1) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөніндегі барлық өкiлеттiк уақытша әкiмшiлiкке көшедi;
2) құрылтайшылардың (акционерлердiң) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөніндегі құқықтары тоқтатыла тұрады;
3) астық қабылдау кәсiпорнын басқару органдары мен оның басшы қызметкерлерiнің өкілеттiгi тоқтатыла тұрады;
4) уақытша әкiмшілiкке айтпай және оның жазбаша келісімiнсiз астық қабылдау кәсiпорнының атынан және соның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады.
3. Уақытша әкiмшiлiк:
1) осы Заңда белгiленген құзыретi шегiнде астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша өз бетiмен шешiмдер қабылдауға;
2) астық қолхаттарында көрсетiлген астық көлемiнiң жиырма процентiне дейiнгi мөлшерiнде солардан туындайтын барлық талаптардың қанағаттандырылуын уақытша басқару кезеңiне тоқтата тұруға;
3) астық қабылдау кәсiпорнының ол берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қалпына келтiруге бағытталған шарттар жасасып, құжаттарға қол қоюға;
4) астық қабылдау кәсiпорнының атынан және оның мүдделерi үшiн өкiлдiктi, соның iшiнде сотта да жүзеге асыруға;
5) астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттарын орындауға кепiлдiк беру қорына қатысқан жағдайда, аталған қорға сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша берешектi бiрiншi кезектегi тәртiппен өтеу туралы талап қоюға;
6) астықтың сақталуына байланысты өндiрiстiк мәселелердi бағалау үшiн тәуелсiз сарапшылар тартуға;
7) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару кезеңiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құзыретi шегiнде бұйрықтар шығаруға құқылы.
4. 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
32-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
33-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды тоқтату
1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мынадай негiздер:
1) сот шешiмiмен белгiленген уақытша басқару мерзiмiнiң өтуi;
2) соттың уақытша басқаруды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы бойынша тоқтатылады.
2. Уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау негіздерінің бірі мыналар:
1) астық қабылдау кәсіпорнының шығарылған астық қолхаттары бойынша өз міндеттемелерін орындау қабілеттілігін қалпына келтіруі;
2) уақытша басқару кезеңінде басқа астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптарын тиісінше орындауға әсер ететін мән-жайлар болмаған кезде астық қолхаттарын ұстаушылардың барлық мәлімделген талаптарын толық көлемде қанағаттандыру болып табылады.
3. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды оның енгiзiлуiне әкеп соққан себептердiң жойылуына байланысты аяқтау (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын тоқтату) сот шешімінің негізінде қабылданған осы астық қабылдау кәсiпорнына қатысты барлық шектеулердiң күшi жойылуына әкеп соғады.
4. Егер астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігін қалпына келтіруге алып келмеген жағдайда, уақытша әкімшілік:
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) тиісті жергілікті атқарушы органға астық қабылдау кәсіпорнын астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиядан айыру туралы ұсыныс енгізеді;
2) уақытша басқару мерзімі аяқталғанға дейін астық қабылдау кәсіпорнын мәжбүрлі тарату туралы сотқа талап арыз береді.
Астық қабылдау кәсіпорнын мәжбүрлі тарату туралы талап арызды қарау кезеңінде уақытша басқару тоқтатылған жағдайда талапкердің барлық құқықтары мен міндеттері уақытша әкімшілік функцияларын жүзеге асыратын тұлғаларға өтеді.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 6-1-тараумен толықтырылды (2007 ж. 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6-1-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-1-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 33-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33-1-бап. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру
1. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеруді уәкілетті орган өзі дербес не басқа да мемлекеттік органдарды тарта отырып жүргізеді.
2. Астық қабылдау кәсіпорындары тексеруге берілген тапсырмада көрсетілген мәселелер бойынша тексеру жүргізуде уәкілетті органға жәрдем көрсетуге, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті барлық ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
3. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне астық қабылдау кәсіпорнының қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
4. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар астық қабылдау кәсіпорнының қызметін тексеру барысында алынған және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
2009.11.12 № 229-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 33-2-бап өзгертілді
33-2-бап. Мемлекеттік астық инспекторы және оның өкілеттігі
1. Уәкілетті органның басшысы мемлекеттік қызметшілердің тиісті лауазымдарына «Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік астық инспекторы» және «Мемлекеттік астық инспекторы» деген қосымша арнайы атауларды беруге құқылы.
2. Уәкілетті органның мемлекеттік астық инспекторы мынадай функцияларды:
1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) астық қабылдау кәсіпорындарын олардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне жыл сайынғы тексеруді өткізуге қатысуды;
3) - 5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, астық қабылдау кәсіпорындарына және жергілікті атқарушы органдарға нұсқамалар беруді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред.қара)
7) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуді жүзеге асырады.
8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
3. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 7-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
7-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарын тарату
және олардың астық қоймаларын (элеваторларды, астық қабылдау пункттерiн) иелiктен шығару тәртібі
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 34-бап өзгертілді
34-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарын таратудың түрлерi мен негiздемелерi
1. Астық қабылдау кәсiпорны:
1) кредиторлық берешегi болмаған жағдайда құрылтайшыларының (акционерлерiнiң) шешiмi бойынша өз еркiмен таратылуы мүмкiн. Бұл ретте жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне хабарлама жiберiледi;
2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда сот шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн (мәжбүрлеп тарату).
2. Астық қабылдау кәсiпорындары қызметiнiң тоқтатылуы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасы мен осы Заңның талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
35-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарын мәжбүрлеп тарату негiздемелерi
Астық қабылдау кәсiпорындарын таратуды мына жағдайларда:
1) банкрот болған;
2) қызметтi тиiстi рұқсатсыз (лицензиясыз) не заң актілерінде тыйым салынған қызметтi, не заңдарды әлденеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;
3) заң актілерінде көзделген басқа да жағдайларда сот жүргiзедi.
36-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын банкрот деп тану
2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Астық қабылдау кәсіпорны белгіленген тәртіппен тек қана сот шешімі бойынша банкрот деп танылуы мүмкін.
2. Астық қабылдау кәсiпорнының банкроттығы туралы iс бойынша тараптардың бiтiм келісімiн жасасу мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)
37-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иелiктен шығару ерекшелiктерi
1. Астық қабылдау кәсiпорнының астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) бөлiнбейтiн мүлiк болып табылады және сатып алушының (алушының) оны астық сақтау мақсаты үшiн пайдалану шарты бойынша бiрыңғай кешенмен иелiктен шығарылады.
2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Астық қабылдау кәсiпорны астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) сатуға кемінде екi ай қалғанда тіркеуші ақпараттық жүйенің веб-порталында ақпаратты жариялау үшін тіркеушіні мүлiктік кешеннің иелiктен шығарылатыны туралы жазбаша хабардар етуге, сондай-ақ республикалық баспасөз басылымдарында мемлекеттiк және орыс тілдерінде бұл туралы хабарландыру беруге тиіс.
3. Астық қабылдау кәсiпорны мүлiктiк кешендi иелiктен шығарған жағдайда астық қолхаттарын ұстаушыда сақтау шартын мерзiмiнен бұрын бұзу және астықты белгiленген тәртiппен алу не астық қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктiнiң) бұрынғы иесiмен жасасқан шарт талабымен бiрдей астық қоймасының жаңа иесiмен де қайта шарт жасасу құқығы сақталады.
4. Астық қабылдау кәсiпорнының осы баптың 1-3-тармақтарын бұза отырып жасаған астық қоймаларын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) сату жөніндегі мәмiлелерiн астық қолхаттарын ұстаушылар мен өзге де мүдделi тұлғалардың талап-арызы бойынша сот заңсыз деп тануы мүмкiн.
2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иеленген не оны сот шешімінің, төрелік шешімнің орындау тәртiбiмен алған адам бұрынғы астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхатынан туындайтын мiндеттемелер бойынша астықты қабылдау-өткiзу жөнiндегi комиссия жасаған астық қалдықтарын түгендеу актiсiнде белгiленген мөлшерде жауапты болады.
Егер астық қалдықтарын түгендеу актiсi жасалмаған болса, астық қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктiнiң) жаңа иесi бұрынғы астық қабылдау кәсiпорны берген барлық астық қолхаттары бойынша жауапты болады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 38-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38-бап. Оңалтылатын, сондай-ақ мәжбүрлеп таратылатын астық қабылдау кәсiпорны кредиторларының талаптарын қанағаттандырудың кезектiлiгi
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Оңалтылатын, сондай-ақ мәжбүрлеп таратылатын, оның iшiнде оның банкроттығына байланысты таратылатын астық қабылдау кәсiпорны кредиторларының талаптары осы бапта белгiленген тәртiппен қанағаттандырылады.
2. Таратудың жүргiзiлуiне байланысты, соның iшiнде астық қабылдау кәсiпорнын тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шығындар, сондай-ақ таратылатын астық қабылдау кәсiпорнының негiзгi мiндеттерiн қамтамасыз ету қажеттiгiнен туындайтын шығындар кезектен тыс және тұрақты жүргiзiледi.
3. Кредиторлардың белгiленген тәртiппен танылған талаптары мынадай кезекпен қанағаттандырылуға тиiс:
1) бiрiншi кезекте өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн таратылушы астық қабылдау кәсiпорны жауап беретiн азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;
2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстеушi адамдармен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу жүргiзiледi;
3) үшiншi кезекте кепiл туралы мәлiметтерi бар астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылады;
4) төртiншi кезекте кепiл туралы мәлiметтерi жоқ астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылады;
5) бесiншi кезекте кредиторлардың таратылатын астық қабылдау кәсiпорнының мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер жөніндегі талаптары қанағаттандырылады;
6) алтыншы кезекте бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер бойынша берешек өтеледi;
7) жетiншi кезекте заң актілеріне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысу жүргiзiледi.
8-тарау. Астық қолхаттары
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 39-бап өзгертілді; 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39-бап. Астық қолхаты
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Астық қабылдау кәсіпорны астықты сақтауға қабылдағанын растау ретінде астық қолхатын шығаруға арналған бұйрық негізінде тіркеуші ақпараттық жүйеде астық қолхатын шығарады.
2. Астық қолхатында мынадай міндетті деректемелер болуы тиіс:
1) астық қолхатының нөмірі;
2) астықты сақтауға қабылдаған астық қабылдау кәсiпорнының атауы, орналасқан жерi және бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;
3) астықты сақтауға тапсырған заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, бизнес-сәйкестендіру нөмірі не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жерi, жеке сәйкестендіру нөмiрi, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі;
4) кепіл ұстаушылар (астық қолхаты бойынша астық кепілі кезінде) болып табылатын заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, бизнес-сәйкестендіру нөмірі не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жерi, жеке сәйкестендіру нөмiрi, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі;
5) астық түрі, оның сандық және сапалық сипаттамалары;
6) оған дейін астық сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу жүргізілген күн;
7) астық қолхаты шығарылған күн.
3. Астық қабылдау кәсіпорындарына астық қабылдау кәсіпорнының техникалық сыйымдылығынан асып түсетін астық көлеміне астық қолхаттарын шығаруға тыйым салынады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 39-1-баппен толықтырылды; 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 39-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39-1-бап. Астық қолхатын шығаруға қойылатын талаптар
1. Астық қолхаты сапасы бойынша бiр тектес әрбiр астық партиясына шығарылады. Тапсырылған астықтың барлық көлемiне шығарылатын астық қолхаттарының саны тізілімде қалыптастырылатын және астық қабылдау кәсіпорны мен астықтың иесi қол қоятын астық қолхатын шығаруға арналған бұйрықта айқындалады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Астық қабылдау кәсіпорны астықты қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде астық қолхаттарын шығарады.
40-бап. 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
40-1-бап. 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 41-бап жаңа редакцияда
41-бап. Астық қолхаты бойынша астық беру
1. Астық қолхатын ұстаушы астықты талап ету үшiн астық қабылдау кәсіпорнының орналасқан жерiне өзi келуге немесе уәкiлеттi өкiлiн жiберуге мiндеттi.
2. Астықты беру астық қолхатын ұстаушы немесе астық қабылдау кәсіпорны тізілімде қалыптастыратын астық қолхатын өтеуге арналған бұйрық негізінде жүргізіледі. Астық берілгеннен кейін астық қолхаты Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен өтеледі.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 41-1-баппен толықтырылды; 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 41-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41-1-бап. Астық кепілі кезінде құқықтарды жүзеге асыру тәртібі
1. Астық қолхатын ұстаушы кредитор алдындағы міндеттеме мөлшеріндегі борышты өтеген кезде кепіл ұстаушы ауыртпалықты (кепілді) алып тастауға арналған бұйрықты тізілімде тіркеуге міндетті.
2. Астық қолхаты бойынша астық кепілімен қамтамасыз етілген мiндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, кепiл ұстаушы астықты өндiрiп алуға өтініш жасауға құқылы.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 41-2-баппен толықтырылды
41-2-бап. Кепiлге салынған астықты сату
2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кепiл ұстаушы астық кепiлімен қамтамасыз етiлген өзiнiң талабы мерзiмiнде қанағаттандырылмаған жағдайда, кепiлге салынған астықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сатуға және кепiл берушiнің басқа кредиторлары алдындағы өзiнiң талаптарын басымдықта жабуға құқылы.
Кепiл ұстаушының талабын кепiлге салынған астықтың құнынан қанағаттандыру, егер шартта өзгеше белгiленбесе, кепiл ұстаушының сенiм бiлдiрген тұлғасы ұйымдастыратын және өткiзетiн сауда-саттықта кепiлге салынған астықты мәжбүрлеп соттан тыс тәртiппен сату арқылы жүргiзiледi.
Кепiл ұстаушының сенiм бiлдiрген тұлғасы кепіл берушiге кепiл туралы шартта көзделген мiндеттемелердiң орындалмағаны туралы хабарлама жасайды және сонымен бiр мезгiлде тіркеуші ақпараттық жүйенің веб-порталында және бұқаралық ақпарат құралдарында сауда-саттықтың өткiзiлетiн уақыты, орны, сауда-саттық нысанасы, оны өткiзу тәртiбi, сауда-саттыққа қатысуды ресiмдеу туралы және кепiлге салынған астықтың бастапқы бағасы туралы мәлiметтердi қоса алғанда, сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама жариялайды.
Сауда-саттық туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күннен кейін өткізіледі.
2. Сауда-саттықта астық сатудан түскен сома мынадай кезекпен бөлiнедi:
1) бiрiншi кезекте сауда-саттықты өткізуге және ұйымдастыруға байланысты шығындар жабылады;
2) екiншi кезекте астық қабылдау кәсiпорнына сақтау жөнiнде көрсеткен қызметi үшiн сыйақы төленедi;
2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) үшінші кезекте кепіл ұстаушының талаптары қанағаттандырылады;
2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) төртінші кезекте астықты сатудан қалған сома астық қолхатын ұстаушыға қайтарылады.
3. Әрбiр кезектің талаптары алдыңғы кезектiң талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейiн қанағаттандырылады.
41-3-бап. 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.11.12 № 229-ІV Заңымен мазмұн 41-4-баппен толықтырылды
41-4-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
9-тарау. Қорытынды ережелер
42-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібі
Осы заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының