ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дәйектеу – халықаралық шарт мәтінінің теңтүпнұсқалығын анықтау тәсілдерінің бірі ретінде қолданылатын, халықаралық шарт жобасының келісілген мәтінінде келіссөздерге қатысушы әрбір тараптың өкілетті өкілдерінің аты-жөндерін әр параққа қою;»;
8) тармақша «халықаралық шартты» деген сөздердің алдынан «мәтіннің теңтүпнұсқалығын анықтау тәсілдерінің бірі ретінде» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақшаның бесінші абзацы «тапсырылатын» деген сөзден кейін «немесе дипломатиялық арналар арқылы жіберілетін» деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) халықаралық шарт жасасу – реттілік тәртіппен жүзеге асырылатын, халықаралық шарттың мәтінін қабылдау, халықаралық шарт мәтінінің теңтүпнұсқалығын анықтау және Қазақстан Республикасының өзі үшін халықаралық шарттың міндетті екендігіне келісім білдіруі, не Қазақстан Республикасы халықаралық шартқа қосылатын жағдайда – Қазақстан Республикасының өзі үшін халықаралық шарттың міндетті екендігіне келісім білдіруі;»;
2) 8-баптың 1) тармақшасының екінші бөлігіндегі «қабылданбайды» деген сөз «қол қоюға өкілеттіктер беру туралы шешімсіз қабылданады» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 14 ақпан
№ 107-VII