ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін
қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):
1) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
«20-1-бап. Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы
1. Кредитордың (кредиторлардың) талаптарын қанағаттандыруға қабілеті болмаған кезде азаматқа «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шарттарда және тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдері қолданылады.
2. Осы баптың күші Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаларға қолданылмайды.»;
2) 56-бап алып тасталсын.
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):
1) 728-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ломбардтардың мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жылжымалы мүлікті кепілге қойып беретін қарыздарын қоспағанда, банктердің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен соттан тыс банкроттық рәсімінің немесе сот арқылы банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жыл бойы азаматқа қарыз беруіне тыйым салынады.»;
2) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға;
8-2) өзіне қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшаға;»;
3) 741-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға;
7-2) өзіне қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшаға;».
3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацы «банктік шотындағы ақшаға» деген сөздерден кейін «, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын.
4. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
1) 35-баптың сегізінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сот арқылы банкроттық рәсімін, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді оңалту рәсімін және олардың банкроттығы рәсімін қолдану туралы шешім шығарған судья, соттылығы осы Кодекстің 31-бабында белгіленген даулар бойынша істерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, сот арқылы банкроттық рәсімі, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді оңалту рәсімі және олардың банкроттығы рәсімі шеңберінде туындайтын даулар бойынша, оның ішінде борышкер жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, қаржы басқарушысының, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істерді қарайды.»;
2) 156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы «банктік шотындағы ақшаға» деген сөздерден кейін «, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға және өзіне қатысты рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 243-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы;»;
4) 302-баптың бірінші бөлігінің 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, сот арқылы банкроттығы, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, олардың оңалтылуы, банкроттығы, оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы;»;
5) 42-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«42-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, сот арқылы банкроттығы, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, олардың оңалтылуы, банкроттығы, оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы іс жүргізу
355-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттығы туралы істерді қарау
Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттығы туралы істерді сот «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктерді ескеріп, осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.
355-1-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, олардың оңалтылуы, банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы істерді қарау
Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, олардың оңалтылуы, банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы істерді сот «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктерді ескеріп, осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.»;
6) 434-баптың екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы, берешекті қайта құрылымдау туралы істер, сондай-ақ оңалту рәсімі мен банкроттық рәсім шеңберінде туындайтын даулар жөніндегі, оның ішінде борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, қаржы басқарушысының, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істер бойынша сот актілері кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатпайды.».
5. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
124-бапта:
5-тармақ 4) тармақшасындағы «бастап есепке жазылмайды.» деген сөздер «бастап;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) сот төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғау жөнінде ұйғарым шығарған кезде - осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап есепке жазылмайды.»;
5-1-тармақ 4) тармақшасындағы «бастап қайта басталады.» деген сөздер «бастап;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) соттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда қайта басталады.».
6. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Банк «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен соттан тыс банкроттық рәсімінің немесе сот арқылы банкроттық рәсімнің аяқталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматына банктік қарыздар беруге, сондай-ақ мұндай адамдардан банктік қарыз шарттары бойынша кепіл, кепілдік және кепілгерлік түріндегі қамтамасыз етуді қабылдауға құқылы емес.»;
2) 36-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі «ағымдағы шоттарындағы ақшаны» деген сөздерден кейін «, өзіне қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған қарыз алушы - Қазақстан Республикасы азаматының банктік шоттарындағы ақшаны» деген сөздермен толықтырылсын;
2-1-тармақ 3) тармақшасы «тұлғаға беруге;» деген сөздер «тұлғаға беруге құқылы.» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның талабы қарыз алушы - Қазақстан Республикасының азаматына қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану жағдайына қолданылмайды;»;
3) 50-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы и) және к) тармақшалармен толықтырылсын:
«и) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалғанға дейінгі үш жыл ішіндегі кезеңде осындай шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу негізінде қаржы басқарушысына прокурордың санкциясымен беріледі. Өкілеттіктерді растау мақсатында сұрау салуға соттың рәсімді қолдану туралы іс қозғау жөніндегі ұйғарымы қоса беріледі.
к) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдерді қолдану туралы арыз берген азаматқа қатысты банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сондай-ақ сұрау салу берілгенге дейінгі үш жыл ішіндегі кезеңде осындай шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға беріледі.»;
4) 51-баптың 1-тармағының екінші бөлігі 9) тармақшасындағы «ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.» деген сөздер «ақшаға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) өзіне қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшаға;
11) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға тыйым салуды қолдануға жол берілмейді.».
7. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
43-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі 14) тармақшасындағы «қатысты ұсынылады.» деген сөздер «қатысты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«15) өзіне қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған Қазақстан Республикасының азаматы бойынша сұрау салу негізінде, соттың рәсімді қолдану туралы іс қозғау жөніндегі ұйғарымы негізінде және прокурордың санкциясымен қаржы басқарушысына;
16) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдерді қолдану туралы арыз берген азаматқа қатысты сұрау салу берілгенге дейінгі үш жыл ішіндегі кезең үшін осындай сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.».
8. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 13-2) тармақшасы «болуы туралы» деген сөздерден кейін «немесе кредиттік тарих субъектісінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкрот деп танылғаны туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган;»;
3) 20-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:
«4-3) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган, қаржы басқарушысы;»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-3) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар өзіне қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған, сондай-ақ өзі соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз берген Қазақстан Республикасының азаматы туралы ғана кредиттік есепті алуға құқылы.».
4) 26-баптың 1-тармағындағы «3-1) тармақшасында» деген сөздер «3-1) және 3-2) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
17-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттығы рәсімдерінің шеңберінде қаржы басқарушыларының;».
10. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 42-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) сот «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғаған, сондай-ақ соттан тыс банкроттық рәсімі басталған;»;
2) 44-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда - «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімдерді қолдану туралы шешім қабылданғанға дейін;»;
3) 47-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) соттың сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау және банкроттың кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторға қатысты сот арқылы банкроттық рәсімі барысында орындалмаған міндеттемелерін тоқтату туралы шешімі немесе соттың төлем қабілеттілікті қалпына келтіру жоспарын бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енсе;»;
4) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігі 11) тармақшасындағы «ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.» деген сөздер «ақшаға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.»;
5) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігі 12) тармақшасындағы «ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.» деген сөздер «ақшаға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) өзіне қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшаға;
14) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға тыйым салуды қолдануға жол берілмейді.»;
6) 98-баптың бірінші бөлігі 25) тармақшасындағы «ақшадан өндіріп алуға болмайды.» деген сөздер «ақшадан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 26) және 27) тармақшалармен толықтырылсын:
«26) өзіне қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшадан;
27) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшадан өндіріп алуды қолдануға болмайды.».
11. «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 1-5-тармақпен толықтырылсын:
«1-5. Микроқаржы ұйымы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен соттан тыс банкроттық рәсімінің немесе сот арқылы банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасының азаматына микрокредиттер беруге, сондай-ақ мұндай адамдардан микрокредит беру туралы шарттар бойынша кепіл, кепілдік және кепілгерлік түріндегі қамтамасыз етуді қабылдауға құқылы емес.
Осы тармақтың талаптары ломбардтардың мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жылжымалы мүлікті кепілге қойып беретін микрокредиттеріне қолданылмайды.»;
2) 21-баптың 4-тармағы 7) тармақшасындағы «санкциясымен беріледі.» деген сөздер «санкциясымен;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға: «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдерді қолдану туралы арыз берген азаматқа қатысты сұрау салу негізінде осындай сұрау салу берілгенге дейінгі үш жыл ішіндегі кезең үшін;
9) қаржы басқарушысына: төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған азаматқа қатысты сұрау салу негізінде прокурордың санкциясымен беріледі. Өкілеттіктерді растау мақсатында сұрау салуға соттың рәсімді қолдану туралы іс қозғау жөніндегі ұйғарымы қоса беріледі.».
12. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
9-бап мынадай мазмұндағы 9-4) тармақшамен толықтырылсын:
«9-4) Қазақстан Республикасы азаматының дербес деректері «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз берілген күннен бастап, сондай-ақ соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолданудың алдындағы үш жылға дейінгі кезеңде пайдаланылған;».
13. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 11-баптың 2-тармағының 2), 6) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сотқа және әкімшіге - сот банкроттық немесе оңалту туралы іс қозғау жөнінде ұйғарым шығарған күннен бастап, ал осы Заңда көзделген жағдайларда әкімші тағайындалған күннен бастап қаржылық-шаруашылық қызмет туралы ақпаратты, оның ішінде борышкерде бар мүлік, оның ішінде кепіл ауыртпалығы салынған, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы) және (немесе) лизингтегі мүлік туралы, банктік шоттардағы ақша, шоттардың нөмірлері және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың тұрған жері туралы, дебиторлық берешек сомасы туралы мәліметтерді үш жұмыс күні ішінде беруге;»;
«6) оңалтуды басқарушыға - тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтай құжаттарын, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, он бес жұмыс күні ішінде - есепке алу құжаттамасын, борышкердің мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, екі ай ішінде материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;»;
«11) құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, оңалту рәсімін жүргізу кезінде кез келген кредиторға оның жазбаша нысандағы және (немесе) электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы негізінде, сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, өз қызметінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат беруге;»;
2) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
«16-1-бап. Оңалту және банкроттық рәсіміне қатысушылардың өзара іс-қимылы
Оңалту және банкроттық рәсіміне қатысушылар өзара іс-қимылды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық тәсіл арқылы жүзеге асыруға құқылы.
Оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушылар электрондық тәсіл арқылы өзара іс-қимыл жасау кезінде уәкілетті органның интернет-ресурсының веб-қосымшасын пайдаланады.»;
3) 18-бапта:
3-тармақтың үшінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) электрондық тәсілмен - уәкілетті органның интернет-ресурсының веб-қосымшасы арқылы жөнелткен күннен бастап табыс етілген болып есептеледі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бақылау субъектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген кезде хабарлама жіберген уәкілетті органға хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында қарсылық жіберуге құқылы.»;
4) 25-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік 3) тармақшасындағы «жіберу хабар беру тәсілдерінің бірі кредиторларды, сондай-ақ кредиторлар жиналысына қатысуға құқығы бар өзге де адамдарды тиісінше хабардар ету болып танылады.» деген сөздер «жіберу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарды уәкілетті органның интернет-ресурсының веб-қосымшасы арқылы электрондық құжат нысанында жөнелту хабар беру тәсілдерінің бірі кредиторларды, сондай-ақ кредиторлар жиналысына қатысуға құқығы бар өзге де адамдарды тиісінше хабардар ету деп танылады.»;