Дербес құрылымдық уәкілетті бөлімше және (немесе) штаттық лауазым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген штат саны лимиттерінің шегінде құрылады, сондай-ақ мемлекеттік органның бірінші басшысына тікелей бағынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, штат саны жиырма бес адамнан аз мемлекеттік органдарда осы баптың 2-тармағында белгіленген функциялар мемлекеттік орган қызметкерлерінің біріне негізгі функционалдық міндеттерінен босатылмай жүктеледі.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) негізгі функциялары мыналар:
1) ақпарат пайдаланушыларға мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша анық және қажетті ақпаратты беру;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбаттар, түсіндірмелер, жарияланымдар әзірлеуге жәрдемдесу;
3) журналистерді және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдерін уақытша немесе тұрақты аккредиттеуден өткізу, сондай-ақ оларға мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты неғұрлым толық және кеңінен тарату үшін жәрдемдесу;
4) лауазымды адамдардың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттары мен кездесулерін ұйымдастыру;
5) интернет-ресурстың қызметін техникалық қамтамасыз ету, оны кешенді реконструкциялау, дизайнын жетілдіру, жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу және енгізу;
6) ақпарат пайдаланушылардан келіп түсетін сұрау салуларға уақтылы жауаптар дайындау;
7) мемлекеттік органның және (немесе) оның бірінші басшысының интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру;
8) таратылуына Қазақстан Республикасының заңдарында немесе заңды күшіне енген сот актілерінде тыйым салынған немесе өзге де түрде шектеу қойылған ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты барынша ашуға ықпал ететін өзге де функциялар болып табылады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті бөлімше өз қызметін арнаулы мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, уәкілетті орган бекіткен үлгілік ереженің негізінде әзірленген ереже негізінде жүзеге асырады.
4. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімшелердің қызметкерлері) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
6. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) мемлекеттік орган жойылған (таратылған) немесе қайта ұйымдастырылған жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органның штат саны бойынша (штаттық кестесінен) қысқартылуға (алып тасталуға) жатпайды.»;
13) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Теріске шығару не жауап беру құқығы
1. Азамат немесе заңды тұлға бұқаралық ақпарат құралдарынан осы бұқаралық ақпарат құралында таратылған, шындыққа сәйкес келмейтін және ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығаруды талап етуге құқылы. Мұндай құқыққа азаматтың немесе заңды тұлғаның өкілдері де ие болады.
Азамат немесе заңды тұлға теріске шығаруға өтініш жасаған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралында таратылған мәліметтердің шындыққа сәйкес келетіні жөнінде дәлелдемелері болмаған осы бұқаралық ақпарат құралының редакциясы оларды сол бұқаралық ақпарат құралында теріске шығаруға міндетті.
2. Теріске шығару туралы талап шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер, осы бұқаралық ақпарат құралында олардың таратылған уақыты мен тәсілі көрсетіле отырып, жазбаша ресімделуге тиіс.
Мерзімді баспасөз басылымдарында теріске шығару теріске шығарылатын хабар немесе материал орналастырылған жерде сол қаріппен жариялануға және «Теріске шығару» тақырыбымен орналастырылуға тиіс.
Радио және теледидар арқылы теріске шығару теріске шығарылатын хабар немесе материал сияқты сол тәулік уақытында және сол теле- радиобағдарламада, ал көрсетілген теле-, радиобағдарлама жабылып қалған жағдайларда - оған сәйкес келетін тақырыптық бағыты бар өзге теле-, радиобағдарламада берілуге тиіс.
Теріске шығару көлемі теріске шығарылатын хабардың немесе материалдың көлемінен екі және одан көп есе аспауға тиіс.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін өзіне қатысты мәліметтер жарияланған азаматтың немесе заңды тұлғаның сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауабын тегін жариялауға құқығы бар.
Мерзімді баспасөз басылымдарында жауап теріске шығарылатын хабар немесе материал орналастырылған жерде сол қаріппен жариялануға және «Жауап» тақырыбымен орналастырылуға тиіс.
Радио және теледидар арқылы жауап теріске шығарылатын хабар немесе материал сияқты сол тәулік уақытында және сол теле-, радиобағдарламада, ал көрсетілген теле-, радиобағдарлама жабылып қалған жағдайларда - оған сәйкес келетін тақырыптық бағыты бар өзге теле-, радиобағдарламада берілуге тиіс.
Жауаптың көлемі теріске шығарылатын хабардың немесе материалдың көлемінен екі және одан көп есе аспауға тиіс.
Азаматтың немесе заңды тұлғаның не оның өкілінің жауабы:
жарыққа (эфирге) күн сайын шығатын бұқаралық ақпарат құралдарында - азаматтан немесе заңды тұлғадан не оның өкілінен алынатын жауапқа құқықты беру туралы талап алынған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде;
жарыққа (эфирге) шығу кезеңділігі не уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдарында - жуық арада жоспарланатын шығарылымда жарияланады немесе беріледі.
Бұқаралық ақпарат құралы жауапты жариялаудан, егер азаматтың немесе заңды тұлғаның не олардың өкілінің жауабында таратылуына Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе жеке және (немесе) заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін өзгеше түрде бұзатын ақпарат қамтылған жағдайда, бас тартуға құқылы.
4. Азаматтың немесе заңды тұлғаның бұқаралық ақпарат құралында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы талабы, егер бұқаралық ақпарат құралы мұндай жарияланымнан бас тартқан не бiр айдың iшiнде теріс шығаруды немесе жауапты жарияламаған жағдайда, сондай-ақ осы бұқаралық ақпарат құралы таратылған жағдайда, сотта қаралады.
5. Заңды күшіне енген сот шешімін орындау үшін таратылатын теріске шығару не жауап:
1) жарыққа (эфирге) аптасына кемінде бір рет шығатын бұқаралық ақпарат құралдарында - егер өтініш беруші өзгеше белгілемесе, теріске шығару туралы талап алынған күннен бастап екі тәулік ішінде;
2) жарыққа (эфирге) шығару кезеңділігі не уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдарында - егер өтініш беруші өзгеше белгілемесе, жуық арада жоспарланатын шығарылымда жарияланады.
6. Ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн өзіне қатысты мәлiметтер таратылған азамат мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен қатар олардың таратылуынан келтiрiлген залалдың және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Іскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн өзіне қатысты мәлiметтер таратылған заңды тұлға мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен қатар олардың таратылуынан келтiрiлген залалдың орнын толтыруды Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен талап етуге құқылы.»;
14) 21-бап мынадай мазмұндағы 1-2) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-2) таратылатын ақпараттың анықтығын тиісті жеке және (немесе) заңды тұлғаларға сұрау салулар жіберу арқылы не Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен тексеру жөніндегі шараларды қабылдауға;»;
«3-1) егер мәліметтер ресми хабарларда көрсетілген және (немесе) оларды жеке және (немесе) заңды тұлғаның өзі не олардың өкілдері қолжетімділігі шектелмеген дереккөздерде таратқан жағдайларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғадан не олардың өкілдерінен бұқаралық ақпарат құралында жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды таратуға келісімін алуға;»;
15) 22-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттiк органдардың» деген сөздер «ақпаратты иеленушілердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдiктерiн және олардың журналистерiн аккредиттеуді Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi өзі белгілеген тәртіппен жүргiзедi.»;
17) 25-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық»;
мынадай мазмұндағы 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
«2-2. Интернет-ресурстарды пайдаланатын бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі, бас редакторы (редакторы), журналисі, оның ішінде жеке немесе заңды тұлғалар осы Заңның 14-бабының 3-4-тармағында көрсетілген ақпаратты, егер мұндай ақпаратты тарату ата-аналары және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасауда сот кінәлі деп таныған кәмелетке толмағандарды қоспағанда, құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен баланың және әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, таратылатын хабарлар мен материалдарда жария етуге құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпарат:
1) құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен, он төрт жасқа толған кәмелетке толмаған адамның және оның заңды өкілдерінің;
2) құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен, он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің;
3) әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, он алты жасқа толған кәмелетке толмаған адамның және оның заңды өкілдерінің келісімімен бұқаралық ақпарат құралдарында таратылуы мүмкін.
Егер осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың бірі бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттың таратылуына өзінің келісімін бермеген жағдайда, мынадай:
1) он төрт жасқа толған және құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен кәмелетке толмаған адамның немесе егер заңды өкіл осы құқыққа қарсы әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) жасалуына күдікті немесе айыпталушы болып табылса, оның заңды өкілдерінің келісімінсіз;
2) егер екінші заңды өкіл Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болған және оның келісімін алу мүмкін болмаған жағдайда, зардап шеккен кәмелетке толмаған адамның бір заңды өкілінің келісімімен болатын жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты таратуға тыйым салынады.
2-3. Бұқаралық ақпарат құралдары қылмысты тергеп-тексеруге, қылмыс жасауға қатысы бар адамдарды анықтауға, жоғалған кәмелетке толмағандарға іздеу салуға жәрдемдесу мақсатында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті көлемде және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, қылмыстық процесті жүргізетін органдардан алынған процестік құжаттар негізінде осы баптың 2-2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген адамдардың келісімін алмай, кәмелетке толмаған адамға қатысты мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында таратуға құқылы.»;
18) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін жауаптылықтан босатылатын жағдайлар
Бұқаралық ақпарат құралы, сол сияқты оның бас редакторы (редакторы), журналисі бұқаралық ақпарат құралында шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін, егер олар:
1) ресми хабарларда қамтылса;
2) бұқаралық ақпарат құралының сұрау салуына берілген жауапта қамтылса немесе бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) материалдарынан алынса;
3) жарнама берушілерден және жарнама жасаушылардан алынса;
4) таратылуына заңды күшіне енген сот актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған ақпаратты таратуды қоспағанда, өкілді органдар депутаттарының, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды немесе уәкілетті тұлғаларының, жеке және заңды тұлғалардың ресми сөйлеген сөздерінің сөзбе-сөз қайталанып берілуі болса;
5) алдын ала жазылып алынбай эфирге шығарылатын авторлық сөздерде не осы Заңға сәйкес редакциялауға жатпайтын мәтіндерде қамтылса;
6) таратылуына заңды күшіне енген сот актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған ақпаратты таратуды қоспағанда, өз хабарында осы хабарды таратқан бұқаралық ақпарат құралына сілтеме көрсетілген жағдайда, уәкілетті органда есепке қойылған басқа бұқаралық ақпарат құралы таратқан хабарларда, материалдарда немесе олардың фрагменттерінде қамтылса;
7) осы Заңның 18-2-бабына сәйкес белгіленген міндетті хабарларда қамтылса, жауапты болмайды.».
12. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №1-2, 1-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2009 ж., №11-12, 53-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №17-18, 111-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №12, 111-құжат; №15, 118-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; №14, 95-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-ІV, 113-құжат; №22-V, 156-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3) және 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде және өзге де мемлекеттік ақпараттық ресурстарында мемлекеттік органдарға, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қызмет көрсететін куәландырушы орталық;
5-2) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы - куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық;
5-3) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы - трансшекаралық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның және Қазақстан Республикасының аумағында берілген электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауды жүзеге асыратын ақпараттық жүйе;
5-4) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы - мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін беретін куәландырушы орталық;»;
8) тармақша алып тасталсын;
2) 5-баптың 1-тармағында:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
13-2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде нұсқама береді;»;
3) 18-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тіркеу куәлігін берген куәландырушы орталық тиісті хабарлама негізінде оны мынадай жағдайларда:»;
4) 20-1-бап алып тасталсын;
5) 20-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу куәландырушы орталықтардың (Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын қоспағанда) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруы үшін міндетті шарт болып табылады. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган аккредиттеуді Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын куәландырушы орталықтарға қатысты жүзеге асырады.»;
6) 21-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы негізгі куәландырушы орталығының функцияларын жүзеге асыруды «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы қамтамасыз етеді.».
13. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №24, 174-құжат; 2006 ж., №15, 92-құжат; №16, 102-құжат; 2007 ж., №12, 88-құжат; 2009 ж., №17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; 2012 ж., №3, 25-құжат; №14, 92-құжат; 2013 ж., №8, 50-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №2, 11-құжат; №11, 65-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 44-құжат; №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-II, 53-құжат; №8-II, 70-құжат; 2017 ж., №15, 55-құжат):
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:
«7-3) телесауда - тауарларды өткізу немесе қызметтер көрсету мақсатында телеарнадағы жария ұсыныс.»;
2) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама (мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-ресурстарды, ақпараттық агенттіктерді қоспағанда) қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады.
Жарнама мазмұнының аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс.
Жергілікті уақыттың нөл сағатынан бастап есептелетін әрбір алты сағат сайынғы уақыт аралығында теле, -радиоарналардағы қазақ тіліндегі жарнаманың көлемі басқа тілдерде таратылатын жарнаманың жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс.
Әлеуметтік жарнаманы қоспағанда, теле-, радиоарналардағы қазақ және орыс тілдеріндегі, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдердегі жарнаманың көлемі бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган бекіткен бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес орналастырылатын жарнама материалдарының хронометражымен айқындалады.»;
3) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«Жарнама сипатындағы хабарларға және материалдарға мамандандырылмаған телеарналардағы телесауда тәулік ішінде жарнама таратудың жалпы көлемінің он бес пайызынан аспауға тиіс.
Жарнама сипатындағы хабарларға ғана мамандандырылған теле-, радиоарналардағы телесауда көлемі шектелмеген.».
14. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №14, 81-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №15, 95-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №3, 20-құжат; №19, 148-құжат; 2008 ж., №20, 89-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №15-16, 74-құжат; №18, 84-құжат; №24, 121-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №3, 25-құжат; №8, 63, 64-құжаттар; №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №12, 57-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44, 49-құжаттар; №10, 52-құжат; №14, 87-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №22-I, 141-құжат; №22-V, 156-құжат; 2016 ж., №8-I, 65-құжат; №8-II, 67-құжат; №23, 118-құжат; №24, 124, 126-құжаттар):
1) 2-бапта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) абонент - байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасылған жеке немесе заңды тұлға;
2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі - қызметтік ақпарат) - байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына ғана арналған және мыналарды:
абоненттік нөмірлер иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, абоненттік нөмірлер туралы ақпаратты;
ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы ақпаратты;
биллингтік мәліметтерді (абоненттің алған қызметтері туралы мәліметтерді);
техникалық регламент талаптарына сәйкес желідегі абоненттік құрылғының орналасқан жерін;
деректер беру желісіндегі мекенжайды;
деректер беру желісіндегі интернет-ресурстарға өтініш жасау мекенжайын;
интернет-ресурстың сәйкестендіргіштерін;
деректер беру желісінің хаттамаларын қамтитын абоненттер туралы мәліметтер;»;
5) тармақша алып тасталсын;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) байланыс операторы - байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;»;
30-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 36-2) және 40-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«36-2) қорғалған байланыс - ақпаратты қорғаудың арнайы құралдары пайдаланылатын электр байланысының түрі (кодталған байланыс, құпияландырылған байланыс, шифрланған байланыс);»;
«40-3) мемлекеттік радиожиілік қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;»;
14-тармақтың 1) тармақшасының жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 44-1) тармақшамен толықтырылсын:
«44-1) президенттік байланыс - Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге арналған арнайы электр байланысы;»;
52) тармақша алып тасталсын;
55) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«55) телекоммуникация желісі - коммутациялық жабдықтан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кабельдік құрылыстардан (абоненттік жолдардан, жалғау жолдары мен байланыс арналарынан), беру жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын, телекоммуникация хабарларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;»;
64-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 65-1) тармақшамен толықтырылсын:
«65-1) ұйымдастырушылық-техникалық іс-шара - телекоммуникация желілерін ұйымдастыруға, құруға, басқаруға, жетілдіруге және пайдалануға арналған құралдардың, әдістер мен шешімдердің жиынтығы;»;
66) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«66) ұялы байланыс - қызмет көрсетілетін аумақты бірқатар ұяшықтарға бөлуді пайдаланатын, абонент ұяшықтан ұяшыққа өткен кезде байланыстың үзіліссіз болу мүмкіндігін қамтамасыз ететін және радиотолқындар арқылы берілетін екіжақты (көпжақты) ақпарат алмасуға арналған электр байланысының түрі;»;
мынадай мазмұндағы 67-1), 67-2), 67-3) және 67-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«67-1) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы - осы Заңға сәйкес айқындалатын, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорын қалыптастыруды, оның жұмыс істеуін, оны жүргізуді, қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз ететін және осы ресурстарға қолжетімділікті беретін заңды тұлға;