35-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:
«10-2) жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;».
7. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әлеуметтік келісімшарт - бір жағынан, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары және оралмандар қатарындағы жеке тұлға және екінші жағынан, халықты жұмыспен қамту орталығының арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;»;
мынадай мазмұндағы 2-1), 15-2), 17-1) және 19-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;»;
«15-2) кәсіптік бағдарлау - Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға олардың қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін және еңбек нарығындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды ескере отырып, өзін-өзі кәсіптік тұрғыдан айқындауға, жұмыспен қамтудың оңтайлы түрін таңдауға жәрдемдесудің арнайы шаралар кешені;»;
«17-1) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары - мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары;»;
1-тармақтың сегізінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«19-1) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама - экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сай келетін шетелдік жұмыскерге орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен берілетін белгіленген нысандағы құжат;»;
20) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 22-1) және 23-1) тармақшалармен толықтырылсын:
7-тармақтың 1) тармақшасының он бірінші абзацы 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
«22-1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
7-тармақтың он екінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«23-1) «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесі - Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын немесе өз бетінше келетін шетелдік жұмыскерлерді тіркеуге, оларға рұқсаттар, анықтамалар беруге, мониторинг жүргізуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота - Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны;»;
2) 2-бапта:
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өз бетінше жұмыспен айналысушылар, оның ішінде өзінің тұтынуына арналған өндірісті қоса алғанда, кіріс алу үшін тауарлар өндірумен, жұмыстар орындаумен және қызметтер көрсетумен (өткізумен) жеке-дара айналысатын жеке тұлғалар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері мен жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілер жатады.
Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды айқындау әдістемесін орталық атқарушы органмен келісу бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекітеді;»;
4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
3) 4-баптың 2-тармағында:
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) қосымша жұмыс орындарын және мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыс берушілерді ынталандыруды қолдайтын жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген қаржылық, салық және инвестициялық саясатты жүргізуге;»;
7-тармақтың 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) орталық атқарушы орган айқындайтын шарттарда және тәртіппен мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауға бағытталады.»;
4) 5-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:
үшінші абзацтағы «жиырма бip» деген сөздер «жиырма тоғыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «жиырма үш» деген сөздер «жиырма тоғыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 5-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін бекітеді;»;
6) 6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 9-12), 9-13), 9-14), 9-15) және 9-16) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-12) мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлеуге және бекітуге;
7-тармақтың 6) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
9-13) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру және (немесе) ұзарту, тоқтату, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын әзірлеуге және бекітуге;
9-14) шетелдік жұмыскерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалар беру тәртібін, экономиканың басым салалары (экономикалық қызмет түрлері) және шетелдік жұмыскерлер өз бетінше жұмысқа орналасу үшін олардағы сұранысқа ие кәсіптер тізбесін әзірлеуге және бекітуге;
9-15) мүгедектің жұмыс орны стандарттарын әзірлеуге және бекітуге;
9-16) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін әзірлеуге;»;
7) 7-баптың 5-1) және 5-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
7-тармақтың 7) тармақшасының екінші абзацы 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
«5-1) орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;
5-2) орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу;»;
8) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Уәкiлеттi орган
1. Уәкiлеттi орган:
1) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және бұл туралы халыққа, орталық және жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беруге;
2) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін iс-шараларды iске асыруға міндетті.
2. Уәкiлеттi органның:
1) бiлiм беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардан, білiм беру ұйымдарынан, мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын әртүрлi ұйымдардың оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәлiметтерді, оқыту жүргiзiлетiн кәсiптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсiптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлануы мен бітіруі жоспарланып отырған мамандар саны туралы ақпарат сұратуға;
2) жұмыс берушілерден кадрларға деген болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратуға;
3) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту тәуекелдері бар кәсіпорындардың мониторингін жүзеге асыруға құқығы бар.»;
9) 9-бапта:
1-тармақтың 7) тармақшасындағы «сақтандыру арқылы қатысады.» деген сөздер «сақтандыру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6-1) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашу;»;
«8) жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ оқу орындарының түлектеріне жұмыс орнын ұсыну арқылы қатысады.»;
2-тармақта:
тармақтың мәтіні бойынша «уәкiлеттi органға», «уәкiлеттi орган» деген сөздер тиісінше «халықты жұмыспен қамту орталығына», «халықты жұмыспен қамту орталығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «жол бермеуге міндетті.» деген сөздер «жол бермеуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданылуы тоқтатылуға байланысты жұмысқа тартылған шетелдік жұмыскердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кетуін қамтамасыз етуге міндетті.»;
10) 10-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «жасасуға мiндеттi.» деген сөздер «жасасуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) өтініш берген және жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығына тоқсан сайын беруге мiндеттi.»;
7-тармақтың 10) тармақшасының төртінші - алтыншы абзацтары 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкету жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне жұмыскердің атына кепілді жарна енгiзу арқылы шарт мерзiмi өткеннен кейiн жұмыскердiң өз елiне оралуына жұмыспен қамту жеке агенттігі кепiлдiк берген кезде ғана жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшін әкету кезінде шетелдік жұмыс берушінің банктерге кепілді жарнаны енгізу тәртібі мен шарттары жұмысқа орналастыратын елдің заңнамасында реттеледі.»;
11) 11-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде:
7-тармақтың 11) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін квоталау және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру туралы нормалары:»;
бесінші, алтыншы және жетінші абзацтар алып тасталсын;
оныншы абзацтағы «табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.» деген сөздер «табылатын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және орталық атқарушы органның, жергілікті атқарушы органдардың және мүдделі орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын ведомствоаралық комиссия орталық атқарушы органның және арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның бірлескен шешімімен бекітілген тәртіппен айқындайтын санаттар мен адам саны тізбесіне сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін;
7-тармақтың 11) тармақшасының сегізінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.»;
7-тармақтың 11) тармақшасының оныншы - он тоғызыншы абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
«1-2. Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санына шаққандағы пайыздық қатынаспен белгіленеді, бұл:
1) экономикалық қызмет түрлері бойынша шетелдік жұмыскерлерді тартуға квотаны;
2) еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың болуын негізге ала отырып, елдер бойынша шетелдік жұмыскерлерді тартуға квотаны;
3) еңбекші көшіп келушілерді тартуға квотаны қамтиды.
1-3. Шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны орталық атқарушы орган алдағы жылға (жылдарға) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жай-күйінің болжамын және мемлкеттік басқарудың тиісті саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.»;
2 және 2-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орталық атқарушы орган:
1) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында бөледі;
2) «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесін жүргізуді қамтамасыз етеді.
2-1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында, еңбек қызметін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын адамдарды қоспағанда, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды береді және (немесе) ұзартады не рұқсаттарды беруден, ұзартудан бас тартады, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушілер тартатын шетелдiк жұмыс күшiнiң бiлiм деңгейi (кәсiби даярлығы) және практикалық жұмыс тәжiрибесi (өтілі) кәсіби стандарттарға, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнің бірыңғай тарифтік-бiлiктiлiк анықтамалығына және Басшылардың, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмысшылардың кәсiптерiне және басшылардың, мамандар мен қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сай келуге тиiс.»;
мынадай мазмұндағы 10, 11, 12 және 13-тармақтармен толықтырылсын:
«10. Орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерге құжаттар ұсынылған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген алым төленген кезде жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беріледі және (немесе) ұзартылады.
Осы тармақтың жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым төлеу бөлігіндегі ережесі корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
11. Қажетті құжаттарды қабылдауды, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беруді және (немесе) ұзартуды орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы орган, оның ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жүзеге асырады.
12. Жұмыс беруші рұқсаттар бойынша тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны орталық атқарушы орган айқындайтын қазақстандық кадрлардың санына шаққандағы пайыздық арақатынасына сәйкес келуге тиіс.
13. Шетелдік жұмыскерлер экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін үш айдан аспайтын мерзімге, еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасында бола алады.
Экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер тізбесін орталық атқарушы орган алдағы жылға (жылдарға) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жай-күйінің болжамын және мемлекеттік басқарудың тиісті саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып айқындайды.
Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама алу үшін шетелдік жұмыскер Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтініш береді, бұл орталық атқарушы органға жіберіледі.
Шетелдік жұмыскер өз бетінше жұмысқа орналасуға біліктілік сәйкестігі туралы анықтама алу үшін Қазақстан Республикасында болған жағдайда шетелдік жұмыскер Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы орталық атқарушы органға өтініш білдіреді.
Анықтамалар беру тәртібін және шетелдік жұмыскерлердің біліктілігіне және білім деңгейіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ экономиканың басым салалары (экономикалық қызмет түрлері) және өз бетінше жұмысқа орналасу үшін олардағы сұранысқа ие кәсіптер тізбесін мемлекеттік басқарудың тиісті саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келiсу бойынша орталық атқарушы орган бекітеді.»;
12) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды санаттар бойынша іріктеу мен бөлуді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын айқындауды;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау бойынша қызметтер көрсетуді;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және оралмандармен әлеуметтік келісімшарттар жасасуды;
4) осы Заңның 20-1-бабында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының іске асырылуын ұйымдастыруды;
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын ұсынуды;
6) өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей адамдарды тіркеуді және оларды есепке қоюды;
7) Қазақстан Республикасының азаматтарына және жұмыссыздарға жұмысқа орналасу үшін жолдама беруді;
8) жұмыссыздарды өздерінің келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберуді;
9) жұмыссыздарды кейіннен олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесе отырып, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуді;
10) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар өтініш берген жағдайда, оларды еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуді;
11) жұмыссызға оның жұмыссыз ретінде тіркелгендігі жөнінде қолданылу мерзімі тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайтын анықтама беруді;
12) Қазақстан Республикасы азаматының жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпаратты тіркелген орны бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органға электронды форматта тіркелген күннен кейін бір жұмыс күні ішінде беруді;
13) еңбек нарығы бойынша деректер банкін қалыптастыруды және жаңартып отыруды;
14) еңбек делдалдығын жүзеге асырады.»;
13) 14-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді жүзеге асыру.»;
14) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Жұмыссыздарды тiркеу
7-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы 2016 ж. 1 наурызға дейін осы Заңның 2-бабының 2-тармағының 1) тармақшасының редакциясында қолданылады
1. Жұмыс іздеп жүрген адамдар тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, Мемлекеттік корпорацияға не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін өтiнiш береді.
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды - жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде, ал «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш берген кезде электрондық құжат нысанындағы өтініш негізінде жұмыссыз ретінде тіркеуді жүзеге асырады.
3. Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтiнiш берген адамдарды мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы өтініш беруші туралы деректерді тексергеннен кейін нысанын орталық атқарушы орган бекiтетiн дербес есепке алу карточкасына мәлiметтердi енгiзу арқылы жұмыссыздар ретiнде тіркейді.
4. Халықты жұмыспен қамту орталығында тiркелген жұмыссыздар - күнтiзбелiк он күн iшiнде бiр реттен сиретпей халықты жұмыспен қамту орталығында, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына бiр реттен сиретпей кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс.»;
15) 16-баптағы «Уәкiлеттi орган», «уәкiлеттi орган», «уәкiлеттi органға», «уәкілетті органның», «уәкiлеттi органда» деген сөздер тиісінше «Халықты жұмыспен қамту орталығы», «халықты жұмыспен қамту орталығы», «халықты жұмыспен қамту орталығына», «халықты жұмыспен қамту орталығының», «халықты жұмыспен қамту орталығында» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 17-бапта:
1-тармақтағы «уәкiлеттi органдарға», «уәкiлеттi орган», «уәкiлеттi органға» деген сөздер тиісінше «халықты жұмыспен қамту орталықтарына», «халықты жұмыспен қамту орталығы», «халықты жұмыспен қамту орталығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мәліметтерді жасырған, көрінеу жалған мәліметтер немесе қолдан жасалған құжаттар ұсынған жағдайларда, жұмыссыздар тіркеуден шығарылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа тартылады.»;
17) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем
1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелуге өтініш берген күнінен бастап тағайындалады.
2. Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі және оны жүзеге асыру тетігі Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.»;