екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Кредиторды осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тәсілмен хабардар ету мүмкін болмаған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 4) тармақшаларында белгіленген тәсілдер мұндай кредиторды тиісінше хабардар ету деп танылады.»;
5) 26-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жиналыстың күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру кезінде кредиторлар өз дауыстарын «жақтаймын» немесе «қарсымын» деген сөздермен білдіреді.»;
6) 28-4-баптың 8-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1. Келісім бұзылған жағдайда берешекті қайта құрылымдау рәсімі аяқталды деп есептеледі, ал осы Заңның 28-5-бабына сәйкес басталған салдардың күші соттың берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бұзу туралы шешімі не талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына немесе тараптардың бітімгершілік келісімінің, тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімінің, дауды дау нысанасы бойынша партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімінің бекітілуіне байланысты соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтату жөніндегі ұйғарымы заңды күшіне енген, оның ішінде берешекті жаңа шарттарда қайта құрылымдау туралы келісім жасалған күннен бастап тоқтатылады.»;
7) 72-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Оңалту туралы іс дара кәсіпкерге қатысты қозғалған жағдайда, кредиторлардың оның кәсіпкерлік қызметінен туындамайтын талаптары да, егер осындай міндеттемелер бойынша орындау мерзімі басталса, мәлімделуі мүмкін.»;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Уақытша әкімші соттың оңалту туралы іс қозғау жөнінде ұйғарымы шығарылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлар талаптарының тізілімін, сондай-ақ талаптары танылмаған кредиторлардың тізбесін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша қалыптастыруға және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органға жіберуге міндетті.»;
8) 73-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Борышкердің мүлкін сату кезінде электрондық аукционды өткізу тәртібі мен оны ұйымдастырушы осы Заңның 99-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен айқындалады.»;
9) 88-баптың 3-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;
10) 90-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Банкроттық туралы іс дара кәсіпкерге қатысты қозғалған жағдайда, кредиторлардың оның кәсіпкерлік қызметінен туындамайтын талаптары да мәлімделуге тиіс.»;
11) 97-баптың 3-тармағының үшінші абзацындағы «уақытша» деген сөз «банкроттықты» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 98-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кредиторлардың бірінші жиналысы:
уақытша басқарушының түгендеу туралы есебінде көрсетілген мүлікке бағалау жүргізу;
кепілге салынған мүлікті бағалаушыны осындай мүлікке бағалау жүргізуге баға ұсыныстарын берген тұлғалар қатарынан таңдау туралы шешім қабылдайды.»;
13) 104-1-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот банкроттық туралы іс қозғау жөнінде ұйғарым шығарған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, уақытша басқарушы уәкілетті органға кепілге салынған мүлікке бағалау жүргізуге баға ұсыныстарын қабылдау туралы ақпараттық хабарды уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін жібереді.
Уәкілетті орган ақпараттық хабарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Банкроттықты басқарушы өзі тағайындалған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде кредиторлардың бірінші жиналысы таңдаған бағалау шының кепілге салынған мүлікке бағалау жүргізуін қамтамасыз етеді.
2. Банкроттықты басқарушы кепілге салынған мүлікті бағалау нәтижелерін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды кепілді кредиторға осы баптың 4-тармағына сәйкес кепілді кредитордың өтеуіне жататын соманы көрсете отырып, кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау туралы ұсынысы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жібереді.»;
7-тармақтың 2) тармақшасында «уақытша» деген сөз «банкроттықты» деген сөзбен ауыстырылсын;
14) 109-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«109-бап. Банкроттың міндеттемелерін тоқтату және оның міндеттемелерін үшінші тұлғалардың орындауы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде өзгеше көзделмесе, кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін банкрот - заңды тұлғаның міндеттемелері тоқтатылады.
Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін банкрот - дара кәсіпкердің міндеттемелері, сондай-ақ оның кредиторларының кәсіпкерлік қызметке байланысты емес міндеттемелер бойынша осы Заңда белгіленген тәртіппен қойылған талаптары тоқтатылады. Аталған кредиторлардың осындай тәртіппен мәлімдемеген талаптары, сондай-ақ мүліктік массадан толық көлемде қанағаттандырылмаған талаптар күшін сақтайды және банкроттық рәсімдері аяқталғаннан кейін борышкерге жеке тұлға ретінде өндіріп алу үшін қойылуы мүмкін. Бұл талаптардың мөлшері борышкердің банкроттығы процесінде алынған қанағаттандыру сомасына азайтылады.».
14-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
3-қосымша мынадай мазмұндағы 52-1-тармақпен толықтырылсын:
«52-1. Қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.».
15. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-баптың 10-тармағының үшінші бөлігі 10) тармақшасындағы «ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.» деген сөздер «ақшаға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) өзіне қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшаға;
12) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.»;
2) 46-баптың 7-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
«5-2) өзіне қатысты «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен банкроттық туралы іс қозғалған немесе өзіне қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған борышкердің банктік шотына банктік шоттан ақша өндіріп алу туралы талап қойылған жағдайларда;».
16. «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
16-тармақтың 1) тармақшасы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай ішінде өз қызметін талаптарына сәйкес келтіруге міндетті
1) 3-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Коллекторлық агенттіктің атауында «ұлттық» немесе «республикалық» немесе «орталық» деген сөздер кез келген тілде толық немесе қысқартылған түрде болмауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Коллекторлық агенттік «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес басқа коллекторлық агенттікке үлестес болып табылмауға тиіс.»;
3-тармақ 3) тармақшасындағы «болып табылса, коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оларға билік ете немесе бақылау жасай алмайды.» деген сөздер «болып табылса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелсе, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері болса, коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің он немесе одан көп пайызын дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оларға билік ете немесе бақылау жасай алмайды.»;
16-тармақтың 2) тармақшасының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған қатынастарға қолданылады
2) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес коллекторлық агенттіктің үлестес тұлғалары болып табылатын кредиторлармен коллекторлық агенттіктің берешекті өндіріп алу туралы шарт жасасуына тыйым салынады.»;
3) 5-бапта:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) коллекторлық агенттік жұмыскерінің анық емес тегін және (немесе) атын және (немесе) әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) жұмыс орны және (немесе) лауазымы туралы анық емес мәліметтерді хабарлауға;»;
мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
«9. Осы баптың 1-тармағының, 2-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарының, 2), 3), 4) және 6) тармақшаларының, 5-тармағы 4) және 5) тармақшаларының талаптары банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша кредитордың мүдделерін білдірген кезде коллекторлық агенттіктің жұмыскерлеріне қолданылады.
16-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы абзацының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған қатынастарға қолданылады
10. Коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттіктің жеке сот орындаушыларымен ынтымақтастықты көздейтін шарттар жасасуына тыйым салынады.»;
4) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
1) тармақшада:
«5),» деген цифрдан кейін «6-1),» деген цифрлармен толықтырылсын;
«алты ай ішінде үштен» деген сөздер «он екі ай ішінде үш және одан» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) есептік тіркеуден өту үшін ұсынылған құжаттарда анық емес мәліметтер мен ақпараттар анықталған;
1-2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері жөніндегі талаптар сақталмаған;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етілетін есептілік белгіленген мерзімде бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынылмаған немесе уақтылы ұсынылмаған;»;
5) тармақшадағы «коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізілген күннен бастап» деген сөздер алып тасталсын;
5) 11-баптың 3-тармағы 8) тармақшасындағы «бойынша беріледі.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға: «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдерді қолдану туралы арыз берген азаматқа қатысты сұрау салу негізінде осындай сұрау салу берілгенге дейінгі үш жыл ішіндегі кезең үшін;
10) қаржы басқарушысына: төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған азаматқа қатысты сұрау салу негізінде прокурордың санкциясымен беріледі. Өкілеттіктерді растау мақсатында сұрау салуға соттың рәсімді қолдану туралы іс қозғау жөніндегі ұйғарымы қоса беріледі.»;
6) 12-бапта:
2-тармақта:
4) тармақшадағы «секцияларында» деген сөз «салаларында» деген сөзбен ауыстырылсын;
16-тармақтың 6) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтары ресми жарияланған күнінен бастап алты ай ішінде өз қызметін талаптарына сәйкес келтіруге міндетті
5) тармақшадағы «бір» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) тармақшадағы «босатылған жеке тұлға коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері бола алмайды.» деген сөздер «босатылған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған жеке тұлға коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері бола алмайды.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасайтын коллекторлық агенттіктің басшы қызметкерінің, жұмыскерінің бір мезгілде басқа коллекторлық агенттікпен еңбек және өзге де қатынастарда болуына тыйым салынады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «және 12)» деген сөздер «, 12) және 13)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 15-баптың 1-тармағының 14) тармақшасында:
«борышкермен өзара» деген сөздер «борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өкілімен» деген сөзден кейін «және (немесе) үшінші тұлғамен» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 18-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы «1),» деген цифрдан кейін «1-1), 1-2),» деген цифрлармен толықтырылсын.
17. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
26-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі 34) тармақшасындағы «алуға міндетті.» деген сөздер «алуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 35) тармақшамен толықтырылсын:
«35) кредиттік бюроға коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы туралы ақпарат беруге міндетті.».
2-бап.
1. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 14-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 16-тармағы 2) тармақшасының, 3) тармақшасы алтыншы абзацының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған қатынастарға қолданылады.
3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін есептік тіркеуден өткен коллекторлық агенттіктер осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай ішінде өз қызметін осы Заңның 1-бабы 16-тармағы 1) тармақшасының, 6) тармақшасы төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарының талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 30 желтоқсан
№ 179-VІІ ҚРЗ