Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi № 279-1 Заңы
(2019.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2020 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды жiктеу
3-бап. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды шектен тыс пайдалануға қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары
4-бап. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымын мемлекеттiк реттеудiң және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларының негiзгi принциптерi
2-тарау. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi мемлекеттiк реттеу мен ұйымдастыру және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл
5-бап. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымы мемлекеттiк реттеу және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары
6-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары
7-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау
8-бап. Мемлекеттiк квоталар
9-бап. Жаңа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу
10-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру, дайындау, өңдеу
11-бап. Дайындалған есiрткi және психотроптық заттарды буып-түю
12-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитi
13-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау, жөнелту
14-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау
15-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сату және бөлу
16-бап. Есiрткi және психотроптық заттарды медициналық мақсатта пайдалану
17-бап. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды мал дәрiгерлiгiнде пайдалану
18-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды ғылым және оқу мақсаттарында пайдалану
19-бап. Есiрткi және психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды сараптама және криминалистика қызметiнде пайдалану
20-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды жедел-iздестiру қызметiнде пайдалану
21-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды жою
22-бап. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинау
23-бап. Прекурсорлар айналымының тәртiбi
24-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы саласындағы насихатқа тыйым салу және жарнаманы шектеу
25-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары
26-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымынан түскен табысты заңдастыру үшін жауаптылық және пайдалану
27-бап. Көлiк құралдарын, жүктердi және азаматтардың жеке заттарын тексеру
28-бап. Бақыланатын жеткiзу
29-бап. Бақылау мақсатында сатып алу
30-бап. Заңды тұлғаны тарату
31-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi, прекурсорларды тәркiлеу
3-тарау. Нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету
32-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi тұтынатын адамдарды анықтау
33-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi теріс пайдаланатын адамдарды медициналық куәландыру және медициналық зерттеп-қарау
34-бап. Нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу
35-бап. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға наркологиялық көмек көрсету принциптерi
36-бап. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсетуге құқығы бар заңды және жеке тұлғалар
37-бап. Наркологиялық көмектi қаржыландыру
4-тарау. Қорытынды ережелер
38-бап. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 31.05.02 ж. № 327-II Заңына сәйкес 1-бап өзгертілді; 2006.02.03 № 130-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлшек сауда - дәрігердің рецепті бойынша жеке тұтыну үшін есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды даралап немесе шағын көлемде сату;
2) есiрткiлер - есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер ретiнде жiктелген, оларды шектен тыс пайдаланғанда туындауы мүмкiн зардаптарына байланысты халықтың денсаулығы үшiн ықтимал қаупi бар, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген өсiмдiктер, заттар немесе препараттар;
3) есірткі заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер жөніндегі 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулерімен қоса 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар;
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімі - сот сараптамасы органдары айқындайтын бір валентті немесе екі валентті атомдар немесе атом топтарының тізбесі;
5) есірткі, психотроптық заттармен және прекурсорлармен қамтамасыз ету нормативі (бұдан әрі - қамтамасыз ету нормативі) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сату үшін заңды тұлғаларға рұқсат етілген белгілі бір есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны;
6) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы - құрамында есірткі бар өсімдіктерді егуге, жинауға және дайындауға, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеуге, өндіруге, өңдеуге, әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, пайдалануға, жоюға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рұқсат етілген және бақылау жасалатын қызмет түрлері;
7) есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - өзіне берілген құзырет шегінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және оны жүзеге асыруды үйлестіретін орган;
8) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу мен әкету - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке өткізілуі;
9) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды дайындау - өндіруді қоспағанда, жүргізілуінің көмегімен есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың алынуы мүмкін барлық процестер, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың басқа есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға айналдырылуы;
10) есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымы - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы;
11) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру - химиялық заттардан және (немесе) өсімдіктерден не басқа есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардан есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды сериялап алуға бағытталған процесс;
12) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеу - нәтижесінде тазартылатын (бөгде қоспалардан тазартылатын), препараттағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың концентрациясын арттыратын іс-әрекет, сондай-ақ олардың негізінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар болып табылмайтын заттар алу;
13) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалану - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды мақсатқа сай қолдану;
14) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау мен жөнелту - тасымалдау тәсіліне және сақталатын орнына қарамастан Қазақстан Республикасы шегінде есірткі, психотроптық заттардың немесе прекурсорлардың орнын ауыстыру жөніндегі кез келген іс-әрекеттер;
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
15) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтыну нормативі (бұдан әрі - тұтыну нормативі) - нақты заңды тұлғалардың тұтынуы үшін қажетті, есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәлімделген белгілі бір есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар мөлшері;
16) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзиті - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке үшінші мемлекеттің аумағы арқылы өткізілуі;
17) есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді теріс пайдалану (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз тұтыну) - есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді дәрiгердiң тағайындауынсыз қасақана заңсыз тұтыну;
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
17-1) есiрткi, психотроптық зат тектестер - Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілмеген, құрылымдық формулалары есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы бір немесе бірнеше сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын олардың алмастырғыштарына ауыстыру арқылы түзілген химиялық заттар;
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
18) Заңсыз айналымда жүргенi анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, iрi және аса iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте - сот сараптамасы органдары айқындайтын және кейiннен әкiмшілік не қылмыстық жауаптылықтың туындауына негiз болып табылатын, белгiленген (шағын, iрi, аса iрi) мөлшердегі есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар түрлерiнiң тiзбесi;
19) көтерме сауда - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың ірі топтарын сату;
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
20) тармақша 2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткенге дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылды
20) Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмi - халықаралық конвенциялар негiзiнде нөмiрленген және тиiстi кестелер мен тiзiмге бiрiктiрiлген, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзбесi;
21) құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру - апиын көкнәрі мен сораны (каннабисті), халықаралық Конвенцияларға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген, құрамында есірткі бар басқа да өсімдіктерді егу және өсіру;
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22) құрамында есiрткi, психотроптық заттар бар өсiмдiктер терімі - халықаралық конвенцияларға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген, құрамында есiрткi бар жабайы өсетiн немесе егiлетiн өсiмдiктердi жинау;
23) мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелері - заңда белгіленген тәртіппен наркологиялық көмек көрсететін мекемелер (орталықтар, ауруханалар, диспансерлер, бөлімшелер немесе кабинеттер);
24) мәжбүрлеп емдеу — нашақорлықпен ауыратын науқас ерiктi түрде емделуден жалтарған немесе есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз тұтынуын жалғастырған кезде сот шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын стационарлық емдеу;
25) медициналық куәландыру - есірткіден мастану күйін анықтау мақсатында адамды амбулаториялық тексеру;
26) медициналық куәландырудан, медициналық зерттеп-қараудан немесе емдеуден жалтару - есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді терiс пайдаланушы адамның құқық қорғау органдары жұмыскерiнiң медициналық куәландыруға немесе зерттеп-қарауға қатысты өкiмiн қасақана орындамауы, сондай-ақ дәрiгердiң тағайындаулары мен ұсынымдарын орындамауы;
27) медициналық тексеру - «нашақорлық» деген диагноз қою немесе оны теріске шығару мақсатында адамды стационарлық жағдайда тексеру;
28) нашақорлық — организмнiң физикалық және психикалық функцияларының қатты бұзылуына әкеп соқтыратын, есiрткi, психотроптық заттарға, сол тектестерге тәуелдi болуға байланысты ауру;
29) нашақорлықпен ауыратын науқас (нашақор) — қандай да болсын есiрткi, психотроптық затқа, сол тектеске физикалық және (немесе) психикалық тәуелдi жағдайдағы, оған белгiленген тәртiппен медициналық мекеме «нашақорлық» деген диагноз қойған адам;
30) өз еркімен емдеу - нашақорлықтан, уытқұмарлықтан немесе есірткіге шектен тыс салынудан науқастың өзінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен емдеу;
31) прекурсорлар - есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өндiру, дайындау, қайта өңдеу кезiнде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, оның iшiнде БҰҰ-ның 1988 жылғы Есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген заттар;
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32) препарат - құрамында Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген бiр немесе бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар немесе прекурсорлар бар, кез келген физикалық күйдегi заттар қоспасы;
33) психотроптық заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның ішінде 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар;
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 33-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
33-1) сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар - есірткі, психотроптық зат тектестерді дайындау кезінде пайдаланылатын және Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізіміне енгізілген бір валентті немесе екі валентті атомдар немесе атом топтары;
34) уәкілетті органдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өздеріне берілген құзырет шегінде есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
35) уытқұмарлық - есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің әсерiне ұқсас психикалық елiрме әсер туғызатын және Қазақстан Республикасының республикалық заңнамалық актiлері мен халықаралық конвенциялардың тiзiмдерiне енбейтін дәрiлiк препараттар мен табиғаты әртүрлi дәрiлiк емес заттарды шектен тыс пайдалану.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 31.05.02 ж. № 327-II; 2006.02.03 № 130-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-бап өзгертілді; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды жiктеу
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiледi. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмi төрт кестеден және тiзiмнен тұрады.
Осы Заңның 18, 19, 20-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, I кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес Қазақстан Республикасында айналымына тыйым салынған есiрткi, психотроптық заттар енгiзiледi.
II кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес айналымы шектеулi және қатаң бақылауда тұрған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi.
III кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес айналымы бақылауда тұрған есiрткi, психотроптық заттар енгiзiледi.
IV кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1988 жылғы халықаралық Конвенциясына сәйкес айналымы бақылауда тұрған прекурсорлар енгiзiледi.
Қазақстан Республикасында бақылауға жататын және ветеринарияда қолдануға рұқсат етiлген, құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың тiзiмiне тиiстi лицензиясы болған кезде диагностикалық, емдiк және профилактикалық заттар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн дәрiлiк препараттар енгiзiлген.
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Затты Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізу мынадай негіздердің бірі бойынша:
БҰҰ-ның Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінен ұсынымдар келіп түскен кезде;
зат Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімдерінде, тізбелерінде, кестелерінде болған кезде жүзеге асырылады.
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-2. Заттарды есірткі, психотроптық зат тектестерге жатқызу Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен сот сараптамасын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Заттың құрылымдық формуласының Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың құрылымдық формулаларымен арақатынасын белгілеу және осы құрылымдық формулада сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарының бір немесе бірнеше алмастырғыштарының бар-жоғын айқындау сот сараптама нысаналары болып табылады.
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды
1-3. БҰҰ-ның Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бақылауында жоқ психикаға белсенді әсер ететін заттың айналымда жүргені анықталған жағдайда оны есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға жатқызу 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға түзетулер жөнiндегi 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгiзiлген түзетулерiмен қоса 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Препараттарға қатысты олардың құрамындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға қатысты белгiленетiн бақылау түрлерi көзделедi. Егер препараттың құрамында бiр емес, бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болса, оған неғұрлым қатаң бақылау шараларына жататын есiрткi, психотроптық зат пен прекурсорға қолданылатындай бақылау қолданылады. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшерi бар және оларды шектен тыс пайдаланған жағдайда болмашы қауiп төндiретiн және олардан аталған заттар оңай қолжетімді тәсілдермен алынуы мүмкiн емес дәрiлiк препараттар осы Заңға сәйкес бақылауға жатпайды. Аталған препараттардың тiзiмiн, оларды бақылаудан алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
3. Есірткі, психотроптық зат тектестер құрылымы мен қасиеттері бойынша ұқсас есірткі және психотроптық заттар сияқты нақ сондай бақылау шараларына жатады.
Тектестердің мөлшерін айқындау кезінде өздері тектестері болып табылатын есірткі және психотроптық заттардың мөлшері қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды шектен тыс пайдалануға қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделiп, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардан тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымын мемлекеттік реттеудiң және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларының негiзгi принциптерi
Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясат және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл;
1) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттік бақылау жасау;
2) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер прекурсорлар айналымын және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды мемлекеттік реттеу;
3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау;
4) мемлекеттік және өзге де органдардың қызметiн ведомствоаралық және ведомствоiшiлiк үйлестiру;
5) есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымын оларды шектен тыс пайдалануды тыюға бағытталған жұмысты ұйымдастыру мен жүргiзу мiндеттерiн кешендi түрде шешу;
6) нашақорлықтың және сонымен байланысты құқық бұзушылықтардың етек алып кетуiн көздейтiн алдын алу шараларын қамтамасыз ету;
7) нашақорлықтың және оған байланысты құқық бұзушылықтардың етек алуына қарсы күресте әлеуметтiк базаны кеңейту, оның iшiнде қоғамдық, дiни, халықаралық және басқа ұйымдар мен азаматтарды ерiктi негiзде тарту арқылы кеңейту;
8) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау, олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту принциптерiнде жүзеге асырылады.
2-тарау. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi
мемлекеттік реттеу мен ұйымдастыру және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ;2006.02.03 № 130-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді
5-бап. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымы мемлекеттік реттеу және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымын мемлекеттік реттеу және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган тиiстi мемлекеттік органдармен келісу бойынша әзірлеген есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласына қатысушы заңды тұлғалар қызметiнiң тәртібін регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi.
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органдармен келісу бойынша әзірлеген Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені және Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекітеді, сондай-ақ оларды қалыптастыру тәртібін айқындайды.