Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдауға, қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
Жергiлiктi мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдауға, қажет болған жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.»;
16) 155-2-баптың 7-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу немесе түзету шеңберінде немесе концессионер конкурстық құжаттама шарттарына сәйкес концессиялық жобаның маркетингтiк және қаржылық-экономикалық өлшемдерiн ескере отырып жүзеге асырады.»;
17) 156-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«156-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау үшін негіздер
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарына қол қою арқылы жүзеге асырылады.
Мыналар:
1) келіссөздер хаттамасы (ол болған кезде);
2) бюджет комиссиясының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы ұсынысы болуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау үшін негіз болып табылады.
2. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау концессия шарттарына қол қою арқылы жүзеге асырылады.
Мыналар:
1) келіссөздер хаттамасы (ол болған кезде);
2) Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес құрылған концессия жөніндегі комиссияның конкурс жеңімпазын айқындау туралы ұсыныстары;
3) бюджет комиссиясының мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдау туралы ұсыныстары мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдау үшiн негiз болып табылады.»;
18) 31-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«31-тарау. Бюджеттік инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды жүзеге асыру»;
19) мынадай мазмұндағы 158-1-баппен толықтырылсын:
«158-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде іске асырылады.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін шарттық қатынастарды орындау кезеңінде тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалауды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тартады.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргiзу тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
20) 9-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бөлім. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер
32-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер
160-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелер туралы жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi;
2) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi болып бөлiнедi.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн орындау республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
4. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн орындау жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасының Үкiметi және жергiлiктi атқарушы органдар бiр-бiрiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер толық төленген кезде орындалды деп есептеледi.
Мемлекеттік әріптес не концедент жекеше әріптес не концессионер мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шартын тиiсiнше орындамаған жағдайда, жекеше әріптестің не концессионердiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шартында қамтылған, қабылданған мiндеттемелердi орындауын бағалау өлшемшарттары негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердің көлемiн азайтуды жүргiзедi.
7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдiстемесiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекiтедi.
161-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi есепке алу және олардың мониторингi
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда ол белгiлеген тәртiппен тiркеуге және есепке алуға жатады.
2. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң мониторингiн жүзеге асырады.
3. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң мониторингiн жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердiң мониторингi мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
162-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы және орындауы
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді қабылдауы:
1) іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тiзбесiн қалыптастыру;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн белгiлеу;
3) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган тиісінше әрбiр жеке мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы, оның ішінде концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген лимитпен шектеледi.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауын мемлекеттік әріптес не концедент республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
33-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелері
163-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы
1. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы:
1) іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қалыптастыру;
2) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн белгiлеу;
3) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауын бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган тиісінше әрбiр жеке мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы, оның ішінде концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының шешiмi негiзiнде жүзеге асырады.
164-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді қабылдауын шектеу
1. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң белгiленген лимитiмен шектеледi.
2. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган үш жылдық кезеңге белгiлейдi.
165-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауы
Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауын мемлекеттік әріптес не концедент жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырады.»;
21) 217-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
22) 226-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілгерлік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберінде тартылған қарыз бойынша қарыз беруші алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.»;
23) 227-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыз қаражаты мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия объектiлерiн құруға ғана пайдаланылады.»;
24) 228-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Кодекстiң 233-бабына сәйкес қарыз алушының мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия объектiсiн мемлекетке беруiнiң мiндеттiлiгi;»;
25) 229-бапта:
5) тармақша «болуы» деген сөзден кейін «не жекеше әріптесті айқындау туралы хаттаманың болуы» деген сөздермен толықтырылсын;
7) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия объектісінің құнына қатысты кемінде жиырма пайызды құрайтын меншікті капиталының болуы;»;
«9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тиісті кезеңге мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың тізбесіне енгізілген жобалардың іске асырылуын жүзеге асыру.»;
26) 230-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«230-бап. Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру немесе олардың көлемiн ұлғайту үшiн мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды iрiктеу
Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру немесе олардың көлемiн ұлғайту үшiн мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды iрiктеудi бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.».
4. «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 23, 143-құжат):
13-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.».
5. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
1) 13-баптың 1-тармағының 4-5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-5) табиғи монополиялар саласына жатқызылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын, концессиялық ұсынысты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;»;
2) 15-1-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Өз қызметiн мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастырудың және бекітудің уәкілетті орган айқындайтын тәртібі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында, оның ішінде концессия шартында көзделеді.».
6. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж.,№ 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-баптың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) автомобиль жолдарын басқарушылар - автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде шарттардың, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының, мүлікті сенімгерлік басқару, жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шарттарының негізінде шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында автомобиль жолдарын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;»;
2) 4-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға берілуі мүмкін.»;
3) 5-бапта:
1-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «концессиялар туралы» деген сөздер «мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «концессия шарттарының» деген сөздер «мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «, концессионерге» деген сөз «немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушыларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланушының Ұлттық оператормен немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушылармен жасасқан шарты негізінде жүзеге асырылады. Ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) кіру пунктін кесіп өткен кез шартты жасасу кезі болып табылады. Ұлттық оператор немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушылар мен ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланушылар арасындағы ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдалануға арналған шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жария болып табылады.»;
5-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «концессия шарты» деген сөздер «мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) салу үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздері пайдаланылады.»;
4) 5-2-бабының тақырыбы және 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-2-бап. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша жеңілдіктер»;
«2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негізінде салынған (реконструкцияланған) және пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланғаны үшін төлемақыдан осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген автокөлік құралдары босатылмайды.»;
5) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жол сервисі объектілерін салу, күтіп-ұстау және дамыту үшін жер пайдаланушыларға автомобиль жолының санатына қарай белгіленген нормалар негізінде жолға бөлінген белдеу үшін жер және жобалау құжаттамасына сәйкес жол бойындағы белдеу учаскелері беріледі. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға немесе Ұлттық операторға сенімгерлік басқаруға берілген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қажеттеріне арналған жер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жол органына - жерді тұрақты пайдалануға, автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялау мен жөндеуді жүзеге асыратын қызмет көрсетушілерге жерді уақытша пайдалануға бөлінеді.»;
6) 9-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің жері жол органдарының немесе өзге тұлғалардың иелігінде және пайдалануында болады және автомобиль жолдарын дамытуға, абаттандыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ғана арналады.»;
«3. Жол органы, Ұлттық оператор немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланбайтын, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң жер учаскелерiн:
1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде - автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде - облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы жолдың көлiктiк-пайдаланылу сапасының төмендеуiне жол бермеуі, көлiк құралдары жүрiсiнiң қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауы шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшiн жеке және заңды тұлғаларға шарт бойынша уақытша қысқа мерзiмдi жер пайдалануға беруi мүмкiн.»;
7) 12-баптың 2-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) автомобиль жолдарының (көпiр өткелдерiнiң) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беру жөнiндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүрiп өту үшiн мөлшерлемелердің мөлшерiн әзiрлеу;»;
8) 13-баптың 2-тармағының 2) және 2-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2-1) автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүріп өту үшін мөлшерлемелердің мөлшерін әзірлеу;»;
9) 17-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын не концессия шарттарын орындауға байланысты шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
10) 20-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) төлеу тәсілдері және (немесе) көлік құралының техникалық сипаттамалары бойынша сараланған, белгіленген ақпараттық таблоға сәйкес көлік құралдарының тиісті жол жүру белдеуімен жүріп өтуін жүзеге асыруға, төлемақы алу пункті арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық оператор немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушылар белгілеген жылдамдық режимін және жүріп өту қашықтығын сақтауға міндетті.».
7. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-бапта:
26), 27) және 28) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 43-1), 43-2) және 43-3) тармақшалармен толықтырылсын: