Қазақстан Республикасының
Заңы
Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы
(2021.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасы
3-бап. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері
4-бап. Аккредиттеу жүйесі
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы құзыреті
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
7-бап. Аккредиттеу жөніндегі орган
7-1-бап. Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингтеу
8-бап. Өтініш берушілер мен аккредиттеу субъектілері
9-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар
10-бап. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар
11-бап. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, техникалық сарапшылар
12-бап. Аккредиттеу белгісі
13-бап. Аккредиттеу кезеңдері
14-бап. Аккредиттеу критерийлері
15-бап. Өтінімді ұсыну және оны қарау
16-бап. Аккредиттеу алдындағы шарт
17-бап. Ұсынылған құжаттардың сараптамасы
18-бап. Өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру
19-бап. Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау
20-бап. Аккредиттеуден кейінгі шарт
21-бап. Аккредиттеу аттестаты
22-бап. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу
23-бап. Аккредиттеу материалдарын жаңарту
24-бап. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімі
25-бап. Аккредиттеу субъектілерін жоспарлы және жоспардан тыс бағалау
26-бап. Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, оның қолданысын тоқтату және тоқтата тұру, одан айыру және күшін жою
27-бап. Дауларды шешу
28-бап. Аккредиттеу жөніндегі шетелдік органдар жүргізген аккредиттеу нәтижелерін тану
29-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
30-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
31-бап. Қорытынды және өтпелі ережелер
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ олармен байланысты қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім;
2) аккредиттеу аттестаты - аккредиттеу жөніндегі орган беретін, аккредиттеу субъектілерінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін куәландыратын құжат;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу - аккредиттеу субъектісі өзі сәйкестігіне аккредиттелген аккредиттеу критерийлеріне сәйкес келмеген жағдайда, аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған себептер жойылғанға дейін аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы аккредиттеу жөніндегі органның шешімі;
3) аккредиттеу белгісі - аккредиттеу жөніндегі органның аккредиттеу субъектісіне оның аккредиттеу рәсімінен өткені туралы үшінші тұлғаларға ақпарат беру үшін берілетін белгі;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) Аккредиттеу жөніндегі кеңес - аккредиттеу жүйесін стратегиялық дамыту, аккредиттеу саласында ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) аккредиттеу жөніндегі орган - аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарға мүше болып табылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорын;»;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар - аккредиттеу жөніндегі орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлғалар;
5) аккредиттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы жұмысты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;
6) аккредиттеу критерийлері - өтініш беруші өзінің аккредиттелуі үшін және аккредиттеу субъектісі қанағаттандыруы тиіс талаптар жиынтығы;
7) аккредиттеу материалдарын жаңарту - аккредиттеу субъектісінің құжаттарына аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге әкеп соқпайтын өзгерістер енгізу;
8) аккредиттеу саласы - аккредиттеу қолданылатын, сәйкестікті бағалаудың ресми танылған объектілері;
9) аккредиттеу саласын кеңейту - аккредиттеу субъектісінің сәйкестікті бағалау объектілері тізбесін ұлғайту процесі;
10) аккредиттеу саласын қысқарту - аккредиттеу субъектісінің сәйкестікті бағалау объектілері тізбесін азайту процесі;
11) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) аккредиттеу субъектілерінің тізілімі - аккредиттеу субъектілерін есепке алудың бірыңғай жүйесі;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) аккредиттеу субъектісі - осы Заңда белгіленген тәртіппен аккредиттеуден өткен, сәйкестікті бағалау жөніндегі орган;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 13-1), 13-2), 13-3) және 13-4) тармақшалармен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
13-1) аккредиттеу субъектісінің қызметін мониторингтеу - осы Заңға сәйкес аккредиттеу жөніндегі орган жүзеге асыратын, аккредиттеу субъектілерінің қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан жинау, өңдеу, талдау және пайдалану жөніндегі шаралар жиынтығы;
13-2) аккредиттеу схемасы - бірдей талаптар қолданылатын, сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеуге қатысты қағидалар мен процестер;
13-3) бағалау - стандарттау жөніндегі құжаттар негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берушінің (аккредиттеу субъектісінің) құзыреттілігін айқындау мақсатында аккредиттеу жөніндегі орган жүзеге асыратын процесс;
13-4) бағалау техникасы - аккредиттеу жөніндегі орган стандарттау жөніндегі құжаттарға, оның ішінде аккредиттеу жөніндегі орган мүшесі болып табылатын аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың стандарттау жөніндегі құжаттарына сәйкес бағалау жүргізу үшін пайдаланатын әдіс;
14) 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
14-1) калибрлеу зертханасы (орталығы) - өлшем құралдарын калибрлеуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) куәгерлік бағалау - аккредиттеу жөніндегі органның өз аккредиттеу саласы шегінде сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті орындайтын сәйкестікті бағалау жөніндегі органды байқауы;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды
15-1) қайта аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі органның өтініш берушінің сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмыстарды орындау құзыреттілігін ресми тануының кезекті рәсімі;
15-2) 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар - өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге аккредиттелген заңды тұлғалар;
17) өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салғастыру - өлшем құралдарының зерттеу нәтижелерін, метрологиялық сипаттамаларын салыстыру;
18) өтініш беруші - аккредиттеуге өтінім берген заңды тұлға;
19) салыстырма сынақтары - бірдей немесе ұқсас сынақ объектілерінде екі немесе одан көп зертхананың (орталықтың) сынақтар жүргізуі және олардың нәтижелерін бағалауы;
20) салыстырып тексеру зертханасы (орталығы) - өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21) сәйкестікті бағалау - сәйкестікті бағалау объектісіне қойылатын талаптардың сақталуын тікелей немесе жанама айқындау;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
21-1) сәйкестікті бағалау жөніндегі орган - сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22) сәйкестікті бағалау объектілері - техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда айқындалған, сәйкестікті растауға, зерттеуге, сынауға, өлшеуге, салыстырып тексеруге, калибрлеуге, аттестаттауға және бағалаудың өзге де түрлеріне жататын объектілер;
23) сәйкестікті растау жөніндегі органдар - өнімдердің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің, менеджмент жүйелерінің не персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды
23-1) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар - уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлғалар;
24) сынақ зертханасы (орталығы) - зерттеулерді, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;
25) техникалық сарапшы - сәйкестігі бағаланатын объектіге қатысты арнаулы білімі немесе тәжірибесі бар жеке тұлға;
26) уәкілетті орган - техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері
1. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары:
1) өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
2) отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
3) сәйкестікті бағалаудың сапасы мен дәйектілігін арттыру;
4) саудадағы техникалық кедергілерді жою;
5) отандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуына және Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің жұмыс нәтижелерін халықаралық ұйымдардың және шет елдердің тануына жағдайлар туғызу болып табылады.
2. Аккредиттеу принциптері:
1) еріктілік;
2) аккредиттеу рәсімдері, критерийлері туралы ақпаратқа қолжетімділік;
3) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі қызметтің ашықтығы;
4) кемсітушілікке жол бермеу;
5) құзыреттілік;
6) аккредиттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы;
7) тәуелсіздік;
8) аккредиттеу жөніндегі қызметті сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметпен қоса атқаруға жол бермеу;
9) аккредиттеуді жүзеге асыру кезінде халықаралық (өңірлік) ұйымдардың стандарттарын пайдалану басымдығы болып табылады.
4-бап. Аккредиттеу жүйесі
Аккредиттеу жүйесіне:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) аккредиттеу жөніндегі орган;
4) аккредиттеу субъектілері;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, техникалық сарапшылар кіреді.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы құзыретіне:
1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
1-1) 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды; 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2) аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-3) Аккредиттеу жөніндегі кеңесті құрады, оның құрамын және ол туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
2) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
4) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Аккредиттеу жөніндегі орган
1. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Аккредиттеу жөніндегі орган мынадай талаптарға сәйкес келуге:
1) штатында аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар болуы;
2) аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың мүшесі болуы;
3) аккредиттеу субъектілерімен үлестес тұлға болмауы тиіс.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Аккредиттеу жөніндегі орган:
1) мыналарға:
аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды, техникалық сарапшыларды және арнайы білімі бар басқа да адамдарды аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысу үшін тартуға;
аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысуға;
өлшем құралдарының салыстырма сынақтарын және оларды салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруды ұйымдастыруға;
бағалау техникаларын қолдану тәртібін, өлшемшарттары мен талаптарын айқындауға;
жоспарлы және жоспардан тыс бағалауды жүргізуге;
аккредиттеу субъектілерінің қызметіне аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан мониторинг жүргізуге;
аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттауды жүргізуге құқылы;
2) мыналарға:
аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестаттарына қосымшалардың, аккредиттеу белгісінің нысандарын белгілеуге;
осы Заңда белгіленген тәртіпті сақтай отырып, аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;
аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде белгілі болған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің жария болуына жол бермеуге;
аккредиттеу субъектілерінің тізілімін жүргізуге;
интернет-ресурсты жүргізуге және қолдап отыруға, онда аккредиттеу субъектілерінің тізілімін ресми жариялауға, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді орналастыруға;
аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған немесе аккредиттеуден кейінгі шарт тоқтатылған жағдайда бұл туралы уәкілетті органды үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етуге;
аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын жаңарту туралы өтінімдерді қарауға;
шағымдар мен апелляцияларды қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға, қабылданған шешімдер туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыруға;
осы Заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға, қайтаруға және аккредиттеу аттестатының күшін жою туралы өтінішпен сотқа жүгінуге;
жоспарлы және жоспардан тыс бағалаудың, сондай-ақ аккредиттеу субъектісінің қызметін мониторингтеу нәтижелерін тоқсан сайын уәкілетті органға беруге;
аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне мәліметтер енгізу арқылы аккредиттеу аттестатын тоқтата тұруға, одан айыруға қатысты сот, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері шығарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген қаулының орындалуын қамтамасыз етуге;
аккредиттеу жөніндегі органның қызметін регламенттейтін халықаралық нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес келуге;
аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы жалпы өлшемшарттар мен қағидаларды белгілейтін мамандандырылған халықаралық ұйымдардың құжаттарын ендіруді және қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.
3. Аккредиттеу материалдарын қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін аккредиттеу жөніндегі орган басшысы аккредиттеу материалдарын қарау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
Комиссияның сандық құрамы тақ болуға, үш адамнан кем болмауға және кемінде аккредиттеу жөніндегі бір сарапшы-аудиторды қамтуға тиіс.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7-1-бап. Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингтеу
1. Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингтеу аккредиттеу субъектілері көрсеткен аккредиттеу саласындағы жұмыстардың, қызметтердің және процестердің нәтижелерін аккредиттеу жөніндегі органның байқауы арқылы жүзеге асырылады.
2. Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингтеу нәтижелері бойынша аккредиттеу өлшемшарттарын бұзушылық анықталған жағдайда осы Заңға сәйкес шаралар қолданылады.
3. Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингтеуді жүзеге асыру қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 8-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Өтініш берушілер мен аккредиттеу субъектілері
1. 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Аккредиттеу субъектілерінің сәйкестікті бағалау нәтижелері Қазақстан Республикасының барлық аумағында танылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар, олардың филиалдары мен өкілдіктері олардың қызмет нәтижелерін тану үшін осы Заңға сәйкес аккредиттеуге жатады.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Өтініш беруші:
1) зерттеп-қарау нәтижелері бойынша тұрған жерінде аккредиттеу жөніндегі органға негізделген себептерді көрсете отырып, сәйкессіздіктерді жою мерзімдерін ұзарту, бірақ отыз жұмыс күнінен асырмай ұзарту туралы жүгінуге;
2) аккредиттеу жөніндегі органның шешімдеріне апелляция жөніндегі комиссияға апелляциялар беруге құқылы.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Өтініш беруші:
1) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында, стандарттау жөніндегі құжаттарда, сондай-ақ аккредиттеу сұратылатын немесе берілетін, аккредиттеу жөніндегі орган мүшесі болып табылатын аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың құжаттарында белгіленген аккредиттеуге қойылатын талаптарды сақтауға және орындауға;
2) тұрған жерінде зерттеп-қарау жүргізу кезінде аккредиттеу жөніндегі органға үй-жайға (үй-жайларға) кіруді, жабдыққа және ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
3) мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес куәгерлік бағалауды ұйымдастыруға міндетті.
4. Аккредиттеу субьектілері:
1) аккредиттеу белгісін пайдалануға;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) аккредиттеу жөніндегі органға аккредиттеу саласын кеңейту немесе қысқарту, қайта аккредиттеу, ерікті түрде кері қайтарып алу, кері қайтарып алынған аккредиттеу аттестатының қолданысын қайта бастау және аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтату туралы өтінішпен жүгінуге;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) апелляция жөніндегі комиссияға аккредиттеу жөніндегі органның шешімдеріне апелляциялар беруге құқылы;
4) 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Аккредиттеу субъектілері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын және оларға өздерінің сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға;
2) аккредиттеу саласы шегінде жұмыстарды жүзеге асыруға;
3) аккредиттеу саласы шегінде аккредиттеу аттестатына сілтеме жасауға;
4) бекітілген аккредиттеу саласындағы қызметінің тоқтатылғаны немесе алдағы уақытта таратылатыны туралы аккредиттеу жөніндегі органға хабарлауға;
5) анықталған аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді аккредиттеу жөніндегі органның шешімімен белгіленген мерзім ішінде жоюға;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) аккредиттеу жөніндегі органның жоспарлы (жоспардан тыс) бағалау жүргізуін және сол жерде зерттеп-қарауын қамтамасыз етуге;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) үй-жайға (үй-жайларға) кіруді, жабдыққа, ақпаратқа қол жеткізуді, оның ішінде персоналдың болуын қамтамасыз етуге;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6-2) куәгерлік бағалау жүргізуді қамтамасыз етуге және бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнына ақы төлеуді жүргізуге;
7) өлшем құралдарының салыстырмалы сынақтарына және оларды салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруға қатысуға;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған жағдайда аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылғаны туралы шешімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатын қайтаруға;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған, ол жойылған, тоқтатыла тұрған не одан айырылған жағдайда аккредиттеуге сілтеме жасауды тоқтатуға;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды; 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған жағдайда, уақытша жарамсыз деп танылған аккредиттеу аттестатына немесе аккредиттеу саласына сілтеме жасауды тоқтатуға;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) аккредиттеу үшін қажетті ақпаратқа, құжаттарға, есептерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес алып қоюға жататын өнімге сәйкестікті бағалау туралы құжат берген аккредиттеу субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
9-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар
1. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілерден және тұтынушылардан тәуелсіз болуға тиіс.
2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың филиалдары заңды тұлғаның өтінімі бойынша осы Заңға сәйкес аккредиттеледі.
Сәйкестікті растау жөніндегі органдар филиалдарының аккредиттеу саласы бөлек бекітіледі.
3. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың сәйкестікті бағалау процесінің әділдігіне және объективтілігіне әсер ететін консультациялық қызмет көрсетуге құқығы жоқ.