Тәрбиешi-ана отбасында имандылық-рухани және үйiшiлiк ахуал жасау жөніндегі өзiне жүктелген мiндеттердi адал атқаруға тиiс.
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Тәрбиешi-ана осы Заңның 16-бабы 4-тармағының 1), 2), 4) - 11) тармақшаларында көрсетілген, өзiне берiлген құжаттар көшірмелерінің сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
5. Өз мiндетiн тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен мүдделерiне залал келтiре отырып атқарған тәрбиешi-ана Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауапкершiлiктi ата-аналармен бiрдей көтередi.
19-бап. Тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөніндегі әкiмшiлiктiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Балалар ауылының әкiмшiлiгi, тәрбиеленушi-балалардың кез келген жеке және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарында, оның iшiнде соттарда, бұған арнайы өкiлеттiктерi болмаса да, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға әрекет ететiн заңды өкiлi болып табылады.
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Егер қорғаншы және қамқоршы орган әкiмшiлiк пен балалардың мүдделерi арасында қайшылықтар бар екенiн анықтаса, әкiмшiлiк балалардың мүдделерiн қорғауға құқылы емес. Олардың арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардың мүдделерін білдіруші етіп тәрбиеші-ананы тағайындауға тиiс.
3. Балалар ауылының әкiмшiлiгi тәрбиеленушiлердiң денсаулық жағдайы туралы, оны тәрбиелеу жөніндегі, сондай-ақ тәрбиеленушiнiң мүлкiн басқару жөніндегі жұмысы туралы қорғаншы және қамқоршы органға кем дегенде жылына бiр рет есеп берiп отыруға тиiс.
2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Әкiмшiлiктiң тәрбиеленушiнiң мүлкiн басқару жөніндегі құқықтары мен мiндеттерi
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тәрбиеленушінің мүлкін басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мүлiктi жалдауға (жалға) беруден түскен кiрiстi әкiмшiлiк тәрбиеленушiнiң банктегi банк шотына аударып отырады.
3. Тәрбиеленушiнi ата-анасына қайтарған жағдайда немесе оны балалар ауылынан шығарғаннан кейiн тәрбиеленушiнiң мүлкi мен құжаттары нотариус куәландырған тiзiмдеме бойынша ата-аналарына немесе тәрбиеленушiнiң өзiне берiледi.
21-бап. Тәрбиеленушi-балалардың ата-аналарымен және басқа да жақын туыстарымен байланыстары
1. Әкiмшiлiк тәрбиеленушiлердiң ата-аналарының құқықтары қалпына келтiрiлген, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және баланың мүдделерiне қайшы келмейтiн басқа да жағдайларда олардың ата-аналарымен байланыс жасауына және табысуына кедергi жасамауға тиiс.
2. Әкiмшiлiк, сондай-ақ тәрбиеленушiнiң басқа да жақын туыстарымен (ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерiмен және апа-сiңлiлерiмен, аталарымен, әжелерiмен) байланыс жасап тұруына, мұндай араласу баланың мүдделерiне сай келмейтiн жағдайларды қоспағанда, кедергi жасамауға тиiс.
3. Тәрбиеленушiлермен ата-аналарының және басқа да жақын туыстарының байланыс жасауына әкiмшiлiктiң келісімiмен рұқсат етiледi.
4. Тәрбиеленушiлердiң бұрынғы отбасына қайта оралуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
4-тарау. Жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталығы)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 22-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Жасөспірімдер үйі
1. Балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың балансындағы жатақхана немесе пәтерлер Жасөспірімдер үйі болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша Жасөспірімдер үйі мемлекеттік мекеме нысанындағы дербес заңды тұлға ретінде құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.
2. Жасөспiрiмдер үйiнiң қызметiн балалар ауылының, балалар үйiнiң, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшілігі Жасөспірімдер үйінің директорымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
3. Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйі өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
23-бап. Жасөспiрiмдер үйiнiң мақсаттары мен мiндеттерi
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жасөспiрiмдер үйiнiң негiзгi мақсаты - балалар ауылдарының тәрбиеленушiлерiне, балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерiне (әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн адамдарға) олардың өз тiлектерiне сай қоғамға, оның iшiнде еңбек нарығына сіңісуіне көмектесу.
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Балалар ауылдарының тәрбиеленушiлерiн, балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерiн әлеуметтiк бейiмдеу мақсатында Жасөспiрiмдер үйi мынадай міндеттерді:
1) қоғамдық өмiрге әлеуметтiк бейiмделу үшiн жағдай жасауға;
2) жеке қабiлеттерiн дамытуға жәрдемдесу және кәсiби даярлығын қамтамасыз етуге;
3) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі мiндеттерiн орындауға тиiс.
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24-бап. Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтетін адамдардың санаттары
1. Балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкімшілігінің шешімі негізінде Жасөспірімдер үйінде, психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімделуден өте алады.
2. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйінде, психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімделуден өте алады.
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25-бап. Жасөспiрiмдер үйi директорының негiзгi мiндеттерi
Жасөспiрiмдер үйiнiң директоры:
1) еңбек нарығын:
мүдделi ұйымдармен байланыстар орнату және ұйымдардағы бос жұмыс орындарын зерделеу;
қосалқы шаруашылықтар, шағын ағаш ұсташылық және слесарлық шеберханалар мен шағын кәсiпкерлiктiң басқа да объектiлерiн құру арқылы жүйелi түрде зерделеуге;
2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша балалар ауылының, балалар үйiнің және жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкiмшiлiгiмен өзара iс-қимылды жүзеге асыруға мiндеттi.
26-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың өкiлдiгi
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдардың мүдделерін балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшілігі білдіреді және қорғайды.
Дербес заңды тұлға мәртебесі бар Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдардың мүдделерін оның әкімшілігі білдіреді және қорғайды.
2. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейiн адамдар өздерiнiң азаматтық құқықтарын өз бетiнше жүзеге асырады және мiндеттер атқарады.
27-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың әрекет қабiлеттілігi
1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оларды жүзеге асыруға, өзіне азаматтық мiндеттер жүктеуге, оларды орындауға қабiлеттілігi (азаматтық әрекет қабiлеттілігi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде туындайды.
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде он сегiз жасқа толғанға дейiн некелесуге рұқсат етiлетiн жағдайда, он сегіз жасқа толмаған әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адам некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттілігiне ие болады.
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның құқық қабiлеттілігiнен немесе әрекет қабiлеттілігiнен толық немесе iшiнара бас тартуы және құқық қабiлеттілігiн немесе әрекет қабiлеттілігiн шектеуге бағытталған басқа да мәмiлелер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде мұндай мәмiлелерге жол берiлетiн реттердi қоспағанда, жарамсыз болады.
28-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдардың әрекет қабiлеттілігi
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдар мәмiлелердi балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен жасайды. Мұндай келісімнiң нысаны кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанға сай келуге тиiс.
2. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдар өздерiнiң жалақысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өздерi жасаған санаткерлiк меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмiлелер жасауға құқылы.
3. Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның өз жалақысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өзi жасаған санаткерлiк меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк ету құқығын шектеуi немесе ол құқықтан айыруы мүмкiн.
4. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдар осы баптың ережелерiне сәйкес өздерi жасаған мәмiлелер бойынша дербес жауапты болады және өздерiнiң әрекеттерiмен келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң ережелерiне сәйкес жауапты болады.
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдар мәмілелерді осы мекеме әкімшілігінің келісімімен жасайды.
29-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдардың банктерге салымдар салу және салымдарға билiк ету құқығы
1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдар банктерге салымдар салуға және өздерi салған салымдарға өз бетiнше билiк етуге құқылы.
2. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдар өздерiнiң атына басқа бiреу салған салымдарға өз бетiнше билiк етедi.
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың құқықтары мен мiндеттерi
Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың құқықтары мен мiндеттерi балалар ауылы, балалар үйi және жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат пен тәрбиеленуші (түлек) арасында жасалған Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шарт негiзiнде айқындалады. Осы шарт бiлiм беру саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн үлгi шарт негiзiнде жасалады.
Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдардың құқықтары мен міндеттері Жасөспірімдер үйі мен тәрбиеленуші (түлек) арасында жасалған осы мекемеде бағып-күту туралы шарт негізінде айқындалады.
31-бап. Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шартты тоқтату
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шарт онда көзделген негiздерден басқа:
1) жиырма үш жасқа жеткенде;
2) әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның шартты тоқтату туралы тiлек бiлдiруiмен;
3) Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі (түлегі) Жасөспiрiмдер үйiнің тәртібін бірнеше рет бұзған, алкогольді, есірткілерді, басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану, нәпсіқұмарлық сипаттағы әдепсіз іс-әрекеттерді жасау фактілері анықталған жағдайларда қорғаншы және қамқоршы органның, балалар ауылы, балалар үйі және жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкiмшiлiгiнiң шешiмiмен;
3-1) Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі (түлегі) Жасөспірімдер үйінің тәртібін бірнеше рет бұзған, алкогольді, есірткілерді, басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану, нәпсіқұмарлық сипаттағы әдепсіз іс-әрекеттерді жасау фактілері анықталған жағдайларда дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйі әкімшілігінің шешімімен;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
2. Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шартты тоқтату әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның Жасөспiрiмдер үйi жатақханасындағы орынға құқығын тоқтатады.
32-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның зиян келтiргенi үшiн жауаптылығы
1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдар өздерi келтiрген зиян үшiн жалпы негiздер бойынша дербес жауапты болады.
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Егер әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi, қамқорлықты қажет ететiн адамдар заңға орай өзiнiң қамқоршысы болып табылатын балалар ауылында, балалар үйінде, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта тұрып жатса, онда балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкiмшiлiгi, егер зиян оның кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, зиянды толығымен немесе оның жетiспейтiн бөлiгiн өтеуге мiндеттi.
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкiмшiлiгiнiң зиянды өтеу жөніндегі мiндетi залал келтiрушiнiң кәмелеттiк жасқа толуына қарай не оның кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi мүлкi немесе өзге де табыс көздерi пайда болса, не ол кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн әрекет қабiлеттілігiне ие болса, тоқтатылады.
5-тарау. Балалар ауылдары мен жасөспірімдер үйлерінің тәрбиеленуші-балаларына арналған мемлекеттік кепілдіктер
33-бап. Тәрбиеленушi-балаларға арналған мемлекеттік кепiлдiктер
Тәрбиеленушi-балаларға арналған мемлекеттік кепiлдiктер:
1) тәрбиеленушi-балалардың дене бiтiмi жағынан, санаткерлiк, рухани және имандылық тұрғыдан дамуына жәрдемдесу, олардың бойына патриотизм мен азаматтықты сiңiру үшiн құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасауды;
2) кәсiби бағдар жүйесiн құруды, бастапқы кәсiби даярлықты қамтамасыз етудi және жұмысқа орналасуға жәрдемдесудi;
3) балалардың білім алу, сондай-ақ қызметi балалардың дем алуына және оларды сауықтыруға бағытталған мекемелер желісін сақтау және дамыту арқылы олардың демалу және сауығу құқықтарын қамтамасыз етудi;
4) мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт саласында балалар мүдделерi үшiн мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен iске асыруды;
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) егер балалар ауылына, балалар үйіне немесе жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатқа жiберiлгенге дейiн тұрып келген тұрғын үйлерiн оларға қайтарып беру мүмкiн болмаса, азаматтардың осы санаты үшiн көзделген тәртiппен тұрғын үй берудi;
6) мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен және ұйымдармен бiрлесе отырып балаларды сауықтыру, дене тәрбиесi мен гигиеналық тәрбие жөнiнде шаралар өткізу, балалар ауылдарының ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан балалар ауылдарындағы балалардың денсаулық жағдайларына бақылау жасау iсiн жүзеге асыруды қамтиды.
34-бап. Отбасылық үлгiдегi балалар ауылдары мен Жасөспiрiмдер үйлерiн дамытудағы мемлекеттік органдардың рөлi
Қорғаншы және қамқоршы органдар отбасылық үлгiдегi балалар ауылдары мен Жасөспiрiмдер үйлерiне тәрбиеленушi-балалардың білім алуына және оларды тәрбиелеуде, емдеу-профилактикалық және психологиялық-диагностикалық жұмыста әдiстемелiк көмек көрсетуге, сондай-ақ олардың бағып-күтiлуi, тәрбиеленуi мен білім алуы жағдайларына бақылау жасауды жүзеге асыруға, тәрбиешi-аналарға психологиялық-медициналық-педагогикалық мәселелер бойынша консультациялар беруге мiндеттi.
35-бап. Тәрбиеленушi-балалар құқықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қаржыландыру
Тәрбиеленушi-балаларды әлеуметтiк қорғаудың кепiлдiктерiн қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға арналған шығыстар құрылтайшылар қаражаты және заңмен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүргiзiледi.
Бiр тәрбиеленушiнi тамақпен, киiммен, аяқ киiммен, жұмсақ жабдықтармен қамтамасыз ету нормалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
36-бап. Мемлекеттік мекемелердегi тәрбиеленушi-балалар құқықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қаржыландыру
1. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Тәрбиеленушiлер мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын балалар ауылдарында (балалар үйлерiнде) болған кездерiнде оларға толық мемлекеттік қамтамасыз ету кепiлдiгi берiледi.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жасөспірімдер үйлерінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдарға күндізгі оқу нысанында жоғары, орта білімнен кейінгі немесе орта (техникалық және кәсіптік) бiлiм алуы кезеңінде толық мемлекеттiк қамтамасыз ету кепiлдiгi берiледi.
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 37-баппен толықтырылды
37-бап. Қазақстан Республикасының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының