2. Осы Нұсқаулықтың сақталуын бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
3. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштер Кеңсеге келіп түскен күні белгіленген нысандағы есеп карточкалары бойынша (1-қосымша) Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметтік хат-хабар секторында (бұдан әрі - қызметтік хат-хабар секторы) тіркеледі. Өтініштің бірінші бетіне мөртабан қойылады, онда жеке өтініштер үшін автордың тегінің бастапқы әрпінен және өтініштің реттік нөмірінен (мысалы, А-1780), ұжымдық өтініштер үшін индекс К/Е, нөмірі мен күнінен тұратын тіркеу индексі көрсетіледі. Күнді белгілеу мынадай кезектілікпен жүргізіледі: күні, айы, жылы (мысалы, 01.01.2008). Тіркеу индексі бір мезгілде кіріс және шығыс болып табылады және өтініштер бойынша барлық жауаптар осы нөмірмен тіркеледі. Бұдан кейін өтініш сипаттамасының коды қойылады. Бұдан кейін хатқа аннотация жасалады, ол жүйелі, қысқа, өтініштің (ұсыныстың, арыздың не шағымның) мазмұнын көрсетуге тиіс. Бұл ретте есеп карточкасындағы жазба өтінішті қарауға жіберудің адрестілігін негіздеуі қажет.
Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес басқа іс жүргізу түрлерінен бөлек жүргізіледі.
Осы Нұсқаулықтың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің оң нәтижесін белгіленген тәртіппен анықтау туралы растамасы бар электрондық құжаттарды қоса алғанда, тасымалдаушының түріне қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыруға қолданылады.
Өтініштерді қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
4. Премьер-Министрдің Кеңсесіне тікелей жазбаша өтініш берген өтініш берушіге күні мен уақытын, қызметтік хат-хабар секторының өтінішті қабылдаған қызметкерінің тегі мен аты-жөні көрсетіліп, тиісті мөртабанмен куәландырылған А5 форматты талон беріледі.
5. Егер бірінші өтінішті тіркеген уақыттан бастап заңнамада белгіленген қарау мерзімі аяқталса немесе өтініш беруші өзінің өтініші бойынша қабылданған шешіммен келіспесе, сол адамнан сол бір мәселе бойынша келіп түскен жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері қайталама болып саналады. Сол автордың әр түрлі мәселелер бойынша өтініштері бастапқы болып саналады.
Сол бір адамның мүддесімен сол бір мәселе бойынша бірнеше өтініш түскен кезде бірінші өтініш негізгі өтініш ретінде тіркеледі, ал кейінгілері негізгі өтінішке толықтырылады және өтініш берушілерді бірінші өтініш келіп түскен күннен бастап есептелетін белгіленген мерзім шегінде оларды шешу нәтижелері туралы хабарлай отырып, бір өтініш ретінде қаралады.
Олар бойынша авторға толымды жауап берілген сол бір мәселе бойынша көп мәрте келген өтініштер қайталама болып саналмайды және қаралмайды.
Автор күнтізбелік бір жылдың ішінде сол бір мәселені қоятын жеке тұлғалардың қайталама өтініштеріне «екінші», «үшінші» деп және одан әрі көрсетіле отырып, бастапқы өтініштің тіркеу нөмірі қойылады, ал «қайталама» деген белгісі бар есеп карточкасы бастапқысымен бірге ағымдағы жылдың картотекасына орналастырылады. Қайталама өтініштерге оның алдындағы өтініштерді қарау материалдары қосып қойылады.
Кеңсенің қызметтік хат-хабар секторында немесе құрылымдық бөлімшелерінде толымды жауаптары бар жеке немесе заңды тұлғалардың бұрын қаралған қайталама өтініштері қосымша қарауға жатпайды, өтініш берушіге үш күн мерзімде бұл туралы хабарланады.
6. Өтініштер мазмұнына қарай Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына немесе оның орынбасарларына (бұдан әрі - Басшылық) баяндалады немесе Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі алдын ала қарау және Басшылық қарарын дайындау үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне береді не олардың құзыретіне сәйкес орталық және жергілікті атқарушы және өзге де органдардың атына үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жолдайды.
Өтініштерді Кеңсенің бір құрылымдық бөлімшесінен екіншісіне беру тек олардың басшыларының келісімі бойынша есеп карточкасында тиісті белгі жасалып, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметтік хат-хабар секторы арқылы жүргізіледі.
7. Жеке тұлғалардың өтініштері орталық және жергілікті атқарушы және өзге де органдардың атына олар құзыретіне сәйкес қарауы үшін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі қол қойған ілеспе хатпен бірге дереу жіберіледі.
8. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметтік хат-хабар секторы Басшылықтың жеке тұлғалардың өтініштері бойынша Кеңсеге жауап ұсынуды талап ететін «баяндалсын», «хабарласын» деген және басқа да нақты мерзімдері көрсетілген белгісі бар тапсырмаларын бақылауға алады, бұл ретте өтініштер мен карточкаларға «БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ» («Взято на контроль») және «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жауаппен бірге қайтарылуға жатады» («Подлежит возврату в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан вместе с ответом») деген мөртабандар қойылады.
9. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне жіберілген Басшылықтың жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тапсырмаларының орындалуын бақылау олардың басшыларына жүктеледі.
Егер жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін қарау Кеңсенің бірнеше құрылымдық бөлімшелеріне тапсырылса, онда қарарда бірінші көрсетілген не атауының тұсында «(жинақтау)» деген белгі тұрған бөлімше орындалуын бақылау үшін жауапты болып табылады.
10. Басшылықтың нұсқауы бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, ол қосымша бақылауға алынады, хаттың есеп карточкасының тыс жағына қызметтік хат-хабар секторы бұл туралы белгі қояды, тиісті түзету енгізіледі және электрондық құжат айналымы жүйесінің тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына тиісті есепті деректер енгізіледі.
11. Жеке тұлғалардың өтініштеріне Басшылық тапсырмаларының орындалу мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын, ал қосымша зерделеуді және тексеру жүргізуді талап етпейтіндер 15 (он бес) күнтізбелік күннен аспайтын болып белгіленеді және оларды Кеңсеге тіркеген күннен бастап есептеледі.
Егер оған жауапта өтініштерде қойылған мәселелерді іс жүзінде шешу бойынша қабылданған шаралар туралы деректер қамтылмаса, өтінішті қарауды аяқталды деп санауға болмайды.
Өтініштерді қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда оларды қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспай ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.
Өтініштердің нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
1) өтініштерді толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
2) мұндай шешім қабылдаудың негізділігімен өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы;
3) өтініштің мән-жайы бойынша түсініктеме беру туралы;
4) өтінішті қарауды тоқтату туралы.
12. Жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін бақылаудан, әдетте, оның тапсырмасы бойынша қаралған лауазымды тұлғаның өзі алады. Бұл ретте оның тиісті қарары өтінішті бақылаудан алу үшін негіздеме болып табылады.
Бақылаудағы өтініштерге жауаптар түскен кезде Кеңсенің олардың орындалуы үшін жауапты құрылымдық бөлімшелері өтініштерде қойылған мәселелерді шешудің сапасы мен толықтығын зерделейді және Басшылыққа қарау нәтижелері туралы бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту немесе басқа да іс-әрекеттер туралы ұсыныспен бірге баяндайды. Жеке және заңды тұлғалардың бақылаудан алынған өтініштері бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріндегі орындаушылар есеп карточкасындағы тиісті бағанды толтырады, одан кейін өтініштер мен оларға материалдар құрылымдық бөлімшенің ағымдағы мұрағатына есеп карточкаларымен бірге тапсырылады.
13. Өтініш берушінің авторлығын белгілеу мүмкін емес, қолы, оның ішінде электрондық цифрлық қолы қойылмаған, почталық мекен-жайы көрсетілмеген өтініштері жасырын өтініштер деп саналады және оған мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер туралы мәліметтер қамтылатын және мұндай жағдайда қызметтік хат-хабар секторы Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісіне баяндалғаннан кейін олардың құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға жедел қайта жіберілетін жағдайларды қоспағанда, қаралуға жатпайды.
Сондай-ақ мәселенің мән-жайы баяндалмаған өтініштер қаралуға жатпайды.
14. Күнтізбелік жыл аяқталған соң жеке және заңды тұлғалардың қаралған өтініштері мен оларға барлық материалдар іске түзіледі және мұрағатқа тапсырылады.
Бүркеншік өтініштер қызметтік хат-хабар секторында бір жыл сақталады, одан кейін актімен жойылады.
15. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен оларға қатысты материалдар мұрағаттан Кеңсе қызметкерлеріне Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің немесе оның орынбасарының рұқсатымен ғана беріледі.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, азаматтардың өтініштерін қарау туралы статистикалық деректер есепті кезеңдерде белгіленген тәртіппен ұсынылады.
16. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды Кеңсе Басшысы бекіткен кестеге сәйкес бөлімдердің басшылары және ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторлары Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінде жүргізеді. Жеке қабылдау кестесі Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінің кіреберісінде ақпараттық қабырғаға ілінеді.
Азаматтарды қабылдаудың есебі өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, оның жұмыс орны, лауазымы, мекен-жайы, өтініштің және тапсырманың қысқаша мазмұны және қарау нәтижелері көрсетіле отырып, карточкалар (2-қосымша) бойынша жүргізіледі.
Егер өтініш немесе шағым қабылдау кезінде шешілмейтін болса, онда азаматтар көтеріп отырған мәселелер жазбаша түрде жазылады және онымен әрі қарай жұмыс істеу азаматтардың хаттарымен жұмыс сияқты жүргізіледі.
17. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және оларға Басшылық тапсырмаларының орындалуы мерзімдерін бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
18. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды тікелей өздері басқаратын мемлекеттік органдарда жүргізеді.
* Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300, 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 358 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін
қарау және олардың орындалуын бақылау
тәртібі туралы нұсқаулыққа
1-қосымша
(карточканың беткі жағы)
Түскен өтінішті
ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ
ТІРКЕУ
___________________________________________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә.
мекен-жайы Тіркеу нөмірі Тіркелген күні
___________________________________________________________________
Өтініш сипаттамасының коды
___________________________________________________________________
Әлеуметтік жағдайы Өтініштің қысқаша түсініктемесі
Ұсыныс, өтініші, шағым, лебіз, сауал
Өтініш қай тілде жазылған
Қарарды орындаушының шифрі
___________________________________________________________________
(карточканың артқы беті)
Күні | Өтінішті кім жіберді, кімге | Қолхат |
Істі сақтау/том:
Орындалуы дейін ұзартылды
Бақылаудан алынды:
Тексерудің қорытындысы:
Құрылымдық бөлімше бақылауға қойды:
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін
қарау және олардың орындалуын бақылау
тәртібі туралы нұсқаулыққа
2-қосымша
(карточканың беткі жағы)
КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ 200_жылгы «__»»____________№________ (қабылданған күн) Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты______________________ ______________________________________________________________ Жұмыс орны және атқарып отырған лауазымы______________________ ______________________________________________________________ Тұрғылықты мекен-жайы_________________________________________ ______________________________________________________________ Өтініштің қысқаша мазмұны_____________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ Қабылдау жүргізушінің тегі____________________________________ ______________________________________________________________ |
_________________________________________________________
(карточканың артқы беті)
Кімге және не тапсырылды, күні________________________________ ______________________________________________________________ Өтінішті қарау нәтижелері_____________________________________ ______________________________________________________________ Жауапты қашан және кім берді__________________________________ ______________________________________________________________ |