1) 138-бапта:
59) тармақша «және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында» деген сөздермен толықтырылсын;
60) және 60-1) тармақшалар алып тасталсын;
2) 139-бапта:
11) тармақша «және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында» деген сөздермен толықтырылсын;
12) және 13) тармақшалар алып тасталсын.
6. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VІ, 114-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
6-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 155-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларының» деген сөздер «оның жазбаша нұсқамаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану жөніндегі, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкті өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызу туралы, банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу және оған реттеу шараларын қолдану туралы, дау айтылып отырған құқықтық актісінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 156-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жауапкерге тиесілі және оның өзіндегі немесе басқа да тұлғалардағы мүлікке тыйым салу (банктің корреспонденттік шотындағы ақшаға және сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттықтар әдісімен жасасқан репо операциялары бойынша нысана не клиринг ұйымының (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттықтар әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасасқан мәмілелер бойынша қамтамасыз ету болып табылатын маржалық жарналар болып табылатын мүлікке, сондай-ақ жалақы сомалары түсетін банктік шоттарындағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) болуы мүмкін.»;
6-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) тармақшадағы «сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларын» деген сөздер «оның жазбаша нұсқамаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану жөніндегі, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкті өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызу туралы, банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу және оған реттеу шараларын қолдану туралы құқықтық актісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 238-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың бірінші бөлігінің сот шешімін орындауды кейінге қалтыру бөлігіндегі қағидасы жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарызы бойынша жылжымайтын мүлік кепіліне өндіріп алуды қолдану туралы шешімге қатысты қолданылмайды.».
7. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-І, 22-ІІ, 107-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
7-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 24-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшаның бірінші бөлігіндегі «екінші деңгейдегі банктің қайта ұйымдастырылуына байланысты» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-1, 61-2, 61-11, 61-12-баптарында көзделген жағдайларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақшаның екінші бөлігі «бас банк» деген сөздерден кейін «немесе сатып алушы-банк» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 229-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банктің міндеттемелерін «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-10-бабына сәйкес жүргізілетін мәжбүрлеп қайта құрылымдауға байланысты туындаған міндеттемелердің мөлшерін азайту міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріске жатпайды.»;
7-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 644-баптың 1-тармағында:
7-тармақтың 3) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші бөліктің 5) тармақшасында:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) шет мемлекетте тіркелген тұлғаның мынадай:»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте уәкілетті орган бекіткен, жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесіне енгізілмеген мемлекеттерде тіркелген тұлғалардың кірістеріне қатысты осы тармақшаның ережелері 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап төленген аванстар (алдын ала төлем) бойынша қолданылады.»;
7-тармақтың 3) тармақшасының жетінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «5),» деген цифр алып тасталсын.
8. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-ІІ, 148-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат; № 9, 21-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 8-бапта:
8-тармақтың 1) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және шарттарда қарыздар береді;»;
35) тармақша «шараларын,» деген сөзден кейін «қадағалап ден қою шараларын,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 35-1) тармақшамен толықтырылсын:
«35-1) қаржы ұйымдарына және (немесе) өзге де заңды тұлғаларға қатысты ерекше реттеу режимін енгізеді және олардың қызметін реттейді;»;
2) 15-бапта:
екінші бөлікте:
18) тармақшадағы «Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы оператор ретінде әрекет ететін» деген сөздер «операторы Қазақстанның Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болып табылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) тармақшадағы «жүргізілген», «төлемдер мен» деген сөздер тиісінше «жүргізілетін», «төлемдерді және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
35) және 45) тармақшалар алып тасталсын;
8-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«48) Қазақстанның Ұлттық Банкі беретін соңғы сатыдағы қарыздар туралы қағидаларды;»;
51) тармақшадағы «ақша төлемдері мен» деген сөздер «төлемдер мен ақша» деген сөздермен ауыстырылсын;
52) тармақшадағы «қалдығы және», «үзінді-көшірмені» деген сөздер тиісінше «қалдығы мен», «үзінді көшірмені» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың 2) тармақшасының оныншы - он алтыншы абзацтары 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
57) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 57-1) және 59-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«57-1) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын;»;
«59-1) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларын;»;
60) және 61) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«60) Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын;
61) шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларын;»;
63) және 65) тармақшалардағы «арнайы қаржы компаниялары, ислам арнайы қаржы компаниялары,», «арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының,» деген сөздер алып тасталсын;
68) тармақшадағы «компьютерлік жүйелердің» деген сөздер «аппараттық-бағдарламалық кешендердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 68-1) тармақшамен толықтырылсын:
«68-1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру қағидаларын;»;
8-тармақтың 2) тармақшасының жиырма бірінші абзацы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
69) тармақшадағы «ақша төлемдері мен аударымдары» деген сөздер «төлемдер мен ақша аударымдары» деген сөздермен ауыстырылып, «және сұраныс пен ұсыныс көздеріне мониторингті жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарын» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 69-1) және 69-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«69-1) ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру қағидаларын;
69-2) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды іріктеу өлшемшарттарын және қарау тәртібін;»;
8-тармақтың 2) тармақшасының жиырма бесінші абзацы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
83) тармақша «қаржы ұйымдарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 86-2) және 86-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«86-2) қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын;
86-3) банктік салым шарттары бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын, оның қолданылу шарттарын;»;
үшінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны (нысаны) өзгерген кезде олардың қатар айналыста болу кезеңін белгілейді;»;
8-тармақтың 2) тармақшасының отыз екінші - отыз төртінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18) тармақшадағы «шараларын,» деген сөздерден кейін «қадағалап ден қою шараларын» деген сөздермен толықтырылсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда соңғы сатыдағы қарыздарды беру туралы мәселені қарайды;»;
мынадай мазмұндағы 21-1), 21-2) және 21-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«21-1) ерекше реттеу режимін енгізу туралы шешім қабылдайды;
21-2) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты бекітеді;
21-3) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты қарайды және мақұлдайды;»;
8-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 20-5-бап мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Қазақстанның Ұлттық Банкі бұрынғы жұмыскерлері мен Басқарма мүшелерін қоса алғанда, өз жұмыскерлерінің, Басқарма мүшелері мен өзі тартқан тұлғалардың Қазақстанның Ұлттық Банкіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатындағы, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері және тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін атқаруы кезеңіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап қоюлар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.»;
4) 27-баптың үшінші бөлігінде «мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың және Үкіметтің мемлекеттік қарызын олардың банк жүйесіндегі өтімділігіне ықпал етуін ескере отырып, өтеудің ай сайынғы көлемін және ақша-кредит саясатының басымдығын,» деген сөздер алып тасталсын;
5) 30-баптың 1) тармақшасы «қарыздар» деген сөздің алдынан «тұрақты қолжетімді» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«35-бап. Тұрақты қолжетімді қарыздар
Қазақстанның Ұлттық Банкі тұрақты қолжетімді қарыздарды ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес, тек қана өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және өзге де тәуекелі төмен активтермен қамтамасыз ете отырып, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге береді.»;
8-тармақтың 7) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 51-1-баптың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда соңғы сатыдағы қарыздарды береді;»;
8) 51-2-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдері деп бүкіл қаржы жүйесінің немесе оның бір бөлігінің қаржылық жай-күйінің нашарлауына алып келетін және (немесе) оның тұрақты жұмыс істеуіне нұқсан келтіретін қаржылық көрсетілетін қызметтердің ұсынылуын бұзу тәуекелдері түсініледі. Қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне жүйе құраушы қаржы ұйымдарының тәуекелдері де жатады.»;
8-тармақтың 9) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) мынадай мазмұндағы 51-3-баппен толықтырылсын:
«51-3-бап. Соңғы сатыдағы қарыздар
1. Соңғы сатыдағы қарыздар деп өтімділіктің қысқа мерзімді тапшылығын бастан кешіріп отырған банктерге Қазақстанның Ұлттық Банкі беретін қарыздар түсініледі.
Қазақстанның Ұлттық Банкі соңғы сатыдағы қарыз беруші ретінде мынадай жағдайларда ғана әрекет етеді:
1) өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына немесе төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылмаған Қазақстан Республикасының резидент-банкі қарыз алушы болып табылады;
2) қарыз тізбесін және оларға белгіленетін дисконттарды Қазақстанның Ұлттық Банкі айқындайтын активтердің кепілімен беріледі.
Дисконтты есепке алғанда, кепілге берілетін активтердің құны қарыз бойынша сыйақыны есепке алғанда, оның мөлшерін толық көлемде жабуға тиіс.
3) қарыз ұлттық валютада беріледі;
4) қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі Қазақстанның Ұлттық Банкі белгілеген қосымша пайыздық сыйақы есепке алына отырып, Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен төмен емес деңгейде белгіленеді;
5) қарыз мерзімін үш реттен асырмай ұзарту мүмкіндігі беріле отырып, күнтізбелік он төрт күннен тоқсан күнге дейінгі мерзімге беріледі. Барлық ұзарту мерзімдерін есептегенде қарызды пайдаланудың жалпы мерзімі бір жылдан аса алмайды. Соңғы сатыдағы қарыздың мерзімін ұзарту осы бапта көрсетілген шарттарда жүзеге асырылады.
2. Қазақстанның Ұлттық Банкі жүйе құраушы инфрақұрылымдық қаржы ұйымдарына соңғы сатыдағы қарыздарды беруге құқылы.
3. Банк соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерді орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, Қазақстанның Ұлттық Банкі кепілге салынған активтерді соттан тыс тәртіппен өткізуге құқылы.
Банк кепілге салынған активтерді Қазақстанның Ұлттық Банкіне немесе Қазақстанның Ұлттық Банк көрсеткен үшінші тұлғаға өткізуді жүзеге асыра алады.
Соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын активтерге құқықты (талап етуді) басқаға беру:
1) банк акционерлерінің, борышкерлерінің, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың (кепіл берушілерді, кепілдерді, кепілгерлерді қоса алғанда) келісуін талап етпейді. Бұл ретте жаңа кредитордың жеке басы борышкер үшін айтарлықтай маңызы жоқ деп танылады;
2) банк банктің борышкерлерімен, сондай-ақ өзге тұлғалармен (кепіл берушілерді, кепілдерді, кепілгерлерді қоса алғанда) жасасқан шарттарға шарттың жаңа тарапын көрсету бөлігінде өзгерістер енгізуді талап етпейді.
4. Соңғы сатыдағы қарыздарды беру және өтеу, сондай-ақ соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын активтерге өндіріп алуды қолдану тәртібін, шарттарын Қазақстанның Ұлттық Банкі айқындайды.»;
10) мынадай мазмұндағы 8-2-тараумен толықтырылсын:
«8-2-тарау. Ерекше реттеу режимі
51-4-бап. Ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттары және оның шеңберінде қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Ерекше реттеу режимі Қазақстанның Ұлттық Банкі белгілейтін қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асырудың арнайы шарттарының жиынтығын білдіреді.
2. Ерекше реттеу режимі мынадай мақсаттарға қол жеткізуге:
1) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы бәсекелестікті және қаржы нарығының инвестициялық тартымдылығын арттыруға;
2) қанағаттану дәрежесін арттыру және тұтынушылардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және мемлекеттің мүдделеріне сәйкес келу үшін жаңа көрсетілетін қызметтерді енгізуге және қаржы нарығын дамытуға;
3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын оңтайлы реттеу мен қадағалауды қалыптастыруға, қаржылық тұрақтылықты және тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
3. Ерекше реттеу режимінің қағидаттары:
1) ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысу шарттарының теңдігін қамтамасыз ету;
2) ерекше реттеу режимі қатысушыларының тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтауы болып табылады.
4. Ерекше реттеу режимі Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімімен енгізіледі, онда қаржы саласындағы қызметтің, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметтің түрлері (көрсетілетін қызметтер, өнімдер), оларды ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырудың арнайы шарттары, ерекше реттеу режимінің қатысушыларына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қолдану тәртібі мен шарттары көрсетіледі.
Қазақстанның Ұлттық Банкі енгізетін ерекше реттеу режимінің жалпы мерзімі бес жылдан аспайды.
5. Ерекше реттеу режимі енгізілген мерзім өткеннен кейін ол өз қолданысын тоқтатады.
6. Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
51-5-бап. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру
1. Қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымдары және (немесе) өзге де заңды тұлғалар ерекше реттеу режимінің қатысушылары (бұдан әрі - ерекше реттеу режимінің қатысушылары) бола алады.
2. Ерекше реттеу режимі қатысушысының қызметі Қазақстанның Ұлттық Банкімен жасалатын, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Ерекше реттеу режимінің шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты Қазақстанның Ұлттық Банкі бекітеді.
Үлгілік шартта ерекше реттеу режимінің қатысушысы көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыратыны туралы хабардар етуі міндетті болатын шарт қамтылуға тиіс.
3. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасауға арналған құжаттарды іріктеу өлшемшарттары және қарау тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
4. Мәлімделген қызмет түрі - ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттарына, ерекше реттеу режимінің қатысушыларын іріктеу өлшемшарттарына және (немесе) ұсынылған құжаттар Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, Қазақстанның Ұлттық Банкі ерекше реттеу режимінің қатысушысына ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.
5. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы:
1) ерекше реттеу режимі енгізілген мерзімнің өтуіне не оның күшінің жойылуына байланысты оның қолданысы тоқтатылған кезде;
2) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың мерзімі өткен немесе ол мерзімінен бұрын бұзылған кезде;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
6. Ерекше реттеу режимінің қатысушысы шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, сондай-ақ, егер ерекше реттеу режимінің қатысушысы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келуді тоқтатқан жағдайда, Қазақстанның Ұлттық Банкі ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Қазақстанның Ұлттық Банкі ерекше реттеу режимінің қатысушысын ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелердің орындалмағаны және бұзушылықтарды хабарлама берілген күннен бастап алпыс жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жою қажеттігі туралы хабардар етеді.
Ерекше реттеу режимінің қатысушысы анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әзірлейді және Қазақстанның Ұлттық Банкіне ұсынады. Іс-шаралар жоспарында жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Қазақстанның Ұлттық Банкі іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, ерекше реттеу режимінің қатысушысы оны іске асыруға кіріседі және іс-шараларды орындау туралы есепті Қазақстанның Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде Қазақстанның Ұлттық Банкіне ұсынады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, ерекше реттеу режимінің қатысушысы Қазақстан Ұлттық Банкінің ескертулерін жояды.
Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған және (немесе) ерекше реттеу режимінің қатысушысы көрсетілген ескертулерді жою бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, Қазақстанның Ұлттық Банкі ерекше реттеу режимінің қатысушысын ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзатыны туралы хабардар етеді.