18) 18-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мүгедек үшін осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларға сәйкес келетін, жүзеге асыру үшін оның шектеулі тыныс-тіршілігі ескеріле отырып, дене бітіміне орай қолжетімділігі қамтамасыз етілген жұмыс ыңғайлы деп есептеледі.»;
19) 18-1-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
20) 18-2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
21) 19-баптағы «Уәкiлеттi орган», «орталық атқарушы органның», «уәкiлеттi органда» деген сөздер тиісінше «Халықты жұмыспен қамту орталығы», «халықты жұмыспен қамту орталығының», «халықты жұмыспен қамту орталығында» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 20-бапта:
2-тармақтағы «жұмыссыздардың» деген сөз «адамдардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелді себептерсіз өз бетiнше тоқтатқан адамдар халықты жұмыспен қамту орталығында қайтадан тiркелген (өтініш берген) күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жiберiлуi мүмкін.»;
23) 20-1-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген жастарға қызметтік тұрғынжайлар және жатақханалардан бөлмелер беру арқылы іске асырылады.»;
24) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік жұмыскерлерді, оның ішінде осы Заңның 11-бабына сәйкес тартатын жұмыс берушілер уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға міндетті.».
8. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуметтік келісімшарт - бір жағынан, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары және оралмандар қатарындағы жеке тұлға және екінші жағынан, халықты жұмыспен қамту орталығының арасындағы, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;».
9. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 30-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілер мүгедектерді кәсіптік бағдарлауға қатысады.»;
2) 31-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу;».
10. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат):
9-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) оралманның куәлігі;»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) этникалық қазақтар үшін оралман мәртебесін беру кезінде;».
11. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 26-баптың 8-тармағының 5) тармақшасындағы «балаларды қабылдау үшін квота көзделеді» деген сөздер «балаларды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау үшін квота көзделеді.»;
2) 47-баптың 17-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін оқытқан жері бойынша өңірде кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.».
12. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
28-бап алып тасталсын.
13. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
10-1) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1) қабылдаушы тұлға - көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы өтінішхат беретін және (немесе) олардың тұруына орын беретін Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік пен азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға;»;
«12) қоныс аударушы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылар отбасыларының шекті саны;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) оралман - тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;»;
мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3) және 13-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталығы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және оралмандарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және интеграциялау қызметтерін көрсетуге және уақытша тұруға арналған заңды тұлға;
13-2) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандар отбасыларының шекті саны;
13-3) оралмандар, этникалық қазақтар туралы ақпараттық дерекқор - этникалық қазақтар, оралмандар және олардың отбасы мүшелері, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орналасуы, сондай-ақ оларға көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары туралы деректер жиынтығы;
13-тармақтың 1) тармақшасының он үшінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13-4) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама - экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сай келетін шетелдік жұмыскерге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілетін белгіленген нысандағы құжат;»;
14) және 15) тармақшалар алып тасталсын;
13-тармақтың 1) тармақшасының он бесінші және он алтыншы абзацтары 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота - Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны;»;
13-тармақтың 1) тармақшасының он тоғызыншы абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
24) тармақша алып тасталсын;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) ішкі көшіп-қонушы - тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам;»;
27) тармақша алып тасталсын;
2) 6-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «келісім бойынша» деген сөздер «келісу бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі,» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күнінен бастап күнтізбелік бес күннен астам Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілердің, егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасаған келісімінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен өзгеше тәртіп белгіленбесе, уақытша тұруға (тіркелуге) рұқсаты болуға міндетті.
Көшіп келушілерді тіркеуді ішкі істер органдары қабылдаушы тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен келіп түсетін ақпараты негізінде жүзеге асырады. Қабылдаушы тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.»;
3) 7-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу»;
мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш береді.»;
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында тұрақты тұру визасымен уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, этникалық қазақтар тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына өтініш береді. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін:»;
1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасына туризм, емделу, жастардың, студенттік және мектептік алмасу бағдарламаларына қатысу, гуманитарлық көмекті алып жүру, келіссөздер жүргізу, шарттар жасасу, аудиторлық және консультациялық қызметтер көрсету мақсаттарымен, сондай-ақ іссапарға келген;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының аумағына діни және (немесе) миссионерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өтініш бере алмайды.»;
екінші бөліктегі «бірінші» деген сөз «екінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 8-бапта:
3) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындайды;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілейді;»;
8) тармақша алып тасталсын;
5) 9-бапта:
2) тармақша мынадай реакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) көшіп келушілердің келу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру тәртібін айқындайды;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының аумағындағы көшіп келушілерге көші-қон карточкаларын беруді жүзеге асырады;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын береді, күшін жояды, қалпына келтіреді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзартады және қысқартады не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) шетелдіктердің Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдейді, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдайды және келіседі;»;
6) 10-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1), 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін айқындайды;»;
«4-1) шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруларын қабылдайды және келіседі;
4-2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын береді, күшін жояды, қалпына келтіреді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзартады және қысқартады не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасына өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген этникалық қазақтарға келу, оның ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат береді;»
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Қазақстан Республикасына келу туралы өтініштер берген көшіп келушілердің, оның ішінде этникалық қазақтардың құжаттарын қабылдайды, тіркейді, оларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келуге визаларды ресімдейді;»;
7) 11-бапта:
4) және 4-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
4-1) оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;»;
мынадай мазмұндағы 4-2), 4-3), 4-4) және 4-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-2) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға өңірлік квоталарын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
4-3) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын іске асыру мониторингін жүргізеді;
4-4) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі;
4-5) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін айқындайды;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі;»;
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:
13-тармақтың 7) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«5-1) шетелдік жұмыскерлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастырады, «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесін құрады және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара байланысын қамтамасыз етеді;
5-2) шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама береді;»;
«9-1) Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін бекітеді;»;
8) 14-баптың 3-1) тармақшасындағы «уақытша және» деген сөздер алып тасталсын;
9) 15-бапта:
1-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті аумақтарды оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгізеді;»;
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5) және 6-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беруге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
6-2) этникалық қазақтардан оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
6-3) оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды;
6-4) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;
6-5) Қазақстан Республикасының азаматтарынан қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
6-6) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;»;
7) тармақша алып тасталсын;
8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) оралман куәлігін береді;
9) оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады және олардың қызметін ұйымдастырады;»;
13-тармақтың 9) тармақшасының он жетінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қарайды және куәландырады;»;
3-тармақ алып тасталсын;
10) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Оралмандардың санаттары
Оралмандар мынадай санаттарға бөлінеді:
1) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар;
2) Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген және тұрып жатқан оралмандар.»;
11) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беру тәртібі
13-тармақтың 11) тармақшасының үшінші абзацы 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
13-тармақтың 11) тармақшасының үшінші абзацы 2016 ж. 1 наурызға дейін осы Заңның 2-бабының 2-тармағының 2) тармақшасының редакциясында қолданылады
1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін жергілікті атқарушы органдарға немесе Мемлекеттік корпорация арқылы бере алады.
2. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне береді.»;