнал алатын және контентті жеткізудің цифрлық технологиясын пайдаланатын телерадио хабарларын тарату операторы цифрлық телерадио хабарларын тарату стандарттарына сәйкес бағдарламалық ағынның жылдамдығымен цифрлық форматта өзі пайдаланатын барлық желідегі теле-, радиоарналар сигналдарын трансляциялауды қамтамасыз етуге;
телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес отандық теле-, радиоарналарды трансляциялауды және (немесе) ретрансляциялауды жүзеге асыруға міндетті.»;
13) 25-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) цифрлық және аналогтық эфирлік хабар тарату желілерінде міндетті теле-, радиоарналарды таратуға арналған спутникте спутниктік ресурсты резервке қоюды қамтамасыз етеді.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұлттық телерадио хабарларын тарату операторы телекоммуникация желілерінде телегазет тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы.»;
14) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Ұлттық телерадио хабарларын таратудың мүдделерін қорғау
1. Отандық телеарналардың телерадио хабарларын таратудың апта сайынғы көлемінде, жарнаманы қоспағанда, отандық телебағдарламалардың саны 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде елу пайызды құрауға тиіс.
2. Отандық радиоарналардың радио хабарларын таратудың апта сайынғы көлемінде, жарнаманы қоспағанда, қазақстандық авторлардың не орындаушылардың музыкалық шығармаларының және отандық радиобағдарламалардың саны:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - кемінде қырық бес пайызды;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - кемінде елу пайызды құрауға тиіс.»;
15) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарлама жергілікті уақытпен сағат он алтыдан жиырма екіге дейінгі кезеңде сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етіледі.
Телеарналарда орналастырылатын міндетті хабарлар сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етіледі.»;
16) 32-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Коммерциялық жарнама сипатындағы қосымша ақпараттың мөлшері кадр алаңының жиырма бес пайызынан аспауға және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиіс.»;
17) 34-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Телерадио хабарларын тарату операторлары Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарналарды ретрансляциялау кезінде жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға ғана мамандандырылған шетелдік теле-, радиоарналарды қоспағанда, жарнаманың таратылуына жол бермеуге тиіс.
3. Теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялауға телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арасында жасалған шарттың негізінде ғана жол беріледі.»;
18) 37-бап мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықты таратуға тыйым салынады.
5. Дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылардың қызметі телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
19) 5-тарау мынадай мазмұндағы 40-1-баппен толықтырылсын:
«40-1-бап. Теле-, радиоарналарды көпшілікке көрсету үшін тарату
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ғимараттарының күту залдарында көпшілікке көрсету үшін тек отандық теле-, радиоарналар ғана таратылады.»;
20) 42-бапта:
бүкіл мәтін бойынша «толық» деген сөз алып тасталсын;
2-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдап отыру саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша уәкілетті орган цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшудің уәкілетті орган айқындаған тәртібіне сәйкес цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшу мерзiмдерiн оған көшкенге дейін кемiнде алты ай бұрын белгілейді.»;
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшу цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшудің уәкілетті орган айқындайтын тәртібі мен мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Осы Заңның 18-1-бабының 2-тармағы қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған шетелдік теле-, радиоарналар оның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен заңды тұлғаны міндетті мемлекеттік тіркетуді немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркетуді жүзеге асыруға міндетті.
Шетелдік теле-, радиоарналар осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган есепке қою туралы куәлікті алты ай өткеннен соң кері қайтарып алады.».
17. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., №7, 35-құжат; 2015 ж., №22-II, 145-құжат; №22-V, 156-құжат; 2017 ж., №16, 56-құжат):
16-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты трансшекаралық беру ерекшеліктері «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.».
18. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №9, 51-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №8, 45-құжат; №9, 46-құжат; №11, 57-құжат; №16, 79-құжат; №19-II, 103-құжат; №20-IV, 113-құжат; №21-I, 128-құжат; №21-III, 135-құжат; №22-II, 144, 145-құжаттар; №22-V, 156, 158-құжаттар; №22-VI, 159-құжат; №23-I, 169-құжат; 2016 ж., №1, 2, 4-құжаттар; №6, 45-құжат; №7-I, 50-құжат; №7-II, 53-құжат; №8-I, 62-құжат; №8-II, 68-құжат; №12, 87-құжат; 2017 ж., №1-2, 3-құжат; №4, 7-құжат; №9, 21, 22-құжаттар; №11, 29-құжат; №12, 34-құжат):
1) 2-қосымшаның 146-жолы алып тасталсын;
2) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 56-тармақпен толықтырылсын:
«56. Радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.».
19. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №20-VII, 116-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; 2017 ж., №14, 51-құжат; 2017 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20) сервистік келісімшарт - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, қызметтер көрсетуді көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты;»;
2) 10-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) 31-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу осы Заңның нормалары қолданылмай, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
20. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №22-V, 155-құжат; 2016 ж., №24, 126-құжат; 2017 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ақпараттандырудың сервистік моделі - ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құруға немесе дамытуға, сондай-ақ оларды көрсетуге негізделген, мемлекеттік функциялар мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандырудағы орталықтандырылған тәсілді іске асыру;»;