«43-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша темiржолдар - мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша салынған және пайдаланылатын және магистральдық темiржол желiсiне енгізілмеген темiржолдар;
43-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша темiржол көлiгi объектiлерi - мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша салынған және пайдаланылатын және магистральдық темiржол желiсiне енгізілмеген объектiлер;
43-3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша темiржол көлiгi объектiлерi бар темiржолдардың көрсетілетін қызметтерi - мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша салынған және пайдаланылатын, темiржол көлiгi объектiлерi бар темiржолдарды пайдалануға беру және олар бойынша жылжымалы құрамды өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi көрсетілетін қызметтер;»;
2) 5-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Магистральдық темiржол желiсiне жатпайтын темiржолдар жеке пайдалану объектiлерi бола алады және жеке меншiкте, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде жеке меншікте бола алады.
3. Жекеше әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессионерге концессия шарттары бойынша теміржолдарға және теміржол көлігі объектілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының қолданылу мерзіміне иелену мен пайдалану құқығы беріледі.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдар және теміржол көлігі объектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін магистральдық теміржол желісінің құрамына енгізілмейді.»;
3) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық инфрақұрылым операторының көрсетілетiн қызметтері мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтерінің бағалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.»;
4) 16-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұлттық инфрақұрылым операторы жекеше әріптеспен не концессионермен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын, оның ішінде концессия шартын іске асыру үшін тараптардың өзара қатынастарын регламенттейтін шарт жасасуға міндетті.»;
5) 18-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарға және теміржол көлігі объектілеріне бөлінген жерлер жатады.»;
6) 49-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тармақ иеленушілердің, вагондар (контейнерлер) иеленушілердің кінәсінен орын алған магистральдық, станциялық жолдарда, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда тасымалдаудың технологиялық процесінің бұзылуына әкеп соққан вагондардың бос тұрғаны (контейнерлердің кідіртілгені) үшін олар көрсетілген жолдардың иеленушісіне соларда тұрған уақыты үшін төлеген төлемдерін тасымалдаушыға өтеуге міндетті.»;
7) 57-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кiрме жолдардың магистральдық және станциялық жолдарға жалғасуы Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде жекеше әріптестің не концессиялық жобаны іске асыру кезінде концессионердің келісімімен жүзеге асырылады.
Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде жекеше әріптес не концессиялық жобаны іске асыру кезінде концессионер кiрме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға жалғастырудан бас тартқан жағдайда, табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган шағымдарды қарауды жүзеге асырады.».
8. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 6, 46-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-баптың 3), 6) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) инвестициялар - лизинг шарты жасалған кезден бастап қаржы лизингi заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа);»;
«6) инвестициялық жоба - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенi;»;
«8) инвестициялық қызмет - жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу жөнiндегi не кәсiпкерлiк қызмет үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi түзу немесе ұлғайту жөніндегі қызметi;»;
2) 15-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) инвестициялық қызмет мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберінен тыс жүзеге асырылса;».
9. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар):
5-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында қоғам құру «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.».
10. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
1) 1-баптың 38) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«38) инфрақұрылымдық облигация - эмитент мiндеттемелерiнiң орындалуы мемлекет пен эмитент арасында жасалған инфрақұрылымдық жобаны iске асыру жөнiндегi мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберiнде мемлекет кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген, мемлекетке берiлетiн объект құнына сәйкес сомадағы облигация;»;
2) 18-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Инфрақұрылымдық облигациялардың айналысы мерзiмi iшiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының талаптарын облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн кемсiтуге әкеп соқтыратындай етiп өзгертуге жол берiлмейдi не инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың барлығының немесе олардың өкілдерінің келісімімен жол беріледі.».
11. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат):
9-баптың 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Электр станцияларын, электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау және салу, сондай-ақ оларды пайдалану мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде салынған, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері, кіші станциялар мен тарату құрылғылары олар жұмыс істеп тұрған кезеңде тиісінше жекеше әріптестің не концессионердің уақытша иеленуінде және пайдалануында болады және олар құрылған кезден бастап республикалық меншікке беріледі.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде салынған, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерін, кіші станцияларды, тарату құрылғыларын орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, сондай-ақ пайдалануды жүйелік оператор шарттар негізінде жүзеге асырады.».
12. «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат):
6-8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-8-бап. Мемлекетке талап ету құқықтарын берудің ерекшеліктері
1. Мемлекет «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және шарттарда тапсырыс беруші ретінде жобалық қаржыландыруға қатысады.
2. Базалық шарт бойынша орындаушыны таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
3. Базалық шарт бойынша орындаушы мемлекетті өзінің кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына талап ету құқықтарын беруді жүргізгені туралы күнтізбелік он күн ішінде жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.».
13. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 1-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) концессионер - концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе) мемлекеттік мекемелерді және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі (концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдардан басқа) болатын квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, заңды тұлға;»;
19) тармақша алып тасталсын;
2) 2-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы Конституцияға негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.»;
3) 1-1-тарау алып тасталсын;
4) 14-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) концессиялық жобаның іске асырылу барысында өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігі;»;
5) 15-2-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу немесе түзету шеңберінде немесе концессионер конкурстық құжаттама шарттарына сәйкес концессиялық жобаның маркетингтiк және қаржылық-экономикалық өлшемдерiн ескере отырып жүзеге асырады.»;
6) 18-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әлеуетті концессионер бiлiктiлiк талаптары жөнінде анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, ол осындай факт анықталған кезден бастап үш жыл бойы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің барлық түрлері бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.»;
7) 19-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
8) 20-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер бiр конкурстық өтiнiм ғана ұсынылған жағдайда, бұл өтiнiмдi комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.»;
3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Комиссия концессиялық өтінімі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлейтiн өлшемшарттар негiзiнде үздiк деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессиялық шарт талаптарын нақтылау бойынша келiссөздер жүргiзедi.»;
«5. Егер концессиялық өтінімі үздiк деп танылған конкурсқа қатысушы комиссияның ескертпелерi мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінімді және концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан жағдайда не оның ұсыныстары конкурс талаптары тұрғысынан пайдалануға келмейтiн болса, онда комиссия бұл концессиялық өтінімді қарамайды және үздiк концессиялық өтінімді жаңадан таңдайды.».
14. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 9, 46-құжат):
10-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақта белгiленген тыйымдар мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия, кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарттары болып табылатын сатылы келiсiмдерге не нарық субъектiлерiнiң тауар нарығындағы жиынтық үлесi жиырма пайыздан аспаса, қолданылмайды.».
15. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат):
1) 72-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Стратегиялық объектілерді және жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті немесе мемлекетке ғана тиесілі болуы мүмкін мүлікті пайдалануға беруге мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты, мүлікті сенімгерлік басқару шарты және Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген өзге де шарттар бойынша жол беріледі.»;
2) 79-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«79-бап. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты бойынша беру
Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша беру «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) 198-баптың 7-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік мүлік құрамына кіретін, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, жалдаудағы, концессиядағы не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша берілген мүліктің барлық түрлері болып табылады.».
16. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:
«29-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік
Арнайы экономикалық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.».
17. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат):
96-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия объектiсiнiң құрамына кiретiн мүлiк;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 31-і.
№ 380-V