99-тармақта:
5) тармақша «ұлттық қауіпсіздік саласындағы» деген сөздерден кейін «, құқық қорғау қызметі және сот төрелігін жүзеге асыру саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, сондай-ақ тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңдардың жобалары»;
101-тармақтағы «Заң жобаларының түпнұсқаларымен бірге Парламент Мәжілісіне олардың магнитті жеткізгіштердегі көшірмелері енгізіледі» деген сөздер «Заң жобаларының төлнұсқалары Парламент Мәжілісіне қағаз және электрондық жеткізгіштерде (электрондық құжаттар форматында) енгізіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 101-1-тармақпен толықтырылсын:
«101-1. Заң жобаларымен бірге Парламент Мәжілісіне осы Регламенттің 95-тармағының 2)-5), 7)-9), 12), 14) тармақшаларында көрсетілген материалдар енгізіледі.»;
106-тармақтың бірінші абзацындағы «магнитті жеткізгіште» деген сөздер «электрондық құжаттар форматында» деген сөздермен ауыстырылсын;
108-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі Регламенттің осы тармағы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және белгіленген талаптар бұзылған жағдайда Премьер-Министрді және Кеңсе Басшысын хабардар етеді.»;
111-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Үкімет шешімінің Парламентте өтуін бақылауды Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі (бұдан әрі - Өкілдік) жүзеге асырады»;
екінші абзацта:
«Өкілдіктер», «орынбасарын» деген сөздер тиісінше «Өкілдік», «орынбасарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Кеңсе Басшысын» деген сөздерден кейін «, Мемлекет басшысы» деген сөздермен толықтырылсын;
114-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің уақтылы әзірленуін және қабылдануын бақылауды өз құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.»;
128-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) прокурорлық қадағалау актілері»;
136-тармақтағы «орынбасарының» деген сөз «орынбасарларының» деген сөзбен ауыстырылсын;
137-тармақта:
екінші, үшінші және төртінші абзацтардағы «орынбасарының» деген сөз «орынбасарларының» деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы «(жауапты хатшы)» деген сөздер алынып тасталсын;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Белгіленген орындау мерзімін ауыстыру туралы қайта берілген ұсыныстарды Кеңсе жазалау туралы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, орындаудың ұзартылған мерзімін бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларға қолданылған тәртіптік жауапкершілік шаралары туралы ақпаратпен бірге қабылдайды.»;
142-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«142. Іс-шаралар жоспарларының және Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы тапсырмаларының, оның ішінде хаттамалық тапсырмаларының нақты тармақтарын бақылаудан алу үшін:
1) тиісті қаулының немесе өкімнің қабылдануы;
2) мемлекеттік органдардың ақпарат (есептер), ұсыныстар енгізуі негіз болады. Бұл ретте Кеңсенің тұтастай құжатқа немесе оның жекелеген тармақтарына жауапты құрылымдық бөлімшелері есептің орындалу толықтығы мен сапасы мәніне талдау жүргізеді және қажет болған жағдайда Үкімет пен Кеңсе басшылығының тиісті қарарын дайындайды. Есептерге талдау жүргізу мерзімі олар Кеңседе тіркелген күнінен бастап 5 күннен аспауы тиіс.»;
осы қаулыға 1-1, 1-2-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 4 маусымдағы
№ 535 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министріне
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылғы « » мәжілісіне
Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулысының жобасы бойынша
АНЫҚТАМА
«_____________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
«_________________________________________________________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап, мынаны хабарлайды.
Әзірлеуші орган -__________________________________________________.
(жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)
Жобаны әзірлеу үшін мыналар негіз болып табылады:
____________________________________________________________________
(Президенттің, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің актісі тармағының нөмірі,
____________________________________________________________________
(қабылданған күні мен атауы не тапсырманы кім бергені, оның
нөмірі мен күні, бастамашылық жасалуы көрсетіледі)
Жобада мыналар көзделеді (Жобаны қабылдау неге негізделген):
Жобаны қабылдау___________________________мүмкіндік береді.
Әзірлеушінің ақпараты бойынша жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді (жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары, республикалық бюджетте көзделген (көзделмеген) бюджет қаражатын талап етеді және/немесе республикалық бюджеттен және/немесе басқа да қаржыландыру көздерінен қосымша қаржы бөлуді талап етеді (талап етпейді).
Жоба Экономика және бюджеттік жоспарлау (Министр (вице-министр) - аты-жөні), Әділет (Министр (вице-министр) - аты-жөні) министрліктерімен, өзге де мемлекеттік органдармен келісілді.
Премьер-Министр Кеңсесінің жобаға ескертулері жоқ (мынадай ескертулері бар). Заң бөлімінің анықтамасы қоса беріліп отыр.
Айтылғандардың негізінде жобаны Үкімет мүшелерінің дауыс беруіне шығаруға болады деп пайымдаймыз (пысықталған жағдайда «пысықталған редакциясында» немесе жобаны кейінге қалдыру немесе жобаны пысықтауға жіберу орынды деп көрсетіледі).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Кеңсесінің Басшысы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 4 маусымдағы
№ 535 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министріне
«_____________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы
Үкіметінің мәжілісінде қарау
қорытындылары туралы
«__________________________________________________________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы____________жылғы
« « Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісінде қаралды.
Жобаны әзірлеу үшін мыналар негіз болып табылады:
____________________________________________________________________
(жобаға берілген анықтамадан тиісті деректер көрсетіледі)
Үкімет мәжілісіне дайындалған жоба бойынша анықтама қоса беріліп отыр
Жоба бойынша (Министр (вице-министр)__________________________
(аты-жөні)
баяндама жасады.
Талқылау қорытындылары бойынша жоба дауыс беруге енгізілді.
Жобаны қабылдау үшін___Үкімет мүшесі жақтап, ____Үкімет мүшесі
қарсы болып дауыс берді,____Үкімет мүшесі дауыс берген жоқ.
Жоба қол қоюға енгізіліп отыр (пысықталған жағдайда «пысықталған редакциясында» деп көрсетіледі).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Кеңсесінің Басшысы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 4 маусымдағы
№ 535 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы
№ 168 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеге сәйкес өзіне жүктелген функцияларды орындау процесінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде (бұдан әрі - Кеңсе) құжаттармен жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
2. Осы Нұсқаулықта белгіленген құжаттармен жұмыс істеу ережесі мен тәртібі Кеңсенің барлық қызметкерлеріне қолданылады.
3. Осы Нұсқаулық құпия емес сипаттағы және «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттарды дайындау, ресімдеу, олардың өту тәртібін белгілейді.
Таралуы шектелген қызметтік ақпаратты дайындау, таныстыру және олардың өтуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 51 қпү қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Нұсқаулықтың ережелері жеткізгіш түріне қарамастан, электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің оң нәтижесін белгіленген тәртіппен анықтау туралы растамасы бар электрондық құжаттарды қоса алғанда, құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыруға қолданылады.
4. Осы Нұсқаулықпен:
1) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта белгіленетін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу, сондай-ақ азаматтарды қабылдау;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта белгіленген құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру;
3) жекелеген арнайы нұсқаулықтарда белгіленетін арнайы байланыс түрлерін пайдалана отырып, құпия іс жүргізу мен құпия хат жазысуды жүргізу тәртібі реттелмейді.
5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізу, құжаттардың есебі, сақталуы, уақтылы өтуі және орындалуы үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі.
6. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Кеңсенің жаңа қызметкерлерін осы Нұсқаулықпен және Кеңсенің қызметін регламенттейтін басқа құжаттармен таныстырады.
________________
* Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300, 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 358 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге.
2. Кіріс хат-хабарын қабылдау және тіркеу
7. Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің органдарымен, ұйымдарымен және азаматтарымен хат жазысу мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүргізіледі, өзге шетелдік хат-хабармен басқа да шет тілдерінде жүргізілуі мүмкін.
8. Кеңсеге келіп түсетін барлық хат-хабарды сағат 9.00-ден 15.30-ға дейін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің әрбір келіп түскен құжатқа кіріс (шығыс, ішкі) құжаттарды тіркеуге арналған тіркеу-бақылау карточкасын (1-қосымша) жүргізетін қызметтік хат-хабар секторы (бұдан әрі - қызметтік хат-хабар секторы) қабылдайды және тіркейді.
9. Кеңсеге сенбі күндері келіп түсетін құжаттарды қабылдауды сағат 11.00-ге дейін қызметтік хат-хабар секторының кезекші қызметкерлері жүзеге асырады, сондай-ақ оларды кейіннен қызметтік хат-хабар секторына тіркеуге міндетті түрде беру арқылы Премьер-Министрдің қабылдау бөлмесінің жауапты кезекшісі де жүзеге асыра алады.
Жекелеген нұсқаулықтарда белгіленген тәртіппен электр және электрондық байланыс құралдарының көмегімен хабарларды (ақпаратты) жеделхаттар, телетайпограмдар, факсограмдар, телефонограммалар мен почталық файл (электрондық) хабарларын беру жүзеге асырылады. Факсограммалардың қағаздағы түпнұсқалары ұқсас хат-хабар жіберу үшін осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен адресаттарға дереу жеткізіледі.
Кеңсеге келіп түсетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары (Премьер-Министрдің оларды шұғыл енгізуді көздейтін тапсырмаларын орындау үшін әзірленген Премьер-Министрдің өкімдерін; заң жобаларын; Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда) сәрсенбі күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін қабылданады.
10. Осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, Кеңсе қызметкерлеріне қызметтік хат-хабар секторында тіркелмеген құжаттарды қабылдауға және олармен жұмыс істеуге тыйым салынады.
11. Конверттерді ашардың алдында олардың арналуы мен ресімделуінің дұрыстығы, орамының бүтіндігі (мөрлер болған кезде) тексеріледі. Конверттерді ашқан кезде мекен-жайдың жөнелтуші атауымен, пакетте көрсетілген салу нөмірлерінің құжаттарға қойылған нөмірлермен сәйкестігі салыстырылады, құжаттардың және оларға қосымшалардың жинақтылығы тексеріледі.
Құжаттар жеткіліксіз болған, пакеттер бүлінген, конверттердің нөмірлері құжаттардың нөмірлерімен сәйкес келмеген жағдайда үш данада акт жасалады (2-қосымша), бұл ретте актінің бір данасы қызметтік хат-хабар секторында қалады, екіншісі құжатпен бірге арналуы бойынша беріледі, ал үшіншісі жөнелтушіге жолданады.
Дұрыс арналмаған және ресімделмеген, қате салынған құжаттар арналуы бойынша қайта жөнелтіледі немесе жөнелтушіге қайтарылады.
Құжаттар салынған конверттер құжаттарды жөнелтушінің мекен-жайын, олардың жөнелтілген және алынған күнін тек сол арқылы ғана анықтау мүмкін болатын жағдайларда сақталады.
«Жеке өзіне» деген белгісі бар конверттерді қоспағанда, барлық конверттер қызметтік хат-хабар секторында ашуға жатады.
12. Тиісті мемлекеттік органның белгіленген үлгідегі бланкісінде басылған немесе толтырылған деректемелері бар (электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің оң нәтижесін белгіленген тәртіппен анықтау туралы растамасы бар) электрондық құжаттың оған сәйкес келетін шаблонын пайдаланып жасалған, бірінші басшы (ол болмаған кезде бірінші басшының міндетін атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкіметке, Үкіметтің және Кеңсенің Басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірінші басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға) қол қойған құжаттардың* бірінші даналары Кеңседе тікелей қабылдауға жатады. Бұл ретте құжатта күні, шығыс нөмірі, құжаттың қысқаша тақырыбы, сауалға жауап қайтару немесе атқару туралы есеп (ақпарат) беру кезінде Кеңсенің нөміріне сілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Бұл ретте Кеңсе күні оларды Кеңсеге өткізген күніне сәйкес келетін құжаттарды (басқа қалалардан почтамен келіп түскен хат-хабардан басқа) ғана қабылдайды. Бұдан басқа, құжаттың соңғы парағының сол жақ төменгі бұрышына бірінші басшының (бірінші басшының міндетін атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкіметке, Үкіметтің және Кеңсенің Басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірінші басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға) қолынан кейін не құжаттың бірінші парағының артқы жағына орындаушының тегі және аты-жөні, оның телефонының нөмірі көрсетілуі тиіс (мысалы: С.А. Асанов, тел. 152469). Құжат қосымшаларына құжатқа қол қойған адам алдын ала қол қоюы тиіс.
Кеңсеге енгізілетін Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын, заң жобаларын және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобаларын Үкіметтің Регламентіне сәйкес жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының міндетін атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкіметтің және Кеңсенің Басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірінші басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға) әр парағына алдын ала қол қоюға тиіс.
Факсимилесі, бояуы және өзге де былғанышы бар, қандай да бір бүлінген, оның ішінде тескішпен тігілген, нобайқағазға және мемлекеттік органдар бланкілерінің көшірмелеріне шығарылған құжаттар Кеңсеге қабылдауға жатпайды.
Кеңсеге жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттарды қабылдау Кеңсе Басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның нұсқауы бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
13. Кіріс хат-хабарын тіркеуді құжаттың бірінші парағының оң жақ төменгі бұрышына негізгі құжаттың тіркеу нөмірі, тіркелген күні, парақтарының саны және қосымшалар парақтарының саны көрсетілетін тіркеу мөртаңбасын қою жолымен қызметтік хат-хабар секторы жүзеге асырады, қосымшаларға «№___-ге» деген мөртаңба қойылады. Шет тілдеріндегі хат-хабар тіркелген кезде мөртаңба түпнұсқаға және аударма мәтінге («Аударма» деген белгімен) қойылады.
Үкімет қаулыларының немесе Премьер-Министр өкімдерінің жобалары келіп түскен кезде тіркеу мөртаңбасы ілеспе хатқа қойылады.
Бұрын тіркелген кіріс құжаттарына келіп түскен құжаттарға негізгі құжаттың тіркеу нөмірі беріледі.
___________________
* Құжаттар Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттарды басқару және құжаттама комитеті төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 33 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың үлгі ережесіне сәйкес ресімделуі тиіс.
3. Кіріс хат-хабарын қарау және олардың өтуі
14. Қызметтік хат-хабар секторы почтаны тіркеу сатысында сұрыптайды және алдын ала зерделегеннен кейін оны Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісіне баяндайды.
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі зерделеу нәтижелері бойынша мыналарды:
1) өтініш жасаушылардың немесе өзге де мемлекеттік органдардың айрықша құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың өтініштерін;
2) өздері дайындаған нормативтік құқықтық актілердің және өзге құжаттардың жобаларын мүдделі мемлекеттік органдардың немесе орталық атқарушы органдар жұмыс органдары болып табылатын ведомствоаралық комиссиялардың қарауы туралы тапсырма беру өтінішімен әзірлеуші мемлекеттік органдардың өтініштерін;
3) Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің шешімдерін, оның ішінде республикалық бюджеттен және Үкіметтің резервінен қаражат бөлу туралы шешімдер қабылдауды талап ететін, бірақ өтініштерде көтеріліп отырған мәселелер құзыретіне жататын орталық атқарушы органдарда пысықталмаған мемлекеттік органдардың, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың өтініштерін;
4) белгіленген есептілікте берілуі көзделмеген ақпаратты;
5) Үкіметтің бақылауында жоқ және олар бойынша Үкіметті және/немесе Премьер-Министрдің Кеңсесін хабардар ету қажеттілігі туралы нақты тапсырмалар берілмеген тапсырмаларды орындау жөніндегі ақпаратты;
6) салықтарды төлеу мерзімін ұзарту туралы өтінішті;
7) жабылған конверттердегі құжаттарды (құпия, кадр мәселелері бойынша және басқа қаладан келген, сондай-ақ соттар жіберген хат-хабарды қоспағанда);
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі Регламентінің талаптарын және осы Нұсқаулықты бұзып дайындалған құжаттарды қамтитын құжаттарды қабылдамауы немесе қарамастан қайтаруы мүмкін.
15. Құпия хат-хабар тек Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторында (бұдан әрі - құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторы) ғана өңделеді.
16. Құжаттардың одан әрі өтуінде түсініксіздік пайда болған жағдайларда, ол Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісіне, ал қажет болған жағдайда Кеңсе Басшысына немесе оның орынбасарларына мәлімделеді.
17. Үкіметтің қарауын талап етпейтін әрі орталық және жергілікті атқарушы, өзге де мемлекеттік органдар шеше алатын заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін Үкіметтің Регламентіне және Кеңсе туралы ережеге сәйкес Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі (ол болмаған кезде - меңгерушінің орынбасары) тиісті министрліктерге, агенттіктерге, әкімдерге және өзге де мемлекеттік органдарға жібереді.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, өзге де мемлекеттік органдардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделмеген қосымша қаржыландыру не жеке салықтық, кедендік және басқа да жеңілдіктер беру жөніндегі өтініштері, егер ол Үкімет Регламентінде белгіленген тәртіппен келісілмеген болса, тіркеусіз қайтарылады.
Осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген құжаттар тіркеуге жатпайды.
18. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен келіп түсетін кіріс хат-хабарын өңдеу және тіркеу кезінде құжатқа танысу парағын (4-қосымша) тіркей отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының аппараттарында, ұйымдарында және мекемелерінде Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құжаттарымен жұмыс істеу ережесін қосымша басшылыққа алу қажет.
19. Үкіметке келіп түсетін хат-хабар, әдетте, мынадай тұрғыда бөлінеді:
1) Премьер-Министрдің қарауына:
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы;
Парламент палаталары төрағаларының, Мемлекеттік хатшының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Жоғарғы Сот Төрағасының, Премьер-Министрдің жеке өзіне жолдаған хаттары;
Бас прокуратураның хаттары;
мемлекеттер басшылары мен үкіметтер басшыларының хаттары;
Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау жөніндегі қызметтік жазбалар мен басқа да хат-хабар;
министрліктердің, ведомстволардың, республикалық бюджет есебінен ұсталатын басқа да орталық мекемелер басшыларының, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің іссапарға шығуға рұқсат алуға және оларға ақша қаражатын бөлуге байланысты өтініштері;
Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының және Кеңсе Басшысының арасында міндеттер бөлісуге сәйкес өзге де хат-хабар беріледі;
2) Премьер-Министрдің орынбасарларының қарауына тікелей оларға жолданған хат-хабар, сондай-ақ Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының арасында міндеттерді бөлуге сәйкес олар жетекшілік ететін мәселелер бойынша хат-хабар беріледі;
3) Кеңсе Басшысына:
Президенттің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің уақтылы және сапалы орындауын бақылау мәселелері жөніндегі материалдар, сондай-ақ Үкімет мәжілістерінің хаттамалары;
Үкіметке және Премьер-Министрге депутаттық сауалдар;
Конституциялық Кеңестің өтініштері;
Үкіметтің мәжілістерін, кеңестер, республикалық деңгейде басқа да іс-шаралар өткізуге байланысты құжаттар;
СІМ-нің халықаралық шарттарды жасасу және іске асыру, мемлекеттер, үкіметтер басшыларының, халықаралық ұйымдардың, ірі шетелдік фирмалардың басшыларын қабылдау, Премьер-Министрдің таяу және алыс шетелдерге сапарлары мәселелері жөніндегі материалдары;
Премьер-Министр бекіткен Ақпараттық материалдарды Премьер-Министрге ұсыну кестесіне сәйкес ақпараттық-анықтамалық материалдар;
кадр мәселелері жөніндегі құжаттар және тікелей соның атына жіберілген хат-хабар;
Премьер-Министрдің Кеңсесінде қарау талап ететін Президент актілерінің жобалары, заң жобалары және Үкіметке өзге де өтініштер;
Үкіметтің Регламентіне, Премьер-Министрдің Кеңсесі туралы ережеге және Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының арасында міндеттерді бөлуге сәйкес басқа да құжаттар жіберіледі.
20. Хат-хабарды (құжаттарды) тіркегеннен кейін қызметтік хат-хабар секторының қызметкері электрондық құжат айналымы жүйесінің дерекқорында сақталған есептік деректері бар тіркеу-бақылау карточкасының екі данасын қағазға басып шығарады (1-қосымша) және осы карточкаларды олармен бірге қызметтік хат-хабар секторының почтаның жеткізілуіне жауапты қызметкеріне берілетін тіркелген кіріс құжатына қоса тіркейді.
21. Қызметтік хат-хабар секторының почтаның жеткізілуіне жауапты қызметкері өзіне келіп түскен құжаттарды (хат-хабарды) оның шұғылдығын ескере отырып, белгілеуге сәйкес сұрыптайды, одан кейін:
1) құжаттарды (хат-хабарды) Премьер-Министрге, Премьер-Министрдің орынбасарларына, Кеңсе Басшысына, оның Хатшылықтың жұмысына жетекшілік ететін орынбасарына баяндау үшін өзі жеткізеді және оларды тіркеу-бақылау карточкасының қызметтік хат-хабар секторына қайтарылатын екінші данасына алынған күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне қол қойдырып тапсырады. Бұл ретте жай хат-хабар Кеңсе Басшысы белгілеген кесте бойынша, ал шұғылы дереу жеткізіледі;
2) Кеңсе Басшысы орынбасарларының және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қабылдау бөлмелеріне жіберілетін құжаттарды (хат-хабарды) қызметтік хат-хабар секторының арнайы стеллажының мекен-жай жәшігіне қояды, одан Кеңсенің көрсетілген қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері Кеңсе Басшысы белгілеген кесте бойынша бір күн ішінде тіркеу-бақылау карточкасының қызметтік хат-хабар секторында қалатын екінші данасына қолын қойып, келіп түскен хат-хабарды алуды жүргізеді. Бұл ретте почтаның жеткізілуіне жауапты қызметкер телефон арқылы шұғыл хат-хабардың (құжаттардың) түскені туралы тиісті қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне дереу хабарлайды, олар шұғыл хат-хабарды кестеден тыс дереу алуды жүзеге асыруға тиіс;
3) келіп түскен құжаттарды электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, оларды электрондық құжаттар форматында беру үшін белгілеуге (таратқыш есебіне) сәйкес басқа бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелерге бір мезгілде жібереді. Бұл ретте Премьер-Министрге, оның орынбасарларына және Кеңсе Басшысына құжаттар қағаз жеткізгіштермен жіберіледі.