12) мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2-баптармен толықтырылсын:
«19-1-бап. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы
1. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстанғысы келетін этникалық қазақтар мен оралмандардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы келіп түскен өтініштер негізінде қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Үкіметінің қарауына енгізеді.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға белгілейді.
19-2-бап. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссия
Этникалық қазақтардың оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініштерін қарау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады, оның құрамына мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.»;
13) 20 және 21-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін бұл туралы өтінішхат берген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу
1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері үміткерлердің оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініштері мен құжаттарын қабылдайды және оларды тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
2. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтінішхат берген үміткерлердің ұлты - жеке басын куәландыратын құжаттардағы жазба негізінде, мұндай жазба болмаған кезде үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттар негізінде белгіленеді.
3. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды жергілікті атқарушы органдарға оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға келісім беру не бас тарту себептерін уәжді түрде негіздей отырып одан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін жібереді.
Жергілікті атқарушы органдар шешім қабылдау үшін этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтінішхат берген үміткерлердің Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға жататындығы туралы өзге де ақпараттың бар не жоқ екенін тексеру үшін ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелеріне, тиісті өңірлердің прокуратураларына жібереді.
Ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелері, прокуратуралар этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген, оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге кедергі келтіретін негіздердің бар немесе жоқ екені туралы ақпаратты этникалық қазақтарға, жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
Жергілікті атқарушы органдар:
1) тиісті органдардың ақпараты келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оларды Комиссияның қарауына енгізеді. Комиссия этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге алдын ала келісім беру туралы не бас тартудың себептерін уәжді түрде негіздей отырып бас тарту туралы шешім қабылдайды;
2) Комиссия шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім беру туралы немесе себептерді уәжді түрде негіздей отырып одан бас тарту туралы ақпаратты жібереді.
4. Этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім үміткерлер осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сай келген кезде беріледі.
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу басымдығын этникалық қазақтар мынадай реттілікпен:
1) тиісті білімі, біліктілігі және белгілі бір мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
2) көп балалы отбасылар;
3) жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігі бар кәмелетке толған жастар пайдаланады.
5. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органның этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісімін не себептерін уәжді түрде негіздей отырып, бас тартуды өтініш берушіге жеткізу үшін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жібереді.
6. Этникалық қазақтардың оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініштерін қараудың жалпы мерзімі халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап үш айдан аспауға тиіс.
7. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жергілікті атқарушы органның этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісімін алғаннан кейін оны бір ай ішінде өтініш берушіге жібереді және тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасына келуге виза береді не бас тарту туралы хабарлайды.
8. Жергілікті атқарушы орган Комиссияның этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісімі туралы бұрын қабылдаған шешімін ескере отырып, өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушілерге және олардың отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін, оралман куәлігін береді және шешім қабылдау үшін Комиссияға оралмандардың тізімін жібереді.
13-тармақтың 13) тармақшасының жиырмасыншы абзацы 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
13-тармақтың 13) тармақшасының жиырмасыншы абзацы 2016 ж. 1 наурызға дейін осы Заңның 2-бабының 2-тармағының 3) тармақшасының редакциясында қолданылады
Этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін жергілікті атқарушы органға Мемлекеттік корпорация арқылы бере алады.
9. Комиссия оралмандардың тізімін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды.
10. Этникалық қазақтар тұратын жеріне келгеннен кейін оралман мәртебесін алу үшін тұрақты тұруға рұқсат алуға ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне өтініш береді.
11. Ішкі істер органдары этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері өтініш берген кезден бастап он жұмыс күні ішінде олардың тұрақты тұруға рұқсат алу және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы өтініштерін қарауға міндетті.
21-бап. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу
1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтар тұратын жеріне келгеннен кейін, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірді таңдаған жағдайда оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге жергілікті атқарушы органға өтініштер береді және оралман мәртебесін алғаннан кейін тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне өтініш береді.
13-тармақтың 13) тармақшасының жиырма алтыншы абзацы 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
13-тармақтың 13) тармақшасының жиырма алтыншы абзацы 2016 ж. 1 наурызға дейін осы Заңның 2-бабының 2-тармағының 4) тармақшасының редакциясында қолданылады
Этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін тиісті құжаттарымен қоса жергілікті атқарушы органға Мемлекеттік корпорация арқылы бере алады.
2. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін, оралман куәлігін береді не оралман мәртебесін беруден уәжді түрде бас тартады.
Оралман мәртебесін беру үміткерлер осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сай келген кезде жүзеге асырылады.
3. Оралман мәртебесін алуға үміткерлердің ұлты - жеке басын куәландыратын құжаттардағы жазбаға сәйкес, мұндай жазба болмаған кезде олардың ұлтын растайтын басқа да құжаттардың негізінде расталады.
4. Оралман мәртебесін алған этникалық қазақтар өздерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын шарттарда және тәртіппен жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуға үміткер бола алады.
Оралман мәртебесін алған этникалық қазақтардың тізімі, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірді таңдаған жағдайда, шешім қабылдау үшін Комиссияға жіберіледі.
5. Комиссия оралмандардың тізімін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не себептерді уәжді түрде негіздей отырып одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
14) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
«21-1-бап. Этникалық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізудің ерекшеліктері
1. Күнтізбелік бір жыл ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына отбасы оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгеннен кейін келген оралманның отбасы мүшелері, сондай-ақ ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін Қазақстан Республикасында туылған балалары енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын оралмандар жергілікті атқарушы органдарға өздерінің отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш бере алады және олардың осы Заңның 21-бабында белгіленген тәртіппен оған енгізілуге құқығы болады.
3. Егер оралмандар өз отбасы құрамында өзінің отбасы бар балаларын көрсетпесе, онда балаларының отбасы мүшелері оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына оралмандардың өзінің отбасы бар балалары қайтыс болған, оларды ата-ана құқықтарынан айырған не олар Қазақстан Республикасының азаматтығын алған жағдайда ғана оралмандар отбасының құрамында енгізіледі.
Бұл ретте оралманның өзінің отбасы бар балалары қайтыс болған не оларды ата-ана құқықтарынан айырған жағдайларда, олардың кәмелетке толмаған отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін оралмандар (оралманның жұбайы (зайыбы) олардың қорғаншысы (қамқоршысы) болуға міндетті.»;
15) 23-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Оралмандарға, этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары»;
1 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде өзінің төлем қабілеттілігін растаудан босатылады.»;
«4. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасына оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұрғылықты жеріне жол жүру және мүлкін тасымалдау шығындарын өтеуді қамтитын біржолғы жәрдемақылар белгілеуі мүмкін. Жәрдемақыларды төлеудің тәртібі мен шарттарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім алған этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ оралмандар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) кеден заңнамасына сәйкес, көлік құралдарын қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған мүлкіне кедендік төлемдерді төлеуден босатылады.
4-2. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделетін мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне осы бапта көзделген мемлекеттік қолдау шараларынан басқа тұтыну кредитін және тұрғын үй құрылысына ипотекалық қарыз алу құқығы беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Оралмандар немесе оның отбасы мүшелері оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізгеннен кейін қайтыс болған жағдайда, мемлекеттік қолдау шаралары оралмандарға немесе отбасы мүшелеріне олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанына қарамастан ұсынылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы баптың 4-2-тармағында аталған оралмандар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірдің шегінен тыс жерге өзінің ерік қалауымен бес жыл ішінде өз бетінше көшіп-қонған не Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқан жағдайларда, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген, өздері алған мемлекеттік қолдау шараларын мерзімінен бұрын толық көлемде өтеуге міндетті.»;
16) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерiн оралман мәртебесiн алғанға дейiн алғашқы қоныстандыру олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарында халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен және мерзiмдерге жүзеге асырылады.»;
17) 25-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) оралман мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін тоқтатылады.»;
4) тармақша алып тасталсын;
18) 26-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «жазуға құқығы бар.» деген сөздер «жазуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) қызметтік немесе өзінің тұрғын үйі болмаған кезде оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында бір жылдан аспайтын мерзімге уақытша тіркелуге құқығы бар.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініштерін қарау үшін қажетті анық мәліметтерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға ұсынуға;»;
13-тармақтың 19) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19) 29-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңның 27-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында тізбеленген адамдар шақырушы адамдары болып табылатын отбасы мүшелері еңбек қызметін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік жұмыскерге беретін өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманың, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыс берушіге Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға беретін рұқсаттың негізінде еңбек қызметін жүзеге асыруға құқығы бар.»;
20) 32-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «рұқсатты ата-аналарының немесе қамқоршыларының, қорғаншыларының», «қолдаухаты», «шетелдегі» деген сөздер тиісінше «визаларды кәмелетке толмағандар үшін ата-анасының немесе қамқоршыларының, қорғаншыларының», «өтінішхаты», «шет елдердегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 33-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасына білім алу мақсатымен келген этникалық қазақтар оқуға түскеннен кейін:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінің жатақханаларында уақытша тіркелуге;
2) тұрақты тұруға және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхат беруге құқығы бар.»;
13-тармақтың 22) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22) 34-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мыналар:
экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген;
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде келген шетелдік жұмыскерлер - көшіп келушілер;»;
13-тармақтың 23) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
23) 35-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
13-тармақтың 24) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
24) 36-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері:
1) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманың негізінде үш айдан аспайтын мерзімге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген;
2) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың негізінде және қолданылу мерзіміне жұмыс берушілер тартатын;
3) еңбек шартының негізінде және қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге корпоративішілік ауыстыру шеңберінде келген шетелдік жұмыскерлерге келу визаларын береді.»;
«4. Осы баптың 1-тармағында аталған шетелдік жұмыскерлерге келу визаларын және уақытша тұруға рұқсатты жұмыс берушінің алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде келген шетелдік жұмыскердің еңбек шарты болған кезде ішкі істер органдары бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартады.»;
13-тармақтың 25) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
25) 37 және 38-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды, шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамаларды беру және оларды корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тарту тәртібі
1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде жергілікті атқарушы органдар беретін рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.
Жұмыс берушілерден шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алым алынады.
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылған, сондай-ақ өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік жұмыскерлер уақытша еңбек қызметін келу мақсаттарына сәйкес жүзеге асырады және еңбек шартында көрсетілген үш жылдан аспайтын мерзім аяқталғаннан кейін елден кетуге міндетті.
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды берудің және (немесе) ұзартудың, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
3. Шетелдік жұмыскерлер экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы үш айдан аспайтын мерзімге алған кезде еңбек шартының қолданылу мерзімі негізінде, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен келе алады.
Шетелдік жұмыскерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалар беру тәртібін, экономиканың басым салалары (экономикалық қызмет түрлері) және шетелдік жұмыскерлер өз бетінше жұмысқа орналасу үшін олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін мемлекеттік басқарудың тиiстi саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
38-бап. Этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарындағы шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін реттеудің ерекшеліктері
Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын жеңілдетілген тәртіппен береді.»;
13-тармақтың 26) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
26) 41-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
13-тармақтың 27) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
27) 43-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
28) 43-1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
29) 46-баптың 1-тармағындағы «қолдаухаты негізінде» деген сөздер «өтінішхаты негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі,» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 48-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қабылдаушы тұлғалардың көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде қабылдаушы тұлғалар көшіп келушілерді уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттарды ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданбағаны үшін жауаптылыққа тартылған болса, қаралмайды.»;
31) 49-баптың бірінші бөлігінде:
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) этникалық қазақтарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туылған немесе бұрын оның азаматы болған бұрынғы отандастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлерде өзінің төлем қабілеттілігін растауды бермеген;
5) Қазақстан Республикасының шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнамасын бірнеше рет бұзған;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар;»;
13-1) тармақша алып тасталсын;
32) 50-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«50-бап. Өз еркімен қоныс аударатын және өз бетінше қоныстанатын ішкі көшіп қонушылар»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге өз еркімен қоныс аударатындар;»;
33) 51-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға;»;