2. Осы баптың оныншы, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымы, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.»;
4-тармақтың 6) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6) 217 және 218-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«217-бап. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің валюталық операциялары бойынша есептерді ұсыну тәртібін бұзуы
1. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарлама бойынша есепті ұсыну мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарлама бойынша толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы -
ескерту жасауға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша есепті ұсыну мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы -
ескерту жасауға алып келеді.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өздерінің негізінде және (немесе) өздерін орындау үшін капитал қозғалысының операциялары жүргізілетін валюталық шарттар бойынша есепті ұсыну мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өздерінің негізінде және (немесе) өздерін орындау үшін капитал қозғалысының операциялары жүргізілетін валюталық шарттар бойынша толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы -
ескерту жасауға алып келеді.
12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
218-бап. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу мақсаттары үшін есептерді немесе қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызмет туралы есептерді ұсыну тәртібін бұзу
1. Уәкілетті банктің немесе клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу мақсаттары үшін есепті ұсыну мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Уәкілетті банктің немесе клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу мақсаттары үшін толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы -
ескерту жасауға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Уәкілетті банктің немесе уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызмет туралы есепті ұсыну мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Уәкілетті банктің немесе уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызмет туралы толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы -
ескерту жасауға алып келеді.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
7) 220-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында:
«екі жүз» деген сөздер «орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«көрсеткіштен» деген сөзден кейін «және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіштен» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «ақша төлемі немесе» деген сөздер «төлем және (немесе) ақша» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта:
«ақша төлемі немесе» деген сөздер «төлем және (немесе) ақша» деген сөздермен ауыстырылсын;
«екі жүз» деген сөздер «орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«көрсеткіштен» деген сөзден кейін «және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіштен» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацында:
«екі жүз» деген сөздер «орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«көрсеткіштен» деген сөзден кейін «және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіштен» деген сөздермен толықтырылсын;
4-1-бөліктің екінші абзацында:
«екі жүз» деген сөздер «орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«көрсеткіштен» деген сөзден кейін «және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіштен» деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші бөліктің бірінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе.
1. Осы баптың талаптары осы Кодекстің 91-бабының сегізінші бөлігінде, 92-бабының төртінші бөлігінде, 92-1-бабының үшінші бөлігінде және 285-бабында жауаптылық көзделген әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.
4-тармақтың 7) тармақшасының жиырма бірінші абзацы 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген рұқсаттан айрылған және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шот бойынша шығыс операцияларын жүргізуге кедергі келтіретін орындалмаған талаптары немесе ақшаға билік етуге шектеулері бар банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатпайды.»;
4-тармақтың 8) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 227-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«227-бап. Қабылданған және (немесе) қадағалап ден қою шараларын, шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамау, уақтылы орындамау
1. Банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, Қазақстан Даму Банкінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жазбаша нұсқама және (немесе) жазбаша келісім нысанында қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы -
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғалардың, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларының өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жазбаша нұсқама және (немесе) жазбаша келісім нысанында қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы -
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Эмитенттердің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, микроқаржы ұйымдарының, төлем жүйелерінің операторлары мен көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқаманы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімде орындамауы -
жеке тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Коллекторлық агенттіктің өзі қабылдаған және (немесе) өзіне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы -
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін төлем жүйелерінің операторлары мен көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер деп банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторлары мен көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер түсініледі.»;
9) 228-бапта:
бірінші, екінші және төртінші бөліктер алып тасталсын;
бесінші бөлікте:
бірінші абзацта:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген» деген сөздерден кейін «сол бір» деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
екінші абзацта:
«бес жүз» деген сөздер «заңды тұлғаларға үш жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
алтыншы және сегізінші бөліктер алып тасталсын;
тоғызыншы бөліктің екінші абзацы «елу» деген сөздің алдынан «заңды тұлғаларға» деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген, өздерінің қызметіне байланысты құжаттарды тиісінше құжаттау, есепке алу және сақтау жөніндегі шарттарды бұзуы -
заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
он бірінші бөлік алып тасталсын;
он екінші бөлікте:
бірінші абзацта:
«есептілікте қамтылған көрсеткіштердің не» деген сөздер алып тасталсын;
«пруденциялық» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «төрт жүз» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшінші, он төртінші және он бесінші бөліктер алып тасталсын;
он жетінші бөлікте:
бірінші абзац «ұйымының» деген сөзден кейін «, сақтандыру брокерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацта:
«бір жүз» деген сөздер «заңды тұлғаларға елу» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
он сегізінші бөлік және оған ескертпе алып тасталсын;
он тоғызыншы бөліктің екінші абзацы «бір жүз» деген сөздердің алдынан «заңды тұлғаларға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
4-тармақтың 9) тармақшасының отызыншы абзацы 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады
«Ескертпе. Бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда осы баптың он екінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауаптылық туындайды.»;
10) 229-бапта:
тақырыптағы «сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға» деген сөздер «сақтандыру төлемін жүзеге асыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «немесе сақтандыру туралы жасасылған шарттың өзге де талаптарын дұрыс орындамау» деген сөздер «не сақтандыру төлемін толық көлемде жүзеге асырмау» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «Сақтандыру шартын орындау» деген сөздер «Сақтандыру төлемін жүзеге асыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 239-бапта:
үшінші бөліктің бірінші абзацындағы «арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының,» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының,» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтың 12) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
12) 243, 244 және 251-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«243-бап. Шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін есептерді ұсыну тәртібін бұзуы
1. Шетелдік қаржылық емес ұйым филиалының (өкілдігінің) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының резиденттерімен және Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен жасалған операциялар туралы есепті ұсыну мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Шетелдік қаржылық емес ұйым филиалының (өкілдігінің) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының резиденттерімен және Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен жасалған операциялар туралы толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы -
ескерту жасауға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
244-бап. Валюталық шарт немесе шетелдік банктегі шот үшін есептік нөмірді алу және олар бойынша ақпаратты, құжаттар мен есептерді ұсыну тәртібін бұзу
1. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, валюталық шартқа немесе шетелдік банктегі шотқа есептік нөмір беруге өтініш жасау мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау мерзімдеріне және (немесе) шарттарына әсер ететін міндеттемелердің және (немесе) мән-жайдың туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын ақпаратты және (немесе) құжаттарды ұсыну мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, оның негізінде және (немесе) оны орындау үшін капитал қозғалысының операциялары жүргізілетін, есептік нөмір берілген валюталық шарт немесе шетелдік банктегі шот бойынша есепті ұсыну мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өздерінің негізінде және (немесе) өздерін орындау үшін капитал қозғалысының операциялары жүргізілетін, есептік нөмір берілген валюталық шарт немесе шетелдік банктегі шот бойынша толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы -
ескерту жасауға алып келеді.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
«251-бап. Ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау
Уәкілетті банктердегі банктік шоттарға ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын:
1) экспорттан түсетін ұлттық валютадағы және (немесе) шетел валютасындағы түсімдерді;
2) Қазақстан Республикасының резиденті импорт бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы бейрезидентінің пайдасына аударған, Қазақстан Республикасы бейрезидентінің міндеттемелерді орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын есепке жатқызбау түрінде жасалған, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамауы -
есепке жатқызылмаған ұлттық валюта және (немесе) шетел валютасы сомасының жиырма пайызы мөлшерінде, бірақ екі мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы бапта көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі өткеннен кейін есепке жатқызылмаған ұлттық валютаның және (немесе) шетел валютасының сомасы - өзінен мәні асып кеткенде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес репатриациялау талабының орындалуын бақылауға жататын шекті мәннен асатын жағдайларда және егер бұл әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, басталады.»;
13) 252-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«252-бап. Валюталық операцияларды Қазақстан Республикасының валюта заңнамасын бұза отырып жүргізу
1. Қазақстан Республикасының резиденттері арасында тыйым салынған валюталық операцияларды жүргізу, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында осындай талап белгіленген кезде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы жүргізбеу, Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату тәртібін бұзу -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген операция сомасының жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
14) 253-баптың 5) тармақшасындағы «Президенті» деген сөз «Үкіметі» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтың 15) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 274-бап мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Салық салу объектісі болып табылатын кірістер мен мүлік туралы толық емес, анық емес декларацияны және мәліметтерді ұсынған тұлға бұзушылықты Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосымша салықтық есептілік және (немесе) хабарлама бойынша қосымша салықтық есептілік ұсыну арқылы жойған жағдайда, осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа жатпайды.»;
4-тармақтың 16) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
16) 463-бапқа ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе. Осы бап бойынша жауаптылық «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын, жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарламаға және валюталық шарттарды есептік тіркеуге, сондай-ақ «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын хабарламаларға қолданылмайды.»;
17) 724-баптың бірінші бөлігінде:
«228 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы бөліктерінде)» деген сөздер «228 (бесінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он алтыншы, он жетінші және он тоғызыншы бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«252 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздер «252 (бірінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 806-баптың алтыншы бөлігінде:
«213 (төртінші және сегізінші бөліктерінде)» деген сөздер «213 (төртінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 18) тармақшасының үшінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«227 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздер «227 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-ІІ, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы)