2. Отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерi болып:
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Егер он сегіз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, он сегіз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары (оның iшiнде асырап алған балалары, өгей ұлдары мен өгей қыздары), аға-iнiлерi, апа-сiңлілерi және немерелерi есептеледi, бұл орайда аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi және немерелерi - егер олардың еңбекке жарамды ата-аналары болмаса, өгей ұлдары мен қыздары - егер олар ата-аналарынан алимент алмаса есептеледi.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар кәмелетке толмағандар бұл құқықты өздерiн асырап алған кезде де сақтайды;
2) егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе, әкесi, шешесi (оның iшiнде асырап алушылар), зайыбы, жұбайы;
3) егер қайтыс болған асыраушысының 8 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысса және жұмыс iстемейтiн болса, жасы мен еңбекке жарамдылығына қарамастан ата-аналардың немесе жұбайлардың бiреуi не атасы, әжесi, аға-iнiсi немесе апа-сiңлiсi;
4) егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе және заң бойынша асырауға мiндеттi адамдары болмаса және өмiр сүру үшiн басқа қаражат көздерi жоқ болса, атасы мен әжесi есептеледi.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Он сегіз жастан асқан білім алушы азаматтардың асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар.
4. Қайтыс болған адамның асырауындағы отбасы мүшелерi, егер олар оның толық асырауында болса немесе одан өздерi үшiн өмiр сүрудiң тұрақты және негiзгi қаражат көзi болған көмек алып тұрса, оның асырауында болған деп есептеледi.
5. Ата-анасының екеуiнен де айырылған балаларға (тұлдыр жетiмдерге) тағайындалған жәрдемақылар олардың заңды өкiлiне төленедi.
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Осы Заңның қайтыс болғандардың отбасына қатысты барлық нормалары, егер бұл фактiлер сот тәртібімен белгiленген болса, тиiсiнше хабар-ошарсыз кеткендердiң немесе қайтыс болды деп жарияланғандардың отбасына да қолданылады.
14-бап. Жәрдемақы тағайындалатын кезең
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы қайтыс болған адамның отбасы мүшесi осы Заңның 13-бабына сәйкес еңбекке жарамсыз деп саналатын бүкiл кезеңге, ал «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен отбасы мүшелерiне өмiр бойына белгiленедi.
15-бап. Отбасының барлық мүшелерiне бір жәрдемақы тағайындау
1. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақыға құқығы бар отбасының барлық мүшелерiне ортақ бiр жәрдемақы тағайындалады.
2. Отбасы мүшесiнiң талап етуi бойынша оның жәрдемақы үлесi бөлiнедi және оған жеке төленедi.
3. Жәрдемақының үлесiн бөлу оны бөлуге өтiнiш жасаған күннен бастап жүзеге асырылады.
4. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақымен қамсыздандырылған отбасы мүшелерiнiң саны өзгерген кезде жәрдемақының мөлшерi жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше көбейтiледi немесе азайтылады.
5. Отбасының мүшелерiнiң бiреуiне жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған немесе жәрдемақы төлеудi тоқтата тұруға себеп болған жағдаяттар өткеннен кейiн оны төлеу қайта басталған жағдайларда да жәрдемақы мөлшерiн нақ солайша қайта қарау белгiленедi.
ҚР 16.11.99 ж. № 482-1 ҚР Заңымен; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2004.31.12 № 28-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді); 2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара) 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 16-бап өзгертілді; 2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
16-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылардың мөлшері
1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының ең жоғары мөлшері:
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
2. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы:
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:
отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде - 0,69 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,19 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,48 ең төмен күнкөріс деңгейі;
төртеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,57 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бесеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,62 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшесі болған кезде әрқайсысына жәрдемақының мөлшері 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейінің бірдей үлесі ретінде есептеледі.
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:
отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде - 0,86 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,49 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,85 ең төмен күнкөріс деңгейі;
төртеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,96 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бесеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,03 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшесі болған кезде әрқайсысына жәрдемақының мөлшері 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейінің бірдей үлесі ретінде есептеледі.
3. Ата-анасының екеуінен де айырылған жағдайда - жетім балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы:
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап әрбір балаға - 0,94 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне 0,43 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,05 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір балаға - 1,18 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне 0,54 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,56 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде тағайындалады.
4. Қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауыруы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар, ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесіне 0,25 ең төмен күнкөріс деңгейіне, бірақ:
1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап - отбасының барлық мүшелеріне 2,5 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап - отбасының барлық мүшелеріне 2,56 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерге ұлғайтылады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Егер отбасының еңбекке қабілетсіз мүшесі алатын жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша алатын айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне отбасының еңбекке қабілетсіз осы мүшелері үшін белгіленген, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.
4-тарау. 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5 тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
19-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
20-бап. Мемлекеттік кепiлдiктер
1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылып келген заңдар бойынша әлеуметтiк зейнетақылар, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша зейнетақылар тағайындалған адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджет қаражаты есебiнен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн iс жүзiнде алып келген зейнетақыларының мөлшерiнен кем емес мөлшерде мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар төленедi.
2. Аталған жәрдемақыларды төлеу осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауаптылық
Осы Заңды бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
22-бап. Осы Заңның күшiне енгiзiлу тәртібі
Осы Заң 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының