Бұл ретте электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімінде қажетті тауарлар болмаған жағдайда, олардың аналогтарын сатып алуға рұқсат беріледі.»;
26) 55-баптың 3-тармағы 2) тармақшадағы «пайдалану жатады.» деген сөздер «пайдалану;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) ақпараттандыру объектілері меншік иелерінің немесе иеленушілерінің қорғау шараларын айқындауы үшін бекітілген қорғау бейіндерінің негізінде қауіпсіздік жөніндегі тапсырманы әзірлеу жатады.»;
27) 59-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы әзірлеген ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманы келісуді мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларында айқындалған тәртіпке және мерзімдерге сәйкес жүргізеді.»;
28) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«66-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары мен ақпараттық жүйелері бар және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар хаттамасы, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестаты жоқ мемлекеттік органдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар және аттестаттау жүргізеді.
2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар хаттамасы, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестаты жоқ мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардан және аттестаттаудан өтеді.».
21. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №23-II, 171-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; №8-II, 72-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №9, 18-құжат; №14, 51-құжат):
39-баптың 3-тармағы 9) тармақшасының үшінші абзацы «техникалық құралдарды,» деген сөздерден кейін «ақпараттық жүйелерді,» деген сөздермен толықтырылсын.
22. «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., №8-I, 64-құжат; №24, 124, 126-құжаттар):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) арнайы пошта байланысы - Ұлттық пошта операторының құрылымдық бөлімшесі жүзеге асыратын және заңмен қорғалатын кез келген құпия және құндылықтар, оның ішінде қымбат бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдар қамтылған пошта жөнелтілімдерін, арнайы және өзге де жөнелтілімдерді қабылдауды, өңдеуді, қорғауды, тасымалдауды және жеткізуді (табыс етуді) қамтамасыз ететін курьерлік пошта байланысының түрі;»;
2) 5-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
«9-1-бап. Арнайы пошта байланысы қызметі
1. Арнайы пошта байланысы қызметі арнайы пошта байланысы арналары арқылы арнайы жөнелтілімдер жіберілген кезде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі айрықша жарғылық міндеттерді орындайды.
2. Арнайы пошта байланысы қызметі Ұлттық пошта операторының бірыңғай құрылымдық бөлімшесі болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсынады.
3. Арнайы пошта байланысы қызметінің жеке құрамы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес нысанды киіммен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қарумен, арнайы қорғау және байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
4. Арнайы пошта байланысы қызметінің ұйымдастырушылық қызметін, сондай-ақ арнайы пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну тәртібін және көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы пошта байланысы қызметінің қызметкерлері тасымалдайтын арнайы жөнелтілімдер жете тексеруге және кідіртуге жатпайды.».
2-бап. Осы Заң:
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 14-тармағы 1) тармақшасының жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарын, 3) тармақшасының он төртінші және он бесінші абзацтарын, 7) тармақшасын, 10) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 15) тармақшасының он үшінші және он бесінші абзацтарын, 17) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын, 21) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 14-тармағы 24) тармақшасының он екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 28 желтоқсан
№ 128-VI ҚРЗ